Главная страница
Навигация по странице:

  • 36.Регенерациялық процестің морфогенезі,пролиферация және жетілу фазалары,олардың сипаттамасы.

  • 37.Регенерация түрлері: физиологиялық;репаративтік;патологиялық.Толық және жартылай регенерация.Регенаерациялық гипертрофия.Олардың морфологиялық өзгерістері.

  • 38.Жеке ағзалар және тіндер регенерациясы.Қан жүйесінің, қан тамырларының, дәнекер тіннің , май ,шеміршек,сүйек ,бұлшықет тінінің және эпителий регенерациясы.

  • 39.Бауырдың,ұйқы безінің,бүйректің,ішкі секреция безінің,өкпенің, миокардтың,бпм миының жіне жұлынның,шеттік нервтердің регенерациясы

  • 40. Меланин түзуші жүйенің қатерсіз және қатерлі ісіктері.Невус,меланома.

  • 3 ДЕҢГЕЙ. 3 дегей паренхималы дистрофия кезінде мшелерде болатын морфологиялы згерістер


    Скачать 316.48 Kb.
    Название3 дегей паренхималы дистрофия кезінде мшелерде болатын морфологиялы згерістер
    Дата18.02.2023
    Размер316.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 ДЕҢГЕЙ.docx
    ТипДокументы
    #943822
    страница19 из 21
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

    35.Орын толтыру және бейімделудің кезеңді өтуі . Қалыптасу апат, беку компенсация және зорығу декомпенсация сатылары. Олардың морфологиялық сипаттамасы

    компенсация дегеніміз дененің жасуша дан бастап организмге дейінгі бүкіл қызметтік жүйелерінің үйлесімді жұмысының көрініс-бейнесі, организм тіршілігінің жаңаруы мен дамуының, қоршаған орта əсеріне тоқтаусыз бейімделіп отыруы. И. В. Давыдовский компенсация үдерісінің дамуын компенсация, субкомпенсация жəне декомпенсация кезеңдеріне бөледі. Бірінші кезеңді Ф.3. Меерсон «апат» кезеңі деп атаса, екінші кезеңді А.И. Струков компенсацияның «беку» кезеңі деп атағанды жөн көреді. Бұл түсініктер морфологиялық деңгейде бір-біріне қайшы емес. Сонымен, компенсация кезеңі организм зақымдаушы əсерлермен алғашқы кездескенде пайда болады. Ол əсер өте күшті болса (мысалы организм уланғанда) компенса ция үдерістері жеткілікті түрде өрістей алмай, организм мерт болады, егер осы реакциялар толық дамыған жағдайда организм өз қызметін бүтіндей не ішінара қайта қалпына келтіреді, яғни компенсация толық аяқталған немесе «уақытша» болады. Бұл кезеңді субкомпенсация кезеңі деп атайды. Мысалы: гипертония ауруының компенсация кезеңінде алғашында жүректің сол қарыншасының қабырғасы калыңдайды, кейін оның камерасы (қуысы) созылып кеңиді, ал субкомпенсация кезеңіңде сол қарынша көлденеңіне жəне жан-жағына қарай кеңіп кетеді, яғни жүректің тоногенді (тонустық) кеңеюі, миогендік (бұлшықеттік) кеңеюмен алмасады. Бірақ компенсацияны толық сауығып кету деп қарауға болмайды, ол белгілі бір мерзімге дейін ғана созылатын жағдай. Ерте ме, кеш пе компенсация үдерістері əлсіреп, декомпенсация кезеңі басталады. Декомпенсация кезеңінде жүректің барлық бөлімдері кеңейіп жүрек қақпақтарынын фиброзды сақинасы əлсіреп, олардың жетіспеушілігі қосыла дамиды. Жалпы гипоксия жағдайына байланысты жүректің өзінде көптеген майда некроз ошақтары, майлы дистрофия, кардиосклероз үдерістері көрінеді. Олар клиникада цианоз, жалпы ісіну, ентігу құбылыстарымен бейнеленеді. Ауруға шалдыққан ағзалардың əбден титықтап, істен шығуы (декомпенсациясы) созылмалы аурулар тудыратын өлімнің негізгі себебі болады.

    36.Регенерациялық процестің морфогенезі,пролиферация және жетілу фазалары,олардың сипаттамасы.

    Регенерация (латынша – regeneratio – қайтатуу, жаңару) депзақымданудан кейін немесе өмір сүруі тоқтаған, жасушалардың тін элементтерінің, ағза қызметінің жаңарып, қайта қалпына келуін атайды. Көптеген бейімделу реакцияларының негізінде регенерация жатады. Организмде жүріп жатқан əр түрлі патологиялық үдерістер ағза қызметінің бұзылуымен, тіндер мен жасушалардың кұрылымдық өзгерістерімен сипатталады. Осы өзгерген немесе жойылған құрылымдар өз қалпына келгенде ғана, ағза қызметі қоршаған орта талаптарына сай жауап қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.

    Регенерация үдерісінің морфогенезі: пролиферация (көбею) жəне дифференциация (жетілу) кезеңдерін қамтиды. Бірінші кезеңде жас, əлі толық жетілмеген жасушалар саны көбейеді, ал екінші кезеңде олар белгілі бір бағытта жетіліп, сол жердегі жасушалардың орнын басады. Регенерация көбінесе қабыну үдерісімен байланысты болғандықтан, оның толық аяқталуы үшін жасушалар арасындағы қарым-қатынастардың, əсіресе өсу факторларының орны ерекше. Регенерация нəтижесінде жасушалар санының көбеюі белгілі мөлшерге дейін ғана жетеді де, одан соң пролиферация тоқтайды. Бұл үдерістің бірден-бір себебі жаңа пайда болған жасушалардың бір-бірімен түйісуі нəтижесінде дамитын “түйісу (контакт) ингибициясы” феномені. Қабыну аймағында пайда болған дəнекер тін элементтері (коллаген, глюкозамингликандар, фибронектин жəне т.б.) жасушасыртылық (экстрацеллюлярлық) матриксін түзеді. Бұл үдеріс макрофагтар мен фибробластар арасындағы өзара қарым-қатынаспен анықталады. Осы жерде артық мөлшерде пайда болған коллаген талшықтарын макрофагтар ыдыратып жояды. Сонымен қатар, макрофагтар медиаторлары – монокиндер лимфоциттерді белсендіреді, олар өз кезегінде фибробластардың өсу факторын бөліп шығарады, коллаген түзілуін күшейтеді. Фибробласттар бөліп шығаратын фиброкиндер макрофагтарға екі жақты əсер етеді: алғашқыда макрофагтардың өсу факторын бөліп шығарып, олардың қабыну аймағында көбеюіне ықпал жасаса, соңында макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор бөліп шығарады. Регенерацияның соңғы, аяқталу кезеңінде паренхима мен строма арасындағы қарым-қатынастың маңызы зор. Жасушалар айналасындағы заттың (перицеллюлярлы матрикстің) пайда болуында фибронектиннің (жоғары молекулалы гликопротеидтің) орны ерекше. Оны фибробласттар, макрофагтар, лимфоциттер бөліп шығарып, эпителий регенерациясына жан-жақты əсер етеді. Өз кезегінде эпителий жасушалары коллагенеза ферменттін бөлу арқылы дəнекер тін пайда болуын реттеп отырады. Осылайша жасушалардың өзара əсерлесуі нəтижесінде регенерация үдерісі толық аяқталады.

    37.Регенерация түрлері: физиологиялық;репаративтік;патологиялық.Толық және жартылай регенерация.Регенаерациялық гипертрофия.Олардың морфологиялық өзгерістері.

    Регенерацияның 1) физиологиялық; 2) репаративтік; 3) патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық регенарация ешбір сыртқы əсерсіз қалыпты жағдайда үздіксіз өтіп жатады. Физиологиялық регенерация тозығы жеткен тіндер мен жойылып кеткен жасушаларды жаңартуға бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, асқазан-ішек, тыныс алу жүйелерінің эпителиінің үздіксіз жаңарып тұруын келтіруге болады. Организмнің осы бөліктерінде жабынды эпителидің бүтіндігі əрдайым сақталуы керек. Эпителий бүтіндігі бұзылғанда шырыштықабақтардажара пайда болып, əр түрлі инфекциялар қанға тікелей өтіп кету мүмкіндігін алады, яғни қоршаған орта мен организм арасындағы өзара қатынас бұзылады. Демек регенерация шырышты қабықтардың бүтіндігін, олардың қорғаныс қызметін қалыптастырады, ішкі жəне сыртқы орта тұрақтылығын камтамасыз етеді. Тіршілігі жойылған қан элементтерінің ыдырап, орнына жас элементтердің үздіксіз пайда болуы да, жасушаішілік ультрақұрылымдардың өз-өзінен жаңарып тұруы да физиологиялық регенерация түріне жатады

    Реперативтік регенерация жасушалар мен тіндердің əр түрлі себептерге байланысты зақымдануы нəтижесінде дамиды. Регенерация үдерісі барлық жан-жануарларда бірдей өтпейді. Мысалы, сақиналы құрттардың бір бөлігінен тұтас құрт пайда болады. Құйрықты қосмекенділер (тритондар жəне т.б.) жоғалтқан құйрықтары мен аяққолдарын тез қалпына келтіре алады. Көпке дейін толық регенерация (реституция) деп, осылайша жоғалған ағза орнына сол тектес жаңа ағзаның пайда болуын түсініп келді. Бірақ, эволюцияның ең жоғары сатысына көтерілген сүтқоректілерде бұл секілді жаңару жоқ. Сонымен қатар даму үдерісінің ең жоғары сатысындағы организмдерге регенерация мүмкіншілігі жоғалған, не өте төмендеген деген заң қалыптасқан болатын. Дегенмен, көптеген зерттеулер нəтижесінде, əсіресе кейінгі 20-30 жыл ішінде, сүтқоректілер организмінде регенерацияның басқаша жасуша жəне жасушаіші деңгейінде, өтетіндігі анықталды. Осы мəселені толық шешуде Д С. Саркисовтың жəне оның шəкірттерінің (1963–1987) орны ерекше. Олар электрондық микроскопты, электрондық авторадиография əдісін пайдалана отырып, регенерация үдерісінің жаңа заңдылықтарын ашты. Жасушаішілік регенерация регенерация үдерісінің ең бір универсалды түрі екендігі анықталды. Осы зерттеулер нəтижесінде толық регенерация болмаған жағдайда ағзалар мен жасушалар қызметі қалайша қалпына келеді деген сұраққа толық жауап алынды.

    Патологиялық регенерация репаративті регенерацияның бұрмаланған түрі. Сондықтан ол əр түрлі жағымсыз факторлар əсерінде регенерация үдерісінің қалыпты барысының бұзылуымен сипатталады, ол баяулағанда жойылған тіннің орны толмайды(гипорегенерация), ал шамадан тыс болғанда, керісінше артық тін пайда болады (гиперрегенерация). Гипорегенерацияның мысалы етіп аурудың əлсіздігі, витаминдердің жеткіліксіздігі, нервтік реттеудің бұзылуы немесе жүрек қызметінің созылмалы нашарлауы нəтижесінде пайда болатын, ұзақ уақыт бітпейтін жараларды алуға болады. Гиперрегенерация кезінде терінің жарақаттанған жерінде регенерация үдерісі өз мерзімінде тежелмей, сол жердегі тін шамадан тыс, ет тəрізді («жабайы ет») өсіп кетеді. Осылайша бұрмаланған регенерация түрлерін субституция – шала жаңару дейді

    38.Жеке ағзалар және тіндер регенерациясы.Қан жүйесінің, қан тамырларының, дәнекер тіннің , май ,шеміршек,сүйек ,бұлшықет тінінің және эпителий регенерациясы.

    Дəнекер тін регенерациясы сол жарақаттанған жердегі жас мезенхима жасушаларының, фибробластардың жəне майда қан тамырларының синхронды көбеюінен басталады. Жаңа пайда болған тін жара үстінде бүртіктеніп тұрғандықтан грануляциялық (granulum – түйіршік) тін деп аталады. Микроскоппен қарағанда көптеген капиллярларды, олардың арасында жиналған лейкоцит, фибробласт, моноцит, лимфоцит, лаброцит жасушала-ын көреміз (53-сурет). Бұл жерде фибробласт жасушаларының саны біртебірте көбейіп, олар тропоколлаген, талшықтарын жəне глюкозамингликандар түзеді. Осы өзгерістер нəтижесінде əуелі аргирофилді, кейін коллагенді талшықтар пайда болады. Ал қан арқылы келген (гематогендік) элементтер мен капиллярлардың саны, дəнекер тін мөлшері көбейген сайын азая береді. Бара-бара грануляциялық тін жетілген (қатайған) талшықты дəнекер тінге айналады

    Сүйек тінінің регенерациясы. Тері бүтіндігі бұзылмағанда жəне сүйек сынықтары өз орнына салынып, берік бекітілген жағдайда (жабық сынықтар) сынықтық бірінші реттік бітуі байқалады. Бірінші күндері сынған сүйек айналасына қан құйылады, қан тамырлары қанмен толып олардың арасында нейтрофилдер мен макрофагтар пайда болады. Грануляциялық тін түзіледі. 2-3 күндері фибробласт жəне хондробласт жасушалары көбейеді. Пролиферация нəтижесінде сынықтар арасын периост жəне эндост жасушалары толтырады. Осы жерде 10-шы күндерден бастап аралық сүйектік шор, 2-3 аптада сүйек пластинкалары түзіліп сүйек толық бітеді (Лаврищева Г. И., Дубров Э. Я., 1965). Жалпы сынықтың біту мерзімі жасқа да байланысты. Сынған сүйек шеттері қимылдап тұрғанда айналадағы қан тамырларды, жұмсақ тіндерді жарақаттап, қан құйылады. Осы жерде мезенхима жəне қан элементтері, периост жəне эндост қабаттарында жайғасқан остеобласт жасушалары көбейе бастайды. Соның нəтижесінде сүйек сынығын біріктіретін сүйектік-фиброздықшеміршектік шор қалыптасады. Бұл үдеріс сүйектің алғашқы уақытша шорланып бітуі деп аталады. Кейінірек осы жердегі шеміршек тіні талшықты сүйек тінімен алмасады, оған кальций тұздары шөгіп, сынған сүйектер арасында нағыз сүйектік шор пайда болады. Бұл сүйектің соңғы шорланып бітуі.

    Шеміршек тіннің регенерациясы жарақат алған жердегі камбиалды жасушалардың – хондробластардың көбеюіне байланысты. Осы жасушалар жетіліп, кейін шеміршек тініне айналады. Егер жарақат көлемі үлкен болса, онда шеміршек тіннің орнында дəнекер тіннен түзілген тыртық пайда болады.

    Бірыңғай салалы бұлшықет. Жарақат жеңіл болса сол жердегі зақымданбаған бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары санының көбеюі нəтижесінде өз қалпына келеді. Сонымен қатар бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларында кездесетін жасушаішілік құрылымдар гиперплазиясымен жасушаның жалпы гипертрофиясын да регенерация құбылыстарына жатқызуға болады. Бұл өзгерістер кейбір ішкі ағзалар (өт қалтасы, ішек, жатыр) үшін тəн. Регенерациялық гипертрофиямен бір қатарда митоз үдерістері байқалады. Бұл бірыңғай салалы бұлшықет тінінде жасушалық жəне жасушаішілік регенерация қатар жүреді деген сөз. Бірақ та ауқымды зақымдану ошақтары көбінесе дəнекер тінмен алмасады.

    Көлденең жолақты бұлшықеттер регенерациясы екі жолмен жүреді. Бірінші, жарақаттанған жерде миосимпластардың – бұлшықет бүртіктерінің түзілуі арқылы – миосаттелит жасушаларынан пайда болады. Олар бөлініп көбейіп 3-4 тəулікте көптеген миобластар жəне миосимпластарға айналады. 7-ші тəулікте миосимпластардан бұлшықет түтікшелері түзеледі, кейін олар жетілген бұлшықет, талшықтарына айналады. Көлденең жолақты бұлшықет регенерациясының екінші даму көзі жарақаттанған аймақта сақталып қалған ядро мен цитоплазма қалдықтарынан түзілген миобластар болып есептелінеді. Жарақаттанған жерді ұнталған бұлшықетпен алмастырғанда регенерация үдерісі толық болатыны мəлім. Дегенмен де, көлденең жолақты бұлшықет регенерациясы өте шектелген аймақта, көбінесе эксперимент жағдайында көрінетін, сирек құбылыс. Көбінесе регенерация үдерісі зақымданған бұлшықет тінінің дəнекер тінмен алмасуымен аяқталады.

    Жүрек бұлшықеттерінің регенерациясы. Жүректің инфарктқа ұшыраған жерлері бүтіндей дəнекер тінмен алмасып, ол жер тыртықтанып бітеді. Ал жүрек кызметі қалған кардиомиоциттердің гипертрофиясы, ультрақұрылымдарының гиперплазиясы нəтижесінде жүзеге асады, яғни кардиомиоциттер саны орнына қайтып келмейді. Өте сирек жағдайларда ғана кардиомиоциттерде митоз құбылысы байқалады.

    Қан тамырларының регенерациясы Қан тамырларының эндотелий қабаты қалыпты жағдайда үздіксіз жаңарып тұрады. Эндотелийдің жарақаттанған жері əуелі тромбоциттермен қапталады, кейін ол жерді бөлініп көбейген эндотелий жасушалары басады. Бұл физиологиялық регенерацияның көрінісі. Тамырдың орта жəне сыртқы қабаттары жарақаттанғанда тамыр ішінде тромб пайда болып, ал регенерация үдерісі негізінен айналадағы майда қан тамырларының эндотелий жасушалары есебінен жүреді. Олар көп бағытта дами алады. Олар көбінесе ангиобласт жасушаларына айналады. Ангиобластар созылып, бір-бірімен жалғасып түтікшелер түзеді, осы саңылау арқылы қан жүре бастайды. Бұл түтікшелер əуелі капиллярлар қызметін атқарып, қан қысымы əсерінде басқа майда қан тамырларына (артериола, венула) айнала алады.

    Қан элементтерінің регенерациясы осы жасушалар үшіп жалпы болып саналатын бағандық (стволовые) жасушалар есебінен жүреді. Туылғаннан соң, негізі қан жасау ағзасы сүйек майы болып есептеледі. Сүйек майында бағандық жасушалардың барлық түрлері бар. Қалыпты жағдайда қан элементтері белгілі бір мерзімнен кейін (мысалы, эритроциттер 100–120 күн, лейкоциттер 8–10 күн) жойылып жаңарып отырады (физиологиялық регенерация)

    39.Бауырдың,ұйқы безінің,бүйректің,ішкі секреция безінің,өкпенің, миокардтың,бпм миының жіне жұлынның,шеттік нервтердің регенерациясы

    Нерв жүйесінің регенерациясы Орталық нерв жүйесінің, нерв жасушаларының бөлініп көбею өте сирек кездесетін құбылыс. Ми зақымданғанда нерв жасушалары, глия, аралық тін бүтіндей жойылып, ыдырап, орнында сұйықтықпен толған кисталар қалады. Ал зақымданған жасушалар қызметінің калыптасуы сау жасушалардың жасушаішілік ультрақұрылымдарының гиперплазиясы арқылы, яғни жасушаішілік репарациялық регенерация жолымен жүзеге асады. Нерв жасушасының регенерациясы нейронның тек ядросы жəне цитоплазмасымен ғана шектеліп қалмай, нерв ұштары мен синапстарды да қамтиды. Нерв ұштарының гиперплазиясы əрі физиологиялық, əрі репарациялық регенерацияға тəн құбылыс. Синапстардыңжаңара алатындығы, тіптіжаңадан пайда болатындығы электронды микроскоптық зерттеулер нəтижесінде дəлелденген. Вегетативтік нерв түйіндерінде регенерация үдерісі жасушаішілік ультрақұрылымдардың гиперплазиясы, ішінара бөлініп көбейген жасушалар есебінен жүреді.

    Шеткі нерв жүйесінің регенерациясы тек орталык кесінді тарапынан ғана іске асады. Кесілген жердің төменгі жағындағы нерв талшықтары оның миелинді қабықшасы бұзылып, шванн қабығындағы жасушалар жəрдемімен ыдырайды. Нервтің орталық кесіндісі (аксоны) ескі нервті бойлап өсе бастайды. Аксонның өсуі леммоциттердің (шванн жасушаларының) гиперплазиясымен жəне гипертрофиясымен қатар жүреді. Нерв қызметінің қалпына келуі ұзақ созылатын, тек орталық жəне шеткі кесінділер бір-біріне өте жақын, 2–5 мм қашықтықта жатқанда ғана іске асатын жағдай. Егер орталық кесінді жолында кедергі пайда болса немесе нервтің шеткі бөлігі бүтіндей кесіліп тасталған жағдайда (ампутация) өсе бастаған нерв талшықтары сол жердегі жаңа пайда болған дəнекер тінге бойлай кіріп, түйінденіп қалады, мұны ампутациялық неврома деп атайды. Клиникада фантомдық аурулардың (яғни, кесіп алынып тасталған аяқ-қолдың ауыру белгілерінің) пайда болуы осы патологиямен байланысты.

    40. Меланин түзуші жүйенің қатерсіз және қатерлі ісіктері.Невус,меланома.

    Алғашкы меланин түзуші жасушалар (меланоциттер) теріде, көздің нұрлы кабыкшасында жэне ми кабықтарында дамиды. Теріде эрбір он негіздік (базалык) жасушаға бір меланоцит жасушасы тура келеді. Мелаңин түзуші жасушалардан: пигменттік невустар (тума акаулар) жэне меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды.

    Пигменттік невустар балалардағы ең көп кездесетін тума ақаулар катарына жатады. Олар теріде жекелеген немесе өте көп, коңыр түстегі жалпак кейде азырак томпайған кал (мен) түрінде көрінеді. Микроскоптық кұрылымына карап невустың төмендегі түрлерін ажыратады:

    • шекаралық невус;

    • дерма ішілік невус;

    • аралас(күрделі) невус;

    • эпителиоидтық немесе ұршык тэрізді жасушалык невус;

    • баллонға ұксас жасушалардан түзілген невус;

    • галоневус;

    • көгілдір невус.

    Шекаралык невус эпидермис пен дерманың шекарасында ірі, домалак немесе көпбұрышты, цитоплазмасы түссіз, ядросы көпіршіктенген невус жасушаларының топталуымен сипатталады. Бұл жасушаларда пигмент көп болмайды.

    Дерма ішілік невуста невус жасушалары тек дермада жайғасады, оларда пигмент көп.

    Аралас невус невус жасушаларынын эрі эпидермисте, эрі дермада орналасуымен сипатталады.

    Эпителиоидтық (немесе ұршык тэрізді жасушалы) — невус балаларда жэне жасөспірімдерде кездеседі. Сондықтан оны ювинилдік невус деп те атайды.Ол теріде коныр-кызыл түсті түйін түрінде көрінеді. Микроскоппен карағанда невус ірі, цитоплазмасы әлсіз боялған, көбінесе ұршык тэрізді жасушалардан түзілген, олардың арасында митоздар көп.

    Галоневус невус айналасында пигментсіз аймактың пайда болуымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте жойылып орнында пигментсіз акшыл дак қалады.

    Көгілдір невус бетте, кол-аякта, жамбаста, белде көгілдір түстегі, тегіс дактар немесе катты, қатпарлы табақша тәрізді ісіктер түрінде көрінетін невустың ерекше бір түрі. Көгілдір невус дерма ішінде ұзынша келген, меланинге өте бай, эр түрлі бағытта жайғаскан жасушалар тобынан кұрылған. Көгілдір невус дерманың ең терең кабаттарында жатады, ал эпидермис пен невус арасында өзгермеген дерма бар, невустың көгілдір түсі осы жағдайға байланысты.

    Меланома аса катерлі ісіктер катарына жатып, меланоцит жасушаларынан дамиды. Мелонама 20 жастан кейін, әсіресе, 40-50 жаста көп кездеседі. Ол көбінесе пигменттік невустардан кейін, кейде алдын ала өзгермеген теріде де өседі. Меланоманың түсі кара-кошкыл немесе кап-кара, үстіңгі кабаты жараланып, канап тұрады. Өсу сипатына карап меланоманың: беткей, жайыла өсуші жэне түйінді түрлерін ажыртады. Меланоманың бірінші түрінде ісік жасушалары эпидермис аймағында көлденеңіне (радиалды) өседі. Ісік жасушаларының эпидермистен дермаға, одан шел кабатына ене өсіп, метастаз беруі бірнеше жылға созылады

    Микроскоптык көріністеріне карап меланоманын:

    • эпителиге ұксас жасушалы;

    • ұршыкка ұксас жасушалы

    • майда жасушалы (невожасушалы);

    • алып жасушалы;

    • баллонға үксас жасушалы түрлерін ажыратады.

    Меланоманын клиникалык көріністері, оның жасушалык кұрамына аса тэуелді емес. Эпителийге уксас жасушалардың түзілген меланома осы ісіктің ең көп кездесетін түрі, эпителий жасушаларына уксас, ірі, эр түрлі пішіндегі, атипиялык пигментке өте бай жасушалардан кұралған. Олардың арасында митоздар көп, бірлі-жарымды бір немесе көпядролы алып жасушалар да кездеседі. Ісік жасушаларынын цитоплазмасы кейде көпіршіктеніп тұрады.

    пигментсіз түрі де кездеседі. Бүл ісіктердін меланомаға тэн екендігін ісік метастаздарында меланин пайда болғанда ғана дәлелдеуге болады. Меланома — өте тез гематогендік жэне лимфогендік метастаз бергендіктен, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері караяды (меланодермия) немесе меланин зэрмен шыға бастайды (меланоурия)
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


    написать администратору сайта