Микрош. микробиология. Жалпы микробиология иммунология негіздерімен
Скачать 105.91 Kb.
|
Жалпы микробиология иммунология негіздерімен пәні бойынша білімдерін бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары Бірінші аралық бақылау Есеп № 1.Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды. Есеп № 2.Есеп. Жұқпалы аурулар бөліміне бірнеше оқушы, бір сынып оқушылары түсті. Қабылдау кезінде барлығының жағдайы ауыр, айқын менингиальды синдром, температурасы 40°С дәрігер эпидемиялық церебральды менингиттің өршуіне күдіктенді. Болжама диагнозды зертханалық растау қажет. Есеп № 3.Есеп. Аурудың 2-ші күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 34 жастағы науқас К. келіп түсті, жиі нәжісте қан мен шырыш аралас іш өту, тенезма, іштің ауыруы, құсу, температура 37.5°С. Науқасты тексеру негізінде диагноз қойылды: бактериялық дизентерия. Дәрігер науқастан материалды алып бактериологиялық зертханаға жіберді. Есеп № 4.Есеп. 20 жастағы науқас А, аурудың екінші күні "Сальмонеллез" диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Пісірілген тауық етін жегеннен кейін қатты ауырды. Эпигастрий аймағында ауырсыну, қалтырау, бас ауруы, іш өту күніне 5-6 рет пайда болды, температура 38-390 С дейін көтерілді. Есеп № 5.Есеп. Бактериологиялық зертханаға созылмалы гастритпен ауыратын науқастан асқазан шырышты қабығының биопсиясы түсті. Биопсиялық материалды зерттеу кезінде Н. рylori анықталды. Есеп № 6.Есеп 47 жастағы науқас көп құсуға және күніне 30 рет диареяға байланысты дененің күрт сусыздануының көрінісін жасады. "Күріш сорпасы" түріндегі сұйық нәжісті зерттеу кезінде "езілген тамшыдан" қозғалғыштығы тез микроорганизм табылды. Құсық массасын мен нәжісті 1% сілтілі пептонды суға себу кезінде 6 сағаттан кейін нәзік үлбір пайда болды. Сілтілі агарға себу кезінде-көкшіл реңктері бар мөлдір колониялар пайда болды. Есеп №7.Есеп. Науқас К. 5 жаста. Бала жиі ауыр жөтелге ол кезде көк түске айналатынына шағымданады, жиі құсуды бастайды. 3-ші күні казеин-көмір агарына мұрын жұтқыншақтан шырышты себу кезінде кішкентай, жылтыр колониялар табылады. Колониялардың жағындысында кішкентай грам-теріс таяқшалар табылды. Есеп 8Есеп. Циль-Нильсен әдісімен боялған қақырықтың жағындысын микроскопиялық зерттеу кезінде қақырықтың көк элементтерінің арасынан жіңішке рубинді-қызыл түсті таяқшалар табылды. Есеп 9Есеп. Баклабораторияға дифтерияға күдікті науқастың жұтқыншағынан материал келіп түсті. Дифтерияның қоздырғышы және оның патогендік факторлары қандай? Дифтерия экзотоксинінің әсер ету механизмін сипаттаңыз Есеп № 10.Есеп. Мал фермасының фельдшері бір айға жуық ауырады. Буындарынң ауырсынуы, қызба, тершендік туралы шағымдар айтады. Дәрігер бруцеллезге күдік келтірді. Есеп № 11.Есеп. 40 жастағы науқастан зерттелетін материал алынды: бубонның құрамы. Ет-пептонды агарға (ЕПА) себу жүргізілді. +28 °C температурада инкубация жасалынды. 18-20 сағаттан кейін колониялар R-пішінді колониялар өсіп шықты, олардың ортасы мөлдір, айнала шеті шілтерлі орамал тәріздес болды. Колониядан жасалған жағындыда грам-теріс, полиморфты, биполярлы боялған таяқшалар көрінді. Есеп № 12.Күйік жарасы бар науқастан 3-ші күні жарадан тән көк-жасылға боялған іріңді бөліндісі анықталды. Грам әдісімен боялған іріңді жағындыда грам-теріс қозғалмалы түзу таяқшалар табылды, олар бір-бірден, жұп немесе қысқа тізбектер түрінде орналасқан. Есеп № 13.Есеп. Науқас зәр шығару каналынан көп мөлшерде бұлыңғыр шырышты бөліністеріне, дызылдауына және зәр шығару кезіндегі шаншуларға шағымданды. Несепағар қабығының бөліндісінен қырынды алынған. Биологиялық (дақылдандыру) әдіс қолданылды, оған циклогексимидпен алдын-ала өңделген жасуша дақылын зерттеу материалымен жұқтыру арқылы (несепағар қырындылары) жағынды препараттарды Люголь ерітіндісімен, Романовский - Гимзе бойынша бояу әдістері қолданылды. Дәрігердің қойған диагнозы «Хламидиоз». Есеп № 14.Есеп. Анаэробты инфекцияға күдікті 23 жастағы М. науқастан алынған жарақат бөліндісі жеткізілді. Материалды қоректік орталарға себу және жағындыны микроскопиялау кезінде қоздырғыштың төмендегідей дақылдық және морфологиялық белгілері анықталды: ұзын капсуласы бар грам-оң таяқша, ет немесе казеин гидролизаттарынан дайындалған сұйық ортада 37-430С температурада тез өседі (3-8 сағат), көп газ түзіп, қоршаған ортаның рН-н қышқыл жағына өзгереді. Есеп № 15.Есеп. 26 жастағы ер адам іш қуысына жарақат алуына байланысты, ауруханаға жеткізілді. Операция кезінде тоқ ішектің зақымдануы анықталды. Жарақат тігілді. 7-ші күні температура 40°C-қа дейін күрт көтеріліп, қатты интоксикация белгілері пайда болды және іш қуысында абсцесс анықталды. Грам әдісімен боялған абсцесстің микроскопиясында грам-теріс полиморфты спора түзбейтін таяқшалар табылды. Бактериоскопиялық зерттеу және клиникалық көрініс нәтижесінде алдын-ала диагноз қойылды: операциядан кейінгі бактероидты этиологиясы бар абсцесс. Есеп № 16.Есеп. Науқаста бірнеше апта бойы жоғары температура бар. Аурудың өршу кезінде розеолезді, содан кейін розеолезді-петехиальды бөртпе пайда болды. Қанды қоректік ортаға себу кезінде өсім алынған жоқ. Тауық эмбрионын сарысу қапшығына жұқтырған кезде, кейіннен жағынды дайындау кезінде жасушаішілік грам-теріс полиморфты микроорганизмдер табылды. Дәрігердің алдын-ала диагнозы: "Бөртпе сүзегі". Есеп № 17.Есеп. Ауыл дәрігеріне 55 жастағы әйел иық аймағында диаметрі 18 см тұрақты емес пішінді сақина түрінде эритемаға шағымданды. Сақинаның ортасында терісі ашықтау. Науқас үш апта бұрын орманға барып, оны кене шағып алғанын айтты. Бастапқыда тістеу аймағында қызару аз болды, бірақ уақыт өте келе қабыну аймағы мөлшері күрт өсті. Дәрігердің алдын-ала диагнозы: "Лайм-боррелиоз". Есеп № 18.Дәрігер науқастың қынабының шырышты қабығындағы тығыз шанкрды (жараны) анықтап, шанкрдан алынған материалды микроскопиялық зерттеуге тағайындады. Бактериолог материалды зерттеп, спирохеталарды анықтады. Есеп № 19.Науқас Р., 30 жаста. Диагноз: гайморит. Гаймориттік қабатынан іріңді сарысуызды- тұзды агарға (СТА) себілгеннен кейін, бір күн өткен соң колониялар айналасында бұлтты түзілісі бар алтын түсті колониялар өсті. Есеп № 20.Науқас А., 37 жаста, мал дәрігері. Білектің артқы бетінен қара тыртықпен жабылған карбункул табылды. Ауру қышынған папула, содан кейін везикуланың пайда болуынан басталды, ісіну өте айқын. Температура 39 ° C. Жұқпалы аурулар дәрігері науқасты тексергеннен кейін алдын-ала диагноз қойды: күйдіргі, тері формасы. Есеп № 21.Науқас К. Зәр шығару кезінде ауырсынуға шағымданады, зәршығару жүйесінен ірінді бөлінді көрінеді. Грам әдісімен боялған зәрдің тұнбасынын жағындысынан лейкоциттердің ішінде және лейкоциттерден тыс орналасқан грам теріс бұршақ формалы диплококк анықталған. Есеп № 1. Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды. 1. Қандай микроорганизмнің болуын болжауға болады? Бұл микроорганизмнің патогенділігінің негізгі факторы қандай? Таксономиясы: Тұқымдастығы: Streptococcaceae Туыстастығы: Streptococcus Түрі: Str. Pneumoniae Пневмококтар – сопақша немесе ланцет тәрізді коктар, клиникалық материалдан дайындаған жағындыда жұптасып орналасады, айналасында өте қалың капсуласы пайда болады. Капсуланың түзілуін қан, сарысулар, асциттік сұйықтықтар белсендіреді. Қозғалмайды, спора түзбейді. Патогендік факторларына – микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия ферменттері және токсиндер. Фимбрия ақуызы және М ақуыз – негізгі патогенділлік фактор. Оның антифагоцитарлы әсері бар, фибриногенді, фибринді және олардың деградация өнімдерін байланыстырады, оларды өз беткейіне жабыстырып, комплимент компоненттері мен опсониндерге рецепторды бетперделеп өзгертіп отырады. Вирулентті, М антигені бар науқастан жаңа бөлінген штамдары адамның қанында өсіп көбейе алады, ал М антигені жоқ стрептококтардың дақылдары авирулентті болып келеді және адам қанында фагоцитозға ұшырайды. Екінші патогенді факторы – капсула, ол фагоцитоздан қорғайды және эпителийге жабысуын жеңілдетеді; капсула гиалурон қышқылынан құрылғандықтан оның иммуногенділігі төмен. Фагоциттердің белсенділігін төмендететін патогенді фактор – бұл С5а-пептидаза, күшті хемоаттрактант болып есептелетін фермент, комплименттің С5а-компонентін ыдыратады. Агрессия ферменттері: О-стрептолизині – оттегіге сезімтал, иммуногенді қасиеті басым және эритроциттерді гемолизге ұшыратады. S-стрептолизині – керісінше оттегіге тұрақты, антигендік қасиеті жоқ және қанды агарда беткейлік гемолиз береді. Екі фермент эритроциттерді ғана емес, ағзаның басқа да жасушаларын бұзады, мысалы S-стрептолизин өнімдері оларды жұтқан фагоциттерді ыдыратады. Стрептокиназа (фибринолизин) – протеолитикалық фермент, басқа ақуыздармен бірге фибринді ыдыратады. ДНК-аза – ДНК деполимерлеуші фермент. ДНК-аза мен фибринолизин қоспасы экссудаттарды сұйылтады, көктамырлы тромбыларды ыдырату қасиетіне ие. Сондықтан, жарадағы некроздалған тіндерді және іріңді жою үшін қолдануға болады. Гиалуронидаза – стрептококтардың дәнекер тінінде таралуына ықпал жасап, гиалурон қышқылын бұзады. Эритрогенді токсиннің пирогенді белсенділігі бар (гипоталамусқа бірден әсер ете алады) және иммунды механизмдермен байланысты терідегі бөртпелер пайда болуын қамтамасыз етеді. Эритрогенді токсин – суперантиген, яғни Т-лимфоциттерге митогенді әсер етеді және макрофагтар бөлетін, ісіктердің некроздық факторы мен интерлейкин-1 медиаторлардың түзілуін белсендіріп, септикалық шок тудырады. Пневмококтардың негізгі вирулентті факторы – капсула, бактерияы фагоцитоздан және опсониндер әсерінен қорғайды. Капсуласыз штамдары көбіне вирулентті емес және сирек кездеседі. 2. Бұл жағдайда диагностиканың қандай әдісі қолданылды және диагностиканың басқа қандай әдістерін қолдану керек? Str. Pneumoniae стрептококкалар туыстастығына жатады. Ол крупозды пневмонияның, көздің қасаң қабығының жарасы, кей жағдайларда – сепсис және іріңді-қабыну процестерінің (отит, ринит, менигит және т.б.) қоздырғышы болып табылады. Бактериоскопиялық зерттеу. Патологиялық материалдан (қақырықтан, іріңнен және т.б.) жағынды алып, бактериоскопиялық зерттеуге аламыз. Зертттеу нәтижесінен алынған, грам-оң, кішкене ұзындау пішіндес, ланцет тәрізді формалы диплококк 0,5-1,25мкм, капсуламен қапталған қоздырғыш анықталса, алдын-ала пневмококк деп есептеуімізге болады. Бактериологиялық зерттеу. Зерттеу материалын қанды агарға және бірмезгілде қантты сорпаға қан сарысуын қосып дақылдандырады. 37С температурада 24 сағат инкубациялаған соң, ұсақ колониялар түзіледі, олар гемолиздің жасылдау зонасымен қоршалған болып табылады. Колониялардан морфологиялық және тинкториальді қасиеттерін сипаттау үшін жағындылар дайындайды, әрі қарай қанды агарға немесе сарысулы ортаға себу арқылы таза дақыл алады. Пневмония стрепкогын пиогенді стрептококтан ажырату үшін дақылдың өтке, оптохинға және инулинге ферментациялық реакцияларын ескеретін болып табылады. Стрептококтардың дифференциальді белгілері
Типоспецификалық сарысумен АР жүргізу арқылы стрептококтың сероварын анықтайды (патологияда белгілі 80 вариантының 1-ші, 2-ші, 3-ші сероварлары маңызды рөл атқарады). Нейфельд әдісі пневмония стрептогын анықтаудың ең жедел әдісі болып табылады, ол типоспецификалық сарысу әсер еткенде стрептококктардың капсуласы ісінуіне негізделген. Нәтижесін, микроскопиялық препараттардан «Ілулі тамшы» әдісімен көреді. Пневмония стрептокогының таза дақылын бөліп алу үшін, кей кезде ақ тышқандардың ішіне материал енгіземіз, себебі ақ тышқандар бұл микробқа өте сезімтал келеді. Стрептококк дақылын өлген немесе ауру жануардың қанынан немесе органдарынан бқліп алып, бактериоскопиялық зерттеу жасауға да болады. Жеделдетілген әдістер: ИФТ, КоАР, ПТР. Пайдаланылған әдебиеттер: 1)Б.А. Рамазанова, Қ. Құдайбергенұлы «Медициналық микробиология» Алматы, 2011 ж. 288-291 беттер; 2)Л.Б.Борисова «Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии» Москва, 1984 ж. 152-153 беттер. Есеп № 2. Есеп. Жұқпалы аурулар бөліміне бірнеше оқушы, бір сынып оқушылары түсті. Қабылдау кезінде барлығының жағдайы ауыр, айқын менингиальды синдром, температурасы 40°С дәрігер эпидемиялық церебральды менингиттің өршуіне күдіктенді. Болжама диагнозды зертханалық растау қажет. 1. Эпидемиялық церебральды менингиттің қоздырғышы қандай, оның таксономиялық жағдайын көрсетіңіз (тұқымдастығы, туысы, түрі). Менингококты инфекция - Neisseria meningitidis тудыратын жукпалы ауру, олардыц көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр турдеп менингиалды формаға дейін болуы мумкін. Қоздыргышты алгаш ашып жэне зерттеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялык құрылысының сипаттамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы наукастың канынан менингококты бөліп алды. Таксономиясы: Тұқымдастығы: Neisseriaceae. Туыстастығы: Neisseria. Түpi: Neisseria meningitidis Менингоктар – ұсақ диплококтар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жұптасып орналасатын, грам-теріс боялатын, қозғалмайтын, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік орталарда тұрақсыз микрокапсула түзетін қоздырғыштар. 2. Зерттеу үшін қандай материалды алу керек және зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек? Зерттеу материалы: қан, ликвор, мұрын қуысының кілегей қабығы алынады. Цереброспинальді менингит кезінде ликвордан, ал ауру және тасымалдаушылардан мұрын-жұтқыншақтан көбіне материалды алады. Мұрын-жұтқыншақтан алу кезінде, арнайы тампонмен (оның ұзындығының 4/3-ін 45 градус қисайтып) мұрын-жқтқыншақтың жоғары бөліктерінен алады. Лабораторияға жеткізгенге дейін, оны суық температурадан, құрғатудан қорғау керек, себебі минингокок бұл факторларға өте сезімтал келеді. Ликворды пункция жасау арқылы 2-5 мл көлемде алады және 2-ге бөледі: біріншісін, центрифугалайды және шөгіндісін бақылауға алады, екіншісін, жартылайсұйық қоректік ортаға себіп 37С температурада бактериялардың жинақталуын күтеді. Материалдан жағынды дайындайды. Бактериоскопиялық зерттеу. Ликвордың шөгіндісінен алынған жағындыларды Грамм әдісімен бояп, микроскоппен тексереміз. Қоздырғыш болса, бояғанда лейкоциттер ішінде орналасатын, грам-теріс диплококтар көрінеді, осыған қарап біз менингококты инфекция бар деп қорытынды жасай аламыз. Мұрын-жұтқыншақтан алыған жағындыда менингококпен қатар грам-оң стафилококтар және стрептококтар және патогенді емес нейссериялар (бранхамелла және т.б.) анықталуы мүмкін. Морфологиялық тұрғыда дифференцияциялау мүмкін емес. Бактериологиялық зерттеу. Зерттеу материалын қанды агарға (шоколад тәрізді агар) себеді. Себебі, ол менигококтар өсуі үшін қолайлы орта болып саналады.Сонымен қатар, Мартен ортасында (ВКН- ванкомицин, колистин, нистатин антибиотиктері бар) өсіруге болады. Сонымен қатар, ристомицин( немесе линкомицин) (150ЕД/мл) антибиотигін қолдана отырып, таза менигокок дақылын алуымызға болады (себебі, ристомицин басқа грам-оң коктардың өсін тежейді). 37С температурада 48 сағат инкубациялаған соң (инкубацияны 5% СО2 бар атмосферада өткізеді) менингококтың колониялары түзіле бастайды. Басқа коктарға қарағанда менингококтардың өзіне тән колониясы болады, көкшіл түстес, шеттері тік, иненің басындай қоздырғыштар көрінеді. Таза дақыл алу үшінсарысу агары пробиркасына себеді. Таза дақылдың идентификациясы, сапрофитті нейссериялардан өзгеше келетін ерекшеліктер арқылы анықталады. Менингококк тек нативті белок бар кезде ғана өседі, ал басқа нейссериялар қарапайым ортада өседі және пигмент түзеді. Менингококк Гисс ортасына қан сарысуын қосқанда, лактоза мен мальтозаны қышқылға дейін ферменттейді. Қосымша, серологиялық әдіс арқылы зерттеуге болады, серологиялық топтарын АР арқылы анықтайды. Фаготиптеу пробиркада жүргізуге болады, және эпидемиологиялық талдау жүргізу кезінде пайдаланылады. Жеделдетілген әдіс: менингококтық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ИФТ, РИТ және иммунды электрофорез, коаглютинация, ПТР реакциялары арқылы зерттейді. Менингококтық инфекциямен ауырған науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасында қан сарысуында антиденелер (бактериоцидтер, аглютининдер, гемагглютининдер) анықталады, олардың титрі 2-3 аптадан соң ең жоғары дәрежеге жетеді, содан кейін төменде бастайды. |