Главная страница
Навигация по странице:

  • Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы менеджмент

  • Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы корпоративтік басқару.

  • Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары.

  • Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттері мен жауапкершілігі.

  • Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті мен жауапкершілігін кеңейту

  • Опухоли. Денсаулық туралы кодекс. 14. 09. 2018 Эабж мо 23. 0 нсасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


    Скачать 182.51 Kb.
    Название14. 09. 2018 Эабж мо 23. 0 нсасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
    АнкорОпухоли
    Дата10.02.2021
    Размер182.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДенсаулық туралы кодекс.docx
    ТипДокументы
    #175486
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Құпия аудитті енгізу және медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін құру.

    медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың орнына инциденттерді есепке алу мен талдау жүйесі пайдаланылады (бұл нәтижесінде пациентке залал келтірілетін медициналық көмек стандартынан кез келген ауытқу болып табылады);

    инцидент туралы ақпараттандырған жағдайда медициналық көмекті және құқық қорғау жүйесінің сапасын бақылайтын органдар тарапынан жазалау шаралары жоқ;

    инцидент туралы ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіледі;

    медициналық ұйымдарда инциденттер туралы хабарлауды қызметкерлерге уәждейтін қауіпсіздік мәдениеті енгізілген.

    Соынмен қатар, ДДҰ-ы осы жүйенің негізгі рөлі денсаулық сақтау жүйесінің қателіктерін зерделеу және жақсарту бойынша шаралар қабылдауға байланысты ұсынымдар беру арқылы пациенттердің қауіпсіздігін арттыру екендігін атап айтады.

    Әлемдік стандарттар бойынша құпия аудитті қолдану негізінде ҚР-да Медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін енгізу мақсатында инцидент (қалыпты жұмыс процесінен ауытқыған оқиға), құпия аудит(медициналық қателіктер жағдайларын жүйелі түрде мультитәртіптік аноним зерттеу) сияқты ұғымдар мен терминдерді заңнамамен бекіту қажет.

    Денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан цифрландыру шеіберінде медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың автоматтанған жүйесін енгізуді көздеу керек.

    Медициналық қызметтің сапасын тұрақты арттыру медициналық қызметтің өнім берушілерінің денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздіктің ұлттық стандарттарына сәйкестігі мәніне аккредиттеуді дамыту арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бүгінгі күні аккредиттеу жүйесі дамудың кезекті тармағында тұр. Аккредиттеу стандарттарын сақтаудың тұрақтылығын қолдау мақсатында аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуының барлық кезеңі ішінде аккредиттеуден кейінгі мониторинг (бұдан әрі – АКМ) жүргізелітен болады.

    Сондай-ақ уәкілетті органға медициналық ұйымды аккредиттеуді жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтарды, денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу, сондай-ақ кәсіптік дайындықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау құзыреті бекітіліп берілетін болады.

    Медицналық көмектің сапасын бағалауға тартылатын филиалдармен тәуелсіз медицналық сарапшылар палатасын құру.

    Медициналық көмектің сапасын басқару құралдарының бірі денсаулық сақтау жүйесі субъектілерінің қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесінің субъектілері көрсететін медициналық көмек сапасының деңгейін бағалау тәуелсіз медициналық сараптама институты арқылы жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі қызметінің жекелеген көрсеткіштерін жақсартумен қатар кәсіптік медициналық қоғамдастық дәрігерлерге қатысты қозғалатын қылмыстық істердің өсіуіне алаңдаушылық танытады.

    Қылмыс деп танымау заңнамасының қажеттілігі және медицияналық қызмет көрсету саласында орын алып отырған жағдай дәрігерлік кәсіптің беделін түсіреді және медицина мамандарының Қазақстан Республикасынан кетуі көбеюде, бұл өз кезегінде елімізде дәрігерлер мен мамандардың тапшылығын тудырады. Екінші тараптан, медициналық қоғамдастықтың пікірі бойынша құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің арнайы медициналық білімдерінің болмауына байланысты медициналық жағдайды дұрыс талқыламайды және медицина қызметкерлерінің кінәлілік дәрежесін дұрыс анықтамайды, бұл дәрігерлерді бостандығынан айыру және/немесе олардың кәсіптік қызметпен айналысуы құқығынан айыру түрінде қатаң жаза қодануға алып келеді.

    Жоғарыда көрсетілген жағдайды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Сот-медицина сарапшылары палатасына ұқсас денсаулық сақтау саласындағы Тәуелсіз сарапшылар палатасын құру қажеттілігі туып отыр, мұнда денсауық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың қызметін рететейтін негізгі тетік көзделетін болады.

    Палата міндетті түрде мүшелік ету негізінде денсаулық сақтау саласындағы барлық тәуелсіз сарапшыларды біріктіретін, тәуелсіз сарапшылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайтын комерциялық емес кәсіптік өзін өзі қаржыландырыатын ұйым болып табылады.

    Палата қызметінің мәні Қазақстан Республикасының аумағында тәуелсіз медициналық сарапшылардың қызметін үйлестіру және ұйымдастыру болып табылады.

    Палата Тәуелсіз сарапшылардың тізбесіне енгізілетін болады және оларды ұсыну бойынша тәртіп әзірленеді, сондай-ақ Палата сараптама бойынша барлық күрделі және даулы жағдайды қарайтын болады.

    Палатаны құру тәуелсіз медицина сарапшылары институтын жетілдіруге және дамытуға, тәуелсіз сарапшылардың әлеуметтік, кәсіптік құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, сондай-ақ медициналық сараптама сапасын және сараптама өндірісі кезінде тартылған тәуелсіз сарапшылардың оөлін арттыруға мүмкіндік береді.
    Басқа бағыттар

    Медициналық туризм.

    Сондай-ақ Кодекстің жобасын әзірлеу кезінде Кодекстің ұғымдық аппараты нақтыланатын және құқықтың басқа салаларымен, оның ішінде халықаралық құқықтың глоссарийімен сәйкестікке келтірілетін болады.

    Кодекстің жобасында базалық нормативтік құқықтық акті ретінде принциптері жүйелендірілетін және бекітілетін болады, олардың негізінде денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын болады. Құқықтық реттеудің әрбір принципінің мазмұны ашып көрсетілетін болады.

    Сонымен қатар, Кодекстің жобасында медициналық қызметті алуды көздейтін медициналық туризм ретінде туризм бағытын белгілеу ұсынылады.

    Дамушы елдерде медициналық және сауықтыру мақсаттарында дамыған елдерден келушілер қатарының өсуі байқалады, ол туристің денсаулығын жақсартуға ықпал етеді немесе тікелей медициналық процедуралар көрсетумен байланысты.

    Бүгінгі күні медициналық туризм қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың жаңа тұжырымдамасын құрды және жаһандық экономиялық бәсекелестік жағдайында медицинаны анағұрлым тез қарқынмен дамуға мәжбүрлейді.

    Осыған байланысты:

    1) туризмнің уақытша болуы еліндегі (орнында) еңбек қызметіне байланысты емес мақсатта тұратын жерінен тыс медициналық қызметті, санаторийлік-курорттық емді алуды көздейтін медициналық туризм ұғымын анықтауды;

    2) туристік өнімнің медициналық қызметті көрсетушінің туроператорымен бірлесіп құрған түрі медициналық туризм өнімі ұғымын анықтауды ұсынылады.

    Бұл ретте, осы бағыт Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» салалық Заңында көрсетілетін болады.

    Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы менеджмент.

    Медициналық ұйымның табыс әкелмейтін қызметіне, медициналық қызметтің сапасын арттыруға, медициналық ұйымның корпоративтік жүйесі деңгейін артыруға, басшылар қызметі нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштерінің менеджментіне және оған қолжеткізуге байланысты жұмысының одан әрі тиімділігіне байланысты заңнамалық деңгейде медициналық ұйым басшысының еңбек шартының жарамдық мерзімін оны ұзарту мүмкіндігімен 3 жылдан артық емес мерзімге көздеу қажет.

    Осыған байланысты Денсаулық туралы жаңа Кодексте:

    басшылардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштеріне қол жеткізу қорытындысы бойынша медициналық ұйым басшысымен еңбек шартын уәкілетті органның келісімі бойынша оны ұзарту мүмкіндігімен үш жылдан артық емес мерзімге жасасуды белгілеу ұсынылады.

    Бұл ретте, осы ұсыным сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілетін болады.

    Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы корпоративтік басқару.

    Корпоративтік басқаруды жетілдіру денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ресурстарды тиімді бөлуге ЭЫДҰ мемлекеттік кәсіпорындарындағы корпоративтік басқару жөніндегі басшылық принциптеріне сәйкес басқару органдарының есептілігін және айқындығын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Денсаулық сақтау саласындағы осы тәсіл медициналық қызметтердің сапасын арттыруға қол жеткізуге және инвесторлардың сеніміне және ұзақ мерзімді капиталдарын тартуға ықпал етуге көмектеседі.

    Осыған байланысты, жаңа Кодексте уәкілетті органға:

    1. қадағалау кеңесі бар мемлекеттік ұйымдар үшін корпоративтік басқару құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу (іскерлік этикасының үлгілік кодексі, үлгілік кадрлық саясат, ақпараттық саясат туралы үлгілік ереже, құпия жөніндегі үлгілік ақпарат);

    2. денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттік беруді көздейді.


    Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары.

    ЭЫДҰ сарапшылары «Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарына шолу» деген есепте халықаралық тәжірибеде мойындалған Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары (бұдан әрі - ДҰШ) аспабын енгізу ұсынылды, оны әлемнің 190 аса елдері қолданады. Өзінің мақсаты бойынша ДҰШ денсаулық сақтау саласындағы саясаттың талаптарына тез ден қоюға мүмкіндік береді және сапалы макроэкономикалық жоспарлау және егжей-тегжейлендірудің саясатты табысты қолданудың табыстылығын бағалау үшін қажетті деңгейде ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.

    ДҰШ ЭЫДҰ, ДҰҰ және Еуропалық статистикалық ұйымының (Еуростат) бірлескен күшімен жасалған «Денсаулық сақтау шоттары жүйесі» методологиясы негізінде құрылады. ДҰШ еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің ақшалай қаражатының көздері және пайдаланылуы туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге әрі оны басқа елдермен салыстыруға мүмкіндік береді.

    ДҰШ құру кезінде ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР Ұлттық Банкінің Сақтандыру бақылау департаменті құрған және жариялаған деректер, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамытуға ықпал ету комитетінің «Кредиторлардың есепберу жүйесі» деректер базасынан алынған ақпарат қолданылатын болады.

    Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарын құру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат ұсыну бөлігінде қосымша міндеттеме жүктелмейтін болады.

    Осыған байланысты, ДҰШ ұғымын, оны қолдану мақсатын заңнамалық анықтау және оны қалыптастыру процесін регламенттеу ұсынылады.

    ДҰШ енгізу еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы ағымына мониторинг жүргізуді жүйелі түрде, жан-жақты және дәйекті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттері мен жауапкершілігі.

    Денсаулық туралы жаңа кодексте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мынадай мазмұндағы міндеттері мен жауапкершілігін белгілеу ұсынылады:

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

    1) денсаулық сақтау желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асыруға;

    2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімін іске асыруды қамтамасыз етуге;

    3) денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыруға;

    4) уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға міндетті.

    Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсынымдар енгізуге құқылы.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның ұсынымы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті мен жауапкершілігін кеңейту.

    Денсаулық туралы жаңа кодексте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті мен жауапкершілігін кеңейту ұсынылады, атап айтқанда:

    1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімін орындауды қамтамасыз етеді;

    2) уәкілетті органға денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаның, өңірлік бағдарламалардың орындалуы, денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есебін ұсынады;

    3) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы сақтау, әлеуметтік мәні бар аурулар жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

    4) уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бірінші басшылары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес осы бапта көзделген лауазымдық өкілеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бірінші басшылары функциялар мен өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген адамдардың мемлекеттік лауазымда одан әрі болуы туралы мәселені көтеруге құқығы бар.

    Халықаралық ынтымақтастық

    Халықаралық ынтымақтастық денсаулық сақтау саласындағы мақсаттар мен шешімдерге қол жеткізуге заманауи тәсілді қамтамасыз ету үшін маңызды факторлар болып табылады.

    Ынтымақтастық мемлекеттерімен тату көршілестік қатынастар негізінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық өзара іс-қимыл шеңберінде, оның ішінде халықаралық интеграциялау барысында Министрлік ұлттық мүддені қорғау, денсаулықты сақтау саласындағы халықаралық келісімдерге , бірлестіктерге толыққанды қатысу, денсаулық сақтаудың жалпы жаһандық кеңістігін құру бойынша бастамашылық, сәйкес келетін мүдделерді келісуді іздеу және осының негізінде екіжақты және көпжақты әріптестік қатынастарды құру позициясын ұстанады.

    ДҰҰ ВОЗ, UNAIDS, UNICEF ДЫДҰ ынтымақтастық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін жан-жақты дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады және оны денсаулық сақтау саласындағы жаһандық басымдықтарға сәйкес қолдауға бағытталған.

    ТМД қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын дамыту «ТМД қатысушы мемлекеттер халқының денсаулығы» Стратегиясын іске асыруда жалғасады, ДҰҰ жүргізіп жатқан «Денсаулық 2020» саясатымен толықтай келіседі.

    Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі басымдықтардың бірі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай нарығының толыққанды жұмысын қамтамасыз ету, ЕАЭО шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыруды дамыту, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекші көшіп қонушылар мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету, кедергілерсіз, бөгеттерсіз және шектеулерсіз ішкі нарықтардың жұмыс істеуі, санитариялық шамалар бойынша келісілген саясатты іске асыру болып табылады.

    ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде бірлескен қызмет пен өзара қолдау жалғасады.

    Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ мемлекеттерімен денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды дамыту медициналық және білім беру туризмін дамыту, отандық фармацевтикалық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал ету, санитарлық-эпидемиологиялық саламаттық саласында ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға және т.б. шоғырландыратын болады.

    Министрлік Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән береді және олардың денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізуді жандандыруға, биомедицина саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, фармация саласындағы әріптестікке бағытталады.
    3. Заңжобасын қабылдаудың мақсаты

    Кодекс жобасының мақсаты денсаулық саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту, атап айтқанда қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, медициналық білім мен ғылымды, Қазақстан Республикасындағы электрондық денсаулықты жетілдіру, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету.

    Қолданыстағы Кодексте әлемнің анағұрлым бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін денсаулық сақтау жүйесін дамытудың бастапқы кезеңдері негізге алынған. Кодекстің жаңа жобасын қабылдау республиканың әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену факторларының бірі ретінде денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді, тиімді және тұрақты моделін әзірлеудің және енгізудің қажеттігіне байланысты.

    Кодекс жобасының жаңа редакциясы денсаулық сақтау деңгейінің ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін саланың үдемелі даму негізін қалауға және ұлт денсаулығын нығайтуға, халық өмірінің ұзақтығын өсіруге және медициналық технологияларды дамытуға, қазіргі заманғы денсаулық сақтауды қымбат тұратын стационарлық емдеуге емес, аурулар профилактикасына қайта бейімдеуге, қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың репродуктивтік денсаулығын нығайтуға, мемлекет үшін тиімділігі аз және шығынды диспансерлеуден қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдана отырып, негізгі созылмалы ауруларды басқаруға, дербестендірілген медицинаға көшуге, цифрландыру және жасанды интеллект мәселелеріне бағытталатын болады.

    4. Заң жобасын реттеу мәні

    Кодекс жобасын реттеу мәні денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

    5. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны

    Кодекс жобасы 7-бөлімнен, 23-тараудан тұрады:

    Тақырыбы

    1-бөлім. Жалпы ережелер

    1-тарау. Негізгі ережелер

    2-тарау. Денсаулық саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару

    3-тарау. Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия

    4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

    5-тарау. Электрондық денсаулық сақтау

    6-тарау. Қаржылық қамтамасыз ету

    7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

    8-тарау. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

    2-БӨЛІМ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

    9-тарау. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру

    10-тарау. Ұлттық превентивті механизм

    3-БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

    11-тарау. Медициналық көмек көрсету деңгейлері

    12-тарау. Жекелеген қатынастарды реттеу

    13-тарау. Негізгі инфекциялық, инфекциялық емес, орфандық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету

    14-тарау. Медициналық көмектің көлемдері

    15-тарау. Донорлық және транспланттау

    4-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

    16-тарау. Білім беру қызметі

    17-тарау. Ғылыми қызмет

    5-БӨЛІМ. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫСЫ

    18-тарау. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы

    19-тарау. Дәрілік заттардың айналысы

    20-тарау. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы

    6-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КАДРЛЫҚ САЯСАТ

    21-тарау. Денсаулық сақтау кадрлары

    22-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен шектеулері

    23-тарау. Медицина қызметкерінің мәртебесі және әлеуметтік кепілдіктер

    7-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта