Главная страница
Навигация по странице:

  • 32. Ісікалды рак алды процесстер және өзгерістер , олардың маңызы, морфологиясы. Диспалазия және рак

  • 33. Экзокрин және ішкі секреция бездерінің эпителий ісіктері (арнайы даму орны бар, органоспецификалық) морфологиялық өзгерістері

  • 34. Нерв жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктері: нейроэктодермалық, мидың жұмсақ қабықшаларының , вегетативті және шеткі нерв жүйесінің қатерсіз және қатерлі түрлері

  • 3 ДЕҢГЕЙ. 3 дегей паренхималы дистрофия кезінде мшелерде болатын морфологиялы згерістер


    Скачать 316.48 Kb.
    Название3 дегей паренхималы дистрофия кезінде мшелерде болатын морфологиялы згерістер
    Дата18.02.2023
    Размер316.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 ДЕҢГЕЙ.docx
    ТипДокументы
    #943822
    страница18 из 21
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

    31. Иммундефицитті синдромдар:біріншілік және екіншілік. Клиника-морфологиялық өзгерістері.ЖИТС(СПИД)

    Иммундефицитті синдромдар Иммунитет тапшы синдромдар иммундық жүйе қызметінің жеткіліксіздігі өз шегіне жеткендігінің бейнесі.Олар иммундық жүйе жете қалыптаспағандықтан дамитын біріншілік иммунитеттің тұқымқуалайтын және тума тапшылығы синдромдары мен аурудан немесе емнен дамитын салдарлық,яғни иммунитеттің жүре болатын тапшылығы синдромдарына бөлінеді.

    Салдарлық иммундефицитті синдромдар Салдарлық иммундефицитті синдромдардың біріншілік синдромдардан айырмашылығы олар аурулар мен әртүрлі емнің зардабы ретінде дамып, көбінесе ересек адамдарда кездеседі.

    Иммунды жүйе жеткіліксіздігіне себеп болатын аурулардың ішінде,бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдерінде бел алып отырған арнаулы вирус қоздыратын дербес ауру жүре болатын иммунитет тапшылығы синдромының орны ерекше.Иммундық жүйенің салдарлық жеткіліксіздігін ЖИТС тен басқа да инфекциялар,лейкоздар,қатерлі лимфомалар,тимома,саркаидоз жиі дамытады.Бұл аурулардағы гуморальдық және жасушалық иммунитет жеткіліксіздігіне В және Т лимфоциттер популяциялары мен оларждың ізшарларының да ақауы себеп болады.

    Инфекция көзі Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

    — жыныстық қатынас;

    — вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);

    — анасынан нәрестеге жұғу арқылы.

    АИВ – жұқпасы 3 сатыда өтеді

    1 – саты . Виремияның бастапқы сатысы.

    Вирус қанға түсіп, 10 – 20 тәулікте оның деңгейі ең жоғары шыңына жетеді. Бұл саты вирусқа қарсы антиденелер пайда болғанынша сақталады.

    2 – саты . Симптомдарсыз саты.

    10-15 жылға дейін АИВ – ын жұқтырған адамда симптомдар байқалмауы мүмкін. Ал организмнің қорғаныстық күштері вирустың өсуін тежеп отырады. Т жендет жасушаларының саны артады.

    3 – саты . Иммундық тежелу сатысы CD4 корецепторы бар жасушалар азаяды. АИВ сүйек кемігіндегі, айырша бездегі аналық жасушаларды бүліндіреді.

    Клиникалық көріністері

    1 – саты. Дерттің сероконверсиясы – бұл АИВ – ын жұқтырғаннан кейін 2-4 апталарда байқалады. Кейде 6 апта өткен кезде немесе вирусты жұқтыра салысымен басталуы мүмкін. Бұл шамамен 1-2 аптаға созылады. Көрінетін клиникалық белгілер: дене температурасының көтерілуі, бастың ауруы, тері бөртпелері, лимфа түйіндерінің үлкеюі , жүрек айну, құсу, іштің өтуі байқалады. Кейде ауыз қуысымен жыныс ағзаларында жаралар пайда болады. Бұл кездегі белгілер тұмаудың белгілеріне ұқсас болады.

    2 – саты. Симптомдарсыз саты. Сероконверсиядан кейін, вирустың саны азаяды. Лимфоцит CD4 және CD8 қалыпты мөлшерде болады. Бұл саты бірнеше жылға созылуы мүмкін.

    3 – саты. Генерализацияланған лимфоаденопатия. Лимфа түйіндері ісінген. Бұл 3-4 айға созылуы мүмкін.

    4 – саты. Симптомдары көрінетін саты. Бұл сатыда ЖИТС – на тән белгілер пайда бола бастайды. Атап айтқанда, шартты – патогенді инфекциялар көбейеді. Бұл кезеңді ЖИТС – ның продромальды кезеңі деп те атайды.

    5 – саты. ЖИТС – күрделі иммундық тапшылықпен сипатталады. Әр түрлі рактар пайда бола бастайды. Бұл сатыда CD4 T-жасушаларының саны азайған (1мм3 200 жасушадан)

    6 – саты. Кейбір науқастарда ЖИТС өте баяу дамиды. Бұл науқастар nonprogressors деп аталады.

    32. Ісікалды рак алды процесстер және өзгерістер , олардың маңызы, морфологиясы. Диспалазия және рак

    ісіктің пайда болуына ісікалды үдерістері себеп болады.

    Ісік алаңы ілімі бойынша (Willis, 1953) ісік бар жерде бірнеше аймақтарды көруге болады: ортада инвазивтік карцинома, оны айнала орнықты карцинома, одан соң дисплазия аймағы, кейін қалыпты тіндер жатады. Ісік морфогенезінің қазіргі жобасы осы ілім негізінде жасалған. Уиллистің пікірі бойынша ісікалды үдерістерінің көпшілігі дисплазияға жатады. Дисплазия деп эпителий қабаттарының арасында əр түрлі дəрежедегі атипиялық эпителий жасушаларының пайда болуын айтады. Дисплазия аймағында эпителидің бір бағытта жайғасуы, қатарлылығы, жалпы архитектоникасы бұзылған, жасушалардың ядросы ірі гиперхромды, митоздар кез келген қабатында көрінеді. Демек, қатерлі ісік дисплазия ошақтарынын, малигнизациясы нəтижесінде пайда болады. Бірақ та ісікалды үдерістері əрдайым ісікке айналуы шарт емес. Соған қарай карциномаларалды үдерістердің облигаттық (яғни, карциномаға міндетті түрде өтетін) жəне факультативтік (ракқа өту-өтпеуі белгісіз) түрлерін ажыратады. Облигаттық ісікалды үдерістеріне: тоқ ішек полипозы, пигментті ксеродермажəне басқаларжатады. Факултативтік ісікалды үдерістеріне организмдегі көптеген дистрофиялық, пролиферативтік жəне дисплазиялық өзгерістер жатады, олар тіндердің қайта құрылуына соқтыратын, бірақ қайтымды үдерістер болып есептеледі. Əрбір ағзаның өзіне тəн карциномаалды үдерістері бар. Асқазанда оларға: созылмалы жара, полипоз, атрофиялық немесе гипертрофиялық гастрит; теріде – ұзақ бітпейтін жаралар, жарықтар, гиперкератоздар; жатыр мойнында – лейкоплакия, эндоцервикоздар, эритроплакия жатады. Карциномаалды үдерістердің қатерлі ісікке өту кезеңінің ұзақтығы (малигнизация) толық анықталмаған, дегенмен облигаттық карциномаалды үдерістері шамамен 10–15 жылға созылатындығы белгілі. Демек, қатерлі ісіктің профилактикасы деп осы карциномаалды үдерістерін өз мезгілінде анықтап соларды емдеуді түсіну керек.

    33. Экзокрин және ішкі секреция бездерінің эпителий ісіктері (арнайы даму орны бар, органоспецификалық) морфологиялық өзгерістері

    Бұл ісіктер жеке ағзалар жасушасынан өсіп тек осы ағзаларға тəн құрылымдар түзеді жəне сол ағзалардын кейбір қызметін атқарады. Мысалы, ұйқы безінің кұрылымдарынан пайда болған ісіктер бір-біріне ұқсас болғанымен, əр түрлі гормондар түзеді. β-жасушалы аденома (инсулома) инсулин, α-жасушалы аденома (глюкагонома)глюкагон, g-жасушалы аденома (гастринома) гастрин өндіріп шығарады. Бұлардың қауіпті түрлерінің бəрін қатерлі инсулома деп атайды

    Органспецификалы ісіктер белгілі бір мүшенің жасушаларынан дамып қана қоймай, сонымен бірге, кейде осы мүшеге тән морфологиялық әрі қызметтік нышандарын сақтап қалады. Бұл ісіктер экзокриндік бездер мен эпителийлік жамылғыларда және эндокриндік бездерде де кездеседі

    Ісіктердің даму көздері

    Қатерлі

    Қатерсіз

    БАУЫР

    Гепатоцит

    Бауыр жасушалық карциномасы

    аденома

    Бүйрек

    Өзекшелік эпителий
    Метанефрогендік тін

    Бүйрек жасушалы карцинома

    Нефробластома

    Аденома

    Сүт безі

    Альевеолалық және өзекшелік эпителий




    Бөлікшелік “орнындағы карцинома”, өзекшелік “орнындағы карцинома”

    Фиброаденома

    Жатыр

    Деструкциялв қағанақ кезбесі

    Қағанақ кезбесі

    Тері

    Тер бездерінің өзекшелік эпителий

    Тер бездері секреттік бөлімінің эпителийі

    Түк фолликулдарының эпителийі



    Карцинома


    Карцинома


    Сирингоаденома
    Гидраденома
    Трихоэпителиома



    Бауыр

    Бауыржасушалық аденома (гепатоаденома, гепатома) – гепатоциттерден құрылған, ұсақ трабекулалар түзетін қатерсіз ісік. Ол, әдетте балаларда кездеседі.

    Бауыржасушалық (гепатоцеллюлалық) карцинома бауырдың бір бөлігін түгелдей қамтыған ірі, жалғыз түйін (ауқымды нысан), бірнеше жеке-жеке түйіндер (түйінді нысан) немесе бауырды диффузды жайлаған, әрең байқалатын түйіншектер (диффузды нысан) түрінде болады. Ісік белгілі бір бітімі жоқ, ретсіз жайғасқан трабекулалар қалыптастыратын, атипиялы гепатоциттерден құрылады. Оның азғантай стромасында жұқа қабырғалы қан тамырлары болады.

    Бүйрек

    Бүйректің қатерсіз ісіктеріне әртүрлі аденомалар, ал қатерлі ісіктеріне бүйрек-жасушалық карциноманың әртүрлі варианттары жатады.

    Бүйректің аденомасы қоңыржасушалық (базофилді), ашықжасушалық (гипернефроидты) және ацидофилді болады.

    Қоңыр-жасушалық (базофилді) аденоманың құрылымы – солидтық тубулалы аденома немесе цистопапиллома. Кейде ол мүшені түгел жайлап, бүйректің тіні жиегінде жұқа жолақ түрінде ғана қалуы мұмкін. Ашық-жасушалық (гипернефроидтық) аденома – әдетте, кесіндісінің беті сарғыш түсті, кейде қан құйылған ошақтар ұшырасатын, кішіріктеу, қабықпен шектелген түйін; ол цитоплазмасында липидтер мен гликоген мол, ашық түсті, ірі полиморфты жасушалардан құрылады. Ацидофилді аденома – көлемі өте үлкен бола алатын, сирек ісік. Оның құрылымы тубулалық, солидты немесе папиллалы, ал жасушалары полигональді, цитоплазмасы ашық түсті ацидофильды түйіршіктенген.

    Бүйрек-жасушалық (гипернефроидтық) карциноманың мынандай варианттары бар: ашық-жасушалы (гипернефроидтық); түйіршікті жасушалы (қоңыр-жасушалы); ұршық пішінді және полиморфты жасушалы (саркома тәрізді); безді (бүйрек аденокарциномасы); аралас карцинома. Олардың ішінде ашық-жасушалы және безді варианттар жиірек байқалады.

    Ашық-жасушалы (гипернефроидтық) карцинома – бүйректің ең жиі кездесетін қатерлі ісігі. Ісік – тіні жұмсақ, тарғыл түсті түйін Ол липидті, цитоплазмасы ашық түсті, полигональді және полиморфты, митоз мол жасушалардан қалыптасады. Карцинома жасушалары синусоидтық тамырлар араласқан, азғантай стромамен шектелген альвеолалар мен бөлікшелер, безді және бүрлі құрылымдар түзеді. Бұл ісікте, әдетте некроз бен қанды ошақтар байқалады.

    Безді карцинома (бүйрек аденокарциномасы) – тарғыл түсті, жұмсақ түйін. Ісік тубулалық және бүрлі құрылымдардан түзіледі: оның жасушалары ірі, ядролары гиперхромды болады; бүйректі түгел жайлап, гематогендік метастаздар береді.

    Нефробластома (эмбриондық нефрома, бүйректің эмбриондық карциномасы, Вильмс ісігі) – қатерлі ісік; көбіне балаларда кездеседі. («Балалық шақ ауруларын» қара).

    Сүт безі

    Сүт безінің ісіктері алуан түрлі болады да, көбіне дисгормондық қатерсіз дисплазиялардың желеуінде дамиды.

    Сүт безінің қатерсіз ісігіне фиброаденома жатады; құрылымы талшықты, қатты, қабықпен айқын шектелген ісік. Оның микроскоптық құрылымынан альвеолалар мен бөлікшелік өзекшелермен қатар, бөлікшелік дәнекер тіннің де көбейетіні байқалады. Дәнекер тін бөлікшелік өзекшелерді қоршай өссе, периканаликулалық фиброаденома (108-сурет) деп аталады: ал қабырғаларына қарай өссе, өзекшелер таңғажайып түрленіп, интраканаликулалық фиброаденома (108-суретті қара) қалыптасады. Сүт безінде сирек кездесетін ісік – табақша тәрізді (филлоидты) ісік.

    Деструкциялы (қатерлі) қағанақ кезбесі кезінде харион бүрлері жатыр мен кіші жамбас қуысының веналарына жайылады. Сөйтіп жатыр мен басқа мүшелерде (қынап, өкпе) ісіктің жаңа ошақтары қалыптасады. Хорионның бүрлері ұсақтау, ал трофобластының құрамында синцитийлік жасушалар басым болады және олар көбейеді. Деструкциялы қағанақ кезбесінің тең жартысындайы хорионэпителиомаға айналады. Хорионэпителиома (хорионкарцинома) түсіктен, түтіктік жүктіліктен, босанғаннан кейін қалған бала жолдасы қалдықтарынан, әсіресе деструкциялы қағанақ кезбесінен жиі дамитын трофобластылық қатерлі ісік. Ісік – тарғыл түсті, кеуекті түйін; миометрийге жайылады.

    Терінің ісіктері неше түрлі және олар эпидермистен де, тері қосалқылары: тер безі, шаш фолликулының безі мен май безінен де дамиды. Олардың қатерсіз, деструкциялы және қатерлі түрлері болады. Тері ісіктерінің ішінде ең маңыздылары: сирингаденома, гидраденома, трихэпителиома және базал-жасушалық карцинома (базалиома).

    Сирингаденома – тер бездері өзекшелерінің эпителийінен өнетін қатерсіз ісік. Сирингаденоманың бүрлі және тубулалық түрлері болады. Ісіктің бірінші түрінде эпителийдің қос қабатымен астарланған бүрлер түзілсе, екіншісінде, қосқабатты эпителий ретсіз жайғасқан түтіктер қалыптасады. Гидраденома – тер бездерінің секрет түзетін эпителийінен дамитын қатерсіз ісік. Эпителийден бүрлі өсінділер пайда болады. Трихэпителиома – шаш (түк) фолликулдарынан немесе олардың эмбриондық элементтерінін өсетін қатерсіз ісік; оған ақаулы шаш фолликулдары, жайпақ эпителийлік кисталар мен ол кисталарға қасаң зат жиылуы тән.

    Базал-жасушалы карцинома (базалиома) – теріде ең жиі кездесетін ісік. Ол деструкциялы өсетін, қайталанғанмен, метастаз бермейтін және мойын мен бетте жиірек кездесетін түйін немесе ойық жара тәрізді (ulcus rodens). Бұл карциноманың біразы көптүйінді. Микроскопты қолданғанда, оның эпидермистің базал жасушаларына ұқсағанмен, жасушааралық жалғамдары жойылған, жұқа ғана цитоплазмасы базофилді (қоңыр жасушалар), бітімі жұмыр, сопақша немесе ұршық тәрізді ұсақ жасушалардан құрылғаны көрінеді. Жасушалардан тізбектер мен мультицентрлі ұялардың біразы қалыптасады. Ісік жасушаларының арасында тері қосалқыларына ұқсайтын құрылымдар пайда болуы мүмкін.

    Тері қосалқыларынан тер безінің карциномасы мен май безінің карциномасы және шаш фолликулдарының карциномасы дамиды. Аталған ісіктер сирек кездеседі.

    34. Нерв жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктері: нейроэктодермалық, мидың жұмсақ қабықшаларының , вегетативті және шеткі нерв жүйесінің қатерсіз және қатерлі түрлері

    Орталық нерв жүйесінің құрылысы өте күрделі, сондықтан оның құрамындағыбарлық элементтер ісік көзі бола алады. Орталык нервжүйесінің жасушаларынан ісік ете сирек өседі, негізгі ісік көзі – нейроэктодерма. Нерв жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері: 1. Нерв жүйесінде кездесетін көптеген қатерсіз ісіктер айналасындағы тіндергеенешекарасызөседі. Экспансивтікөсутеккейбірмиқарыншаларының ішіне қарай өсетін (эпендимома, хориоидпапиллома) үшін ғана тəн. 2. Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер қатерсіз, қатерлі екендігіне қарамастан бір типтегі клиникалық белгілер береді. 3. Нерв жүйесінің қатерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді. 4. Орталық нерв жүйесі ісіктерінің көпшілігі камбиалдық элементтерден дамитын дизонтогенездік ісіктер тобына жатады. Дегенмен, бұл ісіктерді гистологиялық тұрғыдан тексергенде олардың қатерсіз немесе қатерлі екендігін анықтау клиника үшін өт маңызды, себебі ісік қатерлі болса операциядан кейін қосымша емдер, мысалы, химиотерапия жүргізу қажет.

    Астроциттық ісіктер. Қатерсіз астроцитома ересектерге қарағандажас балаларда көбірек кездеседі. Олмишықта, ми бағанындажəне 3-ші қарыншада жайылмалы немесе түйін түрінде өседі. Ісік арасында кисталар пайда болады. Астроцитоманың фибриллярлық, протоплазмалық жəне фибриллярлық-протоплазмалық (аралас) түрлерін ажыратады. Фибриллярлық астроцитома глиялық талшықтардан құралған қатты ісік, жасушалары аз. Протоплазмалық астроцитома негізінен ірі, цитоплазмасы біртекті, көп өскінді жасушалардан түзілген, кейде олардың арасында алып жасушалар да кездеседі. Гемистоцитарлы (ірі жасушалы) астроцитомада глия талшықтары мен ірі астроциттер біркелкі орналасқан. Анапластикалық (қатерлі) астроцитома жасушалар полиморфизмімен жəне митоздар санының көптігімен сипатталады. Ісікте некроз ошақтары да кездеседі. Олигодендроглиалық ісіктер. Олигодендроглиома сирек кездесетін ісік. Ол негізінен аралары өте жақын, ядросы ірі, домалақ, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар жасушалардан түзіледі. Ісік көбінесе мидың ақ затынан, кейде 3-ші немесе капталдағы қарыншалардан өсіп шығады. Анапластикалық олигодендроглиома үшін жасуша атипизмі, митоздар тəн

    Эпендимома ісігі ми қарыншаларын астарлап жатқан эпендима жасушаларынан түзілген. Эпендимома негізінен 4-ші қарыншада, өте тығыз, диаметрі 4-6 см түйін түрінде өседі. Кесіп қарағанда ақшыл сұр түсті. Эпендимоманың жасушалы, сорғышты жəне ашық жасушалы түрлерін ажыратады. Эпендиманың бірінші түрінде жасушалар қан тамырларының кемерін айнала күн сəулесі тəрізді (радиалды) жайғасып, жалған розеткалар түзеді. Эпендимоманың екінші түрі ісік жасушаларымен астарланған əр түрлі қуыстар мен өзектер түзуімен сипатталады. Оның қатерлі түрін анапластикалық эпендимома деп атайды. Хориоидтық папиллома сыртқы беті бүртіктене өскен цилиндрлік немесе текшелі эпителий жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік. Қатерлі хориоидтық папиллома ірі, əр түрлі көріністегі атипиялық эпителий жасушаларынан түзілген, олардың арасында митоздар көп. Нейрондық ісіктер. Бұл ісіктер өте сирек кездеседі. Оларға ганглиоцитома, ганглионейробластома жатады. Ірі жетілген ганглиоздық жасушалардан құрылған қатерсіз ісікті ганглиоцитома (ганглионеврома) деп атайды. Бұл ісік негізінен 3-ші қарынша түбінде орналасады. Ганглионейробластома ганглиоздық жасушалардан дамитын қатерлі ісік, жасушалар арасында атипизм, полиморфизм басым. Өте жетілмеген жəне эмбриондық ісіктер. Əмбрион кезеңімен байланысты ісікке медуллобластома жатады. Бұл ісік əдетте мишықтың құрт тəрізді бөлігінде орналасып, негізінен балалар үшін тəн. Медуллобластома жұмсақ, қызғылт-сұр түсті, айналасындағы тіндерге шекарасыз өсіп кіретін қатерлі ісік. Осы ісікті түзуші өте майда, ядролары домалақ не сопақша жасушалар (медуллобластар) жалған розеткалар немесе ырғақты құрылымдар түзеді. Қыздарға қарағанда ұл балаларда 2–3 есе жиі кездеседі. Нейробластома балаларда кездесетін өте қатерлі, көптеп метастаз беретін ісік. Ісік жасушалары ірі, ядролары көпіршіктенген, митоздар көп. Дифференциациясы өте төмен ісіктерге глиобластома жатады. Ол глия элементтерінен өсіп шығатын аса қатерлі ісік, 40–50 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Əте тез өсуіне байланысты ісікте некроз жəне қан құйылу ошақтары пайда болады, сондықтан оның түсі шұбарала. Микроскоппен қарағанда ісіктің үлкендігі əр түрлі атипиялық жасушалардан түзілген, олардың арасында бірядролы немесе көпядролы алып жасушалар көрінеді, митоздар, оның ішінде атипиялық митоздар өте көп. Ми қабықтарының ісіктер

    Олар менингиомалар немесе арахноидэндотелиомалар деп аталады. Ісік көлденеңі 5-6 см-ге жететін қатты түйін түрінде өсіп, мидың қатты қабығынан немесежұмсақ қабықтарын астарлап жатқан арахноид эндотелий жасушаларынан өнеді. Менингиомалар орталық нерв жүйесінде глия ісіктерінен кейінгі ең көп ұшырайтын ісіктер. Гистологиялық көріністеріне қарап менингиоманың төменгі негізгі түрлерін ажыратады: а) менинготелиалдық менингиома. Бұл ісік эндотелиге ұқсас майда, цитоплазмасы ашық түсті, ядросы сопақша, хроматині өте əлсіз боялған жасушалардан тұрады. Менингиоманың тек осы түрін арахноидэндотелиома деп атауға болады (74, 75-сурет): ə) Қат-қабат құрылымды менингиома. Бұл жерде жасушалар кесілген пияздың қабаттары сияқты бір-бірін айнала орналасқан. Осы құрылымдарға кальций тұздары шөгіп қалса, ол псаммоматоздық менингиома деп аталады, б) Ангиоматоздық менингиома құрамында қан тамырлары көп болады, в) Фиброздық менингиомада жасушалар фибробласт элементтеріндей əр түрлі бағытта орналасқан будалар түзеді. Сонымен қатар, атипиялық менингиоманы, папиллярлық менингиоманы ажыратады. Қатерлі түрі анапластикалық (қатерлі) менингиома деп аталады

    Шеткі нерв жүйесінің ісіктері онын, қабығын түзуші Шванн жасушаларынан өседі. Оларға: нервилеммома (шваннома), нейрофиброма, нейрофиброматоз жəне қатерлі шваннома немесе нейрогендік саркома жатады.

    Шваннома, неврилеммома, невринома нерв қабықтарынан өсетін, жақсы шекараланған кейде капсуласы бар, жұмсақ, созылмалы сұрғылт-сары түсті ісік. Микроскоптың көрінісіне қарап Верокаи жəне Антони типтерін ажыратады. Ісіктің бірінші түрінде жасушалар қаз-қатар, шарбақ тəрізді орналасқан ырғақты құрылымдар (Верокаи денешіктері) түзеді

    Нейрофиброма нерв талшықтарынан жəне дəнекер тіннен тұратын ісік. Нейрофиброматоз (Реклингаузен сырқаты) нерв жүйесінің тума ақауларына жатады, ол шеткі немесе үлкен нервтерінен көптеген нейрофиброманың өсіп кетуімен сипатталады. Шеткі нерв жүйесінің нейрофиброматозында теріде үлкенді-кішілі түйіндер, полипке ұқсас ісіктер пайда болады. Шеткі нервтердің қатерлі ісігін неврогендік саркома деп атайды. Қатерлі шваннома - ісіктің қатерсіз түрінен жасуша атипизмімен, көпядролы симпластардың пайда болуымен, ісік қан тамырларының гиалинозымен ерекшеленеді. Вегетативтік нерв жүйесінің ісіктері Бұларға негізінен симпатикалық түйіндердің (ганглий) ісіктері кіреді. Ганглиоздық жасушалар ісіктері. Ганглионеврома негізінен симпатикалық бағанның көкірек бөлігінде ұшырайтын қатерсіз ісік. Ол қатты, созылмалы, кейде өте үлкен ісік. Ісіктің тіні жуан талшықты дəнекер тіннен түзілген, олардың арасында бір-бірлеп немесе топталып жатқан Ірі ганглиоздық жасушалар көрінеді. Осы ісіктің қатерлі түрі ганглионейробластома деп аталады. Параганглий элементтерінен өсіп шығатын ісіктер. Параганглидің екі түрі болады. 1) Хромаффинді (бұған бүйрекүсті безінің милы қабаты жəне т. б. жатады); 2) Хромаффинсіз параганглий (каротоид денешіктері жəне т.б.). Хромаффинсіз параганглий ісіктерін хемодектома деп атайды. Хемодектоманың құрамында майда қан тамырлары көп, ісік жасушалары соларды айнала орналасқан немесе олар бір-бірінен дəнекер тін қабаттарымен бөлінген альвеолалық құрылымдар түзеді. Жасушалардың пішіні əр түрлі цитоплазмасы түссіз, ядролары домалақ.

    Нейробласт немесе симпатогоний жасушаларының ісіктеріне нейробласт жасушаларының эмбрион кезеңіндегі жетілу үдерісінің жəне миграциясының бұзылуына байланысты дамитын аса қауіпті нейробласто ма (симпатогониома) деп аталатын ісік жатады. Бұл ісік бүйрекүсті безінде, көкірек қуысында, құрсақ пердесінің сыртқы жағында ұшырап, жанындағы тіндерге, ағзаларға тез өсіп кіреді, көптеген метастаздар береді. Нейробластома негізінен іштен туа пайда болған ісіктер қатарына жатып, бес жасқа дейінгі аралықта анықталады
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


    написать администратору сайта