Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница30 из 139
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   139

Бала 6,5 жаста. Профилактикалық қарау кезінде төменгі ерінін тістеу жаман әдеті барлығы анықталды. Дәрігердің қолданатын шарасы:


1-ші диспансерлік топқа алу

Дәрігер-ортодонттың көмегінің қажеті жоқ

+2-ші диспансерлік топқа алу

3-ші диспансерлік топқа алу

Төменгі жақтың өсуін тездету

***

Бала 7 жаста Аузын сауықтырған соң мектеп стоматологымен бағытталған. Сырт қарағанда аздаған беттің асимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: аралас тістесудің бірінші жартысы, бүйір аймақта аздаған кері жабылу бар.

Науқасты жүргізу тактикасы қандай:

+Уақытша молярлардың төмпешіктерін егеу

Қисық тартпасы бар иектік сақпан

Жоғарғы тіс қатарын кейту

Жағымсыз әдеттерді жою

ЛОР-дәрігердің кеңесі

***

Бала 7 жаста, прогениялық тістесу бойынша дәрігер- ортодонтта емделген. жарты жыл бұрын Брюкль аппарат орнатылған. Бір айдың ішінде алдыңғы тістерінің арасында вертикалды тесіктің пайда болуына шағым айтады. Объективті: фронталды тістерінің арасындағы вертикалды тесіе- 4 мм. Окклюзия кілті бүйір бөлігінде қалпына келтірілген. Осы пациентті емдеудегі дәрігердің қатесін көрсетіңіз:

Аппарат дұрыс таңдалмаған

Аппараттың ұзақ уақыт қолданылуы

+Аппараттың еңкіш жазықтыққа дәл келмеуі

Аппараттың тым жиі белсендірілуі

Вертикалды саңылаудың болуы-қалыпты

***
Бала 7 жаста. 11және 21 тістері таңдай жаққа қарай орналасқан. Бірінші азу тістердің қатынасы қалыпты жағдайда. Жоғарғы фронтальды тістер төменгі тістерді сауыттың 1/3биіктігіне жауып тұрады. Аппаратты таңдаңыз:
Катц сауыты

Курляндский сауыты

+Алынатын пластиналы аппарат 11 және 21 тістерге протракторымен

Бүйір бөлігінде окклюзионды жапсырмасы бар алынбалы пластиналы аппарат 11және 21 тістерге протракторымен

Энгльдің стационарлы аппараты

***

Бала 7 жаста. Бірінші тұрақты азу тістерінің қатынасы Энгльдің 1 классы бойынша. Алдыңғы тістердің протрузиясы. Олардың арасында тремалар, диастема. Аппаратты атаңыз:


Эйнсворт аппараты

Шварцтың иілмелі доғасы бар аппараты

Лури аппараты

Айзенберг аппараты

+Энгльдің жылжымалы аппараты

***

Бала 7 жаста. Даун ауруымен ауырғандықтан дәрігер невропатологтың тіркеуінде тұр. Қарап тексергенде: тілі ұлғайған, ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған. Тілдің артқы бөлігінде майда жүлгесі бар, ортаңғы бөлігінде терең қатпар байқалады. Сипап тексеру кезінде ауру сезімсіз. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы нашар. Сіздің ақыл кеңесіңіз:

Аппликациялық жансыздандыру, қабынуға қарсы терапия

Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар

+Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, кератопластикалық препараттар

Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы препараттар

Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар

***
Бала 7 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінде тісінің дұрыс орналасуына шағымданады. Тексеріп қарағанда 21 тіс таңдай жақта орналасқан, жақ сүйегінде орын жеткілікті, бүйірдегі тістердің түйісуі нормада деп айтуға болады. 21 тіс кері тістемеде тұр.
Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім болып табылады.

Шварц табақшасы

Қиялай жатығы бар Катц табақшасы

+Алға итергіш серппесі бар, үстемесі бар табақша

Телебаева аппараты

Қолтәріздес элементті бар Кальвелис табақшасы

***
Бала 7 жаста. Қарау кезінде 3.6 тісте терең кариесті қуыс анықталды. Сауыттық ұлпа некрозға ұшыраған, түбір өзектерін зондпен тексергенде ауырсыну бар. R-суретте: түбірлердің ¾ бөлігі қалыптасқан, сүйектің ыдырау ошақтарының шекарасы екі түбірде де айқын емес. Алғашқы диагноз қойыңыз:
созылмалы гранулематозды периодонтит

созылмалы фиброзды периодонтит

+созылмалы грануляциялық периодонтит

созылмалы гангренозды пульпит

созылмалы фиброзды пульпит

***

Бала 7 жаста. Оториноларинголог тексергеннен кейін, мұрын жолдарының бұзылысы анықталды. Қандй алдын алу шараларын жүргізу қажет:


+мұрын жұтқыншақты емдеу

алынбалы протезді жасауа

ауыз қуысының санациясы

миотерапия

пластинка жасау

***

Бала 7 жаста. Тексеріп қарағанда бет белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында 11, 21 тістердің арасында бостық бар. Жақ сүйектерінің қатынасы дұрыс.


Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім

болып табылады.

І типті Бальтерс аппараты

Телебаева аппараты

Эйнсфорт аппараты

+ілгелі бар, қолтәріздес қансырмасы бар табақша

Кеңейткіш бұрандасы бар табақша

***

Бала 7 жаста. Төменгі ерні алға шығыңқы. Төменгі алдыңғы тістер протрузия жағдайында, диастема және тремалар. Сагиттальды күрек тісаралық саңылау 3 мм, бүйір тістер қалыпты жымдасады. Алғашқы диагнозды болжаңыз:

Жеңіл дәрежелі прогениялық тістесу

Шынайы прогения

Мәжбүрлі прогениялық тістесу

+Фронтальды прогения

Жоғарғы жақтың микрогнатиясы

***

Бала 7 жаста. Төменгі жақтын сол бөлігі ауырады. Жалпы жағдайы орташа. Дене қызуы 39 градус. Бала әлсіз. Тері жамылғысы бозғылт. Жергілікті: сол жақ ұрт, төменгі жақ асты жұмсақ тіндері ісінген, беті ассиметриялы. Пальпация кезінде инфильтрат аурушан, шекарасы айқын емес. Ауыз қуысында 75 тіс 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия оң. Шырышты қабығы қызарған, вестибулярлы және тіл беті ісінген, альвеолярлы өсінді муфта тәріздес жуандаған. Алғашқы диагноз:

+жедел одонтогенді диффузды остеомиелит

жедел іріңді периостит

одонтогенді флегмона

аденофлегмона

жедел іріңді сиалоденит

***

Бала 7 жаста. Төменгі жақтың оң бөлігі ісінген және ауырсынады. Дене қызуы 37,5 С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті: оң жақ ұрттың ісінуі әсерінен беті ассиметриялы, ісіну шекарасы айқын емес, жұмсақ консистенциялы, аурушан, терінің түсі өзгермеген. 85 тіс 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия оң. Патологиялық қозғалғыштық бірінші дәрежелі. Өтпелі қатпары тегістелген, қызарған, аурушан. Емдеу тактикасы:

тісті жұлу, антибактериальді ем

іріңдікті ашу, остеоперфорация , сүйек ішілік лаваж

+тісті жұлу, периостеотомия

іріңдікті ашу, антибактериальді ем

антибактериальді ем, қабынуға қарсы ем, физиоемдеу

***
Бала 7 жаста. Шағымы: сол жақасты аймағында ауырсыну мен ісінуіне, жұтыну кезінде ауырсынуына, әлсіздікке, сырқаттануына. Объективті: сол жақасты аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақты 6,0х4,0 см инфильтрат бар, оның үстіндегі тері қызарған, ісінген, ширыққан. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы 2 см дейін шектелген. 75 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынады. Сол қанат тәрізді-төменгі жақасты қатпары қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
Жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы

Жақасты, иекасты аймағының одонтогенді флегмонасы

Жақасты, ұрттық аймағының одонтогенді флегмонасы

Қанат тәрізді-төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы

+Жақасты, қанат тәрізді-төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы

***

Бала 7 жаста. Шағымы: сөйлеудің, тағамды тістеудің бұзылысы. Тістесуді қараған кезде күрек тістер арасында 5 мм вертикальды саңылау анықталды, барлық қалған тістер қалыпты жымдасады. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз:

І типті Френкельдің қызметін реттеуші

Жоғарғы және төменгі тіс қатарына Энгльдің стационарлы аппараты және жақаралық күш

Жоғарғы және төменгі тіс қатарына Энгльдің серіппелі аппараты және жақаралық күш

Жоғарғы және төменгі тіс қатарына Энгльдің жылжымалы аппараты және жақаралық күш

+Жоғарғы және төменгі күрек тістерге ілмектері бар каппа және жақаралық күш

***
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   139


написать администратору сайта