Главная страница
Навигация по странице:

  • 21. Провизорлық мүшелер, түрлері, қызметі. Провизорлық мүшелерге (герминальды мембраналар )

  • Сарысу қабығы

  • Сероза

  • 22. Ағзаның жеке дамуы. Постэмбриональдық даму.

  • генетика. генетика рк 2. 2 Аралы баылау сратары Онтогенез. Азаны жеке дамуы. Онтогенез кезедері


    Скачать 0.99 Mb.
    Название2 Аралы баылау сратары Онтогенез. Азаны жеке дамуы. Онтогенез кезедері
    Анкоргенетика
    Дата20.12.2021
    Размер0.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагенетика рк 2.docx
    ТипДокументы
    #310669
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    20.Тұқым қуалаушылық ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия. Генотерапияның принциптері және жетістіктері.

    Тұқым қуалайтын аурулар мен тұқым қуалауға бейім ауруларды емдеген кезде емнің үш жолын бөліп қарастыруға болады: симптоматикалық, патогенетикалық, этиотропты.

    Тұқым қуалайтын аурулардың жеке топтарына кейде симптоматикалық терапия қызметін, кейде – патогенетикалық қызмет, ал кейде екі қызметті де атқаратын хирургиялық емдеу əдісін қарастыруға болады.

    Симптоматикалық ем тұқым қуалайтын аурудың нақты клиникалық көріністерін коррекциялауға бағытталған жəне тұқым қуаламайтын патологияның сондай емінен еш айырмашылығы жоқ. Мысалы, ауру сезімі кезінде анальгетиктер, эпилепсияда – тырысуға қарсы препараттар, артериялық гипертензияда - гипотензивті препараттар, сүйек деформацияларында – хирургиялық ем жəне т.с.с. Сонымен қатар, ауруды емес, науқасты емдеу керек деген терапияның негізгі қағидасы сақталады.

    Патогенетикалық ем биохимиялық жəне физиологиялық үдерістерді жартылай немесе толық қалпына келтіруге бағытталған.

    Емдеу əдістерін таңдау клиникалық симптомдардың нақты даму механизміне байланысты болады.

    Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиялық емі генетикалық бұзылыстарды коррекциялаудың айтарлықтай тиімді жəне болашағы бар əдісі болып табылады. Ол мутантты геннің қызметі мен құрылымын қалыптандыруға бағытталған жəне генотерапия («молекулалық протездеу») деп белгіленеді. Гендердің жеткіліксіз экспрессиясының орнын толтыру (гендердің қосымша көшірмелерін енгізу). Гендердің артық экспрессиясын басу (генсупрессорлар енгізу).

    Гендік терапия – адамның тұқым қуалайтын ауруларын емдеу қазіргі кезде өткізіліп жатқан медициналық генетикалық зерттеулер мақсаты болып табылады. Метаболизмнің бірқатар бұзылыстарын вена ішіне ақаулық нəруызды алмастыратын нəруыз енгізіп жəне т.с.с. арнайы емдəммен түзетуге болады.

    Гендік терапия ex vivo қарастырады:

    1) науқастан жасуша алуды;

    2) қажет генді оқшауланған жасушаларға ауыстыру көмегімен генетикалық ақауды түзетуді;

    3) генетикалық «түзелген» жасушаларды таңдап алу жəне көбейту;

    4) мұндай жасушаларды пациентке инфузиялау немесе трансплантациялау

    21. Провизорлық мүшелер, түрлері, қызметі.

    Провизорлық мүшелерге(герминальды мембраналар): сарысу қабығы, амнион, аллантоис, сероза және хорион жатады.

    Сарысу қабығы. Ол барлық үш ұық жапыақшаларынан түзілген. Сарысу қабығы бастапқы пайда болған эмбрионның қан түзуші органы эмбриондардың тамақтану көзі болып табылады. Сүтқоректілердің эмбриондарында сарысу қабығының қабырғасы плацентаның бөлігі болып табылады және бастапқы ұрық жасушаларының пайда болу көзі ретінде қызмет етеді.

    Амнион - бұл эмбрионды тікелей қоршаған сулы қабық. Амнионның негізгі функциясы - алмасу және қорғаныс. Амнион сұйықтығы - бұл ақуыздардың, қанттардың, минералды тұздардың, гормондардың сулы ерітіндісі. Құрамында ұрық жасушалары бар. Ол эмбрионды кебуден және механикалық әсерден қорғайды, эмбрионның табиғи сулы ортасы болып табылады.

    Аллантоис- бұл эмбрионның артқы ішегінң жасушалық өсіндсі. Аллантоис эмбрион мен тыныс алу мүшелерінің метаболикалық өнімдерін жинақтау үшін контейнер ретінде қызмет етеді. Тыныс алу функциясын аллантоиста оның қабырғасының қан тамырлары жүйесіне байланысты орындайды.

    Хорион адамдар мен сүтқоректілерде эмбрионның сыртқы веноздық қабығын құрайды. Хорион бүрлері өсінділері болып табылады, оның көмегімен жатырдың шырышты қабығында өсіп, плацентаны құрайды. Ұрық плацентаға қан тамырлары бар кіндік арқылы қосылады

    Сероза - қабықшалармен амнион түзілу кезінде пайда болатын қабық, сонымен қатар тек омыртқалыларда ғана емес, амнионды басқа жануарларда да пайда болады.

    Плацента — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше.

    22. Ағзаның жеке дамуы. Постэмбриональдық даму.

    Онтогенез - оорганизмдердің жеке даму үдерісі, филогенезден айырмашылығы – тірі организмдер əлемінің даму тарихы. Онтогенез терминін 1966 жылы неміс зоологы Е.Геккель енгізген.

    Онтогенетика - онтогенез жүйесіндегі зат алмасу жəне морфологиялық процестерге əсер етуін зерттеу жолымен жеке дамудың генетикалық негіздерін қарастырады.

    Онтогенез кезеңдері

    1. Эмбриональдық кезең- ұрықтың жатырда даму кезеңі. Сатылары: бөлшектену, бластула, гаструла, нейрула, гистогенез, органогенез.

    2. Постэмбрионалдық кезең- туылғаннан өлгенге дейінгі кезең

    Ұрықтану дегеніміз – жұмыртқа жасуша мен сперматозоидтың бірігу процесі, нәтижесінде зиготадан - бір клеткалы эмбрион түзіледі. Сперматозоидтың жұмыртқамен кездесуі фаллопий түтікте өтеді, ұрықтандыру осы жерде жүреді.

    Бөлшектену - бұл зиготаның бірқатар митоздық бөліністері, ол жатыр қуысына фаллопиялық түтіктен енетін морула түзумен аяқталады .

    Бластоциста – ұрықтанғаннан кейін төртінші тəулікте бластоцел қуысы (сұйықтықпен толған қуыс) пайда болады.

    Гаструляция – дамудың екінші аптасының соңында басталады жəне жасушаларда орын ауыстыру қабілетінің пайда болуымен сипатталады.

    Гаструла – көп қабатты ұрық (эктодерма, энтодерма жəне мезодерма).

    Органогенез – жекелеген ағзалардың түзілуі. Организмдердің жеке жəне тарихи дамуларының арасындағы байланысты Ф.Мюллер (1864) жəне Э.Геккель (1866) əр түр өзінің жеке дамуында өзінің түрінің тарихи дамуын (онтогенез – филогенездің қысқаша қайталануы) қайталайтын биогенетикалық заңда көрсеткен.

    Постэмбрионалды даму организмнің туылған кезеңінен басталып, өлгенге дейін жалғасады. Постэмбрионалды кезең өсумен жүреді. Постэмбрионалды дамудың 3 кезеңі бар:

    а) ювениалды (жыныстық жетілуге дейінгі кезең);

    б) пубертатты (өмірдің көп бөлігін алады, жыныстық жетілу кезеңі, репродуктивті);

    в) қартаю (пострепродуктивті, өлгенге дейін). Кезеңдер арасында нақты шекара жоқ.

    Постэмбриональды дамудың 2 негізгі түрі бар: тікелей даму және түрленіп даму, немесе метаморфоз (жанама даму).

    1)дұрыс даму, мұнда ағза ересек түріне ұқсап туады;

    2)түрленіп даму-эмбриондық дамудан кейін дернәсіл пайда болады , ішкі және сыртқы белгілері, қоректенуі мен қозғалуы, т.б. жөнінен сол түрдің ересек ағзасымен салыстырғанда ерекше болады.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта