Главная страница
Навигация по странице:

  • 13. Тақырып: «Ісіктер. Жалпы мэселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностикасы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагиостикасы. Обыр алды аурулар. Онкологиялық

  • 1 тақырып жауаптары: Есеп № 1.

  • Есеп № 2.

  • Есеп № 4.

  • Есеп № 7.

  • Есеп № 9

  • Есеп № 11.

  • Есеп № 14

  • Есеп № 16

  • сит%20есеп%20хирургия. 1. Таырып Антисептика. Антисептиканы анытамасы, трлері. Операциялы блімінде жне тау блмеде олданатын антисептиктермен танысу. Оларды олдану тсілдері. Асептика. Хирургиялы блімі, оны крылымы. Есеп 1


    Скачать 78.41 Kb.
    Название1. Таырып Антисептика. Антисептиканы анытамасы, трлері. Операциялы блімінде жне тау блмеде олданатын антисептиктермен танысу. Оларды олдану тсілдері. Асептика. Хирургиялы блімі, оны крылымы. Есеп 1
    Дата04.03.2022
    Размер78.41 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласит%20есеп%20хирургия.docx
    ТипДокументы
    #382851
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    Есеп №2. Науқас И. 48 жаста, хирургиялық бөлімге жедел ішек өтімсіздігі болжам диагнозымен түсті. Науқас іш аймағының ауырсынуымен мазасызданды. Нақты қай бөлігінің ауырсынатынын айта алмайды. Жүрек айну, құсу, іштің кебуі, 3 күн бойы нәжістің болмауы байқалған. Өмір анамнезінен: қалыпты түрде өскен, жасына сай дамыған. Операциядан бұрын травма алмаған.

    Объективті қарағанда: іштің кебуі, ішті пальпациялағанда жұмсақ, барлық бөлігі ауырсынусыз. Кіндік аймағының сол жағында диаметрі 5 см-дей ісік тәрізді түзіліс анықталды, консистенциясы қамыр тәрізді. Перитониальды симптомдары теріс. Аускультацияда ішектердің белсенді перистальтикасы тыңдалды. Рентгеноскопиядан іш қуысы мүшелерінің «Клойбер шағымы» анықталды.

    1. Қандай паразитарлы ауру ішектік өтімсіздікті шақырады?

    2. Осы аурудың хирургиялық асқынуларын атаңыз?

    3. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз?
    Есеп №3. Науқас Л., 60 жаста, хирургия бөліміне оң жақ қабырғаастының ауыруына шағымданып келді. Асқа тәбетінің бұзылуы, жалпы әлсіздік, жауырынаралықтары ауырсынған, терінің қышуы, жүрек айну байқалған. Өмір анамнезінен: 10 жыл бұрын Курск қаласына көшіп келген. Бұрындары Орта Азияда өмір сүрген.

    Ауру анамнезінен: науқас өзін 2 жылдан бері, яғни алғаш оң қабырғаасты аймағының ауыруы басталғаннан сырқатпын деп санайды. Ешқандай тексерілмеген және дәрігерге қаралмаған. Өздігінен карсил, но-шпа дәрілерін қабылдаған.

    Объективті қарағанда: іші кеппеген, симметриялы, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, оң қабырғаасты аймағында ауырсыну бар. Пальпациялғанда бауырдың ұлғайғандығы анықталған. Бауырдың проекциясынбұғана орта сызығыменпальпациялағанда диаметрі 6-7 см болатын ісіктәрізді түзіліс анықталған. Перитониальды симптомдары теріс. Басқа патологиялары анықталмаған.

    1. Қандай ауру туралы айтылып жатыр?

    2. Осы паразит арқылы қандай мүшелер жиі зақымдалады?

    3. Қандай инструментальды зерттеулер диагноз қоюға көмектеседі?

    4. Бұл патологияда операцияның қандай түрі жүргізілуі керек?
    Есеп №4. Б. есімді науқас ауруханаға денесінде қышитын тері бөртпелерінің пайда болуымен, ішінің ауыруымен, дене температурасының көтерілуімен, бұлшықет және буындардың ауырсынуымен шағымданып келді. Анамнезінен: балық өнімдерін дайындаушы мекемеде жұмыс жасайтындығы анықталды. Балықтарды шетелдерден де әкелетінін айтты.Дене температурасы - 38°С. Өзінің соңғы күндері депрессияда жүргенін айтты.

    1. Қандай ауру деп ойлайсыз?

    2. Қоздырғышы не деп ойлайсыз?

    3. Бұл ауру адамға қалай жұғады және ең жиі қай мүшелерді зақымдайды?

    4. Қандай тексеру әдістерін жүргізесіз?

    5. Қандай ем тағайындайсыз?
    Есеп №5. 36 жастағы науқас оң жақ қабырғаастының ауырсынумен дәрігерге қаралуға келді. Терінің қышуы да мазалайды. Ол мал шаруашылығымен айналысады. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі қалыпты тері түсіндей. Өкпе үсті бқліктерінен везикулырлы тыныс естіледі, ж.рек тондары анық. Пульсі минутына 84 рет, ритмді. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі ылғалды, таза. Іші пальпациялағанда жұмсақ, бауырдың ұлғайғаны анықталады. Сол бөлігі проекциясында ісіктәрізді түзіліс пальпацияланады. Клиникалық инструменталдық зертеу әдістерінен УДЗ және эхинококкозға иммунологиялық әдіс арқылы зертеліп, бауырдың сол бөлігінің эхинококкты кистасы деген диагноз қойылды.

    1. Ауруға анықтама беріңіз және паразиттің жетілу циклындағы адамның рөлі қандай?

    2. Эхинококкозбен зақымдалуы мүмкін мүшелерді атаңыз?

    3. Аурудың дәрежелерін атаңыз және мүмкін болатын асқынулары қандай?

    4. Емдеу әдісін анықтаңыз?
    Есеп №6. Хирургиялық бөлімге 36 жастағы науқас келіп түсті. Науқас оң жақ қабырғаасты аймағының, іш аймағының ауырсынуына шағымданды. Әлсіздік, бас айналу, бас ауыруы да мазалайды. Анамнезінен: демалыс уақытында ауылға барып демалғанын және сүт өнімдерін көбірек пайдаланғанын айтты. Пальпацияда бауырының ұлғайғандығы анықталды, көкбауыры ұлғаймаған. Бауырының сол бөлігіндегі эхинокктың гидатиозды (біркамералы) формасымен зардап шегеді. Дене температурасы көтерілген.

    1. Эхинококктың емі үшін радикальды және паллиативті операцияларды атаңыз?

    2. Бұл науқасқа операция қандай көлемде жасалынуы керек?

    3. Эхинококкоз ауруында өлім деңгейі қандай?
    ҚОСУ

    12. Тақырып: «Қан айналымының бұзылуы. Облитерациялық эндоартериит. Атеросклероз. Коллатералды қан айналымының маңызы. Емдеудің жалпы принциптері. Алдын алуы. Некроздар, гангреналар (кұрғак, ылғалды), ойықжаралар, жыланкөздері.»
    Есеп №1. Патолог анатомиялық мүрдені ашу кезінде келесі өзгерістер анықталды: аортаның интимасында көптеген сары жылтыр табақшалар, бір жерлері жараланған, аортаның құрсақ бөлігінің интимасында беті тегіс емес көмескі, сұр-қызыл өкпе артериясын қайталайтын, беті жылтыр тегіс, эластикалық консистенциялы масса көрінеді: қай тамырда тромб, қайсысында өлгеннен кейінгі қан ұйындысы? Қан тамырдағы қандай өзгерістер тромбтың түзілуіне ықпал етеді?
    Есеп №2. 25 жастағы жаралған науқасқа хирургиялық өңдеу жасау уақытнда қан қысымы төмендеді. Хирург ары қарай ревизия жасауды тоқтатып, оған сирек тігіс салды. Науқастың жағдайы жақсарды. 2 тәуліктен соң науқастың операциядан кейінгі жарасында ауырсыну, жара айналасында крепитация байқалды. Пульсі-120 рет минутына, дене қызуы 37,8. Қандай асқыну болуы мүмкін? Науқасқа шұғыл түрде қандац ем жүргізіледі?
    Есеп №3. Жараланған 52 жастағы науқаста оң аяғының балтырының ортаңғы 1/3-інде жайылған газды гангрена анықталды. Науқасқа қандай оперативті ем тағайындалды? Қандай спецификалық ем қолданылды? Осы сәтте оксигенобаротерапия қолдануға болады ма?
    Есеп №4. Хирургиялық стационраға оң және аяқ жүйке-қан тамырлар будасының зақымдануымен науқас келді. Хирург науқасты зерттеп ондағы газды гангренаның созылмалы ағымда жүргендігін анықтады. Науқасқа қандай оперативті ем жүргізіледі?
    Есеп №5. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруымен ауыратын науқасқа тәждік артериясын протездеу операциясы жасалды. Микроскопиялық зерттеуде артериясының интимасының бірден склерозданғаны анықталды. Артерияның тарылған төзегінде эритроциттермен лейкоциттермен бірге фибрин ұйындысы табылды, ұзына бойы дәнекер тіні басқан, саңылауы эндотелиймен төселінген. Артерия өзегіндегі құрылымды қалай атайды? Осы құрылыммен түзілген өзгерістерді атаңыз?
    Есеп №6. Созылмалы жүрек шамасыздығы белгілерімен, аяқтарының айқын ісінуімен, жүрек ақауымен, ауыратын науқас төсектен тұра бастағанда, беті бірден көгеріп, өлім дамыды. Науқаста қандай асқыну дамыды? Өлімге әкелетін, аяқтарда қандай өзгерістерді анықтауға болады?

    ҚОСУ


    13. Тақырып: «Ісіктер. Жалпы мэселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностикасы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагиостикасы. Обыр алды аурулар. Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы.»

    Есеп №1 .50 жастағы науқас дисфагиямен түсті,рентгенологиялық зерртеу нәтижесінде өңештің құрсақ бөлігінің асимметриялық тарылуы, өңеш қабырғасы тегіс емес, тістелген тәрізді ,өңештің тарылған бөлігінде қабырғасы қалыңдаған регидті, перисталтикасы жоқ, қатпары тегістелген тарылу аймағының үстінде өңештің супрастениялық астениялық кеңейген. Зақымданған аймақ жұтынғанда және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды. Өңештің абдоминальді бөлігі ұзарған , асқазанда газдық (ауалық) көпіршік сақталған. Ацетилхолиндік және карбохолиндік тест сынағы теріс. Болжама диагноз? Диагнозды негіздеу мақсатында(жүргізу) қажетті зерттеу әдістері

    Есеп №2. 47 жастағы науқас эмоциональді лобильді , қанғаттанарлық тамақтанады. Шағымы тағам өтуінің қиындауы ,тәулігіне 1-2 рет регургитация ,төс артында кезеңді ауру сезімі . Кейде сұйық тағам өтпецйді,ал дөрекі қатты зат өтеді. Қан анализі қалыпты, өңешті рентгенконтрасты зетпен зерттегенде патология жоқ. Болжам диагноз? Диагнозды қандай зерттеу әдістері дәлелдейді.

    Есеп №3. 40 жастағы науқас төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Бірнеше жыл ЖИА-мен емделген бірақ ,медиаментозды ем нәтиже бермеген. ЖИА дәлелдейтін ЭКГ мәліметтері жоқ. Ауру сезімі тамақтан кейін мойын аймағында кейін төсартында пайда болады. Құсу және көп лоқсу жеңілдік әкелмейді. Болжам диагноз? Диагнозды (дәлелдейтін) толықтыратын зерттеу әдістері.

    Есеп №4. 4. 20 жастағы науқас суцидальді мақсатта сірке эссенций қышқылын 3 ай алдын ішкен. Қазіргі кезде жедел үдемелі дисфагия. Рентген нәтижесінде өңештің ортаңғы үштен-бірінде тыртықтық стриктура анықталды. Диаметрі 2-3 мм аспайды Диагноз. Емдік әдісіңіз?.

    Есеп №5. 34 жастағы науқас сілекейдің көп бөлінуі, тамақта қырнау сезіміне, жұтынғанда қолайсыз жөтелге шағымданады. Тамақтан кейінгі кезеңді дисфагия не мойнының ісігі, кейде тағамды жұту үшін мәжбүрлі қалыпта болады. Осы кезде бүлкілдеген дыбыс естілуі , ол ісік жоғалады. Қан анализі қалыпты. Диагнозыңыз. Зерттеу әдісіңіз?.

    Есеп №6. 30 жастағы науқас дисфагияға шағымданады (тамақтан кейінгі төс артындағы тұйық ауыру сезімі, кейде регургитация) 2 жылдан бері ауырады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз-аздан тамақтанады. ЖҚА-де өзгерістер жоқ. Рентгенологиялық көрінісінде ІІ дәрежелі ахалазия белгілері анықталады. Емі?

    Есеп №7. 44жастағы науқас төс артындағы ауыру сезіміне, енжарлыққа, ден қызуының 39⁰С-қа дейін жоғарылауына шағымданады. 3 күн бұрын ФЭГДС жүргізілген, содан кейін төс артындағы ауыру сезіміне пайда болған. Жалпы жығдайы ауыр, тахикардия 110/мин,лейкоцитоз 23-ке дейін. Рентгенограммада көкірекаралық шекараларының кеңеюі мен контрасттың плевра қуысына құйылуы анықталған.Диагнозы? Емдеу тактикасы?

    Есеп №8. 65 жастағы науқас тамақтану кезінде балық қылтанағын жұтып қойған, төс артындағы ауыру сезімі, бөгде зат тұрғандай сезім мен гиперсаливация байқалған.2 сағаттан кейін хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген.Диагнозы? Емдеу тактикасы?

    Есеп №9.46 жастағы науқас төс артындағы ауыру сезіміне және жауырын аймағындағы көлемді құсудан кейінгі пайда болған күшті ауыру сезіміне шағымданып клиникаға жеткізілген. Науқас шок жағдайында, дене қызуы – 39,4⁰С, лейкоцитоз 20 сол жақ плевра қуысы мен көкірек аралығында ауа мен сұйықтық жиналған. Алдын-ала қойылған диагноз?қосымша зерттеу, емі?

    Есеп №10. 45 жастағы науқас тамақтан соң еңкейгенде , жатқан қалыптапта күшейе түсетін төс артындағы күйдіру сезімі мен қыжылдауға шағымданады. Жиі ас содасын қабылдайды, ол қиналғанын азайтады. Алдын-ала қойылған диагноз? диагностикалық тәсілдері?

    14. Тақырып: «Хирургиялық операция. Түрлері (лапароскопиялық, лазерлі хирургия). Операцияның анатомиялық және физиологиялық негізделуі. Операцияға дейінгі кезең. Хирургиялық науқасты операцияға дейін зерттеу. Ағзалар мен жүйелерді операцияға дайындау. Жедел операцияга дайындау. Науқасты операция кезінде бакылау және оның күйін тексеру әдістері. Операциядан кейінгі кезең.»

    Есеп №1. Хирургия бөлімінде 75 жастағы науқас. Асқазанның шығаберісінің ісігі, органикалық стеноз диагнозымен жатыр. Рентгендік зерттеуде асқазан үлкен көлемде, бариилі қосынды асқазанда 24 сағатқа тұрған. Ультрадыбысты зерттеуде бауыр паренхимасында ошақты түзілім және құрылымда гиперэхогендік байқалып, метастаз бергендігі анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек? Радикальді ме жоқ паллиативті ме? Науқасқа операция алды дайындық қажет пе?
    Есеп №2. Хирургия бөліміне ішінің қатты ауырсынуына шағымданып науқас түсті. Ішін сипағанда бірден ауырсынады, тақтай тәрізді іш белгісі анықталды. Кезекші дәрігер оған диагноз: асқащанның тесілген жарасы, перитониттің реактивті фазасы деп қойды. Науқас қандай операцины қажет етеді? Егер операция уақыты дұрыс жасалмаса науқаста қандай жағдай туындайды?
    Есеп №3. 52 жатағы науқас хирургия бөліміне жоспарлы түрде госпитализацияланды. Тексеру барысында мына дагноз: созылмалы калькулезді холецистит, сол жақты қиғаш шап жарығы. Тексерілуден кейін науқасқа операция жасауға қарсы көрсеткіш болмады. Осы екі ауруына операцияны бірден жасауға болады ма? Операцияны қандай реттілікпен жасайды.
    ҚОСУ

    15. Тақырып: «Жедел іріңді аурулардың кейбір түрлері (фурункул, фурункулез, карбункул, гидроаденит, панариций,).»
    Есеп № 1. Науқас Д. 38 жаста. Жамбасында ауырсынатын түйін пайда болғанын байқаған.

    Дәрігер көрген кезде оң жамбасында тері айналасы қызарып түйін пайда болған, орта аймағы іріңдеген, өзекшесі бар. Ұстаған кезде ісіктің шектелгені анықталды.

    Сіздің диагнозыңыз? Ем жоспары:
    Есеп № 2. Науқас О. 57 жаста. Бірнеше жыл бойы қант диабетімен ауырады. 4-5 күн бұрын мойны және шүйде аймағы қышынып, қызарып кейінірек орнында бір неше іріңдік пайда болған. Науқастың tº - 39ºC дейін көтеріліп, басы ауырып, қалтырап әлсізденген. Дәрігерге көрінген кезде шүйде және мойын аймағында бір-бірімен байланысқан іріңдіктер анықталады. Ұстап көргенде іріңдіктер тереңде жатқан ұлпаларға тарағаны анықталды. Сіздің диагнозыңыз? Емі жоспары:
    Есеп № 3. Науқас Р. 28 жаста. Спортпен шұғылданған кезде өте көп терлейді. Екі күн бұрын оң қолтық астында ауырсынатын түйін пайда болған 3-4 күннен кейін ісініп ұлғайып іріңдеген, бірнеше жерінен тесіліп ірің аққан. Сіздің диагнозыңыз? Ем жоспары:
    Есеп № 4. Науқас Е. 24 жаста. Тамағы қабынып аурған соң екі күннен кейін төменгі жақтың сол жағынды түйін пайда болып 4-5 күн өткен соң жұмсарып, іріңдепі ірің тамақ асты тері асты шел қабатына тарап кеткен. Науқастың жағдайы ауыр tº - 39,5ºC денесі қалтырап әлсізденіп жатыр. Әр кезде тынысы тарылып жатыр. Сіздің диагнозыңыз? Ем шаралары:
    Есеп № 5. Науқас П. 44 жаста. Жамбасына егулер бірнеше күн жасаған соң оң жақ жамбасында ісік пайда болып ауырсына бастаған. 3-4 күннен кейін шекарасы шектелген ұстаған кезде бүлкілдеп (флюктуация) тұрған қабыну ошағы анықталды. Науқас tº - 38,4ºC қимыл жасаған кезде оң жамбасы ауырсынады. Сіздің диагнозыңыз? Ем шаралары:
    Есеп № 6. Науқас К. 36 жаста. Бірнеше күн бойы сол жақ аяқ киімі сол табанының сыртқы

    жағын қажаған, 1-2 күн откен соң балтырдың ішкі аймағының тері қабаттары ісінген, көбіршектер пайда болып ішіне сұйықтық толған. Шет аймақ лимфа түйіндері ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз? Ем шаралары:
    Есеп № 7. Науқас П. 27 жаста. 3-4 күн бұрын сол аяғына ауырлау затты құлатып алған кезде үлкен саусағы соғылып, қанды ісік пайда болған. Содан соң сол жақ шат аймағында ауырсынатын түйіндер пайда болған. Сіздің диагнозыңыз? Ем шаралары:
    Есеп № 8. Науқас Л. 42 жаста. Ауруханада ем қабылдап жатқан кезде сол жақ шынтақ буын аймағының көк тамырларына катетер орнатылған. 3-4 күн өткенн соң сол қолы көк тамыр бойымен ауырсына бастаған. Пальпация кензінде беткей тамырлар тығыздалып ауырсынады. Сіздің диагнозыңыз? Ем шаралары:

    1 тақырып жауаптары:
    Есеп № 1. Автоклав толық қыздырылмаған. Қайтадан зарарсыздандыруды 20 минут бойы 2 атмосфералық қысымда, температурасы +132 С-да жүргізілгенін өткізу қажет.
    Есеп № 2. Автоклав және бикстегі жайма қыздырылмаған, жайманы автоклавқа салғаннан кейін және қысымды 1 атмосфераға дейін көтергеннен кейін автоклавтағы ауа шығарылмаған.
    Есеп № 3. Мейірбике бикстің түрлік төсеуін орындады (бикс жаймаларымен). Тапсырма дұрыс орындалмады. Аппендэктомияны жүзеге асыру үшін бикстің әмбебап төсеуін орындау қажет.
    Есеп № 4. Дұрыс емес. Іріңді жараларды перифериядан орталыққа қарай өңдейді.
    Есеп № 5. Жоқ. Йод ерітіндісімен операциялық аймақты өңдеуге Денсаулық сақтау министрлігінің 1978 ж. Шыққан № 720 бұйрығы бойынша тыйым салынады. Балалар үшін Баккал әдісі қолданылады.
    Есеп № 6. Өткір құралдарды стерилизациялағанда термиялық өңдеу қолдануға болмайды, себебі олар өткірлігін жояды. Стерилизация алды өңдеуден кейін құралдарды 96% этил спиртінде 30 минутқа немесе үштік ерітіндіге 3 сағатқа салып қояды.
    Есеп № 7.Мұндай жайманы операция үшін қолдануға болмайды. Осы жағдайда стерильдіктің индикаторлары бұзылуы мүмкін немесе буы шығарылмаған.
    Есеп № 8. Шұғыл тәсілмен (первомур, хлоргексидин биглюконат ерітінділерімен).
    Есеп № 9.Бұл жағдайда тиімді антисептик болып бор қышқылының үнтағы табылады. Жара бетіне шпательмен себу керек.
    Есеп № 10. Бұл жағдайда тиімді антисептик болып ферменттер табылады. Ферменттерді

    натрий хлоридының изотониялық ерітіндісімен ерітіп салфеткаға малып жара бетіне қойып таңу керек.
    Есеп № 11. Бұл жағдайда иммуномодуляторлыр қолданылады (тималин,иммуномодулин, Т-активин, тимоген. Олар инъекция ретінде немес таблеткалар ретінде қолданылады.
    Есеп № 12. Антисептиканың химиялық және биологиялық түрі қолданылған. Иммунитеттің белсенді түрі қалыптастырылады. Қолданылған ампуланы қауіпсіз утилизация қорабына тастау керек.

    Есеп № 13. Антисептиканың механикалық, физикалық және химиялық түрлері қолданылған. Жарақаттың біріншілік кейінге қалдырылған хирургиялық өңделуі жасалған. Ерекшеліктері жарақат іріңдеп кетуі мүмкін, сондықтан 1-2 тәулік ішінде жарақаты қызарып кетсе, тігістерді алу керек.

    Есеп № 14. Жоқ, барлығы дұрыс жасалған жоқ. Жараның түбімен қабырғалары кесілмеді,

    сіреспеге қарсы сары су еңгізілмеді.
    Есеп № 15. Некроэктомия және ультракүлгін сәулесімен емдеу (УФО).
    Есеп № 16. Дұрыс жасалған жоқ. Бюлау дренажын (немесе электроотсос) қолданып плевралды құысты дренаждау керек еді.
    2 Тақырып жауаптары:
    Есеп №1.1.Сол жақты VII-VIII қабырғаның жабық сынығы.

    2.Науқасты иммобилизациялау қажет, кушеткаға отырғызып немесе сау аймағымен бүйірінен жатқызған дұрыс.

    3.Науқасқа жергілікті анестезия жасалады. Қабырға аралық қоршау жүргізген дұрыс. Ол үшін новокаин ерітіндісін сыныққа сәйкес қабырға аралығына омыртқаның қылқан өсіндісі мен жауырынның ортасында орналасқан нүктеден енгіземіз. Инені қабырғаға бағыттап, кейін тамыр нерв өрімінің тұсына жеткіземіз. 0,25% новокаин ерітіндісінің 10 мл енгіземіз. Әсерін жоғарылату үшін 10 мл новокаинға 1 мл 96% спирт қосамыз.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта