|
ҚМЖ. 11 сынып Қазақстан қмж. 11 сынып азастан тарихы Білім беру йымыны атауы
Білім беру ұйымының атауы
|
| Пәні:
| Қазақстан тарихы
| Бөлім:
| 2.Этникалық және әлеуметтік саяси-процестер
| Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сынып: 11
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
| 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау
| Сабақтың мақсаты
| Қазақстан халқы Ассамблеясының қызыметі туралы біледі, Қазақстандағы тұрақтылық пен келісімді қалыптастырудағы Ассамблеяның роліне талдау жасайды
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі//уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
| Сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын айтып өту.
Бейнематериалмен жұмыс: Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл.
https://www.youtube.com/watch?v=Wr6riAcG5_c
Сұрақтар:
1. Не себептен Қазақстан халқы Ассамблеясын қазақстандық феномен, қазақстандық моделі, қазақстандық жолы деп атайды?
2. Қалай ойласыздар: Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты қандай?
| Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
| мадақтау
| https://www.youtube.com/watch?v=Wr6riAcG5_c
| Жаңа білім
| Құжатпен жұмыс
Берілген сілтемені қолданып, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның құрылымын сипаттаңыз.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000070_
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Басқару органдары
| Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары
| Ассамблеяның мақсаты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Инфографика
Ғаламторды қолданып, берілген контексті дәлелденіз. Жоспар арқылы ақпаратты инфографика ретінде көрсетіңіз.
Жоспар
1. Жағдайды не себептен жасап отыр?
2. Казақстан территориясы бойынша нақты мысалдар келтіріңіз.
3. ҚХА ұлттарының жетістіктері қандай? Мысалдар келтіріңіз.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған . Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді. ( Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан).
«PRES» әдісі
Әр оқушы қажетті ресурстар мен мәтінді таратып береміз. PRES әдісі бойынша оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша талдау жүргізеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін қалай бағалайсыз?
P (point of view) – көзқарас;
R (reason) - себеп;
E (example) – мысалы;
S (summary) - қорытынды
| Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды
Дескриптор: Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның құрылымын сипаттайды; Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін анықтайды;
Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне ббаға береді
| ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
| https://assembly.kz/ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000070_
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000070_
https://articlekz.com/kk/article/17171
http://www.akorda.kz/kz/national_projects/kazakstan-halky-assambleyasy
| Бекіту
| Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
| Сабақтың тақырыбын қорытындылау
| «Ең үздік жауап»
| Ақпараттық карточка
| Кері байланыс
| Бүгінгі сабақтан мен не білдім?
Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?
Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?
| Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
| Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
| А4, конспект
|
Білім беру ұйымының атауы
|
| Пәні:
| Қазақстан тарихы
| Бөлім:
| 2.Этникалық және әлеуметтік саяси-процестер
| Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сынып: 11
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
| Қазақстандағы этностардың тарихы және тағдыры тақырыбында шағын зерттеу-жобалау жұмысын жүргізу
| Сабақтың мақсаты
|
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі//уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
| Миға шабуыл:Оқушыларға орыс, украин, өзбек, ұйғыр, дүнген, татар, азербайжан т.б этнос аттары жазылған стикерді таратып, «Қазақстанда әр аймақ бойынша көбірек шоғырланған этностарды картада белгілеңіздер» (оқушылар картаға стикерлерді дұрыс орналастыруы тиіс, оңтүстікке-өзбек, Алматы облысына ұйғыр, Жамбыл облысына-дүнген т.с.с) деген сұрақты қою арқылы, оқушылардың білімдерін тексеріп алу.
БЫМ:Қазақстанда этностардың орналасу ерекшелігі бейнеленген картаны көрсетіп, келесі сұрақтар қойылады:
Этностардың орналасу ерекшелігі қандай? Этностардың осылай орналасуына қандай факторлар әсер етті деп ойлайсыз? (тарихи, географиялық, саяси, әлеуметтік, экологиялық т.сс)
М. Оқушылардың бастапқы білімдерін анықтаған соң, сабақтың мақсаты таныстырылады.
Б. Оқушыларға сабақ барысында кездесетін терминдер таныстырылады
| Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі және Қазақстандағы этностық топтардың қоныстануына әсер еткен тарихи оқиғаларды жазады
| мадақтау
|
https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9045/
https://www.youtube.com/watch?v=iK-gPbbd_Uc
Қазақ халқына құрметпен
| Жаңа білім
| Талдау мен зерттеу
Оқушыларға Қазақстанда тұратын бір этностың тарихы мен тағдырын зерттеу жұмысы беріледі. Зерттеу нысанын төменде ұсынылған этностардан таңда:
Өзбек, қырғыз, түрік, тәжік, ұйғыр, татар, орыс, украин, белорусь,башқұрт т.б.
Зерттеу әдістері:
Контент талдау-дереккөздер жинақтау
Сұхбат алу
Сауалнама жүргізу
Зерттеу түрі (ұсынылған 3 әдістің бірін таңдау керек):
Инфографика
Тақырыпқа қатысты сандық деректерді «Инфографика» негізінде модельдеп, (инфографикада сандық ақпараттар көріну керек) Уақыт, орын, кеңістік концепциясының аспектілері негізінде талқылаңыз.
Кейс Стади
Тақырыпқа қатысты берілген ақпараттарды «Кейс Стади»негізінде модельде. (Қалыптасқан жағдай, мәселе, мәселенің өзектілігін негізде, мәселенің бірнеше себептерін және салдарларын анықтап, шешу жолдарын ұсыныңыз. Мәселе бойынша тарихшылар пікірі мен өз пікірінді ұсынып, қазіргі уақытта қалыатасқан жағдаймен байланыстырып қорытындылаңыз, тапсырманы постер түрінде орындаңыз).
Бейнебаян
Тақырыпқа қатысты берілген ақпараттарды бейнебаяннегізінде модельдеңіз. Ақпараттарды іріктеп, этностардың тарихы мен тағдыры туралы жинақталған дмәліметтер негізінде сценарий құрыңыз.
Қалыптастырушы бағалау: « Аялдама» әдісі арқылы жүргізіледі. Зерттеу жұмысын оқушылар өзара бағалап, жұмысқа өз кері байланысын жазады.
ДО форматында әрбір сынып оқушысы жұмысты электронды түрде қарап шығып, өзінің қосатын мәліметі мен бағалауын белгілі бір түспен жазып қалдырады.
|
Бағалау критерийлері:
Оқушы Қазақстанда өмір сүріп отырған бір этностың Қазақстанға қоныстану тарихын зерттеп, шағын жоба жұмысын жасайды
Зерттеудің критерийлері:
Таңдалған этностың Қазақстанға келу тарихы
Саны
Орналасуы
Тілдік және салт-дәстүрлер ерекшелігі
Танымал тұлғалары
Оқушыларға дифференциация үшін таңдау беріледі. Бірнеше ұсынылған зерттеу түрлерін өз қабілеттеріне қарай таңдап, тапсырманы орындау.
| ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
| Қазақстан тарихы 1-бөлім 11-сынып, авторлары: З.Е. Қабылдинов, А.Д. Сандыбаева, Ф.Р. Лебаев
https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/
https://www.akorda.kz/kz/
https://stat.gov.kz/
www.kisi.kz
| Бекіту
| Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Зерттеу жұмысына қажет мәліметтер жинақтап, берілген зерттеу әдісінің бірі бойынша өз жоба жұмысыңызды дайындап келу
Әлеуметтік зерттеу жұмысын жүзеге асыру және қорытынды есеп жазу
Зерттеу жұмысының кезеңдерін оқушыларға ұсынамыз.
| Сабақтың тақырыбын қорытындылау
| «Ең үздік жауап»
| Ақпараттық карточка
| Кері байланыс
| .............. білгенім маңызды болды.
................. тапсырманы орындауда қиындықтар кездесті.
Ең тиімді болғаны.....
| Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
| Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
| А4, конспект
| |
|
|