гос экх. гос экз тарих. 2. хх асырды басындаы патша кіметіні оныс аудару саясаты. Столыпинні аграрлы реформасы
Скачать 262.46 Kb.
|
Халқы[өңдеу]Негізгі тұрғындары қырғыздар (1285 мың); олардан басқа орыстар, өзбектер, украиндар, немістер, татарлар, қазақтар (22 мың, 1970) тәжіктер тұрады. 1913-71 жылдары арасында Қырғыз халқы 3,6 есе өсті. Орташа тығыздығы 1 квадрат км жерег 15,5 адамнан келеді, тау аралық аңғарларда, жазық жерлерде 80 адамға дейін жетеді (1972). Халқының 71,3%-і жұмысшылар мен қызметкерлер, 28,4%-і колхозшылар. Қала халқы 37% (1970); ірі қалалары (мың, 1972) – Фрунзе (452), Ош (132), Жалалабад (44,3), Пржевальск (Қарақол) (42,3), Тоқмақ (42,1). Археологиялық ескерткіштер Қырғыз жерін адам баласы бұдан 300 мың жыл бұрын, ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан,Неолит дәуірінің ескерткіштері Фрунзе, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алтай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақ шұңқыр қаласы) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті сақталған. Неолит кезіндегі тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау техникасы) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Сол кезеңде (б. з. б. 5-3 мың ж. ) мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б. з. б. 3 мың жылдықтың аяғында әуелі мыстан, кейін қоладан жасалған қарулар тарады. Қола дәуірінде ( б. з. б. 1- мың жылдықтың басы) Қырғыз жеріндегі адамдар 2 топқа - егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археологиялық материалдан байқауға болады. Б. з. б. 7-6 ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктелу күшейді. Таптық қатынас шыға бастады. Көшпелілер арасында рулық одақ, ал егіншілік құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғызда сақтар (б. з. б. 7-3 ғасыр), кейін үйсіндер (б. з. б. 2 ғасыр – б. з. 5 ғасыры) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б. з. б. 2 – 1 ғасыр) Паркан мемлекетіне, кейін (1-4 ғасыр) Кушан патшылығына қарады. Қырғыздың оңтүстік аудандарында 4 – 5 ғасыр тоған тоспа техникасы қолданылды, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді. Экономикалық өмірдің және қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекетті феодалдық мемлекеттік бірлестіктер ауыстырды, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. 5 ғасырда Солтүстік Қырғыз көшпенділері отырықшылана бастады. 6-7 ғасырда Қырғыз Батыс түрік қағандығының орталығына айналды. Астанасы – Суяб. Қалалар, қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. 6-8 ғасырда Батыс түрік қағандығына қараған тайпалармен бірге көшпелілері Орхон, отырықшылары соғда жазуын қолданды. 10 ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауында қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен қарым-қатынас жасады. 10 ғасырдың орта шенінен 12 ғасырдың орта кезіне дейін Қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы Шу бойындағы – Баласағұн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. 10 – 12 ғасырдаөндіргіш күштер сол кездегі жамудың жоғарысатысына жетті. Талас даласы күміс және басқа металл шығарудың орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағұн,Үзген) қол өнер, сауда және мәдениет дамыды. 13 ғасырдың 1-ширегінде басталған монғол-татар шапқыншылығы даму процесін ұзақ уақытқа тоқыратты. 13.1921-1922 жылғы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы. Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. • 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде: - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. - Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. • 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді. - Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. - 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады. • 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы» атанды). Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері: - Еңбек артельдерін құру. - Кедейлерге жер беру. - Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы: • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады. • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады. 14 Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1] |