Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница31 из 139
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139

Бала 7 жаста. Шешесі эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде тіл үзбесі қысқа. Бұл патология қандай тіс қатарының өзгеруіне әкелуі мүмкін:


+төменгінің қысқаруы

жоғарғының қысқаруы

төменгінің кеңеюі

жоғарғының тарылуы

төменгінің тарылуы

***
Бала 8 жаста. Сырт қарағанда иектің алдыға шығуы, беттің төменгі бөлігінің қысқаруы байқалады. Ауыз қуысында: тіс формуласы жасына сәйкес келеді, төменгі алдыңғы тістер алдыға иілген, олардың арасында трема. 1.6, 2.6 тістердің бүйір бөлімінде алдыңғы ұрт бұдырлары 4.6, 3,6 тістердің дистальды ұрт бұдырымен, олардан латеральды орналасып түйіседі. Бала алдыңғы тістерін жиектік түйісуде қоя алады. Берілген аномалияға қандай ортодонтиялық аппаратты қолданған жөн:
+Шварц каппасы

Катц пластинкасы

Мюлемен пропульсоры

Энгель доғасы

Башаров аппараты

***
Бала 8 жаста, кеше тісін жарақаттаған. Қарау кезінде: 2.1 тіс сауытының ¼ бөлігі қиғаштана сынып, ұлпасы ашылған, зондпен қарағанда ауырады, перкуссия ауырмайды, кілегей қабаты ашық қызғылт түсті рентгенде: тіс түбірі сынбаған. Емдеу әдісін таңдаңыз:
девитальды пульпотомия

+витальды пульпотомия

девитальды пульпоэктомия

витальды пульпоэктомия

биологиялық әдіс

***
Бала 8 жаста. Анамнезінен: 65 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: жоғарғы сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 65 тістің сауыты 1/2 бұзылған, перкуссия ауырсынады. Тістің айналасындағы кілегей қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. 65 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:
Тіке қысқаш

Тіке элеватор

Құстұмсық қосылатын қысқаш

Құстұмсық қосылмайтын қысқаш

+S-тәрізді иілген қысқаш

***

Бала 8 жаста. Қос иек, құс бет. Жоғарғы фронтальды тістердің протрузиясы, уақытша бүйір тістердің төмпешіктері қажалған, молярлар 2 класс бойынша жымдасады. Готикалық таңдай. Тісжақ жүйесінің рентгенологиялық жағдайы қалыпты. Алғашқы диагнозды болжаңыз:

Айқасқан тістесу

Мезиальды тістесу

+Дистальды тістесу

Ашық тістесу

Терең тістесу

***

Бала 8 жаста. Құлақ маңы ісінген. Анамнез: құлақ маңы бірінші бір жағы ісінген, ал 4 күннен кейін екінші жағы ісінген. Қарау кезінде құлақ маңы сілекей бездері ұлғайуы анықталады. Бездер тығыз эластикалық консистенциялы, ауырсынады. Өзектен бұлдыр сілекей бөлінеді. Емдеу жоспары:

іріңдікті ашу, антибактериальді ем

сілекей жолын кеңейтіп, жуу, антибактериальді,қабынуға қарсы ем

безді алып тастау

+инфекциялық аурухана жағдайында емдеу

антибактериальді,қабынуға қарсы ем, физиоемдеу

***
Бала 8 жаста. Тексеріп қарағанда бет белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында асқынған тіс жегісінің салдарынан 75, 85 тістері жұлынған, тістері жоқ. 11, 21 тістердің арасында 4 мм тең бос орын бар. 36, 46 тістер орнынан жылжымаған. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.
Екіншілік адентия.

Ортогнатия

Ашық тістем, зиянды әдет

+Диастема

Протрузия

***
Бала 8,5 жаста, ата-анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Ауыз қуысында: жоғарғы күрек тістер желпуіш тәрізді орналасқан, олардың арасында диастема мен тремалар, жоғарғы күрек тістері төменгі ерінмен түйіскен. Анамнезінде, баланың аузы үнемі ашық жүретіндігі анықталды.
Төмендегі көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

+Тыныс алу

Жұтыну

Шайнау

Тістеу

АІЖ функциясының бұзылуы

***
Бала 8,5 жаста, ауыз қуысын сауықтырған соң дәрігер ортодонтқа бағытталды. Сырт қарағанда профилі дөңе* Тістер қатарын түйістіргенде жоғарғы тістері төменгі ерінде орналасады. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 4 мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен түйіседі.
Төменде аталған қандай ортодонтиялық аппараттарды тағайындау ең лайықты?

+Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының І түрі

Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының III түрі

Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының ІV түрі

Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының V түрі

Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының IІ түрі

***
Бала 8.5 жастa Ауыз қуысының санациясынан кейін дәрігер ортодонтқа ақыл кеңеске жіберілген. Қарап тексергенде: бет әлпеті бүйірінен қарағанда шығыңқы. Ауыз қуысында: тіс қатарын түйістіруде жоғарғы тіс төменгі ерін үстінде жатыр. Жоғарғы және төменгі алдыңғы күрек тістер арасындағы сагиттальды саңылау 4мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен түйіседі. Бірінші тұрақты үлкен азу тістер Энгльдың ІІ классымен түйіседі. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасы оң.
Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттың ЕҢ тиімдісі:

+Френкельдің І ші қызметті реттеуші І түрі

Френкельдің І ші қызметті реттеуші ІІ түрі

Френкельдің І ші қызметті реттеуші ІІІ түрі

Френкельдің І ші қызметті реттеуші ІҮ түрі

Френкельдің І ші қызметті реттеуші Ү түрі

***
Бала 9 жаста. Тіс қатарларының қатынасын үйреншікті окклюзия бойынша бағалағанда бірінші жоғарғы үлкен азу тістің мезиальды-ұртты төмпешігінің антогонист тістің бірінші көлденең сайына қарағанда дистальды орналасқанын көрсеткен (Энгль бойынша III класс).
Төменде келтірілген функционалды сынамалардың қайсысын тістесу аномалияларының клиникалық формаларының дифференциальды диагностикасын жүргізу үшін қолданған ең лайықты?

Төменгі жақ сүйегін алдыға жылжыту

Ауызды кеңінен ашу

+Төменгі жақ сүйегін артқа жылжыту

Төменгі жақ сүйегін оңға жылжыту

Төменгі жақ сүйегін солға жылжыту

***

Бала 9 жаста 5.4, 6.5 тістерін жұлуға көрсеткіш. Тісті жұлу үшін S-тәрізді щипцы таңдалды. Бұл тәсіл дұрыс па және неге?

+Дұрыс, осы қысқаш уақытша тістерді жұлғанда қолданылады

Дұрыс емес, S- тәрізді қысқаш шиппен қажет

Дұрыс, осы қысқаш кіші азу тістерді жұлғанда қолданылады

Дұрыс емес, тура қысқаш қажет

Дұрыс емес, бүйір элеваторлар қажет

***

Бала 9 жаста Кешенді зерттеудің негізінде диагноз қойылды: тістер қатарларының дизокклюзиясы. Тексергенде: жұтынғанда, сөйлегенде және физиологиялық тыныштықта тіл алдыңғы тістердің арасында орналасқан.

Аталған емдеу жоспарының қайсысы лайықты:

Төменгі жаққа кейтетін бұрандасы бар табақша

Жоғарғы жаққа кейтетін бұрандасы бар табақша

Бүйір аймақта окклюзиялық жапсырмасы бар және жоғарғы жаққа тілге арналған істігі бар табақша

+Бүйір аймақта окклюзиялық жапсырмасы бар және жоғарғы жаққа тілге істігі бар табақша

Аталған конструкцияның ешқайсысы

***
Бала 9 жаста, мектеп тіс дәрігерімен ортодонтқа жіберілген. Объективті: бет-әлпеті симметриялы, ауызбен тыныс алу, ауыздың айналма бұлшық еті әлсіз, жоғарғы күрек тістер төменгі ерінде орналасқан, профилі дөңе* Ауыз қуысында: жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің протрузиясы, сагиттальды саңылау – 3-4мм.
Персиннің жіктемесі бойынша төменде аталған болжамды диагноздың қайсысы ЕҢ ықтималды?

+Сагиттальды күрек тістік дизокклюзия

Вертикальды күрек тістік дизокклюзия

Вертикальды күрек тістік окклюзия

Сагиттальды күрек тістік окклюзия

Терең күрек тістік окклюзия

***

Бала 9 жаста, тағамды қиналып тістеуіне шағымданады. Ауыз қуысында алдыңғы тістер жайылып және вестибулярлы орналасқан. Жоғарғы тіс қатары V-тәрізді тарылған, таңдай готикалық, алдыңғы тістерінің арасында сагиттальды саңылау 4 мм бүйір тістері қалыпты жағдайд*

Ильина-Маркосян жіктемесі бойынша төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

+Фронтальды прогнатия

Шынайы прогнатия

Жалған прогнатия

Прогнатия

Дистальды тістем

***
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139


написать администратору сайта