сит%20есеп%20хирургия. 1. Таырып Антисептика. Антисептиканы анытамасы, трлері. Операциялы блімінде жне тау блмеде олданатын антисептиктермен танысу. Оларды олдану тсілдері. Асептика. Хирургиялы блімі, оны крылымы. Есеп 1
Скачать 78.41 Kb.
|
Есеп №2. 1.Науқасқа қойылатын болжам диагноз: Оң жақты IV-V қабырғаның жабық сынығы. 2.Науқасты иммобилизациялау қажет. Науқасты кушеткаға отырғызып немесе сау бүйірінен жатқызады. 3.Жергілікті анестезия жасалуы керек. Қабырға аралық қоршау жүргізген дұрыс. Ол үшін новокаин ерітіндісін сыныққа сәйкес қабырға аралығына омыртқаның қылқан өсіндісі мен жауырынның ортасында орналасқан нүктеден енгіземіз. Инені қабырғаға бағыттап, кейін тамыр нерв өрімінің тұсына жеткіземіз. 0,25% новокаин ерітіндісінің 10мл енгізіледі. Әсерін жоғарылату үшін 10мл новокаинге 1 мл 96% спирт қосамыз. Есеп №3. 1.Науқастың қосымша аурулары: артериалды гипертензия, анемия. 2.Науқасты жоспарлы операция кезінде бір күн бұрын сағат 18:00 ден кейін тамақ ішпеуі керектігі, душ қабылдап, таза киімдерді киюі керектігі айтылады. Операциядан алдын операция кезіндегі асқынуларды тудырмау үшін, науқасқа гипотензивті дәрілер беріледі және гемотрансфузионды ем жасалады. 3.Науқасқа жалпы эндотрахеалды анестезия жасалады. Есеп №4. 1.Иммобилизация жүргізілуі керек. 2.Науқастың аяғы антисептиктермен өңделіп, асептикалық таңғыш салынады. 3.Науқасқа веналық регионарлық анестезия әдісін жүргізген дұрыс. Оны аяқтың үлкен немесе кіші теріасты венасына жасайды. Венозды қанның ағып кетуі үшін аяқты 1-2 мин көтеріп ұстайды. Содан кейін операция жасалатын проксималды жерге артериялық қан айналымы тоқтағанға дейін бұрауды қысып салады. Анестезия үшін 200-250 мл 25%- дық новокаин ерітіндісі енгізіледі. Есеп №5. 1.Науқасқа новокаинмен жергілікті анестезия жасау керек және тыныштандыратын, седативті дәрілер беріледі. 2.Жарақаттанған жер некрозы жоқ, шеттері тегіс, кесілген жара болғандықтан, оның біріншілік әдіспен жазылуына сенім бар. 3.Жараның екіншілік инфекциямен асқынуын болдырмас үшін айналасын антисептиктермен тазалап, қанаған тамырларды байлап, ішіне санация жүргізіп, бетіне біріншілік тігіс салады. Тігіс арасы арқылы жара қуысына дренаждық резеңке ленталар енгізіледі. 4.Сіреспеге қарсы профилактика міндетті түрде жүргізіледі. 3 тақырып жауаптары: Есеп №1. 1.Диагноз: Көкбауыр жарылуы, шоктың І-сатысы . 2.Паренхиматозды қансырау. 3.Қабылдау бөлімінде, қосымша зерттеу ретінде, науқасты тік отырғызып, іштің жалпы рентгенографиясын жасау қажет. Бұл қарау іш қуысындағы бос ауаны анықтауға көмектеседі. Қабырғаның рентгенографиясын жасау керек. Науқасты арнай зеңбілге жатқызып, хирургия бөлімшесіне жеткізіп, операцияға алу қажет. 4.Жоқ, қажет емес. Есеп №2. 1.Науқаста басқа топтың қаны құйылғанына байланысты жедел бүйрек жетіспеушілігі синдромы пайда болды. 2.Науқасқа сұйық ішуді азайту керек, тұзы жоқ, белогы аз тағам беріп, көк тамырға (венаға) 10%-дық глюкозаны (400-600 мл.) инсулинменен (1 ЕД инсулинді 4 г. глюкозаның құрғақ затына), натрий бикарбонат ерітіндісін, анаболикалық гормондарды (метандростенолон, тестостерон пропионат т.с.с.), С,Р,В-тобындағы витаминдерін, никотин қышқылын, хлорлы кальцийді құю керек. Лоқсып, құсу болса, асқазан мен ішекті жуу (тазарту) керек. Науқасты шұғыл түрде гемодиализ жүргізуші маман дәрігерге көрсетіп, ақылдасу қажет. Есеп №3. 1.Артериалды сыртқы қан кету. 2. Саусақпен басу және жгут салу. 3. Қысқы уақытта 2 сағат, жазда 1,5 сағат. 4. Қан тамырына хирургиялық операция жасау, жараның гемостазы. 5. Безредко бойынша 30000 ӘБ енгізу керек. Есеп №4.1.Донорлық және реципиенттің қанымен қарсы үйлесімсіздіктен туындаған посттрансфузиялық асқынуларды болдырмау үшін, гемотрансфузияға дейін: а) реципиент және донордың қан тобын анықтау; б) реципиенттің және донордың Rh компоненттерін анықтау; в)ABO жүйесіне сәйкес реципиенттің және донордың қанының жеке үйлесімділігі үшін сынақ жүргізу; г) реципиент пен донор қанының жекелеген үйлесімділігі үшін Rh жүйесіне сәйкес сынақ жүргізу; д) биологиялық сынақ жүргізу. 4 Тақырып жауаптары: Есеп №1 1.Сол жақты аяғының балтыр бөлігінің тістелген жарасы. 2.Тістелген жараны тігуге болмайды. Жараның айналасын бетадинмен өңдеп, сабынды сумен тазалап жуады, жара жуылған соң, асептикалық таңғыш салынады. 3.Сонымен қатар, құтыруға және сіреспеге қарсы, олардың алдын-алу үшін, арнайы сарысумен егу жүргізіледі. Есеп №21.Науқаста операциядан кейінгі абсцес. 2.Жараның айналасының қызаруы, ісінуі, қатайып немесе жұмсаруы болса, тігіс арасы арқылы арнаулы, біз тәріздес құралмен жараға кіру керек. Егер оның бойымен ірің шыға бастаса, тігісті дереу алып, жара беттері ажыратылады. Осыдан соң, жара тазартылғаннан кейін, оған гипертониялық хлорлы натрий ерітіндісіне шыланған турунда қойылады Есеп №31.Жарақаттанған адамда некрозы жоқ, шеттері тегіс, кесілген жара болғандықтан, оның біріншілік әдіспен жазылуына сенім бар. 2.Жараның екіншілік инфекциямен асқынуын болдырмас үшін айналасын антисептиктермен тазалап, қанаған тамырларды байлап, ішіне санация жүргізіп, бетіне біріншілік тігіс салады. Тігіс арасы арқылы жара қуысына дренаждық резеңке ленталар енгізіледі. 3.Сіреспеге қарсы профилактика міндетті түрде жүргізіледі. Есеп №4 1.Бұл жағдайда тіпті инфекция белгісі болмаса да, жараның хирургиялық әдіссіз біріншілік жазылуына сенуге болмайды. 2.Операциялық бөлмеде жараны кеңейтіп кесу қажет. Сол кезде оны түбіне дейін анық көріп, өлі тіндер болса сылып, тазалап, оған біріншілік тігіс салуға болады. 3.Сіреспеге қарсы арнайы сары су салынады. Есеп №5 1.Жараның аймағын бетадин ертіндісімен өңдеп, жергілікті жансыздандыру жасайды. Жараның ауызын кеңейтіп, сутегінің асқын тотығымен жуып, гипертониялық натрий хлор ерітіндісімен шаяды. Жараға резеңкелі жолақ қойып, асептикалық таңғыш салынады. 2.Жіберілген қателік-жараға тампон тығыз түрде салынғандықтан, жаралық сұйықтың сыртқа шығуына кедергі болады. Есеп №61.Жылан шаққан жерден жоғары дереу, веналық жгут салу керек. Шағылған жерге және жауырын арасындағы бұлшықетке 10 мл жылан уына қарсы поливалентті антитоксиндік сарысу енгізіледі. Жарадағы улы затты арнайы сорғыш банкімен, тіпті болмаса ауызбен сорып тастау керек, кейде ол жерді кесіп алып тастайды. Содан соң жаралы жерге 3-4 күн тыныштық беру керек. Шаққан жердің айналасына, циркулярлы түрде 0,5%-дық новокаиннің ерітіндісіне 0,1-0,2 мл, 0,1%-дық адреналинді қосып, блокада жасап, венасына 10%- дық хлорлы кальцийдің 5,0 мл-ін енгізу керек. Бұлардан басқа симптоматикалық ем ретінде, гидрокортизон, аналептиктер, анестетиктер, антибиотиктер қолданылады. Есеп №7 1..Науқаста сол жақты пневмоторакс. 2.Жедел көмек ретінде оған аналгетиктер, жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер енгізу керек, тынысын оттегімен қамтамасыз етіп, тасымалдағышқа бас жағын көтеріңкі етіп, дереу емдеу мекемесіне жеткізу керек. Есеп №8.1. Сол жақты гемоторакс. 2.Жарақат алған адамды дереу жедел жәрдем шақыртып, шоктың алдын-алу керек және АҚ қалыпқа келтіріп, ауырсынуды басатын дәрілер енгізіп, ауруханаға жеткізу қажет. Жарадан пышақты алуға болмайды, себебі пышақ кірген жерде үлкен қан тамыры зақымданған болуы мүмкін немесе жүректі жарақаттаса, пышақты алған кезде қан шапшып, үлкен көлемде қан жоғалтуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқас өліп кетеді. Сондықтан тез арада жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізу керек. Есеп №9. 1.Сол жақ іш аймағының пышақ сұғылған жарасы. 2.Науқасты ішімен жатқызып, ауру сезімін басатын дәрілерді беру керек. Жара бетіне шығып жатқан іш майын ішке енгізуге болмайды, себебі, инфекцияны іш қуысына енгізіп, перитонит - пен асқынып кетуі мүмкін. Жара айналасын спирт – йод ерітіндісімен тазалаған соң, жара бетіндегі іш майын асептикалық дәкемен жауып, таңып тастау керек. Жарақаттанған науқасты дереу аудандық ауруханаға жеткізу керек. Есеп №10. 1.Сол жақты балтыр бөлігі жұмсақ тіндерінің соғылуы, гематома. 2.Анальгетиктер тағайындау, тіндерге қан құйылуды шектеу, науқасты тыныстандыру, зақымдалған аяғын иммобилизациялау, жергілікті мұз қою немесе хлор этилмен салқындату. Ауыру сезімі мен ісіну кеткен соң, сіңдіретін дәрілер тағайындалады, жергілікті ыстық басу, массаж қолданылады. Есеп №11. 1.Жабық бас ми жарақаты. Ми шайқалу. Шүйде бөлігі жұмсақ тіндерінің соғылуы. 2.Алғашқы көмек: Толық тыныштық, басына суық басу, ауыру сезімін жоятын дәрілерді енгізу. Наркотикалық заттарды енгізуге болмайды, себебі олар тыныс алу орталығын тежейді. Есеп № 12. 1.Ұзақ қысылу синдромы. 2.Алғашқы көмек: қысылған аяқ-қолды босатпас бұрын, улы заттардың қанға түсуінің алдын алу үшін, бұрау салу керек. Содан кейін дәкемен тығыз етіп таңу, иммобилизация жүргізіледі, анальгетиктер мен седативті дәрілер тағайындалу керек. Жараны антисептикпен өңдеп, асептикалық таңғыш салынады. 6-тақырып жауаптары: Есеп №1. 1.Науқаста сол жамбас жақты сүйегінің сынығы, қуықтың жабық жарақаты, шок 1 сатысы. 2.Жамбас сүйектері сынғанда, әсіресе, олар көп болғанда ,іш астарынан тыс аймаққа қан кетеді.(1-2 литрге дейін ). Оған қоса, жамбас тұсындағы нерв талшықтары өрімінің, түйіндері мен ұштарының тітіркенуі шокқа әкеледі. 3.Жарақаттанған кісіге ауыру сезімін жоятын дәрілер енгізу керек: промедол, омнопон, морфин. Тасымалдау үшін оны шалқасынан «бақа » тәрізді жағдайда, яғни, екі аяғын тізесінен бүгіп, талтайта жатқызу керек, тізе буыны астына оралған көрпе сияқты затпен белдеме тіреу (валик )қойылады. Осылай жатқызу науқастың жамбас бұлшықеттерінің босаңсуына, ауыру сезімін азайтуға, сынық жаңқаларының ығысу болмауына көмектеседі. Жедел жәрдем көлігінде , шоктан шығаруға бағытталған, вена ішілік шокқа қарсы сұйықтықтар құю (полиглюкин, т.б.) басталады. Науқас арнайы мамандырылған емдеу мекемесіне жеткізіледі. Есеп №2. 1.Науқаста оң иықтың ойнамалы буын шығуы. Буын шығудың ескірген (1 айдан көп ) түрі. 2.Жалпы жансыздандыру пайдалынады. Емдеу кезінде 3 міндет орындалады:шыққан буынды орнына салу, бекіту, еңбеке жарамдылықты тездету; Бірінші міндет: Иық буынын орнына салу үшін Кохер мен Джанелизде әдісі қолданылады. Екінші міндет: Буынды түзеткеннен кейін , буын ұштарының дұрыс орналасауын қамтамасыз ету , бұл кезде иммобилизация орындалуы тиіс және буынға күшті ақырын түсіру керек. Науқасқа 3 аптаға дейін қозғалтпайтын таңғыш салынады. Үшінші міндет: буын қызметі қалпына келтіру, оң жақ иық тұсына массаж және электрлік қыздырғыштар (УВЧ, диатермия т.б. ) қолдануға болады. 3.Кеш асқынулары: деформациялық артрит, буын қапшығы мен айналасындағы жұмсақ тіндердің сүйектену үрдістері, сүйектердің буындық ұштарының декальцинациясы, сүйектердің буындық ұштарының өліеттену үрдісі; Есеп №3. 1.Оң білектің кәрі жілігінің төменгі үштігінің жабық сынығы. 2.Иммобилизация ретінде оң қолды шынтақ буынында тік бұрыштанып бүгілген қалыпта, саусақ ұшынан тоқпан жіліктің ортасына дейін Крамер шинасымен бекіту керек. 3.Жарақат пунктіне білек сүйектерінің төменгі үштігін 2 проекцияда :тікелей және бүйірлік бағытта рентгенмен суретке түсіру керек. 4.Кәрі жіліктің сынығы анықталғаннан кейін, сүйек ауытқуларын орнына түсіріп, түйістірген соң, білектің сыртынан гипстік лонгета салынып бекітіледі. Лонгетаны, шынтақ буынын 900С бұрыштықпен бүгіп, білекті пронация мен супинация аралағанда ұстап, саусақ ұшынан тоқпан жілік ортасына дейін жеткізіп салады. Алғашқы 2 тәулік ішінде баланың қолындағы қан айналыстың бұзылмағанына көңіл бөлу керек, егер саусақ тұсында ісіну пайда болса, лонгетаны бекітуге қолданылған бинтті кесіп, босату қажет, гипстік лонгетаны кеңейтуге болады. Есеп №4. 1.Жарақаттанған адамда сол аяғының сирақ сүйектерінің екеуіде ортаңғы үштігі тұсынан бұрала сынған жабық сынығы екенін болжауға болады. 2.Балтыр сүйегі сынығында иммобилизациялау үшін арнайы, фанерлік сым саты сияқта Детерихс таңғышы қолданылады. Детерихс таңғышы 2 жылжымалы ұзындығы әртүрлі ағаш планкалардан (ұзыны 1м 71 см, қысқасы 1м 46 см), көлденеңі 8 см, табан бөлімшесі және бұрғыштан тұрады. Ұзын планканы аяқ пен дененің сыртынан салады. Оның бір ұшы қолтыққа тіреліп тұру қажет, қысқасы - аяқтың іш жағына салады. Ең алдымен табаншаны табанға байлайды, содан кейін 2 планканы орналастырып белбеумен бекітеді. Балтыр сынығын бекіту үшін 3 сым саты таңғышын да қолдануға болады: біреуі балтыр мен санның артына, ал қалған екеуі аяқтың ішкі және сыртқы жағына бинтпен бекітіледі. 3.Мұндай жағдайда , сынған жерге 2 % - дық новокаин ерітіндісінің 20-25 мл- ін енгізіп, скелеттік тарту әдісін қолдану керек. Себебі, сирақ сүйектерінің бұрама сынығын гипс салып ұстау өте қиын, көбінесе олар тайып кетеді. Есеп №5. 1.Клиникалық белгілеріне қарағанда, балада сол жақ бұғана сүйегінің жабық сынығы. 2.Алғашқы көмек ретінде ауырсынуды басатын дәрілер енгізіп , сол қолын иық буынында қозғалмас үшін , бекіту керек.Ол үшін иммобилизациялық таңу әдістері (Дезо , Вельпо т.б.)қолданылады, олар бинтпен немесе шытпен орындалу мүмкін. 3.Диагнозды анықтау үшін бұғананы рентгендік суретке міндетті түрде түсіру қажет.Егер бұғана сынығы ауытқымаса , не ауытқу шамалы ғана болса, сегіздік тәрізді таңуды немесе Дельбе сақинасын 2-3 аптаға пайдалануға болады. Есеп №6. 1.Науқаста сол иықтың буын шығуы. 2.Жалпы жансыздандыру жасалады. Емдеу кезінде 3 міндет орындалады: шыққан буынды орнына салу, бекіту, еңбеке жарамдылықты тездету; Бірінші міндет: Иық буынын орнына салу үшін Кохер мен Джанелизде әдісі қолданылады. Екінші міндет:Буынды түзеткеннен кейін, буын ұштарының дұрыс орналасауын қамтамасыз ету, бұл кезде иммоболизация орындалуы тиіс және буынға күшті ақырын түсіру керек. Науқасқа 3 аптаға дейін қозғалтпайтын таңғыш салынады. Үшінші міндет: буын қызметі қалпына келтіру, оң жақ иық тұсына массаж және электрлік қыздырғыштар (УВЧ, диатермия т.б.) қолдануға болады. 3.Сол иық буынының рентгенографиясы қолданылады. 7- тақырып жауаптары: Есеп №1. 1.Екі жақты аяғының, сол қол және іштің алдыңғы бетінің күйік ауруы, шок кезеңі. 2.От жалынынан болған екі аяқтың, сол қолдың және іштің термиялық 50% күйігі. I-II дәрежелі. Күйік формуласы: Есеп №2. 1.Электрожарақат. 2.Науқас ауыр электр жарақатын алған соң жүрегі мен тынысы тоқтаған. Науқасты клиникалық өлімнен шығару үшін жүрекке тікелей емес массаж бен өкпеге жасанды демалдыру қызметін жасау керек, нәтиже болмаған жағдайда «дефибрилятор» арқылы көмек жасау қажет. Жүрек соғысы қалпына келген соң, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізу керек. Есеп №3. 1.ІІ дәрежелі беттің, мойынның, кеуде торының, оң қолдың термиялық күйігі 25%. 2.Тіндердің гипертермиялық мерзімін қысқарту үшін және күйіктің тереңдігін азайту үшін, күйген аймақты суық су астына қойып салқындату керек. Жалпы қызуды басу үшін, киімнің түймелерін ағытып немесе оны шешіп, науқастың басына суық компресс қояды. Ауру сезімін басатын дәрілерді міндетті түрде енгізу керек. Күйген аймақтарды 0,5-1 % новокаин ерітіндісімен ылғалды асептикалық байлау. Жедел жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізу. Есеп №4. 1.Науқастың аяқтары IV-ші дәрежелі үсікке шалдыққан, сулы гангренаға байланысты жоғарыға өршіген үрдісі бар. 2.Интоксикация белгілері анық байқалады. Үсік шалдыққан жердегі жарадан сұйықтық алып, ондағы микрофлора түрін және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау керек. 3.Үсіген аймаққа некрэктомия жасау керек. Науқасқа кешенді антибактериялық ем мен дезинтоксикациялық терапия жүргізу қажет. Есеп №5.1.Күйік ауруы, шок кезеңі. Қол басының, білектің және кеуденің алдыңғы бөлігінің термиялық күйігі. 2.Күйік формуласы: 3.Жара бетіне дереу новокаин ертіндісіне малынған асептикалық таңғышты салып, науқасқа ауру сезімін басатын дәрілерді беру керек. Дереу стационарға жеткізу қажет. Есеп №6. 1.Аяқ бастарының үсігі, III-IV дәрежесі деген болжам қоюға болады. 2.Науқастың аяқтарына ауа өткізбейтін таңғыш салып, аяқтарындағы қан айналымын реттеу мақсатында қантамырларын кеңейтетін дәрілерді, антикоагулянттар, дезагреганттар, реологиялық препараттар, тромболитиктер құю қажет. Есеп №7. 1.Өңештің химиялық ертіндімен күюі. 2.Ауырсыну сезімін басу, науқастың жағдайын жақсарту, жұтынудың бұзылуын жою, шоктың алдын алу. Науқасты қарау, тыныштандыру, жатқызу. - ауырсынуды басу үшін б/е трамадол -2,0 немесе 2% раствора промедол 2,0мл. ерітіндісін енгізіңіз,– құстырту, - тері астына спазмолитиктер енгізу: атропин 0,1%-1,0 мл және но-шпа 2%-2,0 мл ерітінділері - сұйықтықтар ішкізу: натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісі, өсімдік майы, сүт т.б. - полиглюкин 300мл 30 мл 2% новокаин ерітіндісімен система арқылы к/т енгізу 3.Дер кезінде жасалған дұрыс көмек науқастың болжамын жақсартады. Есеп №8. 1. Екі қолдың ІІ дәрежелі термиялық күйігі. (Sд 10-12%). Күйіктік шок. 2.Терапия. Венаға енгізу: 0,3мл 1% промедол к/т. 3.Инфузионды терапия - АҚ бақылай отырып натрий хлор ертіндісі 10 мкг/сағ. Күйген беткейлерге 0,5-1% новокаин ертіндісі мен ылғалды асептикалық байлау. 4. Күйік орталығына немесе реанимация және интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау. 8 тақырып жауаптары: Есеп №1. Келесі варианттар болуы мүмкін инфильтрат емнің әсерінен инволюцияға ұшырап (қабынудың бәсеңдеуі) абсцесс түзілуі немесе флегмона дамуы мүмкін. Есеп №2. Науқаста тілме қабынуының эритематозды формасы науқасты инфекция бөлімінде емдеу керек. Есеп №3. консервативті ем (антибиотиктер, сүтті сауып тастау, сулъфанильамидтер, физиотерапия, тартып тұратын емшек қап). |