Главная страница
Навигация по странице:

  • VI. Электрондық денсаулықты дамыту

  • VII ДСМ жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияны дербес коммерциялық емес заңды тұлғаға өзгерту

  • VIII. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында бақылау мен қадағалауды жетілдіру

  • Медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау.

  • Опухоли. Денсаулық туралы кодекс. 14. 09. 2018 Эабж мо 23. 0 нсасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


    Скачать 182.51 Kb.
    Название14. 09. 2018 Эабж мо 23. 0 нсасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
    АнкорОпухоли
    Дата10.02.2021
    Размер182.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДенсаулық туралы кодекс.docx
    ТипДокументы
    #175486
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6
    V. Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясатын жетілдіру

    2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясатын жетілдірудің негізгі бағыты денсаулық сақтау жүйесін ҚР халқының денсаулығын сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуге қабілетті бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы және жаңа сын-қатерлерге жауап беру болып табылады.

    Қалыптасқан кадрлық ресурстың жеткілікті тиімсіздігі және қолжетімсіздігі проблемасын жеңу үшін денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясаты саласында анағұрлым практиктерді енгізу қажет.

    Осыған байланысты Кодекстің жаңа редакциясында алдымен медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қайта қарау қажет. Басты назар медицина персоналының пациенттерге көрсететін медициналық көмегінің сапасы және ізгілігі үшін жауапкершілігін арттыруға, кәсіби жұмысын іске асыру кезінде медицина қызметкерлеріне салынатын шектеулерді регламенттеуге аударылуы тиіс.

    Медицина қызметкерінің мәртебесін күшейту, оның ішінде әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау шараларын, сондай-ақ олардың еңбекақысын арттыру тетігін жетілдіруге ынталандыру болып табылады.

    Денсаулық сақтау кадрларын есепке алу және жоспарлау рәсімдерін жетілдіруді медицина қызметкерлерінің кәсіби регистрін енгізу, жергілікті атқарушы органдардың медициналық кадрлардағы қажеттілікті болжау және жоспарлау бойынша ролін арттыру арқылы қамтамасыз ету ұсынылады. Өңірлердің медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі өңірлердің медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету нормативін сақтау арқылы жүргізіледі және ТМККК көзделген көмекті жабатын болады. Қамтамасыз етілу нормативік уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін болады.

    Біліктілігін арттырудың салалық жүйесін жетілдіру оның негізгі компоненттерін (ОРК, профстандарты, біліктілік сипаттамасы мен мамандықтар номенклатурасы және т.б.), әзірлеу шартын анықтау, біліктілік саласындағы үйлестіру органын анықтау, медицина қызметкерлерін лицензиялауды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

    Медицина қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру үшін жинақтау жүйесін енгізу қажет (Professional Development Units), ол мамандардың кәсіби даму саласындағы жетістіктерін есепке алуды қамтамасыз етеді. Осы жетістіктерді есепке алудың негізгі аспабы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік тізбесі шеңберінде әрбір маман үшін электрондық портфолио енгізу болып табылады.

    Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады. Сақтандыру келтірілген зиянды өтеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, зиян келтіруді болдырмау (медицина қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру, коммуникатвтік дағдыларға үйрету), клиникалық ұсынымдарды, пациенттерді диагностикалау және емдеу хаттамаларын (стандарттарын) әзірлеу, медициналық көмек көрсету сапасының стандарттарын әзірлеу және енгізу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ Кодексте медицина қызметкерлерінің және орта қызметкерлердің кәсіптік бірлестіктердің, оның ішінде кәсіптік сертификаттау, үздіксіз кәсіби дамыту мәселелеріндегі ролін күшейтуді көрсету ұсынылады.

    Мұның бәрі денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының тиімділігін және ҚР халқына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетудің қолжетімдігін арттыруға мүмкіндік береді.
    VI. Электрондық денсаулықты дамыту

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей цифрлық деректер мен цифрлық процестер күн сайын адам қызметінің барлық саласында революциялар жасауда, ақпаратпен алмасудың үйреншікті әдістерін ғана емес, сонымен қатар тікелей бизнес-процесін және тұтас салаларды өзгертуде. Төртінші өндірістік революция (Industry 4.0) жағдайында мемлекеттік міндеті даму үшін қолайлы ортаны реттеу, қалыптастыру және денсаулық сақтауды қоса алғанда экономиканың барлық саласын цифрландыруға байланысты қазіргі заманғы сын тегеуіріндерге уақтылы жауап беру болып табылады.

    Халықаралық шолулар денсаулық сақтаудағы ИТК пайдалануды кеңітудің көмектің үздік сапасын қамтамасыз ететінін, медициналық қателерді қысқартатынын және әкімшілендіруді күшейтетінін көрсетеді. Электрондық денсаулық сақтау құралдары денсаулық сақтаудың негізін қалайтын сипаттамаларына: тиістілікке, қолжетімділікке қауіпсіздікке, сапаға, әділеттік пен тұрақтылыққа әсер етуге қабілетті медициналық технологиялар ретінде қаралады. Сонымен қатар, мемлекеттің осындай жобаларын іске асыру кезінде бірінші кезекте заңнама мен реттеу базасының дайын еместігін қамтитын қиындықтардың айтарлықтай санына бетпе-бет келеді. Ақпараттық жүйені әзірлеу немесе сатып алу жеткіліксіз, жоспарланған табыстарға және талап етілетін ұйымдастыру процестерін, құрылымын, функцияларын, стандарттар мен заңнамаға өзгертулер, сондай-ақ электрондық денсаулық технологияларын қолданатын кадрлық ресурстардың ерекшелігін, оқыту, шығыстарды өтеу жәнеадамдардың мәдени дәстүрлерін есепке алу мәселелерін қажет. Осы факторлардың біреуін елемеу бастамаларды дамытудың тежеу күші болуы мүмкін.

    Соңғы жылдардың ішінде халықаралық кеңістікте жасанды интеллект технологияларын, толықтырылған нақтылықты, мобильдік технологияларды және т.б. қоса алғанда ИТК қолдану саласын айтарлықтай кеңейтетін бірқатар жобалар іске асырылды. Ақпараттық технологиялар мен олармен байланысты мүмкіндіктердің жан-жақты енуі дәрігер мен пациенттің арасындағы қалыптасқан парадигманы өзгертеді, оларды патерналистік моделден (қамқоршы-қамқорда болушы) шешімдерді бірлесіп қабылдау моделіне ауыстырады. Бұдан басқа, ИТК көмек көрсету орнын стационар немесе емхана емес, нақты орналасу орнына қарамастан пациенттің өзін ете отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін дәстүрлі қабылдануын өзгертуге қабілетті (point-of-care).

    Қазіргі кездегі іске асырылып жатқан цифрландыру стратегиясы көмек көрсету процесіне қатысушылардың барлығының ролін өзгертуді, оның ішінде пациентті анағұрлым белсенді тартуды көздейді. Медициналық көмектің интеграциялау сервисі мен механизмін ақпараттық ағымды, Big Data технологиясы, жасанды интеллект және т.б. арқылы деректерді өңдеу аспаптарын интеграциялау арқылы іске асыру қажет.

    Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы осы барлық технолгиялық өзгерістерді іске асыру уақыттың еншісінде болады және өзгерістерге бастайтын жолдағы басты кедергілердің бірі заңнамалық және реттеуші базаның дайын еместігі болуы мүмкін. Қазірдің өзінде медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылуына қарай пациенттердің денсаулық жағдайы және оларға көрсетілген медициналық көмек туралы цифрлық деректерге қолжетімділікті регламенттеу, деректерді енгізудің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік мәселесі өзекті болып отыр. Осылайша, кодекстің ағымдағы версиясы денсаулық сақтауды цифрландырудың қысқа мерзімді жоспарын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етпейді.

    Жаңа Кодексте электрондық денсаулықты заңнамалық реттеу үшін маңызды мәні бар бірқатар жаңа ұғымдарды енгізетін болады: медициналық деректер, электрондық денсаулық паспорты, қағазсыз аурухана, медициналық ақпараттық жүйе, мобильдік денсаулық сақтау, электрондық денсаулық сақтау саласындағы смарт-контракт, пациенттің жеке кабинеті және т.б.

    Жоспарланып отырған медициналық деректерді толығымен цифрландыруды ескере отырып, медицина қызметкерлері мен пациенттің өзінің денсаулығы туралы, көрсетілген медициналық көмек туралы дербестендірілген ақпаратқа қолжетімділік құқығын реттей отырып, тығыз интеграцияланған дәрігерлік құпия тұжырымдамасының жаға көрінісі ұсынылатын болады. Бұдан басқа, қағаз түріндегі құжаттамадан бас тартуды ескере отырып, пациенттердің дербес медициналық деректерін цифрлық форматта жинауға және өңдеуге келісу презумпциясын бекіту қажет. Электрондық медициналық құжаттар мен электрондық деректерді қолданудың өтімділігі бекітілетін болады.

    Ұйымдардың, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің, медициналық қызмет көрсетушілердің деректерді уақтылы, шынай және толық енгізу үшін жауапкершілігіне қатысты ережелер айтарлықтай кеңейетін болады. Кодекстің ағымдағы версиясында медициналық қызметпен барлығын бірдей қамтуды қамтамасыз етудің маңызды аспаптарының бірі болып табылатын телемедициналық технологияларға қатысты заңнамалық нормалар жеткілікті көрсетілмеген. Ескірген «дәрігер-дәрігер» өзара іс-қимыл жасасу тұжырымдамасынан «пациент-мобильдік құрылғы-дәрігер» тұжырымдамасына көше отырып, телемедицинаны қолдану спектрін кеңейту қажет. Жасанды интеллект технологияларын енгізу және үлкен деректерді өңдеуді ескере отырып, профилактика, уақтылы және сапалы диагностика, емдеу және оңалту іс-шараларын таңдаудың оңтайлылығы мәселелерін қоса алғанда олардың денсаулық сақтауда орындылығын сипаттайтын тиісті ережелерді көздеуі тиіс.

    Жаңа Кодекстегі жекелеген ережелер ғылыми зерттеулердің мақсаттары, денсаулық сақтау жүйесінің саясаты мен стратегиясы, басқару шешімдерін қабылдау үшін дербес, сондай дербессіздендірілген медициналық деректерді қолдану мәселелеріне арналатын болады.

    Деректерді сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пациент төңірегінде медициналық деректерді интеграциялау мақсатында медициналық ақпараттық жүйелер мен оларды сертификаттау жөніндегі нормаларды жан-жақты енгізудің қажеттігіне қарай тармақтармен толықтырылатын болады.

    VII ДСМ жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияны дербес коммерциялық емес заңды тұлғаға өзгерту

    Қазіргі жағдайда экономика, атап айтқанда денсаулық сақтау салаларын реттеудің өзге, мемлекеттіктен басқа түрлері мен нысандарын қолдану туралы мәселе өзекті болып табылады. Қазақстанда реттеу функцияларының басым бөлігін мемлекеттің жүзеге асыруы тарихи қалыптасқан, ол құқықтық қатынастарды реттеу үшін нормативтік құқықтық базаны құру арқылы байқалады.

    Қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік кедергілерді қысқарту және денсаулық сақтау саласына тиімді және икемді реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Алға қойылған міндеттерге қолжеткізу үшін әрбір тараптың күштері біріктіру мен мүдделерінің теңгеріміне негізделген мемлекеттің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимыл жасасу механизмін енгізу өзін-өзі ақтаған болып көрінеді.

    Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 82-қадамына сәйкес медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізу мақсатында Денсаулық сақтау минисрлігінің жанында Медициналық қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, оның қызметі клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру стандарттарын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, сапасын басқару жүйесі және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

    Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының алға қойған мақсаттарын одан әрі іске асыру үшін денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа моделін енгізудің қажеттігі туындағы, ол мемлекеттік реттеумен қатар, қоғамдық реттеудің қолданылуын көздейді. Бұл модел дербес заңды тұлға ретінде Медициналық қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия (БСК) құру арқылы іске асырылатын болады. Бұл кәсіптік қауымдастықтың өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

    Бұл модель бірқатар функциясын БСК беруді көздейді.

    Осылайша, коммерциялық емес түріндегі БСК құруды көздейді, оның мақсаты медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласында қолайлы жағдайлар мен сапаны қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын өздігінен еттеу болып табылады.

    БСК міндеттері мыналар болып табылады:

    1. Клиникалық хаттамаларды, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, медициналық білім беру стандарттарын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, сапаны бақылау және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі жүйесі стандарттарын жетілдіру

    2. Халықты қауіпсіз, клиникалық және экономикалық тиімді, сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен және медициналық технологиялармен (дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық технологиялармен және т.б.) қамтамасыз ету

    3. Медициналық көмектің, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру қызметтің, дәрі-дәрмекпен және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, адами ресурстарды басқарудың, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың сапасын қамтамасыз ету.

    Құрылтайшылар

    БСК құрылтайшылары белгілі бір өлшемшарттарға сәйкес келетін қоғамдық бірлестіктер (заңды тұлғалар бірлестігі) мен қауымдастықтар (жеке тұлғалар бірлестігі) болып табылады.

    Қоғамдық бірлестіктерге қойылатын өлшемшарттар:

    - медициналық немесе фармацевтикалық мамандыққа тиесілігі;

    - елдегі осы мамандық бойынша барлық мамандардың кемінде 25% қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болып табылады.

    Заңды тұлғалар бірлестіктерінің өлшемшарттары:

    - денсаулық сақтау ұйымдарына тиесілігі;

    - кемінде 5 өңірдің өкілдері заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылады.

    Ескертпе:

    Мамандардың саны бойынша өлшемшарттар денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы қоғамдық бірлестіктерінің мүшелігінің орташа статистикалық көрсеткіштерін және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, әзірленген.

    Қазіргі кезде 56 (73,2%) ішінен 41 медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қоғамдық бірлестіктер бар, оларда мамандықтар бөлінісінде медициналық қызметкерлердің 5-тен 50 пайызына дейін мүшелері болып табылады.

    БСК мүшелік

    БСК мүшелері құрылтайшылардың қойылған өлшемшарттарға сәйкес келетін қоғамдық бірлестіктер (заңды тұлғалар бірлестігі) мен қауымдастықтар (жеке тұлғалар бірлестігі) болып табылады.

    Бір мамандық бойынша екі және одан көп қоғамдық бірлестік болған кезде БСК-ға мүшелік бойынша артықшылық саны көпшілігін құрайтын қоғамдық бірлестікке беріледі. Ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары құрған қауымдастықтарға өңірлердің репрезентативтілігі бойынша өлшемшарттар қолданылмайды

    Басқару органдары

    1. БСК басқару органдары мыналар болып табылады:

    1) жалпы жиналыс – жоғарғы басқару органы;

    2) президиум – басқару органы;

    3) атқарушы орган – жеке дара;

    4) ревизор – бақылаушы орган;

    5) мамандандырылған орган.

    БСК қызметкерлерінің құрылымы мен штаты

    БСК жоғарғы басқару органы жалпы жиналыс болып табылады, оның негізгі құзыретіне БСК жарғысын бекіту, Президиум мүшелерін, ревизорды сайлау және босату жатады.

    ОКК Президиумы алқалық басқару органы болып табылады, 15 мүшеден тұрады және оның төрағасы басқарады.

    Президиум мыналардан құрылады:

    - ҚР ДСМ-нан 3 өкіл;

    - МӘМСҚ-дан 3 өкіл;

    - мүшелерден 6 өкіл;

    - 3 тәуелсіз өкіл.

    Мамандандырылған орган

    Денсаулық саласына мониторинг жүргізудің мақсатында БСК мамандандырылған органы құрылады. БСК мамандандырылған органы БСК бекіткен талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.

    Атқарушы орган БСК төрағасы атынан ұсынылады, ол БСК президиумының шешімімен сайланады.

    VIII. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында бақылау мен қадағалауды жетілдіру
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласын интеграциялау, техникалық реттеу және медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау арқылы қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа саласын құру көрсетілген салада бақылау мен қадағалау мәселелеріне арналған тәсілдерді қайта қарауды қажет етеді.

    Қоғамдық денсаулық саласында бақылау мен қадағалауды жетілдіру және әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында бақылау мен қадағалауға жататын объектілерге (субъектілерге) бару арқылы және оларға бармай қоғамдық денсаулық саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау мәселелерін, сондай-ақ рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімдерін реттеу қажеттілігі туындады.

    Заң жобасында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бақылау және қадағалаудың нақты шекаралары айқындалады.

    Бақылауға жататын объектілерге (субъектілерге) бармай, хабарламалардың, өндірістік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау нәтижелерінің, санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мониторингі, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар, өнім қауіпсіздігін камералдық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың мониторингі, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін көрсетілетін медициналық қызмет сапасын сараптау нәтижелерінің мониторингі және пациенттерді қолдау қызметі жұмысының және ішкі бақылаудың тиімділігі мониторингі сияқты профилактикалық бақылаудың нақты түрлері айқындалады.

    Осыған орай олардың анықтамасын, мақсаттарын, жүргізу құралдарын, тәсілдерін, субъектілер тізбесін, жүргізу жиілігін, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды есепке алу тәсілін және тиісінше қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оларды бекіту жөніндегі мемлекеттік органның құзыретін міндетті түрде көрсете отырып, жүргізу тәртібін регламенттеу қажеттілігі туындады.

    Болашақта олардың нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеп алуға негіз болуы мүмкін.

    Қазір Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді.

    Осыған байланысты Қорға денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерде өлім-жітім және өлім-жітім болмаған жағдайлар бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне сараптама жүргізу, денсаулық сақтау ұйымдарына жоғары технологиялық медициналық қызметтер ұсынуға сәйкестік туралы қорытындыны беру жөніндегі құзыретті бекіту қажет.

    Өз кезегінде ҚР ДСМ ҚДСК және оның аумақтық департаменттері көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі, денсаулық сақтау ұйымдарына жоғары технологиялық медициналық қызметтер ұсынуға сәйкестік туралы қорытындыны берудің негізділігі бойынша сараптау мониторингін жүргізетін болады.

    Техникалық реттеу. Заң жобасы техникалық реттеу саласындағы ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамадан жоғары заңнама талаптарын іске асыру үшін әзірленген. Астана қаласында жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабы 4-тармағының екінші абзацы негізінде ұлттық деңгейде техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдерін айқындау қажет.

    Заң жобасын әзірлеу сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қауіпсіз өнімнің адал бәсекелестігі, өндірісі және айналымы үшін жағдайлар жасау мақсатында техникалық регламенттер талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру және сәйкестікті бағалау рәсімінің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін қажет.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мықты мемлекет құрудың, оның табысты ұзақ мерзімді дамуының және экономикалық өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақтағы (бұдан әрі - ЕАЭО) және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы (бұдан әрі - ДСҰ) интеграциялық процестер жағдайында ерекше өзектілікке ие болады.

    Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы халықаралық шарттар оның құрамдас бөлігі ретінде Алиментариус Кодексінің стандарттарында, ЕО директиваларында, 2013-2020 жылдарға арналған ИЕА профилактикасы және олармен күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарында, 2015-2020 жылдарға арналған ДДҰ-ның тамақ өнімдері мен тамақтану саласындағы іс-қимыл жоспарында көрсетілген.

    Өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы реттеу мынадай аспектілерді қамтуы тиіс:

    денсаулық сақтаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

    жоғары сапа, айқындылық және тәуекелдерді бағалау бойынша тәуелсіз ғылыми ұсынымдар, тәуекелдер негізінде тәуекелдерді және коммуникацияларды басқару;

    егер денсаулық үшін тәуекелдің қолайсыз деңгейі анықталған болса немесе егер тәуекелді толық бағалау орындалмайтын болса, сақтық қағидатын қолдану және уақытша шаралар қабылдау;

    нақты және дұрыс ақпаратқа тұтынушының қолжетімділігі құқығы;

    тамақ өнімдерін және сәйкессіздік анықталған жағдайда қайтару (алу) рәсімдерін бақылауды қамтамасыз ету;

    қауіпсіз өнім үшін өндірушілер мен өңдеушілердің жауапкершілігін белгілейтін нақты ережелер;

    нарықта тек қауіпсіз және керекті үлгіде таңбаланған тауарлардың ұсынылғанына кепілдік беру міндеттемесі;

    саудаға қатысты елдің халықаралық міндеттемелерді орындауы.

    Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жататын өнімнің қауіпсіздігін бақылау сынамаларды іріктеп алу және оны санитариялық-эпидемиологиялық сараптау, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілері мен тұтынушылар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, бизнеске қосымша жүктеме жасамай, өнім қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін камералдық бақылау арқылы өнім қауіпсіздігінің мониторингі нысанында жүргізіледі.

    Соңғы 3 жылдың қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын сәйкес келмейтін өнімнің саны жүйелі түрде азайып келеді, мысалы 2015 жылы - 30,1%, 2016 жылы - 14,4%, 2017 жылы – 10,3% (оның ішінде 2015 жылы тамақ өнімі - 26%, 2016 жылы - 12,2%, 2017 жылы - 8,3%).

    Жалпы алғанда елімізде өткізілетін сәйкес келмейтін өнімнің (тауарлардың) негізгі сегменті (60-70%) импорттық өнімге тиесілі.

    Ойыншықтарды қоспағанда, өнімнің (тауарлардың) елімізге шартты шығару режимімен әкелінетінін ескере отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарына жауап бермейтін өнімді (тауарларды) анықтаудың пәрменді тетігі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингі болып табылады.

    Заң жобасында сәйкес келмейтін, оның ішінде мерзімі өткен өнімді не өнім сәйкестігінің құжаттарынсыз өткізілетін өнімді жасыруды болдырмау үшін алда болатын өнімді іріктеп алудың жүргізілетіні туралы бақылау субъектісіне хабарламастан, өнім қауіпсіздігінің мониторингі мақсатында субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу ұсынылады.

    Зертханалық сараптама жүргізуге уақыт шығынын ескере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу мерзімдерін реттеу қажет.

    Ерекше сақтау шарттарын қажет ететін тамақ өнімдері үшін жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарының болмауы, өнім құрамы, оның тағамдық және энергетикалық құндылығы, құрамындағы тыйым салынған тағамдық қоспалар, консерванттар, ГТО туралы мәліметтердің болмауы кезінде өнім таңбалауының бұзылуы анықталған жағдайда шаралар қабылдау үшін заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет етіледі. Адамның осындай өнімді тұтынуы кейіннен пайда болатын салдарларға, аллергиялық реакцияларға, семіздікке, қант диабетіне және басқа да инфекциялық емес ауруларға алып келуі мүмкін.

    Мәселен, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тамақ өнімі таңбалауында бұзушылықтардың анықталу фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулерді тіркеуден бас тарту мәселесі өзекті болып отыр. Сонымен қатар барлық техникалық регламенттерді қабылдаудың мақсаты адамның өмірі мен (немесе) денсаулығын сақтау, тұтынушыларды жаңылыстыруға алып келетін іс-қимылдың алдын алу болып табылады. Таңбалау талаптарының бұзылу фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу мүмкіндігінің болмауы еліміздің тұтынушылық нарығында таңбалауында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес оларға қатысты Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін тыйым салулар мен шектеулерді сақтау бөлігінде шектеу қолданылатын тауарлар шартты шығарылған деп көзделген өнімнің болуына ықпал етеді.

    Сонымен қатар камералдық бақылау нәтижелері көрсеткендей практикада сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жоғарыда көрсетілген талаптарды әрқашан сақтамайды.

    Мысалы, еліміздің аумағына өнімнің әкелінуін және олардың сәйкестікті растау (сертификаттау және декларация) рәсімінен өтуін бақылауға бағытталған камералдық бақылау жолымен жүзеге асырылатын өнім қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері бойынша 2017 жылы өнім қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін әкелінетін және өткізілетін өнімнің көлемі, тек ойыншықтар ғана 48%-ды құрады.

    Тиісінше, еліміздің нарығында сәйкестік рәсімінен өтпеген өнім өткізіледі, бұл осы өнімді ықтимал қауіпті деп болжауға негіз болады, себебі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өздерінің тауарлары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегендіктен, өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімінен өтуден жалтарады.

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша көп жағдайларда өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімінен өтуден жалтарған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар анықталған кезде қоймаларында тауарлар болмайды, яғни сатылып кетеді. Бұдан басқа әкімшілік айыппұлдар көлемі әкелінетін тауардың құнына сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасына азаматтардың өмірі мен денсаулығына теріс әсер ететін тауарларды заңсыз әкелудің мемлекеттік масштабтағы өткір проблемалардың бірі болып табылатынын ескере отырып, өнім қауіпсіздігін, оның ішінде тұтынушының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін пәрменді құрал камералдық бақылау деп пайымдаймыз.

    Камералдық бақылау шартты шығару режимінде тауарды кедендік тазартудан өткізу және ішкі тұтынуға шығару кезінде оны өткізу сатысында ЕАЭО және ҚР-ның актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, аталған бақылау еліміздің аумағына қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды әкелуді және оларды өткізуді шектеуге, осылайша тұтынушыларды ықтимал қауіпті өнімнен қорғауға мүмкіндік береді.

    Камералдық бақылау жасаудың мақсаты:

    азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

    Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың заңсыз айналымын болдырмау;

    қоғамдық денсаулық сақтау және техникалық реттеу саласында мемлекеттік бьақылауды (қадағалауды) жетілдіру;

    өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

    Бұл ретте Қазақстан Республикасында камералдық бақылау жүйесін құрудың негізгі міндеттері:

    тауарлардың айналымын, олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты, шартты шығару режимінде әкелінетін тауарларға қатысты мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу рәсімдерін және мерзімдерін жетілдіру;

    тауарлардың төлнұсқалығын растау;

    тауарлардың заңсыз өндірісі мен айналымына қарсы іс-қимыл жасау;

    бизнес үшін тең жағдайлар жасау – сыртқы экономикалық қызметке жосықсыз қатысушылар қызметінің алдын алу, шектеу және жолын кесу;

    онлайн режимде кедендік тазартудан өту кезінде тауарларды қадағалау мақсатында кедендік және салықтық ұлттық әкімшілендіру компоненттерімен ақпараттық іс-қимылды жетілдіру;

    жосықсыз СЭҚҚ туралы тұтынушылардың ақпараттандырылуын кеңейту.

    Қолданыстағы ақпараттық жүйелер мүдделі мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың басқа да деректер базаларындағы деректермен жедел алмасуды қамтамасыз етпейді.

    Аумақтық бөлімшелермен жедел өзара іс-қимыл және ден қою шараларын қабылдау үшін онлайн-режимде өнімдердің қауіпсіздік мониторингіне қадағалау жүргізу мүмкіндігі жоқ.

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша технологияларды дамытуды және міндеттерді шешуді есепке ала отырып, қолданыстағы зертханалық бақылау жүйесі тұрақты түрде жетілдіруді және толық жабдықтауды қажет етеді. Шешімді талап ететін және бақылау тиімділігін төмендететін мәселелердің бірі мемлекеттік органдармен келісу, стандарттау және метрология органдарында бекіту арқылы зерттеулердің жаңа әдістері мен стандарттарын енгізу кезеңінің ұзақтығы (3 жылдан астам) болып табылады.

    Жоғарыда айтылған мақсаттарға қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы толық көлемде қол жеткізу мүмкін болмайды. Осыған байланысты, жаңа редакцияда жазылған Заңның жобасында оларды іске асыру арқылы жаңа және жүйелі шешімдерді қолдану қажет.

    Медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау. Медициналық көмектің сапасы бақылау процесінде пайда болмайтындығы, оның медициналық қызмет көрсетудің әр кезеңінде қалыптасатындығы және көптеген параметрлерді біріктіретіндігі жалпыға мәлім. Олардың арасында – денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету процестерін ұйымдастыру, медициналық ұйымның материалдық-техникалық жағдайы, кадрлар құрылымы, олардың біліктілігі, персоналмен жұмыс, диагностика мен емдеуге стандартталған тәсілдер.

    Қазір Қазақстанда көрсетілетін медициналық қызметтер сапасы проблемасы негізінен бақылау арқылы шешіледі, ол медициналық ұйым қызметінің нәтижелері бойынша олқылықтарды анықтауға, яғни түпкілікті нәтижеге бағытталған.

    Медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау мерзімдік тексерулер жүргізуді және әкімшілік өндірісті (қадағалау) қозғамай, шұғыл ден қою шараларын қолдануды қажет етеді.

    Осы мақсатта көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бақылау саласын қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің тізбесіне енгізу ұсынылады (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 139-бабын қоғамдық денсаулық сақтау саласымен толықтыру).

    Аталған шара тексеруді жүзеге асыру барысында әкімшілік өндіріс қозғамай, шұғыл ден қою шараларын және құқықтық шектеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

    Азаматтардың медициналық көмек көрсету сапасына өтініштерінің өсу үрдісі байқалады, 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда өтініштер саны 5%-ға артық. Сонымен қатар бірқатар жағдайларда медициналық көмек көрсету нәтижесінде асқынулардың дамуы немесе өліммен аяқталу фактілері БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланады және халық арасында қоғамдық резонанс тудырады. Осыған орай ерекше тәртіппен тексеру жүргізу қажеттілігі туындады, күтілетін нәтиже – уақтылы бақылау және қадағалау жүргізу арқылы медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

    Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жасаудың және көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын қадағалау функцияларын енгізудің мақсаты:

    азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

    көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жетілдіру;

    халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту.

    Кейбір денсаулық сақтау субъектілерін (мысалы, перзентханалар, инфекциялық стационарлар, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін ұйымдар) тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге жатқызу және оларға қатысты тексеру жүргізудің ерекше тәртібін қолдану (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабын толықтыру) ұсынылады.

    Қадағалау функциясын енгізу және ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы шұғыл ден қою шараларын (әкімшілік өндіріс қозғамай, әкімшілік жазалау және шұғыл ден қоюдың құқықтық шектеу шараларын) қолданатын болады.

    Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылауды күшейту мақсатында медициналық бақылауға жататынмаңыздылығы жоғары субъектілердің (объектілердің) нақты тізбесін бекітуді көздеу ұсынылады, бұл өз кезегінде медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жөніндегі инспекторларға медициналық ұйым ұқызметінің денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау немесе сәйкессіздік анықталған жағдайда олар туралы субъектіге (объектіге) ескерту және уәкілетті орган бекіткен бару тәртібіне сәйкес оларды жою бойынша ұсынымдарды беру масқсатында қызқа мерзім болу және процестерді бақылау мүмкіндігімен медициналық ұйымға (мысалы, ЖТМҚ көрсететін ұйымдар, босандыру объектілері, инсульт орталықтары, травматологиялық клиникалар, жедел медкөмек станциялары, онкодиспансерлер, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан резонанстық хабарламалар алған кезде және басқ.) кенеттен баруды жүзеге асыру құқығын береді. Бұл ретте бару кезінде инспекторға субъектінің қызметіне араласуға, сондай-ақ қандай да бір қызметті тоқтата тұруға тыйым салынады.

    Осындай тетік субъектіні жазаға тарту үшін емес, керісінше олардың қызметінің денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес еместігін тиімді анықтауға арналатын болады.

    Осылайша, инспектор субъектінің сәйкес еместігін анықтауға көмектесетін және субъектіге әкімшілік өндірісті қозғамай немесе өзге де қайшы келетін шараларды қолданбай орын алған сәйкес еместік немесе әлеуетті сәйкес еместік туралы хабарлаумен (ауызша немесе жазбаша) шектелетін аудитордың функциясын орындайды. Денсаулыққа зиян келтіретін қауіп фактісі анықталған жағдайда ҚР КК-де белгіленген негіздер мен рәсімдерге сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалуы тиіс.

    Осы жүйе денсаулық сақтау саласындағы заңнама бұзушылықтарын анықтау мүмкіндігін арттыруға және субъектілердің (объектілердің) қызметінің айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, жоғарыда санамаланған объектілерге Кәсіпкерлік Кодексінің қолданылуын болдырмау ұсынылады.

    Сондай-ақ, ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес оқыс жағдайларды зерттеп-қарауға ұқсас жекелеген жағдайларды зерттеп-қарауға (ана өлімі, аса қауіпті инфекциялар, резонанстық жағдай) Кәсіпкерлік Кодексінің қолданылуын болдырмау ұсынылады.

    Жекелеген жағдайларды зерттеп-қарау денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын шұғыл хабарлама негізінде құрылатын комиссия жүргізетін болады.

    Бүгінгі күні медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесінде жедел ден қою үшін негіз бола алатын кейбір жағдайлар (мысалы, амбулаториялық жағдайда, оның ішінде аса қауіпті инфекциялар және басқалар кезінде жалпы ауруды басуды қолдану арқылы медициналық көмек алу кезіндегі ана мен бала өлімі, басқа да өлім-жітім жағдайлары) бойынша шұғыл хабарлама тетігі жоқ.

    Осыған байланысты, ҚР ДСМ-ы ерекше бақылауды қажет ететін инфекциялық аурулар жағдайлары туралы және өлім-жітім жағдайлары туралы ҚР ДСМ-ге кезектен тыс ақпарат (шұғыл хабарлама) ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзіреу және бекіту бойынша құзыретті бөліп беру қажет. Осындай практика санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында болады.

    Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті органның аттестаттау комиссиясының алдында өз қызметінің қорытындылары туралы, оның ішінде меморандумға сәйкес нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша (ҚР Президенті Әкімшілігі алдында орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының есептілік тиімділігін бағалау жүйесіне ұқсас) денсаулық сақтау басқармалары басшыларының жыл сайынғы есебін көздеу ұсынылады.

    Есептілік қорытындысы бойынша анықталған қызмет тиімділігінің көрсеткіштері төмендеген және (немесе) нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайларда уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы денсаулық сақтау басқармасы басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкестігі мәселесін шешу туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді.

    Сондай-ақ, жаппай инфекциялық аурулар, улануар жағдайларында ерекше бақылауды қажет ететін өлім-жітім жағдайлары туралы хабарламаны/шұғыл хабарлауды ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны; ҚР ДСМ-ның нормативтік құқықтық актілері мен стандарттарының өңір масштабында орындалмағаны; Министр мен облыстар, Астана мен Алматы қалалаы әкімдері арасында жасалған денсаулық сақтау саласындағы нысаналы көрсеткіштер мен қорытынды нәтижелерге қол жеткізу меморандумдарында көзделген нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені үшін Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының (әкімшілік) жауапкершілігін көздеу ұсынылады.

    Одан басқа, денсаулық сақтау саласында өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайларда ҚР ДСМ-ның дәрігер сертификатын не клиника (бөлімше) қызметін тоқтата тұру өкілдігін көздеу ұсынылады.

    Денсаулық сақтау саласындағы заңнама нормаларында маман сертификатын және (немесе) медициналық қызметке арналған лицензияны кері қайтарып алуға бастама жасау ғана көзделген.

    Тергеу органдары қылмыстық өндіріс қозғалған, медициналық көмек көрсетпеген және өлім жағдайына жол берген, функциональдық-лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруды жалғастырып жүрген медицина қызметкерлеріне қатысты жағдай халық арасында да БАҚ-да резонанс тудырады және медициналық қызметтің сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органның әрекетсіздігі ретінде бағалануы мүмкін. Бұл ретте, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын 2-3 жыл жүргізеді.

    Осыған байланысты, жеке тұлғаның не денсаулық сақтау субъектісінің қызметіне тыйым салуды жүзеге асыру үшін нақты өлшемшарттарды анықтай отырып, осы функцияны кері қайтарып алу жүзеге асырылатын не мемлекеттік бақылау органына айып тағылатын талап-арыз бастамашысын және инстанцияны анықтау арқылы лицензияны және маман сертификатын кері қайтарып алу алгоритмін, ережесін әне тәртібін әзірлеу ұсынылады.

    Балама тексерулер. Осы сала қызметінің бір бөлігі санитарияық-эпидемиологиялық аудит институы болып табылады. Ол республикада алғаш 2015 жылы тексеру баламасы ретінде енгізілген болатын. Оң санитариялық-эпидемиологиялық ауди нәтижелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тіртіп бойынша тексеруден босатуға мүмкіндік берді, ол бизнес жүктемесін айтарлықтай төмендетті, сондай-ақ елбасы қойып отырған тиісті міндетті орындады.

    Нормативтік құқықтық актілердің екі мағында түсіндірілуін болыдрмау және мемлекеттік органдар тарапынан жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ эпидемиялық тәуекелі жоғары объектілер аудиторларын мерзімсіз кезеңге босату үшін, ерекше тәртіп бойынша тексеруден босату үшін негіздерді, аудиторлық есептердің қолданылу мерзімін, сондай-ақ босатылатын кезеңде аудиторланатын объектілерде аралық бақылау жүргізуге аудиторлардың міндеттерін нақты регламенттеу ұсынылады.

    Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сараптама. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіпкерлік пен мемлекеттің субъектілерінің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдауға назар аударылады, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері және олардың жұмыс істеу шарттары туралы жалпы нормалар көзделеді.

    НҚА-ның талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің айналымы мен әкелінуіне жол бермеу, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін анықтау үшін әлеуетті қауіпті химялық және биологиялық заттар пайдаланылатын зертханалардың қызметі, сараптама реттеледі.

    Зерттеп-қарау. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилатикасы қоғамдық денсаулық сақтау саласының бір бөлігі ретінде шаралардың жедел қолданылуын, топтық инфекциялық, паразиттік және инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) ошақтарында саниатриялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуді, олардың пайда болу себептерін анықтаудуы және ошақты шоғырландыруды және осы мәселені Кодексте реттеуді талап етеді, соған байланысты, зерттеп-қарау жүргізу тәртібі және топтық инфекциялық және паразитарлық, кәсіптік аурулар және уланулар жағдайларын есепке алу бойынша нормалар Кодексте регламенттелетін болады.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта