Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница38 из 139
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   139

Дәнекерлеу үшін нені пайдаланады:


Қышқылды

Сілтіні

+Натрийдің тетра буратын

Мырыш тотығын

Магний тотығын

***

Дәрігер 37 тісті жұлу үшін қолданатын жансыздандыру түрі мен жансызданатын жүйкелер:


инфилтрациялы, мұрын таңдайлық, таңдай жүйкелері

+мандибулярлы, ұрттық, төменгі жақ ұяшығы, тіл жүйкелері

Берше Дубова, шайнау, терең самай жүйкелері

Вейсблат бойынша, терең тіласты жүйкелері

торусальді, жоғарғы артқы альвеоларлы жүйкелері

***
Дәрігер 47-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың сұқ саусағын тістің тұсындағы ұяшықты өсіндінің ұрт жағына, бас бармағын тіл жағынан қысып, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте ұстады Көлденең жазықтықтағы қысқышты тіске салып, бекіткен соң тілге қарай қозғады. Жұлу барысында түбірлері сынып кетті Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады:
Ротация жасау керек еді

Қысқыш дұрыс таңдалмады

Дәрігер дұрыс тұрған жоқ

+Алғашқы қимыл тіл жаққа жасалуы керек еді

Сол қолдың саусақтары дұрыс орналаспады

***

Дәрігер 7 жастағы баланың, сауыты толық бұзылған 7.4 тісін ұлпа қабынуы бойынша емдеуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, мандибулярлы жансыздандыруды қолдану жоспарлануда. Балаға мандибулярлы жансыздандыру жасағанда иненің енетін жерін көрсетіңіз:

Жоғарғы азу тістердің шайнау беті деңгейінде қанатша-жақ қатпарының шырышты қабатына

Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды

Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды

+Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды, төменгі азу тістердің шайнау беті деңгейінде

Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды, жоғарғы және төменгі азу тістердің ортасынан

***
Дәрігер сілекей безінің ауырғанына шағымданып келген науқас әйелде созылмалы сиалоаденит бар ма деген күдікпен оны тексере бастады Жедел сиаладенит жедел лимфадениттен қандай басты клиникалық белгі арқылы анықталады:
Осы жерді басқанда ауыру және гипосаливация

Сілекей өзегі бойында қатты сіңбенің болуы

Дене қызуының көтерілуі мен ауру сезім

Терінің түсінің көкшіл тартып өзгеруі мен гипосаливация

+Сілекей безінің өзегінен лайлы немесе ірің аралас сілекейдің бөлінуі

***
Дәрігер стоматологқа жасы 24 -тегі жігіт аузының ішінің қатты ашып ауыратынына, ас қабылдау мүмкіндігі жоқтығына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына (галитоз), дене қызуының көтерілгеніне шағымданып келді. Екі апта бұрын жоғары тыныс жолдары инфекциясымен ауырған. Дәрігерге көрінбеген, халықаралық жүк таситын машинаның жүргізушісі. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ азу тістері аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпардың және ұрттың кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан, қоңыр-сұр, сұр -жасылдау түсті өліетті қақпен жабылған. Қақты ептеп алып байқағанда астында эрозиялы-жаралы ошақтар анықталады. Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысына осы клиникалық көрініс неғұрлым сай келеді:
Қызылиектің жаралана қабынуы

+Қызылиек-ауыздың өлеттеніп жаралана қабынуы

Пародонттың жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

Ауыздың жедел герпестік қабынуы

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы

***
Дәрігер тіс салдыру үшін келген ер кісінің төменгі жақсүйегінің тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша ІІІ- класс деген нақтам қойылды Ұяшықты өсіндінің семуі орта дәрежелі Осы науқас үшін қандай имплантат салуға болады:
Субмукоздық

+Эндоосттық

Субпериостық

Трансмандибулалық

Эндонто-эндооссттық

***

Дәрігер тістерді жұлу үшін анағұрлым қолданылатын жансыздандыру әдісі:

аппликациялық жансыздандыру (лидокаин, новокаин, ультрокаин және т.б.)

обтурациялық жансыздандыру

+өткізгіштік жансыздандыру

паранефральды жансыздандыру

бифокальды жансыздандыру

***
Дәрігер хирург стоматологқа 26 жасар ер кісі жоғарғы оң жақ тісінде бірнеше ай бойы ауру сезіміне шағымданып келді.Альвеолярлы өсіндіні қарап тексергенде 12 тіс маңында өтпелі қатпарда жылан көз анықталды, жылан көзден бөлінді бөлінбейді , 12 тіс пломба астында, тісті қағып тексергенде аздап ауырады. Шырышты қабат ақшыл қызғылт.
Болжам нақтама қойыңыз:

созылмалы фиброзный периодонтит

+созылмалы гранулденген периодонтит

созылмалы гранулематозды периодонтит

созылмалы фиброзный периодонтит өршуі

созылмалы гранулематозды периодонтит өршуі

***
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   139


написать администратору сайта