Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы

  • 4 ХХ ғасыдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтікқұрамы, білімі, қызметі

  • гос экх. гос экз тарих. 2. хх асырды басындаы патша кіметіні оныс аудару саясаты. Столыпинні аграрлы реформасы


    Скачать 262.46 Kb.
    Название2. хх асырды басындаы патша кіметіні оныс аудару саясаты. Столыпинні аграрлы реформасы
    Анкоргос экх
    Дата28.11.2020
    Размер262.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагос экз тарих.docx
    ТипДокументы
    #154838
    страница1 из 10
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    1. Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.

    2.ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.

    Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
    XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндеп «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақөлкесінде Орын-бор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. Ресейде аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейде аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесінде ерекше көңіл белді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін бол-ды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.

    Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетп. 1897 жыл-ғы санақ бойынша Дала елкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.

    1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер непзінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бүл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.

    XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен ендірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіп-орындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және ор-талық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай еңдеу кәсіп-орындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, не-гізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эр-нест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екі-бастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.

    Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесінде ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.

    XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін беліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусым-дық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.

    3.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.

    Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
    Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
    Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.

    Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.
    1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін және қоныс аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды.
    1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.
    1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
    XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
    Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.

    «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің бірі С. Сәдуақасовтың пікірі бойынша, Ақмола облысының Омбы уезі Қазақстанның ең ірі ағартушы аймақтарының бірі болды. Ал Омбы қаласы іс жүзінде бүкіл Қазақстан үшін ең әйгілі білім орталықтарының біріне айналды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. Ол отаршыл аппарат үшін шенеунік кадрлар даярлаумен айналысты. XIX ғасырдың бас кезінде қазақ ақсүйектері өздерінің балаларын Омбыдағы оқу орындарына жібере бастады. Мәселен, 1827 жылы Уәли ханның ұлы Шыңғыс Сұлтан казак әскерлерінің Сібір шебіндегі училищесіне түсті.
    1865 жылы Қазақ өлкесін шаруашылық тұрғысынан игеру қажеттігінің тууына байланысты жергілікті әкімшілік алғашқы қазақ мектебін ашты. Онда Ақмола мен Семей облыстарынан 20 бала оқыды, 1872 жылы Омбыда мұғалімдер семинариясы ашылды. Ол іс жүзінде бүкіл Қазақстан үшін мұғалім кадрларын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш училищелер үшін мұғалімдер даярланды.
    1877 жылы Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ балалары үшін жатып оқитын интернаттар ашылды. Оларға жұмсалатын шығынды қазақтар қайырымдылық көмек есебінен өздері төлейтін болды. Әр қазақ болысынан оқуға жылына 2 баладан жіберіп түру келісілді. 1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ол зауыттар мен фабрикалар үшін, сондай-ақ көлік саласындағы қызмет үшін орта білімді басшы маман кадрлар даярлауға тиісті болды. Атап айтқанда, осы училищені Қарқаралы уезінің түлегі, болашақ көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов бітіріп шықты. 1852 жылы негізі қаланған Омбы мал-дәрігерлік-фельдшерлік мектебінде көптеген қазақ балалары оқыды. Бұл мектеп осы салада бүкіл Қазақстан үшін маман кадрлар даярлайтын бірден-бір арнаулы оқу орны болды.
    XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Айдархан Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков. Ережеп Итбаев, Сейілбек Жанайдаров, Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек Сейітовтер, Мағжан ЖұмабаевСәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дінше Әділов, Смағүл Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин, Әбілқайыр Досов, Бекмұхамед Серкебаев, Бірмұхамед Айбасұлы, Әміре Исин, Мұхтар Саматұлы, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов, Нығмет Нұрмақов, Шәймерден Әлжанов сияқты көптеген азаматтар оқып бітіріп шықты. Олардың бәрі де халық ағарту ісіне, Қазақ өлкесіндегі Ұлттық-демократиялық қозғалысқа, сондай-ақ туып-өскен өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеуге лайықты үлес қосты. Басым көпшілігі кейінірек, Кеңес өкіметі кезінде, саяси қуғын-сүргінге ұшырады, атылып кетті.

    4 ХХ ғасыдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтікқұрамы, білімі, қызметі.

    ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.

    Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.

     «… Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды… Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды»

     Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды.

    Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.

    Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.

    Қазақ зиялылары жалпыдемократиялық мәндегі ұлттық тең құқылық,халықтың мәдениетін көтеру,әйел теңдігін қамтамасыз ету,отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты маңызды мәселелерде өз шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды.Жалпыдемократиялық мазмұндағы талаптілектердің өзі халық арасында обьективті,табиғи түрде отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастыруға қызмет етті. Осындай өмірлік сұраныстан туған және оған жауап берген санаулы дүниелердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатовтың «Оян,қазағы» еді.Кітапқа эпиграф ретінде алынған:

     «Көзіңді аш,оян қазақ,көтербасты,

    Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

    Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам бол.

    Қазағым,енді жату жарамасты».-

    деген шұмақ «Оян,қазақтың» айтайын деген басты идеясын дәл берді. Сол кезде Ахмет Байтұрсынов қаламынан туған,біріқ оның 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына цензура енгізбей тастаған мына жолдар да жоғарыда келтірілген Міржақып өлеңімен сабақтас;

    «Қазағым,елім,

     Қайқайып белің

     Сынуға тұр таянып.

     Талауда малың,

     Қамауда жаның,

     Аш көзіңді оянып».

    Қазақты сынау мен ояту үрдісін үлкен ұлттық мәселе ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ұлы Абай негіздеген еді.ХХ ғасыр басында оны Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов жалғастырды. Міржақыптың «Оян,қазағында»ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық , қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер көркем сөзбен шыншыл кестеленген. Патшалық Россияның отарына айналған ел мен жердіңтағдыры,оқу-ағарту мен дін жағдайы, жетімдер мен жесірлер халі,ауылдағысайлау ісі сияқты мәселелер – «Оян,қазаққа» тақырып болған мәселелер. Сонымен бірге Міржақып қазақ жастарына оқып,білім алуға, өркениетті елдерденүлгі алуға шақырады. Міржақыптың өз сөзімен баяндасаң, ол халқының «өткенін сайрап, өз өмір сүрген сол кезеңнің кемшілігін зарлап айтты». «Оян, қазақ» ең алдымен патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерлеумен құнды. Патшалық отарлаушылар, дейді М.Дулатов, ең алдымен қазақтың жерін тартып алды. «Әйтеуір ата – бабам мұсылман» деген дүрмекті қоятынкезең келді дей отырып, Міржақып Дулатов «Қазақтың көп жерінде мешітіжоқ,жоғына себеп болған миссонер поп» депбасып айтты. М.Дулатов қазақтың езілген, адасқан,тығырыққа кез келген халін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің саясатына (жерге,дінге,әкімшілік сайлау жүйесіне тікелей қатынасы бар) байланысты деп түсінді, алайда ол басты айып жаңа дәуірге (Россияның отары ретінде метрополиямен бірге капиталистік қатынастарға ене бастаған дәуірге) ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады.

     ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмейді, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті, олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар шығару қамқарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысуы еді.

    Зиялылардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады.

     Осы жылдары қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің белгілі өкілдерінің көпшілігі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Б.Қаратаев, М.Дулатов, т.б.) бірінші орыс революциясы ықпалымен елде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарады, ал содан кейін барып сол кезде империяның орталықтарында пайда болған саяси ұйымдардың қайсысынан үлгі алу мәселесін шешуге тырысты.

    Солардың алғашқы көрінісін бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Б.сыртанов, Б.Қаратаев сияқты қазақ өкілдерінің «Бес облыстық дегегаттар съезі» аталған бас қосуда жасаған «Қазақ конституциялық» саяси партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда жүрген Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.

     Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бірауыздан мойындалды. Осы кезден бастап ғалым-экономист, публицист, әрі әмбебап терең білім иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың жалпыұлттық саяси тұлғаға айналу жолы басталды.

    Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадардарында сол кезде патша үкіметіне оппозоцияда болған кадеттер партиясы өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.

    Сондықтанда да 1905-1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Россия қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп нақтылы іс-әрекеттерге барды. Олар атап айтқанда, біріншіден, қазақ қауымын басқарудың ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі отарлық сипатын өзгертуді талап етті.

     Қазақ зиялылырының белсенділігі І және ІІ мемлекеттік Думаның жұмысына тікелей араласуымен шектелген жоқ. Олардың кейбір өкілдері бірінші орыс революциясы жылдарында өріс алған Россия мұсылмандарының қоғамдық-саяси алған Россия мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысына қатынасты, мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының қызметінің сапалы атқарылуына жәрдемдесті, Түркістан мен Қазақстаннан Думаға депутат болып сайланғандарды олардың сайлаушыларымен байланыстырып тұрды.

     1908 – 1913 жылдардағы қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясының саяси қызметі үшін өзіне тән айтарлықтай ерекшеліктері бар уақыт болғандығын байқау қиын емес. Осыған орай мына жәйттерді ерекше атау қажет сияқты: 1) 1908-1912 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі кейбір жекелеген қайраткерлердің орнын қоғамның көкейтесті проблемаларын білетін, оларды шешудің жолдары мен әдістерін анықтауға қабілетті зиялы қауымның белгілі топтары алмастырды; 2) Қазақ интеллигенциясының осы жаңа буыны өзінің шығармашылық еңбегі арқылы халықтың тарихи зердесіне барлау жасай отырып, оның ұлттық сана жоқ жағына себебі болған миссионер поп, деп басып айтты.

     Түптеп келгенде М.Дулатов халықты оқу, өнер үйрену, оянуға, мұсылманшылық арқылы имандылыққа шақырды.

    Қазақты сынау мен оятудың Міржақып Дулатов уағыздаған идеясына ұқсас, сонымен сарындас сөздерді Ахмет Байтұрсынов та, Әлихан Бөкейханов та, кейін Алаш қозғалысын бастаған зиялылардың көпшілігі айтты. Мәселен, 1911-ші жылы жазылған Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынандай жолдар бар: «… Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты өр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай келеміз… Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…» Осығалым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсыновтың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. Осыныұққысы келмегендерге, халықты өркениетті елдер қатарына қоссам деп өзін-өзі азапқа салғанда сөз ұғып, жөнді жолға түсу былай тұрсын, оның өзіне қастандық жасап, абақтыға жаптырғандарды А.Байтұрсынов «көк есектерге теңеді, ашу-ызыға булықты.

     «… Қинамады абақтыға жапқаны,

    Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

    Маған ауыр осылардың бәрінен

    Өз аулымның иттері үріп, қапқаны».

    Ахмет Байтұрсынов: «… газет -халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», -деген тұжырымы арқылы мерзімді баспасөздің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді.

    Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады. «Аталы жұртымыздың адуынды ұлтымыздың әруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесер қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы». Осы сөздерден анық көрініп тұрғандықтай, «Қазақ» газеті жалпыхалықтық мүдделерді көтеріп, «Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына» қызмет етуге тиісті болды. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов 1923 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ» әдебиетінің қазіргі дәуірідеген еңбегінде салиқалы ой түйген екен. «Қазақ» газетінің мезгілі – қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерірісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа келді. Бұл тұтынған жолында «Қазақ» газеті өз міндетін дөп атқарды». Мұхтар Әуезовтің осы сөздерінен «Қазақ» газетінің халық зиялыларының патша саясатына қарсы күрес құралы ретінде «Бос сөзден іске қарай аяқ басар кезде» дүниеге келгенін немесе оның қазақ қауымының саяси-рухани сұранысына жауап ретінде шыға бастағанын көреміз.

    Х.Досмұхамедов «Қазақ» газетінің дүниеге келу жағдайы оны ұйымдастырған қайраткерлер және олардың қазақтың саяси-қоғамдық ойын қалыптастырудағы рөлі туралы өз пікірін қылышынан қан тамған ОГПУ тергеушілері алдында басы істі болған 1931 жылы былай деп білдірген екен: «1913 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов ұлттық-демократиялық бағыттағы «Қазақ» газетін шығара бастады. Олар өздерінің төңірегіне мұғалімдердің айтарлықтай бөлігін, Орынбор мен Уфа қалаларының медреселерінде оқитын шәкірттерді топтастыра білді. – Орта және жоғары білімді қазақ, зиялыларының басым көпшілігі «Қазаққа» ерді Бөкейханов «қазақтың» басты жетекшісі болды, оның платформасын анықтауға ат салысты. «…Қазақ» газеті бірінші орыс рефолюциясы оятқан қазақ халқының белгілі қауымын ұйымдастыратын және оған басшылық жасайтын орталыққа айналды. Газет қазақтың саяси өмірі жөнінен маңызды мақалалар беріп тұрды, көптеген көкейтесті мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырды және сол кездегі қоғамдық саяси ойды бір арнаға бағыттаушы болды».

    Әлихан Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық-либералдық саяси партиясын құруға әрекет жасаса, олардың 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісінен кейін ұлттық-демократиялық мүдделерді көздейтін «Алаш» саяси ұйымын құруға алып келді.

     Алаш ұраны Әлихан Бөкейханның кең білімі мен терең танымы арқылы қазақ халқының басына түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани күрестің басты ұранына айналды. Әлихан Бөкейханның 1899 жылы «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше нөмірінде жарияланған «Қобыланды батыр жырындағы әйел» атты мақала осының дәлелі.

    Ал осы мақаласының кіріспе бөлімінде қазақтың әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көне тіршілік іздері, өмір сүру қалпы туралы сөз қозғай келе «Алаш» ұранының мән-мағынасына да тоқталады. «… Бұл рулардың ешқайсысы кез-келген қазақты жәбір көрген қандастарына қол ұшын беруге ұмтылдыратын жалпыхалықтың «Алаш» ұранынан ешқашан бас тартқан емес, тіпті бұл тұста олар өзара жауластық пен өшпенділікті ұмытып, жеке өміріне жауының тым күштілігінен туатын қатерге қарамастан «Алаш» ұранының соңына еретін болған» деп жазады.

     Осылайша, ол хан мен қарашаның бірлігін Алаша хан туралы халық аңызындағы басты тағылым – қазақтың бірлігін көксейтін «Алаш ұранын жаңа күрестің ұранына ұсынады.

     «Алаш» деп бірлік базарына шақырған ұранның маңына топтаса білген зиялылардың ой-пікірлері, ұстанған бағыты бір-бірімен үндесіп жатты. Оның «Қазақ» газетіне жетекші болғанын Алаш азаматы Х.Досмұхамедұлы 1931 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында былай баяндаған: «1913 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов ұлттық-демократиялық бағыттағы «Қазақ» газетін шығара бастады».

    Қазаққа арман болған азатыққа саяси күрес арқылы қол жеткізуді мұрат-мақсат еткен Ә.Бөкейханов бұл жолда жеңіске жетудің ең тиімді әдісі – халықтың білімін көтеріп, ұлттықсанасын ояту, дамыту деп ұғынды. Ол үшін қазақтың рухани байлығының басты арналары, қайнар көзі – тіл, әдебиет ісін насихаттау, баспасөзді дамыту керектігін алға тартты.

     1917 жылдың жазына қарай қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені ол Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша жүзенде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар саяқты қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәрежеде көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметте шешуші бағытқа ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейханновтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетінде жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым? Деген ашық хатында жан-жақты негіздеді.

    Атап айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдеді.

    Түркістан ұлттық күресінің көсемі Мұстафа Шоқай өздері қолға алған бұл күрес оңай болмайтынын және ол еңбек – әрекетсіз түпкі нәтижесіне жете алмайтынын жақсы білді. Ол ең алдымен құлдықтан азат болу жолында тұрған барлық ұлттық күштердің бір майданда бірлесе жұмыс істеуін және орыс империализмнің орын алуы себепті ұлттық болмысы хауіп-қатерге ұшырап отырған халықтардың осы майданды нығайтуы керектігін бірінші түсінген әрі мұның нәтижелілігіне сенім арту үшін осылай ету қажеттігі жөнінде мәселе көтерген ой мен істің адамы болды. 1917 жылғы революцияның алғашқы айларынан бастап ол осы мақсатын іске асыру жолындағы жұмысқа тұтасымен берілді. Украиндық, польшалық және кавказдық достарымен алғашқы байланыстар жасаған кезінде ол осы істі қолға алды. Оның жат жерде жарияланған алғашқы материалдарыерікті Конфедерациялық Одақ туралы сөз қозғайды. өзінің өлімімен аяқталған саяхаты кезінде жазылған оның соңғы мақаласы тағы да осы майданның бірлігіне жету сипатында болғандығы назар аудартады. Демек, Мұстафа Шоқай ішкі ұйымдық тұрғысынан Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын әзірлей отырып, Ресей империализміне қарсы бірлесіп күресу майданын ешқандай жағдайда да көңілінен шығармаған. Шын мәнісінде ол бұл қозғалыстар бірін-бірі толықтыра түседі деп есептеді. Сондықтан да Мұстафа Шоқайдың өлімі осынау екі жақты майданда ұзақ уақыт бойы тола қоймайтын бос қуыс болып сезіліп тұрмақ.

     Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахнасынан кетірді. Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен алаутауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды.

    Кезінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының оқу-ағарту ісінің әдебиеті мен өнерінің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер түгелге дерлік жалған жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды, ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды.

     Тек, соңғы 5-6 жылдың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенциясының халық таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта