Главная страница
Навигация по странице:

  • Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы.

  • Қазақстан индустрияландыру кезеңінде

  • 18.1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі

  • гос экх. гос экз тарих. 2. хх асырды басындаы патша кіметіні оныс аудару саясаты. Столыпинні аграрлы реформасы


    Скачать 262.46 Kb.
    Название2. хх асырды басындаы патша кіметіні оныс аудару саясаты. Столыпинні аграрлы реформасы
    Анкоргос экх
    Дата28.11.2020
    Размер262.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагос экз тарих.docx
    ТипДокументы
    #154838
    страница8 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    Ашаршылықпен күрес[өңдеу]


    «Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік. Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылды».[14].

    Тарғын уезіндегі ашаршылықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия Жәнібек кентінде орналасты. Кеңес аппаратының және партияның уездік органдарының барлық қызметкерлері дерлік ашаршылықпен күресті ұйымдастыру үшін шалғай ауылдарға жіберілді. Уезд орталығында ашыққандарға арналған 8 тегін тамақтандыру пункті жұмыс істеді, солармен іргелес қараусыз қалғандар үшін жатақхана ұйымдастырылды.[15].

    1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.[8].

    Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.

    1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Олардың тұқым сепкен алқабы 957 224 десятинаға жетті. Тұтас алғанда, барлық тұқымдық астық 1922 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда себіліп болды.[16].

    Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Балалардың тұрмысы мен өмірін жақсарту жөніндегі комиссия Ашыққандарға көмек көрсететін республикалық Орталық комиссияның балалар арасындағы аштықпен күрес жөніндегі арнаулы бөлімі болып қайта құрылды. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді.[10].

    Толық емес деректер бойынша, тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына елдің әр түрлі аудандарынан 66 790 пұт астық пен азық-түліктін басқа да түрлері, 161 567 паек, жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек, 100 пұттан астам сабын, бірнеше мың метр мата, бірнеше жүздеген пар аяқ киім, көптеген дәрі-дәрмек берілді.[17].

    Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық-түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Моңғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және 5 000 ірі қара сатып алды.[7].

    Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мәселен, Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы амбулатория берді.[18].

    Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі РКФСР Орталық Комиссиясы 1923 жылы Қазақстандағы көктемгі eгic жұмыстарының қажетіне 215 мың пұт тұқымдық астық пен жұмыс көлігін сатып алу үшін 1 441 429 сом бөлді, мемлекеттік банк арқылы жекелеген аймақтарға 690 мың сом көлемінде тиімді жағдайда несие берді.[19].Тұтынушылардың Орталық одағы арнаулы қорынан Ақтөбе, Қостанай, Орынбор және Орал губернияларының кооперативтік ұйымдарына көмек ретінде 585 мың сом бөлінді.

    Сондай-ақ республиканың тек мал өсірумен шұғылданатын және ашаршылықтан зардап шеккен аудандарына да айтарлықтай көмек көрсетілді. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға көмек көрсетілген кезде оларды шаруашылық және тұрмыстық ерекшеліктері ескерілді. Олардың қажетін толық көлемінде қанағаттандыру үшін жылжымалы тамақтандыру пункттері жұмыс істеді. Осындай әр пунктке дербес дәрігер бекітіліп берілді. Осыған қоса, медициналық қызмет көрсететін, алып жүруге қолайлы палаталық пункттер ұйымдастырылды. Мысалы, Қызыл Крест тарапынан 11 дәрігерлік-тамақтандыру отряды ұйымдастырылып, жұмыс істеді, олар ашыққан көшпелі қазақ ауылдарына қызмет көрсетті. Осы отрядтар ашыққандарға өз асханалары арқылы 2000 азық-түлік паегін бөлді, медициналық пункттері мен ауруханалары арқылы қажетті көмек көрсетті. Сонымен бірге КазАКСР-інің Ақмола және Семей губернияларының, Түркістан АКСР-інің Сырдария және Жетісу губернияларының тұрғындарына, ашаршылықтан зардап шеккен көшпелі және жартылай көшпелі аудандарға көмек ретінде 6 927 ірі мүйізді қара мен ұсақ тұяқ берілді.

    1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.

    Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды.

    16.Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.

    Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

    Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында

    Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

    Қазақстан тарихының тағылымдары үшін,брынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлт саясатын зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгін таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналды, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ — қатты қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сан деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек.. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар —«ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың парасатты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді.

        Бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы неде? оның себебі,тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлық интернационализм туы астына бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серіппесін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдап алса да, ұлттық сана-сезімді қорғау институттарын нығай-тып, дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз күй-рейтінін тарих тағы бір көрсетіп берді.

         Қазақстанның көп этносшылығы факторы ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етеді, өйткені елде тыныштық пен ұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелді. Республикада ұлттардың өзгеше талап-тілектерін зерттеу, нәсіліне, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін, азаматтарды алалудың кез-келген пошымына тиым салатын конституциялық нормаларды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі.

    Осы заманғы ұлт саясатын жүргізе отырып, мемлекет Қазақстан халқының этностық құрамын және оның жасақталу процесін ескеріп отырады, ол процесс тіпті де мамыражай болмағаны және белгілі.

    Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.      

         Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.

    Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.

    Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.

              Сонымен бір       мезгілде         сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық  салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді.    Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.
    17.Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары(1928-1940 жж.).

    Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

    Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.

    Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

    1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

    Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.

    Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.

    Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

    Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.

    Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.

    Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.

    Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.

    Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.

    Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.

    Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.

    18.1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай

    шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі

    шаруашылықтарды отырықшыландыру, ауылшаруашылық дақылдарын дайындау компаниясы).

    Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

    1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.

    Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта