Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.Қозғалыс сферасын тексеру әдістері

  • 4.Сезімталдық сферасын тексеру әдістері

  • 5. Вегетативті жүйке жүйесін тексеру әдістері

  • 6. Менингеальды симптомдарды анықтау

  • 7.Бас миы ісінуі кезіндегі шұғыл көмек

  • 8.Эпистатус кезіндегі шұғыл көмек

  • 9. Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек

  • 10.Бет жүйкесі нейропатиясының диагностикасы және емі

  • 11. Кенелік энцефалит кезіндегі медициналық көмек

  • 12.Геморрагиялық инсульт кезіндегі жедел көмек

  • 13.Ишемиялық инсульт кезіндегі жедел көмек

  • 14. Іріңді менингит кезіндегі медициналық көмек

  • 12 жұп нерв 1. Бас сүйек ми нервтерін тексеру әдістері

  • Нурсулу невро чек лист. 2 Рефлекторлы сфераны тексеру дістері


    Скачать 54.43 Kb.
    Название2 Рефлекторлы сфераны тексеру дістері
    Дата02.03.2022
    Размер54.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНурсулу невро чек лист.docx
    ТипДокументы
    #379945

    2 Рефлекторлы сфераны тексеру әдістері

    1.Тері және шырышты қабаттардағы беткей физиологиялық рефлекстерді тексеру

    Ауырту сезімін зерттеу үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты гипалгезия, аналгезия, гипералгезия бар екенін анықтады.

    Температура сезімін зерттеу үшін бір пробиркаға қызуы 40°, екінші пробиркаға 18-20° шамасында су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тексерілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты термогипестезия, термоанестезия, термогиперестезия бар екенін анықтады.

    Тактильді сезімін тексеру кезінде бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да, сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілерінің әр түрлі жерлеріне тигізеді. Сезімі бұзылмаған адам «ия, сездім» деп жауап беріп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты гипестезия, анестезия, гиперестезия бар екенін анықтады.

    2.Қолдардағы физиологиялық периостальды және сухожильді рефлекстерді тексеру.

    Екі басты бұлшықет рефлексін зерттеу үшін, екі басты бұлшықеттің сіңірінен балғашықпен ұрғанда, шынтақтың бүгілуі. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

    Үш басты бұлшықет рефлексін зерттеу үшін, үш басты бұлшықеттің сіңірінен балғашықпен ұрғанда, шынтақтың жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

    Карпо-радиальды рефлексін кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғашықпен соққанда, қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

    3.Аяқтардағы физиологиялық периостальды және сухожильді рефлекстерді тексеру..

    Тізе рефлексін зерттеу үшін тізе тобығын неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшықеттің жиырылуына байланысты аяқтың тізеден жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

    Ахилл рефлексін зерттеу үшін өкше сіңірін балғашықпен соққылағанда үш басты бұлшықеттің жиырылуына байланысты табанның керіліп жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

    4.Оральды автоматизм рефлекстерін тексеру

    Оральды автоматизм рефлекстерін зерттеу:

    Іздеу рефлексін зерттеу үшін ерін маңын тітіркендіргенде іздеу әрекетінің болуы

    Сору рефлексін зерттеу үшін неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді ақырындап соққанда ауыздың дөңгелек бұлшықетінің жиырылуы.

    5.Қолдардағы патологиялық рефлекстерді тексеру

    Қолбасы патологиялық рефлекстерін зерттеу: НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОЛ САУСАҚТАРЫНЫҢ БҮГІЛУІ БОЛАДЫ.

    Рассолимо – дәрігер саусақтарының ұшымен сырқаттың бүгулі ІІ,ІІІ,ІV,V саусақтары ұшын әлсін-әлсін соққылағанда байқалды.

    Бехтерев – сырқаттың қолының сыртқы бетінің ортасын 4-ші саусақ тұсы деңгейінде балғашықпен соққылағанда көрініс берді.

    Жуковский - сырқат алақанының орта тұсын неврологиялық балғашықпен соққылағанда байқалады.

    Якобсон-Ласк симптомы – істік тәрізді өсіндіні неврологиялық балғамен соғу арқылы белгі берді.

    6.Аяқтардағы патологиялық рефлекстерді тексеру

    Аяқ басының экстензорлық патологиялық рефлекстерін зерттеу: НӘТИЖЕСІНДЕ БАС БАШПАЙДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ БОЛАДЫ.

    Бабинский симптомы – табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болды.

    Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықтады.

    Гордон рефлексі науқастың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс берді.

    Шеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы анықтады.

    Чаддок рефлексі аяқ басының сырт бүйірін тітіркендіргенде анықтады.

    7Аяқтардағы патологиялық флексорлық рефлекстерді тексеру

    Россолимо Рефлексі- саусақ ұшымен түрткілеу

    Бехтерев І- 4 ші бақай балғамен түрту

    Бехтерев ІІ- өкшені балғамен

    Жуковский- табанның саусақтарға жақын жерін балғамен

    8 Саусақ және табан клонустарын тексеру

    Аяқ ұшының ырғақты қимылдауы

    9 Тізе буын клонустарын тексеру

    Тізе ырғақты қимылдауы-

    10 Патологиялық синкенезияларды тексеру

    Глобальды синкенезия-жалпы

    Координациялық син.- үйлестіргіш

    Иммитациялық синк-еліктеу

    3.Қозғалыс сферасын тексеру әдістері

    1.Жүрісін тексеру

    зерттелуші бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, одан кейін жұмып, алға-артқа, көлденең жүреді.

    2.Активті және пассивті қозғалысты тексеру

    Активті дәрігер айтқан қозғалысты орындау қолыңды көтер,айналдыр т,б, пассивті дәрігер өзі бүгіп жазып көреді

    3.Бұлшық ет тонусын тексеру

    пассивті қозғалыс жасау арқылы зерттеді, қол аяқ жазып бүгіп көру

    4.Бұлшықет күшін тексеру

    Науқасқа екі қолымызды барынша қысуын өтінеміз, 5баллдық жүйе бойынша баға береміз

    5.Бұлшықет трофикасын анықтау

    Науқастың екі қолын салыстырып қараймыз, сантиметрдік өлшеуішпен өлшейміз, зақымдалған жағында өлшемі аз; тері түсіне, ылғалдылығы, құрғақтылығын салыстырамыз.

    6.Ромберг сынамасын тексеру

    науқас табандарын қатарластырып, екі қолын алдына алақанымен төмен созып, әуелі көзін ашып, одан кейін жұмып тік тұрады. Ромберг сынамасына баға берді: Ромберг қалпында мишық зақымдалған жағына қарай оңға немесе солға ауытқиды.

    7.Саусақ-мұрын сынамасын тексеру

    науқас көзін ашып, одан кейін жұмып, сұқ саусағының ұшымен мұрнының ұшын табуы керек. Баға берді: интенционды тремор, гипометрия, гиперметрия бар-жоғын анықтады.

    8.Тізе-өкше сынамасын тексеру

    науқас бір аяғының өкшесімен екінші аяғының тізесін тауып, төмен қарай жіліншік бойымен аяғының ұшына дейін, одан жоғары тізесіне дейін жылжыту керек. Баға берді: өкшесін тізесіне жеткізе алмады.

    9.Диадохокинезді тексеру

    тексеру үшін науқас екі қолын алға созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды. Баға берді: қимылы бытыраңқы, баяу, қолайсыз.

    10.Дисметрияны анықтау

    бір затты тұрған жерінен алып, қайтадан орнына дәл қою қәбілетін зерттеді. Баға берді: мишық зақымдалған жағына қарай оңға не солға ауытқыды.

    4.Сезімталдық сферасын тексеру әдістері

    1.Ауырсыну сезімталдығын тексеру

    тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гипералгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.

    2.Жанасу сезімталдығын тексеру

    тексеру кезіндс дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді.

    3.Температуралық сезімталдығын тексеру

    тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тек-серілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), әйтепесе күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады.

    4.Бұлшықет-буындық сезімталдығын тексеру

    Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.

    5.Қысым сезімталдығын тексеру

    Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.

    6.Стереогностикалық сезімталдықты тексеру

    Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия дейді.

    7.Екі өлшемді кеңістіктік сезімталдығын тексеру .

    Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін.

    8.Орналасу сезімталдығын тексеру

    Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады.

    9.Тері-кинестетикалық сезімталдығын тексеру

    Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс.

    10.Салмақ сезімталдығын тексеру

    Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.

    5. Вегетативті жүйке жүйесін тексеру әдістері

    1.Жергілікті дермографизмді тексеру

    шыны таяқшаның өткірсіз ұшыменневрологиялық балғаның ұстағымен немесе шпательмен тудырылады. Дені сау адам терісін әлсін тітіркендіргенде, ақ сызық- жергілікті ақ дермографизм білінеді. Дені сау адам терісін қатты және баяу тітіркендіргенде, тар ақ шеңбермен қоршалған қызыл сызық көрінеді. Бұл жергілікті қызыл дермографизм.

    2.Даньини –Ашнер көз-жүрек рефлексі

    көзі жабық жатқан зерттелушіде ритмокардиоскоп көмегімен пульсті анықтайды. Көз алмаларын бас бармақпен әлсін басады және басуды тоқтатпай 10-15 сек. өткеннен кейін аспап көрсеткішін белгілейді.

    3.Превел клино-ортостатикалық рефлексі

    жатқан (санар алдында пациент 3-6 минут жатып алады) пациентте ритмокардиоскоп көмегімен пульс санайды. Пациенттің тұруын өтініп, 15-20 сек. кейін пульсті қайта санайды.

    4.Тері температурасының ассиметриясын тексеру

    Зертеу үшін екі пробирканы немесе басқа заттар қолданылады. Бірі жылы 40 © денгейінде, екіншісі 18-20© денгейінде болу керек, әрбір бетіне жанасқанда ол «сақын» не «жылы» деп жауап береді , екі жағына симетриялы жургізіледі

    5.Артериалдық қан қысымының ассиметриясын тексеру

    Артериалдық қан қысымын екі жақты симметриялы олшеу

    6. Менингеальды симптомдарды анықтау

    1. жату қалпы. бүйірімен жатады, қолдары бүгілген, басы артқа, аяқтары ішке қарай бүгілген; опистотонус;

    2.Психомоторлы қозу бар жоқтығын анықтадықарағанда монотонды жылау,айғайлау.

    3.Реактивті ауырсыну феномендерін анықтадыРеактивті ауырсыну феномендері- бет сүйегін перкуссиялағанда бастың ауырсынуы және беттің мимикалық бұлшықеттерінің жиырылуы, яғни ми қарыншаларының тітіркену белгісі; сыртқы есту жолы және қас асты мен иекті молотокпен ұрғанда ауырсыну және ауырсынулық гримасса;

    4.Шүйде бұлшықетінің ригидтілігінің айқындылығын анықтады. басын жоғары кеуде тесігін бүгі барысында қарсыласу;

    5.Жоғарғы Брудзинский симптомын анықтадыбасты бүккенде аяқтарын бүгу;.

    6.Ортаңғы Брудзинский симптомын анықтады.қасағаны басқанда тізе буынымен аяқты ішке қарай бүгу;

    7.Төменгі Брудзинский симптомын анықтады. Кернинг симптомын орындау барысында, екінші аяғының бүгілуі;

    8.Керниг симптомын анықтады.тізе буынын толық жаза алмау;

    9 .Бехтерев жақты симптомын анықтады.бет сүйегін перкуссиялағанда немеме молотокпен ұрғанда бастың ауырсынуы және беттің мимикалық бұлшықеттерінің жиырылуы, яғни ми қарыншаларының тітіркену белгісі;

    10.Жалпы гиперестезия бар жоғын анықтау

    7.Бас миы ісінуі кезіндегі шұғыл көмек

    1.Бас миы ісінуіне анықтама берді

    Бас ми ісінуі ми немесе жұлынның және жасушааралық кеңістікке сұйықтықтың шамадан тыс жиналуымен көрінетін,ми көлемінің ұлғаюы мен бассүйек ішіліік гипертензиямен сипатталатын патологиялық процесс.

    2.Бас миы ісінуі диагностикасының жетекші критерийлерін ажырата білді.

    Диагностикалық критерийлері:

    Прогрессирлеуші сана бұзылысы

    Өмірге маңызды органдардың (Тыныс алу,Жүрек қантамыр жүйесі)прогрессирлеуші бұзылысы.

    Айқын жалпы милық симптомдардың өршуі:өте қатты бас ауырсынуы,жүрек айну,жеңілдік әкелмейтін құсу.

    Менингеальды симптомдар

    Кейде ликворлық қысымның жоғарылауы.

    3.Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Ажыратпалы диагностика: құрысулық синдром,эпилепсия,энцефалит,инсульт жүргіземіз.

    4.Науқас балаға шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.Емінде міндетті түрде негізгі ауруды,яғни бас ми ісінуіне әкелген ауруға қарай ем жүргіземіз.

    Өкпе вентиляциясы мен гемодинамиканы қалыпқа келтіру,ТЖ,АҚҚ бақылау.

    Форсирленген диурез:20% маннитол 1-1,5г\кг\тәу; 10% альбумин 100мл;лазикс 40-80 мг в\в;

    Қанның электролиттік құрамын реттеу:К,Мg

    ГЭБ өткізгіштігін төмендету:преднизолон 60-90 мг в\в 2-3 рет\т;Дексаметазон 10-12мг в\в;

    Психомоторлы қозуда:диазепам 0,5% 2 мл в\в;дроперидол 0,25% 2-5 мл в\в

    Ноотроптар:пирацетам 20% 10мл

    5.Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    Бұл жағдайда негізгі патогенетикалық емді осмостық және ілмектік диуретиктер атқарады.

    Ілмектік Диуретиктер Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінің жуан сегментінде натрий және хлор иондарының реабсорбциясын тежейді.дереу басталатын қысқа мерзімдік диуретикалық әсер шақырады.Фуросемид айқын натрийуретикалық,хлоруретикалық әсер етеді,калий,кальций,магний иондарының шығарылуын арттырады.

    Осмостық диуретиктер судың реабсорбциясын төмендетіп,канның осмостық қысымын жоғарылатады.

    Маннитол плазманың осмолярлығын арттырады,сұйықтықтың тіннен тамыр ағымына ауысуын туындатады.Маннитолдың диуретикалық әсерінің принципі оның бүйрек шумақтарында жақсы сүзілуіне ,бүйрек өзекшелерінің саңылауында жоғары осмостық қысым туындатып және судың реабсорбциясын төмендетуге байланысты

    8.Эпистатус кезіндегі шұғыл көмек

    1.Эпистатусқа анықтама берді

    Эпистатустың генерализденген, абсанстық, фокальді түрлері болады. Бұның өмірге қауіптісі генеролизденген-Ұзақтығы 5 минуттан 30 минутқа дейін созылатын, бірінен соң бірі кезектесіп келетін немесе ұзақ бір клоника- тоникалық ұстама

    2.Эпистатустың диагностикасының жетекші критерийлерін ажырата білді.

    Аура,

    5минуттан 30 минутқа созылатын

    тоникалық-клоникалық фаза.

    Тыныс алу тоқтайды, үдемелі цианоз, ұстама соңында сфинктрлер босап сопор қалпында болады. ЭЭГ-да ұзақ пикті биопотенциялар

    3.Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Истерикалық ұстама, кардиогенді синкопе, эпилепсиялық ұстама, фебрильді құрысулар гипогликемиялық кома

    4.Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    Науқасты бір қырынан жатқызамыз, ауыз қуысын бөгде заттардан тазартамыз, тілін-ұртын-ернін шайнап алмау үшін тістерінін арасына жұмсақ зат қойып үлгереміз, клоникалық құрысу кезінде басын, аяқ-қолдарын жарақаттап алмау үшін тіреп ұстап тұрамыз

    Оксигенотерапия – маска арқылы 1/1 оттегімен қатынаста

    Медикаментозное лечение:

    ·арнайы терапия: ввести в/в 10 мг диазепама; егер 5-10 минутта құрысу басылмаса қайталама енгіземіз

    ·установление уретрального мочевого катетера.

    5.Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    Диазепам - Бензодиазепин туындысы - ОЖЖ-гі ГАМҚ-ң эндогенді тежегіш медиаторының құрамын жоғарылатуымен байланысты, қыртыс және қыртыс асты қабаттарының қозғалтқыш аймақтарының белсенділіген төмендетеді. Аминқышқылдарының ОЖЖ-не қоздырғыш әсерін азайтады.

    9. Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек

    1.миастениялық кризге анықтама берді.

    Миастениялық криз кенеттен бұлшықет әлсіздігінің жоғарылауы

    2 миастениялық криз диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

    Көздік форма: птоз, мимикалық және шайнау бұлшықет әлсіздігі

    Бульбарлы форма: Жұмсақ таңдай және жұтқыншақ функция бұзылысы,шайнау мен сойлеу әлсіздігі

    3Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Холинергиялық криз

    Миопатия ,полинейропатия

    4Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    Прозерин 10-15 мг 2-3 рет

    Атропинсіз трахея интубациясы

    Эуфилин ер.10 мг/кг

    5.Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    Прозерин- бұлшықетті жиырылтады

    10.Бет жүйкесі нейропатиясының диагностикасы және емі

    1 Бет жүйкесі нейропатиясының анықтама берді.

    Бет нерві зақымдануы нәтижесінде мимикалық бұлшықеттер салдануы

    2 Бет жүйкесі нейропатиясының диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

    бұлшықет парезінің салдарынан науқас зақымдалған жақта қабағын көтере алмайды, көзі жұмылмайды, жұмұға тырысқанда көз алмасы жоғарыға қарайды бұл -Белл феномені деп аталады, қабақтары жабылмағаннан көз алмасында ақ жолақ көрініп тұрады бұл- лагофтальм деп аталады. тістерін ақситқанда ауыз қуысы сау жаққа қарай тартылады, сұйық тағам ішкенде ауызынан сыртқа ағып кетеді.

    3 Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Үшкіл нерв невралгиясы, ОНМК, бас жарақаты, отит

    4 Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    Этиологиялық ем:

    Инфекция болса антибиотика терапия

    Ісінуге қарсы диуретик

    Лазикс, фуросемид

    10%-10 мл натрий салицилат к/т

    Преднизолон-0,005 г

    Вольтарен 3 рет күніне

    Витамин- В

    5 Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    Антибиотик

    Диуретик

    Витамин -В

    11. Кенелік энцефалит кезіндегі медициналық көмек

    1Кенелік энцефалит анықтама берді.

    Кене энцефалиті – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру.

    2 Кенелік энцефалит диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

    Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:

    әлсіз салдану

    бұлшық ет атрофиясы

    дискинезия

    интелектің төмендеуі

    кейде эпилепсия

    қызба

    3 Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Кене рикетсиозы, геморрагиялық қызба, лептоспироз, кене боррелиозы

    4 Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    Диазепам 0,5% -10 мг (2 мл)

    Метоклопрамида гидрохлорида моногидрат 5,27 мг

    Кетонал 2,0 в/м, ксефокам 8 мг),

    Парацетамол 500-1000 мг внутрь

    Преднизолон60-90 мг в/вструйно, или Дексаметазон 8-12 мг в/вструйно на 10,0мл0,9% раствора NaCL

    5 Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    12.Геморрагиялық инсульт кезіндегі жедел көмек

    1 Геморрагиялық инсульт анықтама берді.

    Бұл бас миына немесе оның сыртқы қабығына қан құйылуы. Ми мен жұлынға жарақаттанусыз қанның құйылуы.

    2 Геморрагиялық инсульт диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

    Ауру кенеттен басына соққы тигендей болып басталады да, соңынан басы қатты ауырып, құсу және лоқсу пайда болады. Аяқ – қолы қимылдамайды. Сырқат құлаған жерінде қимылсыз жатады. Беті қызарған, қан қысымы көтерілген, тамырының соғуы баяу, тынысы тарылған. Науқаста зәр мен нәжіс өздігінен шығып кету жиі кездеседі. Дене қызуы аздап көтерілуі мүмкін.

    3 Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Ми қан айналым өткінші бұзылысы, ишемиялық инсульть, бас ми ісігі, энцефалит

    4 Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    коагулянттар: венаға 10% - 10 мл хлорлы кальций, 10% - дық 2,0 мг викасол;

    Бұлшық етке 10%-дық 10 мл кальций глюконаты, тәулігіне 2 рет 1 мл рутамин, 0,02 мл рутин апта бойы күніне 2-3 рет.

    Антифибринолиздік препараттар: 20-30млн бірлік контрикал тамшы түрінде 2-4 сағ бойы,

    5 Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    13.Ишемиялық инсульт кезіндегі жедел көмек

    1 Ишемиялық инсульт анықтама берді.

    Тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.

    2 Ишемиялық инсульт диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

    -Сойлеудің бұзылысы

    -Белгісіз интенсивті бас ауру

    -Қол, аяқ қозғалысының бұзылуы

    -Бас айналу

    -Естен тану жағдайы.

    3 Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Ми қан айналым өткінші бұзылысы, геморрагиялық инсульть, бас ми ісігі, энцефалит

    4 Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    Антигипертензивные препараты: Ингибиторы АПФ -Каптоприл

    дофамин. 50-100 мг. препарата разводят 200-400 мл. изотонического раствора и вводят в\в

    Купирование судорожного синдрома: -Диазепам (реланиум) 0,15 -0,4 мг\кг в\в

    Оксигенация артериальной крови ИВЛ

    магния сульфат 25% раствор 30 мл.

    Прямые антикоагулянты: Гепарин 5000 ед. в\в струйно,

    5 Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    14. Іріңді менингит кезіндегі медициналық көмек

    1 Іріңді менингит анықтама берді.

    Ми қабықтарының бактериялы қабынуы ( стертококк, стафилококк, пневмококк )

    2 Іріңді менингит диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

    Жалпы милық симптомдар

    Ошақтық симптомдар

    Менингеалды синдромдар

    Ми, жұлын сұйықтығы өзгеруі

    3 Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.

    Біріншілік менингит, энцефалит, вирустық менингит,

    4 Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.

    Антибиотик: ампициллин цефолоспарин тобы

    Аминогликозидттер: канамицин

    Гидроцефалия алдын алу үшін: диуретик фуросемид

    Глюкокартикоид: преднизолон

    Құрысуға: диазепам

    Инфузионды терапия

    5 Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.

    12 жұп нерв

    1. Бас сүйек ми нервтерін тексеру әдістері

    1.І жұп бас ми нервтерін тексеру nervus olfactorius

    Иіс сезуін нақты әтір, спирт т.б. тұрмыста кездесетін иісті заттар арқылы әр танауын бөлек, бірін жауып екіншісін жеке-жеке тексерді. Иіс сезудің гипосмия, аносмия не гиперосмия бар екенін анықтады.

    2.II жұп бас ми нервтерін тексеру nervus opticus

    Көру өткірлігін Сивцов таблицасындағы әртүрлі мөлшерлердегі таңбаларды (әріптерді, цифраларды, балалар үшін ойыншық фигураларды т.б.) көру мүмкіндігі.Таблица үлгі бойынша 12 қатарға орналастырылған. Көру өткірлігінің төмендегенін (амблиопия) анықтады.

    Көру аумағын периметр арқылы әр көз жеке-жеке зерттеледі.Битемпоральды, биназальды,

    оң жақтық не сол жақтық гемианопсияны анықтады.

    Түрлі түстерді ажырата алуын Рабкин полихромдық кестесі арқылы зерттейді.

    Дисхромотопсия, монохромотопсия, ахромотопсияны анықтады.

    3. III, IV, VI жұп бас ми нервтерін тексеру nervus oculomotorius

    , nervus trochlearis

    nervus abducens

    Көздері мен қарашықтардың үлкен-кішілік мөлшерін және олардың теңдігінде анизокория, сол жаққа не оң жаққа қылилық бар-жоғын анықтады.

    Қарашықтың жарыққа тікелей реакциясын зерттеу үшін зерттелуші жарық жерде электр шамына не терезеге қаратып отырғызды. Дәрігер алақанымен оның көздерін бірнеше секундқа жауып, әрі қарай алма-кезек бір көзін ашып қарашықтардың жарыққа әсерлескен (кішірейген) мөлшерлерін ескеріп, екінші көзінде солай зерттеді. Миоз не мидриаз бар екенін анықтады.

    Қарашықтың сыбайлас реакциясын зерттеу үшін дәрігер зерттелушінің бір көзін алақанымен жауып, жабылмаған көзінің қарашығының мөлшерінің өзгергендігін (үлкейгендігін) есепке алады. Осыдан кейін жабылған көзін ашып тағы да алдындағы ашық көздің қарашығының енді кішірейген мөлшерін көреді. Қарашықтың сыбайлас реакциясының жойылуын анықтады.

    Көздерінің жан-жаққа қозғалуын көздің қозғалысының барлық жағына мүмкіндігі зерттеліп шектелгендерінің бағыты мен мөлшерін анықтады, нистагм болса оның бағыты, ірі не ұсақ бұлқынуы, көзқарасының горизонтальдық не вертикальдық бағытта салдануы анықтады.

    Конвергенцияны зерттеу үшін зерттелушіні көз алдындағы 40-50 см қашықтықтағы балғаға қаратады да, оны біртіндеп жаймен мұрнының қырына жақындату кезінде көздерінің ішке қарай жылжуын және қарашықтарының өзгергендігін бақылайды. Конвергенцияның әлсізденуін анықтады.

    Аккомодацияны зерттеу үшін зерттелушінің көзін шексіз алысқа қаратып, содан кейін балғаны не басқа затты алма-кезек әр көз алдына бірнеше сантиметр қашықтықта ұстап, соған тесіле қарауын талап етеді. Бұл кезде көз бұршағы арқылы, алыс-жақынды айқын көру үшін айнала көлемінің (сферасының) өзгерту уақытында аккомодация кезінде көз қарашығының кішірейгендігі көрді. Аккомодацияның әлсізденуін анықтады.

    4.V жұп бас ми нервтерін тексеру nervus trigeminus

    Үш тармақты нервтің бетке шыққан нүктелерін (f. supra-infraorbitalis және f.mentalis) пальпациялау арқылы, олардың ауыртып және ауыртпайтындығын анықтады. Үш тармақты нервтің невралгиясы кезінде бір жақты беттің ауырсынуы. Беттегі беткей сезімді нервтің тармақтары бойынша тексеру.

    Беткей сезімнің жанасуын мақта, қылқалам т.б. арқылы беттің екі жағына жанасып салыстыру арқылы анықталады. Әрбір жанасуға «сездім» деп жауап беруі керек, жанасуды сезбесе ол үндемейді.

    Ауырту сезімі үшкір заттар арқылы түйреуіштің ұшы, арнайы неврологиялық инелер, тіс шұқитын ағаш жаңқасы т.б. арқылы зерттеледі. Әрбір тиілген ұшты заттың «өткір» не «тұйық - өткір емес» деп жауап береді немес өткірлеу, тұйықтау деуі де мүмкін. Өткір заттарды сезбесе үндемейді. Кейде өткір сезілген жерді «көрсетіңіз» деп те пысықталады.

    Температуралық сезімін зерттеу үшін екі пробирка не басқа заттар қолданылады, бірі жылы 40º деңгейінде, екіншісі 18-20º деңгейде болу керек. Бетіне әрбір жанасқанда ол «салқын» не «жылы» деп жауап беріп отырады

    Беттегі меншікті сезімді тексеру зерттеу үшін дәрігер саусағымен зерттелушінің бетін басып-қысады. Қалыпты кезде ол жанасып қысқандығын сезеді де «басып тұр», «қысты» деп айтып отырады.

    Кинестетикалық сезімін зерттеу үшін дәрігер бет терісін саусақтарымен жоғары-төмен және оң-сол жақтарына ығыстырады. Қалыпты кезде ол бағытын дұрыс анықтайды.

    Вибрациялық сезімін дірілдеген камертон арқылы бет, жақ сүйектеріне тақап анықтайды.

    5.VII жұп бас ми нервтерін тексеру

    nervus facialis

    Пациенттен қастарын көтеру арқылы қозғалыс әрекеттерді орындау кезіндегі қимылдардың бұзылғандығы бақылады. Маңдай қатпарының зақымдалған бет бөлігінде тегістелуін анықтады.

    Қабағын түюін сұрап қозғалыс әрекеттерді орындау кезіндегі қимылдардың бұзылғандығы бақылайды. Қабақ түю кезінде зақымдалған бет бөлігінде тегістелуін анықтады.

    Көздерін қатты жұмуын талап етіп, зерттеуші оны ашу арқылы, қабағының күшін байқап, лагофтальм бар-жоғын анықтады. Зақымдалған бет бөлігінде көзді жұма алмауын (лагофтальм) анықтады.

    Ұрттарын томпайтуын сұрау арқылы, аузында ауаны ұстап тұру қабілетін анықтады. Зақымдалған бет бөлігінде ауаны ұстап тұра алмағандығын анықтады.

    Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуін анықтау үшін зерттелушіге қант және тұз ертінділерін тілдің ұшының оң және сол жағына жеке-жеке тамызып зерттеді. Бет нервісінің зақымдалғанда тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуі жойылды.

    6.VIII жұп бас ми нервтерін тексеру nervus vestibulocochlearis

    Құлақтарының есту қабілетін зерттеу үшін сыбырланған сөздерді қандай қашықтан еститінін анықтайды (қалыпты кезде 6 метр). Әр құлақ жеке жеке зерттеді.Тексеру барысында дауысты «о» және дауыссыз «м», «н», «р», «в» дыбыстары аралас сөздер қолданды. Бет нервісінің зақымдануынан гиперакузияны анықтады.

    7. IX жұп бас ми нервтерін тексеру

    nervus glossopharyngeus

    Жұту және жұтыну әрекетін «жұтынуыңыз қалай», «жұтыну кезінде қиындық болмай ма» деген сұрақтар қою арөылы зерттеді Жұмсақ таңдай әлсізденсе, жұтылған тамақ мұрнына өтеді.

    Фонацияны аурумен сұхбаттасу кезінде дауысының үні мен әуеніне, тембріне көңіл аударып сипаттамама жасады. (Дауысының үні қалыпты немесе Жұмсақ таңдайы салбыраса үні мыңқылдап-мұрнынан сөйлейді. Дыбыс жалғамасының иннарвациясы әлсіресе немесе екі жағы бірдей зақымдалса дауысы әлсірейді не үнсізденеді)

    Көмей рефлексін зерттеде шпательді оң және сол жақ жұтқынқыншағына жанастырған кезде қалыпты жағдайда ол лоқсиды кейде жөтеледі.

    Жұмсақ таңдай қозғалысын зерттеу үшін жұмсақ таңдайға штапель тигізгенде жұмсақ таңдай көтеріледі,

    Тілдің артқы бөлігінің дәм сезуін зерттеу үшін тіл түбіріне қышқылды, ащы заттарды тамызды және гипогевзия, агевзия, гипергевзия немесе қалыпты екендігіне баға берді

    8.X жұп бас ми нервтерін тексеру nervus vagus

    Басты жан-жаққа бұруды «басыңызды оңға бұрыңыз», «басыңызды солға бұрыңыз» деп сұрады. Бұлшық еттердің трофикасына, тонусына, фибрилярлық және фасцикулярлық бұлқыныстарының бар-жоғы ескеріледі де бұлшық еттері пальпацияланады.

    9.XI n. accessorius

    Қолдары мен иығын жоғары көтеріп, жауырындарын біріне-бірін жақындатуын талап етті. Бұлшық еттерінің әлсіздігін (парезін) білу үшін әлгі қозғалыстар кезінде қарсы әрекеттер жасалынып, күші 5 баллдық жүйемен бағалады.

    10.XII жұп бас ми нервтеnervus hypoglossus

    Тілін сыртқа шығаруын және оның қозғалысын, трофикасын зерттеді. Зерттелуші аузын ашып, тілін шығарған кезінде оның трофикасы мен екі жағының симметриялылығын және фибрилярлық не фасцикулярлық бұлқынуларының бар жоғын бақылағаннан кейін, тілдің барлық бағытта қозғалысын зерттеді. Сөйлеген сөзіне, аузындағы тағамдарды шайнап жұтуының ақаулануларының бар-жоғына көңіл аударды.


    написать администратору сайта