Опухоли. Денсаулық туралы кодекс. 14. 09. 2018 Эабж мо 23. 0 нсасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
Скачать 182.51 Kb.
|
ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін.Алайда, камералдық бақылау нәтижесі көрсеткендей жоғары экономикалық қызметтің қатысушылары жоғарыда көрсетілген талаптарды ылғи да сақтай бермейді. Камералдық бақылау ЕАЭО пен ҚР актілерімен белгіленген, оны сату сатысында шартты шығару және ішкі тұтынуға шығару режімінде тауарды кедендік тазартуды өткен кезде тауарды бақылауға мүмкіндік береді (ел аумағындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды әкелуді және сатуды шектеуге мүмкіндік береді). Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларының өнімнің сәйкестік бағалауынан өтуінен жалтару фактілерінің себебі болып әкелінетін тауардың құнына сәйкес келмейтін көп емес әкімшілік айыппұлдар табылады. Қазақстан Республикасына тауарларды заңсыз әкелінуінің болуы азаматтардың өмірі мен денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді. Сонымен, камералдық бақылау шеңберінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиімділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтетін нормалдарды, сондай-ақ сәйкес емес өнімдер анықталған жағдайда шаралар қабылдау үшін бар нормаларды жетілдіру көзделеді. Тиісті деңгейде медициналық көмектің сапасы қамтамасыз етілмейді. Сапаны арттыру бойынша шаралар барлық деңгейлерде жүзеге асырылуы тиіс, ал олардың халық денсаулығының тиімділігі мен сапасына әсері жақсы бақылануы тиіс. Ақпараттық жүйелердің жетілдірілмеуі медициналық деректерді қорытындылауға және пациенттерге медициналық көмек көрсетуді үздіксіз үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. II.Медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін халықаралық шолулар Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің ұқсас деңгейімен туғаннан бастап күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы бөлігінде қалып отырғанын дәлелдейді. Туғаннан бастап күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы 2017 жылы 72,4 жасты құрады – бұл шамамен ЭЫДҰ-ға қатысушы мемлекеттер бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің деңгейі Балтия елдерінде, сондай-ақ шамамен сондай деңгей байқалатын туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай жоғары Қазақстандағыдай халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің деңгейі Орталық Еуропа елдерінде де сегіз жылға аз. Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі өте төмен және Қазақстанмен салыстырғанда туғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы барынша жоғары елдер де бар. Бұл денсаулық сақтауға шығыстарды одан әрі ұлғайту туралы мәселеден басқа ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ие болатын Қазақстан үшін шешуші мәні бар екенін дәлелдейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Кодексінің іске асырылуы елдің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену үшін салаға қағидатты жаңа өзара қарым-қатынасты енгізуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалау жүйенің бар кемшіліктерін көрсетті, оны шешпей республика азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту қиын болады. Әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену жөніндегі мақсаттарға жету жүйеден қысқа мерзімдерде әлемдік және отандық экономикадағы кез келген ауытқулар кезінде қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, медициналық көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін жеке және халықаралық тәжірибенің негізінде денсаулық сақтаудың жаңа, ұзақ мерзімді моделін құруға өз күшін салуды қажет етеді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, Кодекс жобасының жаңа редакциясы қол жеткізілген табыстарды бекіту мен дамытуға және денсаулық сақтау мәселелеріндегі бар проблемаларды шешуге бағытталатын болады, сондай-ақ 2050 жылға дейін саланы жоспарлы және ілгерілемелі дамыту үшін негіз болады. Медициналық көрсетілетін қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін негіз болып табылады. Медициналық көрсетілетін қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізудің мақсаты барлық адамдарды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жәнеденсаулық сақтау жүйесінің мықты жүйелерін қалыптастыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру, негізгі дәрілік заттарға қолжетімділікті және жақсы даярланған денсаулық сақтау қызметкерлерінің жеткілікті әлеуетін қамтамасыз ету жолымен олардың төлеміне байланысты қаржылық ауыртпалықты төмендету болып табылады. Жалпыға бірдей қамту үкіметтердің барлық өз азаматтарының әл-ауқатын жақсарту ісін ұстанушылық өлшемшарттары болып табылады. Бұл ретте, елдер тек ел халқының деңгейінде ғана емес, сондай-ақ олардың табысын, жынысын, жасын, тұратын жерін, көшіп-қону мәртебесін және этникалық шығу тегін ескере отырып, әртүрлі топтардың деңгейінде де прогресті бақылауы тиіс. Медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтермен жалпыға бірдей қамту үшін мыналар қажет: АИТВ-ға, туберкулезге, безгекке, инфекциялық емес ауруларға және ана мен бала денсаулығын мынадай жолменсақтауғақатысты қызметтерді қосатын, адамдардың негізгі медициналық-санитариялық қажеттілігін қанағаттандыратын мықты, тиімді, жақсы басқарылатын денсаулық сақтау жүйесі: адамдарға денсаулықты сақтауға және аурулардың профилактикасына қатысты ақпараттар мен шұғыл ұсынымдарды ұсыну; денсаулықтың бұзылуын ерте анықтау; ауруларды емдеу үшін әлеует құру; оңалту үшін пациенттерге жәрдемдесу. Соңғы он жылда туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығы қарқынды өсті, алайда жағдайды жақсарту үшін елеулі әлеует сақталуда. Прогреске қарамастан Қазақстанда туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығыЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен барынша төмен. Атап айтқанда, ол жан басына шаққандағы ІЖӨ немесе жан басына шаққандағы денсаулық сақтауға арналған шығыстардың ұқсас деңгейімен ЭЫДҰ елдерінен әлі де арта қалуда. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы ірі гендердік алшақтықтың бірімен сипатталады – ЭЫДҰ елдеріндегі өмір сүру ұзақтығындағы орташа гендерлік алшақтықтан екі есе жоғары. Соңғы екі он жылдықтың ішінде нәресте мен ана өлімі тиісінше төрт және алты есе қысқарды, бұл Қазақстанға Мыңжылдық декларацияның тиісті мақсаттарына (МДМ) қол жеткізуге және ЭЫДҰ орташа көрсеткішіне жақындауына мүмкіндік берді. Инфекциялық және паразиттік аурулардан болатын өлімнің төмен деңгейі белгіленді, бірақ туберкулез алаңдатушылық туғызып отыр. Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі елеулі табыстар мен соңғы екі онжылдықта қабылданған өткен реформалардың жетістіктеріне қарамастан елдегі денсаулық сақтау жүйесі созылмалы аурулардың өспелі ауыртпалығында қалды және құрылымды жүйелік өзгертуді қажет етеді. Бәрінен бұрын, қанайналым жүйесі ауруларынан және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) секілді төменгі тыныс алу жолдарының ауруларынан болатын өлімнің жоғары көрсеткіштері белгіленді. Обырдан өмірсүрушілік деңгейі де төмен және обыр өлімнің үшінші жетекші себебі болып табылады. Халық денсаулығының ағымдағы жағдайын және аурулардың болжамдалған өсуін ескере отырып, Кодекстің жобасымен медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі енгізілетін болады. Осы моделдің шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде оның толықтығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияланған медициналық көмекті ұсыну қағидалары, тәртібі мен стандарттары іске асырылатын болады. Қазіргі таңдағы бар жекеленген медициналық көрсетілетін қызметтер халыққа тиімді және кешенді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Соған байланысты, денсаулық сақтау жүйесінің болашақ архитектурасының барынша нақты көрінісін құру қажет. Оларды қауымдардың деңгейінде қызметтердің қолжетімділігін теңестіру және шектелген ресурстарды жүйенің барынша жоғары деңгейлеріне шоғырландыру үшін жіктелмеген жөн. Осылайша, медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесін көздейтін халықаралық тәжірибеге сәйкес медициналық көмекті ұйымдастыруға жаға тәсіл регламенттелетін болады. Үш деңгейлі медициналық көмекті көрсету (алғашқы, қайталама, үшінші) барлық деңгейлердегі пациенттердің ағымын басқаруға, сондай-ақ стационарларға кез келген бейіндегі пациенттерді қабылдауға дайын болуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл ауруларды емдеудің, оңалту мен толық емдеудің қарқындылығының дәрежесі бойынша төсек қорынсаралауды жүргізу арқылы пациенттердің ағымын оңтайландыра отырып, госпиталдық режімді жақсартуға және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық қызметтеріне қол жеткізу бөлігінде халықтың сенімін ақтау мүмкіндігін беретін емдеу мен технологияның жаңа әдістерін енгізуге үшінші деңгейдің жауаптылығын күшейтуге көмектеседі. Медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесін енгізумен медициналық көмек көрсетудің түрлерін, нысандарын, шарттарын айқындауға тәсілдер заңнамамен қайта қаралатын болады. Сырқаттанушылық пен өлімнің дамуындағы созылмалы инфекциялық емес аурулардың жетекші рөлі осындай аурулары бар науқастарды қадағалап-қараудағы тәсілдерді өзгертуді және созылмалы ауруларды басқару жүйесін құруды қажет етеді. Соған байланысты «созылмалы ауруларды басқару» деген ұғым заңнамамен айқындалатын болады, сондай-ақ «әлеуметтік мәні бар аурулар және айналасына қауіп төндіретін аурулар» деген анықтамаға тәсілдер қайта қаралатын болады. «Шұғыл медициналықкөмек», «парамедиктер» деген ұғымдар, сондай-ақ «медициналық алғашқы көмек» деген анықтамалар мен парамедиктердің медициналық алғашқы көмек көрсету тәртібі заңнамамен бекітілетін болады. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында созылмалы ауруларды ерте диагностикалауға скринингтік зерттеулер енгізілді, алайда скринингтік зерттеулер ұғымы заңнамамен қайта қаралған жоқ. Соған байланысты «скринингтік зерттеулер» деген ұғымды және оларды жүргізу тәртібінің анықтамасын заңнамамен бекіту қажеттілігі бар. Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы қазіргі таңда көп жағдайда ЭЫДҰ барынша табысты елдерінің құрылымына теңеседі. Жалпы реформалар дұрыс бағытта келеді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейінде оларды толық емес және тиімсіз іске асыру орын алып отыр. Оларды тиімді жүзеге асыру ісіндегі нақты прогресті бағалауға жеткіліксіз көңіл бөлінеді. Бұл саланы қайта ұйымдастыру бойынша қызметті күшейту және барынша тиімді үйлестіру қажет. Таяу жылдары денсаулық сақтау жүйесі халық денсаулығы жай-күйінің көрсеткіштерін жақсартуға және тиімділікті көбейтуге нақты ден қоюмен барынша заманауи тетіктерге жүйелі бағдарлануы тиіс. Барлық азаматтарға тиімді, сапалы медициналық-санитариялық көмек көрсету және созылмалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейін төмендету мақсатында денсаулық сақтау жүйесіндегі стратегиялық басымдықтарды орналастыруды жақсарту қажет, атап айтқанда: - созылмалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге назар аудару. Болашақ реформалардың басты мақсаты медициналық іс-шараларға бейімделген аурулардың деңгейін жеңу болуы тиіс. Созылмалы, инфекциялық емес ауруларды емдеуге, бақылау мен мақсатты профилактикаға басымдықты назар аударылуы тиіс; - МСАК-тың пайдасына медициналық қызметтер көрсету саласындағы теңгерімді қалпына келтіру бойынша күшті екі есе арттыру. МСАК деңгейінде қызметтер көрсету жүйесін нығайту және басқару жүйесін жетілдіру халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы басымдықты бағыт болып қалуы тиіс. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көптеген жағдайда созылмалы ауруды тиімді және экономикалық ұтымды емдеуге немесе профилактиканы МСАК деңгейінде жүргізуге болатынын дәлелдейді. Осылайша, ауруханалық қызметтерді одан әрі оңтайландыру және МСАК-ты дамыту жүйенің тиімділігін арттыру үшін нақты мүмкіндіктерді ұсынуы мүмкін. Қайталама көмек көрсету тәртібін жетілдіру және курортологияны, медициналық оңалтуды жетілдіру, сондай-ақ медициналық қызметтерді және тарифтік саясатты қаржыландыру тетіктерін өзгерту қажет. Сондай-ақ құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі ведомстволарының медицина қызметтерінің және т.б. жұмысы бойынша мәселелерді жетілдіруді қажет етеді. Ағзалардың донорлығына тірі кезіндегі келісімі. Ресми құжаттардың бірінде (жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі) келісімін тіркеу арқылы тірі кезінде әрбір азаматтың тетігі заңнамалық регламенттелетін болады. Транспланттауды, жасанды ағзаларды транспланттауды үйлестіру мәселелері регламенттелетін болады. Тұруға ықтиярхаты жоқ уақытша тұратын шетелдік адамдарға медициналық көмек көрсету. Қазақстанда уақытша тұратын және азаматтығы жоқ адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар мен жарналар аударған жағдайда медициналық көлемнің белгілі бір көлемін алу мүмкіндігін заңнамамен бекіту қажет. Спортсмендерге медициналық көмекті ұйымдастыру. Спортсмендерге медициналық көмекті ұйымдастыру мен динамикалық бақылауды заңнамамен бірегейлендіру қажет. Бұл қызметтер медициналық болып табылады жәнеТМККК немесе МӘМС пакетіне кіруі тиіс, алайда қазіргі таңда халықтың бұл санатына медициналық көмек көрсетудің бірыңғай тәртібі жоқ, тиісінше әрбір өңірде қаржыландыру тетігі әртүрлі. Әскерге шақыру комиссиясының қызметі.Қызметтің қосарлануын болдырмау үшін әскерге шақыру комиссиясының қызметін заңнамамен бірегейлендіру қажет. Қазіргі таңда, әскерге шақыру комиссиясының қызметі бойынша жағдайдың өңірлерде айырмашылығы бар. Әдетте, әскерге шақыру комиссиясына медициналық ұйымдарда жалғыз боп табылатын дәрігерлер денсаулық сақтау жүйесінен тартылады. Тиісінше басқа пациенттерге медициналық көмек зардап шегеді және МСАК орындалмайды. Мысалы, бұл мектептерде және ЖОО-ларда өткізілетін медициналық профилактикалық қарап-тексерулер. Сонымен бірге, қазіргі таңда профилактикалық қарап-тексерулердің деректерін алудағы сабақтастық жүйесі құрылған жоқ, сапасыз қарап-тексеру орын алған. Соған байланысты, қосарлану болуда. Одан басқа, әскерге шақыру комиссиясы жиі жағдайда әскерге шақырылғандарға ТМККК-ға кірмейтін қосымша зерттеулер тағайындайды. Соған байланысты, қаржыландырудың қажетті көлемін айқындай және әскерге шақырылғандарға медициналық қарап-тексеру жүргізу кезеңдеріндегі сабақтастықты белгілей отырып медициналық көмек көрсету стандартын заңнамамен реттеу қажет. Кәсіби зияндарға байланысты зейнеткерлікке ерте шығу бойынша жеңілдіктер көзделетін мамандықтардың тізбесі. Үстемеақы алу және зейнеткерлікке ерте шығу үшін жеңілдікті құқығы бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретін заңмен бекіту қажет. Мамандығы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін кәсіби қызметі барысында ауруды жұқтырған және дамыған жағдайда медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс берушінің құқығы мен міндеті. Жұмыс берушінің қаражатының есебінен қайта оқу және одан әрі жұмысқа орналасу. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету (бұдан әрі – АДҚ) шеңберінде осы ауруды емдеген жағдайда тегін дәрілік заттарды кезектен тыс алу, сондай-ақ ТМККК шеңберінде барлық қажетті консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу құқығы. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде міндетті статистикалық есептілікті меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау ұйымына ұсыну. Бірыңғай статистикалық есептілікті және бірыңғай электрондық ақпараттық жүйені қалыптастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде нысандар бойынша ақпарат беру үшін барлық медициналық ұйымның міндеттері мен жауапкершілігін заңнамамен бекіту қажет. МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметшілерге, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ осы санаттағы тұлғалардың зейнеткерлері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесін реттеу қажет болады. Медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету тәртібі біріздендірілетін болады. Азаматтардың ортақ жауапкершілігі құралын және медициналық көмек пен дәрі-дәрмекке бірлесіп төлеу механизмін енгізуді нормативтік бекітуді талап етеді. Бүгінгі таңда денсаулықты сақтау ауыртпалығы тек мемлекетке жүктелген, ал азаматтардың өздерінде өзінің денсаулығы үшін жауапкершілік деңгейі қалыптаспаған (динамикалық қаралудан уақтылы өту, сауықтыру іс-шараларына қатысу, зиянды әдеттерден бас тарту және басқалары). Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін халықтың, мемлекеттік және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіне кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыс жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ сақтандырылмаған халықтың медициналық көмекті алудағы сақталып қалып отырған қаупін ескере отырып, ТМККК тізбесін қалыптастыруға және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек пакетіне жаңа тәсілдер әзірленді. Бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және еліміздің экономикасына және МӘМС жүйесіне тарту бойынша ведомствоаралық жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ қызмет көрсетушілердің жауапкершілікте болуы және сапалы қызмет көрсетуі маңызды. Медициналық қызметтердің үйлестірілуін жақсарту медициналық көмектің сапасын арттырудың және қажетті тәжірибені жинақтаудың, әсіресе қажеттілігі күрделі пациенттер үшін қажетті шарт болып табылады. Осылайша қаражатты тиімді пайдалану және өнім берушілердің меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық көмектің сапасы үшін жауапкершілігі мәселесін заңмен шешу қажет. ТМККК кез келген нақты қайта қарау экономикалық тиімді болып табылатын іс-шараларды ғана қамтамасыз етуге кепілдік беруі тиіс. Осылайша, жаңа Кодексті әзірлеудегі негізгі себеп: - мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері ретінде халықтың салауатты, белсенді және шығармашылық өмірін қамтамасыз етудің қажеттігі; - халықтың денсаулығының ролін стратегиялық әлеует, ұлттық қауіпсіздік факторы, қоғамның тұрақтылығы мен салауаттылығы ретінде тану; - адамның бәсекеге қабілеттігінің, отбасының саламаттылығының, кәсіби дамудың негізгі рөлі болып табылатын денсаулыққа бағдарланудың қажеттігі; - генетикалық, физиологиялық, психологиялық, интеллектуалдық, генеративтік функцияларды ескере отырып, адамның жеке дамуы мен әлеуетін іске асыру процесінде денсаулық мәдениетін, денсаулықты сақтау, нығайту механизмдерін қалыптастырудың қажеттігі. Денсаулық сақтауды одан әрі қайта құрылымдау және дамыту сапыны арттыру бойынша қосымша күштер салынуы тиіс. Клиникалық басшылық принциптерді, аккредитациялау процестерін және медициналық көмекті көрсету жолдарын, сапаны арттыру жөніндегі жаңа шараларды қолдану сияқты сапа саласындағы қолданыстағы бастамадан басқа денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуге ықпал етуі тиіс. Сонымен қатар, «медициналық ұйымдардағы сапа кепілдігі мәдениетін» деген ұғымды заңмен бекіту қажет. Есеп ұсыну және жазалау шаралары емес, медициналық көмек сапасын көтермелеу медицина қызметкерлерінің сапалы медициналық көмек көрсетуге тартуды кеңейтуге ықпал етеді. ЭЫДО денсаулық сақтау жүйелерінің тәжірибесі денсаулық сақтау саласындағы анағұрлым жиі кездесетін көрсеткіштер туралы деректерді қызмет көрсетушілер деңгейінде жария көрсетудің қызмет көрсетушілер арасындағы айырмашылықтары туралы хабардарлығын арттыратынын, деректердің сенімділігін арттыру жолдарын талқылауға ынталандыратынын және күштерді көрсеткіштерді арттыруға бағыттайтынын растайды. Медицина қызметкерлерінің қатысуы ашық, сындарлы ортада анағұрлым маңызды болады. Медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі кезінде пациентке бағытталушылық дәлелдеу медицинасы және медициналық технологияларды бағалау нәтижелері негізінде әзірленген стандарттарды, диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларын жетілдіру арқылы үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмысты күшейту есебінен қамтамасыз етілетін болады. Халықаралық тәжірибе мемлекеттің функцияларды беру нәтижелері өзара ынтымақтастық кезінде табысты болып табылатынын куәландырады. Клиникалық практиканы стандарттармен қамтамасыз ету жүйесін заңды түрде бекіту және жаңғырту қажет. Әзірленген түрлі басшылық қағидаттар мен хаттамалар олардың практикада бекітілуі мен қолданылуын заңнамалық реттемейді. Осылайша, медициналық көмек көрсету кезінде мамандар тиімді бірлескен жұмысты және МСАК көрсету шеңберінде және басқа да аралас салаларда түрлі мамандардың тиімді бірлескен жұмысын және ынтымақтастығын ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нақты стандарттарды басшылыққа алуы тиіс. Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық қызметтердегі қажеттілігіне икемді ден қоятын инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделетін болады. Бұл жерде негізге денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңартылған нормативі алынбақ, оның негізіне жоспарлаудың қазіргі заманғы тәсілдері алынады. Денсаулық сақтау ұйымдары желісін жоспарлауға деген жаңа тәсілдер нормативті анағұрлым икемді етеді және халықтың қажеттігіне бағыттайды, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімдігін арттыруға ықпал етеді. Жаңартылған желі белгілі бір аумақтағы халықтың белгілі бір санына медициналық көмек көрсетуге бағытталған, бұл объектілердің қайталануына жол бермейді. Алыс және ауылдық аудандарда қызметтерге қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылатын, өңірлер арасындағы, сондай-ақ қалалар мен ауылдық аудандардағы медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділіктегі теңсіздіктерді жою үшін шаралар қолданылатын болады. Географиялық алыс болуына және халықтың сирек орналасуына, демографиялық көрсеткіштерге, өңірдің жыныстық, жас аралық құрамының ерекшеліктеріне байланысты проблемалар медициналық көмек көрсету кезінде ескерілетін болады. Ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде медициналық қызмет көрсету стандарттары, сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру стандарттары заңды түрде бекітілетін болады. Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ қолдану шектелген, оны дамыту экономикалық мақсатқа сай келмейтін салаларда, сондай-ақ саланы дамыту үшін стратегиялық маңызды секторларда (ана, туберкулез, АИТВ және басқалар) жоспарланатын және денсаулық сақтау желілерін дамытуға бағытталатын болады. Медициналық қызмет көрсету жүйесін қайта ұйымдастыру, тиімділігін арттыру, өңірлік қажеттілігін ескере отырып, сапалы қарауға қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы аурухана секторын жаңғырту жалғасатын болады. Тез өзгеретін құқықтық және қаржылық жағдайлардағы өзгерістерге бейімделу, пациенттің қажеттілігін қанағаттандыру және есепті болу үшін стационарлардың төсек-орын қорын бейіндеуге және қайта бейіндеуге деген тәсілдерді өзгерту қажет. |