Микрош. микробиология. Жалпы микробиология иммунология негіздерімен
Скачать 105.91 Kb.
|
1. Жарақат анаэробты инфекциялар қоздырушыларын атаңыз. Таксономиялық жағдайды, антигендік құрылымды және қоздырғыштың патогендік факторларын (токсиндердің түзілуі) сипаттаңыз. Газды гангренасының қоздырғыштары Bacillaceae тұқымдастығына, Clostridium туыстастығына жатады. Негізгі өкілдері: C.perfringens, C.novyi, C.septicum, C.histolyticum, C.bifermentans, C.sporogеnes. Әдетте ауру Clostridium туыстастығының бір немесе бірнеше өкілдерінің жараға енуінен және көбінесе аэробтармен- стафилококктармен және стрептококктармен қосылып жүреді. Науқастан анықталған түрі C. perfringens. C. perfringens лецитиназа, гиалуронидаза, желатиназа, коллагеназа және басқа да патогендік ферменттерді өндіреді. Токсин түзуі: C. perfringens грек әріптерімен α, θ, β және т. б. белгіленген бірнеше токсиндерден тұратын күрделі токсикалық кешенді өндіреді. Сонымен қатар, олар энтеротоксин түзеді. Негізгі уытты кешен үлкен және жан-жақты биологиялық белсенділігі бар α-токсин (лецитиназа) болып табылады. Ол мембраналардың лецитинін ыдыратады, тамыр өткізгіштігін арттырады, эритроциттерді бұзады, некротикалық белсенділіке ие. Бұл токсин бұлшықет тіндерінде жергілікті өзгеріс (коагуляциялық/колликвациялық некроз) қоздыруымен қатар, организмде ауыр интоксикация тудырады. Нәтижесінде қан айналымының айқын бұзылысы, гемолитикалые анемия, эритро және лейкопоэз нашарлауы, паренхиматозды ағзалардың және сүйек кемігінің зақымдануы байқалады. Келесі бета-токсин– некротикалық белсенділіке ие, катехоламиндердің пайда болуы нәтижесінде артериялық гипертензияны индукциялайды. Эпсилон-токсин– асқазан-ішек жолының тамыр өткізгіштігін арттырады. Йота-токсин- некротикалық белсенділіке ие, тамыр өткізгіштігін арттырады. Энтеротоксин- аш ішектің шырышты қабатының өткізгіштігін бұзады. Гиалуронидаза– тіндердің өткізгіштігін арттырады. Нейраминидаза– жасушалық рецепторлардың ганглиозидтерін зақымдайды, капиллярлардағы тромбозға ықпал етеді. Дезоксирибонуклеаза– гемолитикалық, некротикалық белсенділікке ие. Антигендік құрылымы. C. perfringens бес сероварға бөлінеді, олар АВСD және E үлкен латын әріптерімен белгіленеді. Бұл сероварлар токсиндердің антигендік және биохимиялық қасиеттері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Серовар А- табиғи жағдайда ішектің микрофлорасында болады, бірақ адамдарда тағамдық токсикоинфекцияларын тудыруы мүмкін. Серовар В қозылар ішегінде құбылыстар тудырады. С серовары адамдарда некротикалық энтеритті және ірі қара малда ауруды тудырады. D серовары жануарларда энтеротоксемияны тудырады. 2. Осы аурудың алдын алу және емдеу принциптері. Спецификалық емдеу үшін 50000 ХБ C. perfringens, C. novyi, C. septicum, яғни барлығы 150000 ХБ антитоксикалық сарысуы қолданылады. Сарысу көктамыр ішіне енгізіледі. Антибиотиктер де қолданылады: пенициллин және сульфаниламидті препараттар және оксигенотерапия. Бейспецификалық алдын алу жарақатты дұрыс хирургиялық өңдеу арқылы жүзеге асырылады, операция кезінде асептика мен антисептиканы сақтау. Арнамалы алдын алу үшін газды гангренасының барлық өкілдерінің анатоксиндері бар адсорбцияланған полианатоксин қолданылады. Жарақат кезінде серопрофилактика үшін (көбінесе соғыс уақытында әскери адамдарға) гангренаға қарсы сарысу енгізіледі: 10000 ME C. perfringens, C. novyi, C. septicum, яғни барлығы 30000 ME. Анаэробты фагтардың қоспасы да қолданылады. Есеп № 15. Есеп. 26 жастағы ер адам іш қуысына жарақат алуына байланысты, ауруханаға жеткізілді. Операция кезінде тоқ ішектің зақымдануы анықталды. Жарақат тігілді. 7-ші күні температура 40°C-қа дейін күрт көтеріліп, қатты интоксикация белгілері пайда болды және іш қуысында абсцесс анықталды. Грам әдісімен боялған абсцесстің микроскопиясында грам-теріс полиморфты спора түзбейтін таяқшалар табылды. Бактериоскопиялық зерттеу және клиникалық көрініс нәтижесінде алдын-ала диагноз қойылды: операциядан кейінгі бактероидты этиологиясы бар абсцесс. 1. Бактериоидтарға жалпы сипаттама беріңіз? Бактериоидтар- спора түзбейтін анаэробты, грам-теріс, таяқша және кокк тәрізді бактериялар. Қатаң анаэробты жағдайда (әдетте ауадағы N2, CO2, H2 қоспаларынан тұрады) өсіріледі. Олар полиморфизммен ерекшеленеді, әртүрлі дәрежедегі ферменттік белсенділікке ие. Антигендік қасиеті толығымен зерттелмеген. Патогенді факторлары: капсцла, ферменттер, липопроисахаридтер. Аминогликозидтерге сезімталдығы жоқ, метранидазолға, клиндомицинге сезімтал. Олар адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері, әсіресе, ауыз қуысының, тоқ ішектің, а әйелдердің жыныс мүшелерінің шырышты қабатында мекендейді. 2. Зертханалық анықтаудың қандай әдістерін қолдану керек? Казiргi кезге дейiн спора түзбейтін анаэробты грам-теріс бактерияларға морфологиясы және Грам әдісімен боялу ерекшелiгi диагноз коюдың негiзi болып келеді. Дегенмен, осындай жiктеудiн кемiстiгi айкын, өйткенi, анаэробты бактериялардын мөлшері және пiшiнi бiр туыстастықтың шеңберiнде ғана емес, түр iшiнде де вариабелдi болып келеді, ал боялу варианты және оның интенсивтiлiгi (және де морфологиясы) көбінесе дакылдың жасына және дакылдандыру жағдайына да байланысты болады. Морфологиясы және Грам әдісімен боялуы бойынша, бiрдей анаэробтар әр түрлi тұқымдастықтар мен қатарларға ғана емес, тіптен бактериялардың әр түрлі сыныптарына (класына) жатуы ықтимал. Сондықтан негiзгi зерттеулерге бактериологиялық (бх қасиеттері бойынша сәйкестендіру) зерттеулер жүргізіледі. Ірің немесе зақымдалған тін, қан зерттеуге алынады; анаэробтарды табу үшін газды сұйықтықты хромотография (хемотаксономия), ИФТ, ПТР әдістері қолданылады. Антибиотикграмманы анықтау міндетті түрде жүргізіледі. Есеп № 16. Есеп. Науқаста бірнеше апта бойы жоғары температура бар. Аурудың өршу кезінде розеолезді, содан кейін розеолезді-петехиальды бөртпе пайда болды. Қанды қоректік ортаға себу кезінде өсім алынған жоқ. Тауық эмбрионын сарысу қапшығына жұқтырған кезде, кейіннен жағынды дайындау кезінде жасушаішілік грам-теріс полиморфты микроорганизмдер табылды. Дәрігердің алдын-ала диагнозы: "Бөртпе сүзегі". 1.Жағындыларда қандай микроорганизм табылды? Қоздырғышты анықтау үшін зертханалық зерттеудің тағы қандай әдістері қолданылады. Жағындыда риккетсиялар табылған.Негізгі әдіс-серологиялық. Наукастардан алынган әртүрлi материалдардан (кан сарысуы) риккетсиялык антиген немесе антиденелерді аныктау үшiн ПГАР, АР, КБР, ИФР, ИФТ қолданылады. Қоздыргышын бөлiп алу тек кана арнайы риккетсиологиялык зертханаларда (патогендiлiгi бойынша II топ) жургiзiледi. Тасымалдаушыларды зерттеу үшін экспресс-әдістерді ИФТ, БС тобынын риккетсияларын аныктау ушiн иммундыглобулиндi диагностикуммен ЖГАР колдануға болады. Қоздыргыштын ДНК-н ПТР-мен анықтауға болады, сонынан ампликоннын нуклеотид реттiлiктерiн аныктау жолымен сәйкестендіріледі. 2. Қоздырғыштың таксономиялық жағдайын және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. Таксономиясы:Бөртпе сүзегiнiн коздырғышы осы инфекцияны ашу жолында кайтыс болған АҚШ ғалымы Н. Риккетс және Чехия ғалымы С. Провацек курметіне аталған. Тұқымдастыгы: Rickettsiaceae. Туыстастығы: Rickettsia. Tүpi: Rickettsia prowazekii. R. prowazekii - грам терiс таякшалар, Романовский - Гимзе әдісі бойынша кызыл түске боялады. Олардын субмикроскопиялык кұрылысы грам терiс бактериялардын курылымына уксас. Жаусуша ішіндегi R. prowazekii-дi электронды микроскопта караганда микрокапсуласын коруге болады.Негiзгi екi антигенi бар: беткейлі орналаскан термостабилдi топтык-спецификалык липополисахарид және ерімейтiн соматикалык турлiк-спецификалык термолабиллi акуызды-полисахаридтi кешен. Бортпе сүзегiнiн коздыргышы-жасуша цитоплазмасында кобейетін жасушаішiлiк паразит. Токсикалык жане гемолитикалык касиетке ие. Оны тауык эмбрионынын сары уыз капшыгында, жасуша дакылында және сезiмтал жануарларда (тышкан, тенiз шошкасы, ор коян) осіреді. Провацек риккетсиясы коршаган ортага тұрақсыз. Жогары температурага, антибиотиктерге, дезинфекция ертінділерiне оте сезімтал, дегенмен төменгi температурада, биттiн кургак экскременттерінде узак сакталады (6 тәуліктен 3 жылға дейін).Инфекция кезі ауру адам-бит-сау адам. Тасымалдаушысы наукастын канын сорган киiм биттерi. Риккетсия бит iшегiнiн эпителийiнде көбейедi және де iшек куысына белiнедi, биттердiн сiлекей бездерінде және кан соргыш мүшесiнде риккетсиялар болмагандыктан шаккан кезде жукпайды. Адамның закым-дануы бит шаккан жердi касыган кезде олардын экскременттерiн терiге жагып, риккетсиялардын жагдай жасалынады.Риккетсиялар канга гусiп, кан тамырларынын кабыргасында орналаскан эндотелий жасушасына енедi, сонда кебейедi жэне эндотоксин беледi. Токсин әсерiнен эндотелий жасушалары бузылып, риккетсиялар кайта канга туседі. Ұсак кан тамырлардын, капиллярлардын закымдануына байланысты мида, буйректе, миокардта жане баска да агзаларда микроайналым бұзылуы нәтижесiнде менингоэнцефалит, миокардит, гломерулонефрит дамиды. Наукас жазылган сон риккетсиялар адам агзасында узак уакыт сакталуы ықтимал, бұл бөртпе сузегiнiн рецидивтiк түрiне әкелуі мүмкін. Есеп № 17. Есеп. Ауыл дәрігеріне 55 жастағы әйел иық аймағында диаметрі 18 см тұрақты емес пішінді сақина түрінде эритемаға шағымданды. Сақинаның ортасында терісі ашықтау. Науқас үш апта бұрын орманға барып, оны кене шағып алғанын айтты. Бастапқыда тістеу аймағында қызару аз болды, бірақ уақыт өте келе қабыну аймағы мөлшері күрт өсті. Дәрігердің алдын-ала диагнозы: "Лайм-боррелиоз". 1.Лайм-боррелиоз қоздырғышының таксономиялық жағдайын атаңыз және оның морфологиясын, культуралық, антигендік қасиеттерін және патогендік факторларын сипаттаңыз. Таксономиясы: Тукымдастыгы: Spirochactaceae Туыстастыгы: Borrelia Typi: Borrelia burgdorferi Морфологиясы мен дакылдандырылуы. Ірi спирохеталар (0,2 х 10 - 30 мкм.), грамша терiс боялады, анилиндi бояулармен жаксы боялады, 7-11 периплазмалык талшықтары бар. Баяу айналып козгалалы. Боррелиялар хемөөрганотрофтылар, микроаэрофилдер. In vitro Berrelia burgdorferi коректік ортага ете талгамды, арнайы альбуминмен, егiздiн немесе кояннын плазмасымен, амин кышкылдармен, витаминдермен, және баска да заттармен байытылган ортада есiрiледi. Оптималды есу температурасы 32 -37 °С, 5 апта бойы еседi. Антигендік және патогенділік қасиеттері. Боррелияларга тән сырткы мембранасының антигені бар порин, оны синтездейтiн ферменттер, ар турлi липопротеидтер. Негiзгi акуыздары - беткейлік (OspA, OspB, OspC,OspF және т.б.), жалпы 30-дан астам акуыздары аныкталган. Олар спецификалык (флаггелин - оган карсы антидене тузiледi) және бейспецификалык акуыздар. Акуыздардын синтезделуi кебiнесе плазмидалык гендермен бакыланады. Негізгі патогендік факторы - адгезиндер. Сырткы мембранасынын липидты моди фицирленген нәруыздары иесiнiн жасушаларына боррелиялардын жа бысуын және енуін қамтамасыз етеді. Макрофагтармен өзара әрекеттесу нәтижесiнде кабыну процесiн индуцирлейтiн ИЛ-1 бөлініп шыгады. Артриттер коздыруга әкелетін иммундыпатологиялык реакциялардын даму процесінде OspА катысады. Ол жылулык шок протеині және нәруыз өзiнiн курылымы және молекулалык салмагы бойынша адамдардыкiмен бiрдей. Ол 37 °С кезiнде синтезделе бастайды. 2. Қорытыынды диагноз қою үшін зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек? Диагнозды зертханалық және эпидемиологиялык мәліметтерге суйене отырып кояды. Клиникалык керiнiстерi бойынша стрептококты эризипелоидтардан, аллергиялык дерматиттерден, фотодерматиттерден, коллагеноздардан және баска аурулардан ажыратып алады. Зертханалык диагноз қоюда микроскопиялык, бактериологиялык және серологиялық әдістерді қолданады. Микроскопиялық зеттеу әдістері. Боррелиялды каннан, жулын суйыктыгынан аныктауға мүмкіндік бермейді, себебі биоматериалдарда олардын мөл-шері оте аз болады. Қазіргі кезеде сүйек тіндерiнен дайындалган препараттарды кумiстендіру аркылы аныктау (Warthin эдiсi) тиiмдi болып отыр. Морфологиясы бойынша Borrelin burgdorferi туыстастыктын баска өкілдерінен еркшелене бермейді.Бактериологиялық зеpmmey Borrelia burgdorferi-ді күрделі құрылымды сұйык коректік ортада (Келлижәне т.б. орталар) дақылдандырады. Қоздырғышты идентификациялау үшін биохимиялық және молекулалык-генетикалык (сырткы есептеу үшін гелдiк-электрофорез әдісі. ДНКгибридизациялау. ДНК рестрикциялалык) эдiстерi колданылады.Жеделдетілген-диагностикалық әдістер: иммунды химиялык, биохимиялык, молекулярлы - биологиялык зерттеу. Иммунды химиялык зерттеу. Закымданган терi аймагындагы немесе коздыргыш жуккан кененiн гемолимфасындагы биоптаттагы коздыргыштын антигенiн ИФ әдіспен анықтауға болады. Биохимиялық- молекулалық зерттеу. Инфекция ошагынан алынган зерттеу материалын коздырғыштын ДНК-н ПТР көмегімен аныктайды. Сәйкес молекулалар табылса болжамдау диагноз коюға болады. Серологиялық жоіс. Наукастын канындагы антиденелерді аныктау ушiн жанама ИФР және ИФТ әдістерін қолданады. Есеп № 18. Дәрігер науқастың қынабының шырышты қабығындағы тығыз шанкрды (жараны) анықтап, шанкрдан алынған материалды микроскопиялық зерттеуге тағайындады. Бактериолог материалды зерттеп, спирохеталарды анықтады. 1.Мерез қоздырғышының таксономиялық жағдайын атаңыз және оның морфологиясын, дақылдық, антигендік қасиеттерін және патогендік факторларын сипаттаңыз. Мерез қоздырғышының таксономиялық жағдайы. Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады. Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі — қатты тығыз шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі. Морфологиясы Мерез қоздырғышы Treponema pallidum – через қоздырғышы Treponema туыстығына жатады. ( лат. Trepo – бұру, nema – жіп дегенді білдіреді). Морфологиясы. Tr. Pallidum – спираль тәрізді жіпше, размері х 0,08 – 0,2 мкм майдан, біркелкі орналасқан бұйра жіпшелері бар. Бұйраларының саны шамасында болады. Трепонеманың шеттері өткір, кейде доғал болады Олардың бояуды нашар қабылдауы құрамындағы нуклеопротеидтердің мөлшерінің аздығына байланысты. Спирохеттерді Бурри әдісімен күмістеп, бояғанда анықтауға болады. Сонымен қатар поларды қара фонда тірі күйінде зерттейді. Мерез қоздырғышында спора мен капсула болмайды. Дақылдануы Бозғылт трепонемалардың қоректік ортаға талабы өте үлкен. Жасанды қоректік орта құрамында міндетті түрде бір түйір ми немсе бір түйір қоянның бүйрегі және асцитикалық сұйықтық болғанда ғана өседі. Олар ºС температура да, анаэробты жағдайда 5-12 күнде жәймен өседі. Бозғылт трепонема тауық эмбрионында жақсы көбейеді ( көлденең бөліну арқылы). Жасанды қоректік города өсірген кезде бозғылт трепонема вируленттігін жоғалтады. Мұндай өсірінділер – дақылдық деп аталлоды. Тауық эмбрионында өсірілген дақылдарды, ұлпалық деп атайды. Әдетте полар вируленттігін сақтайды. Антигендік құрылымы. Антигендік қасиеті.Бозғылт трепонема адам мен жануарлардың тіндерінің липоидты байланыстарымен антигендік жақындығымен сипатталады.Қоздырғыштың бірнеше антиген анықталған,оның ішінде протеиндер,полисахаридтер,липидтер кешені жасуша құрылымына кіреді.Липопротеидтері адам мен ірі қара мүйізді малдардың антигендеріне ұқсас өте сезімтал антиген.Және олардың ақуыздық антигендері құрылымы күрделі.Спецификалық антиденелері бактерияларға иммобилизацияланып,антидене тәуелді цитотоксин қалыптастырады Патогендік факторлары. T.pallidum-ның негізгi патогенді факторы микроорганизмнің макроорганизм жасушаларына фибронектиннің көмегімен жабысуы. Трепонемалар көбейген кезде тамырлардың айналасындағы мукоидтық затты бұзады, ол тамырлардың қабырғаларының бұзылуына, кейіннен тромбозға, өлі еттенуге және тіндердің ыдырауына әкеледі. Вирулентілік факторлары улылық қасиетке ие ЛПС пен жасуша қабығынын белоктары. Иммунды патологиялық үрдістің дамуына липопротеиндер қатысады. Зертханалық штамдар вируленттілік қасиеттерін біртіндеп жоғалтады, оны организмге пассаж жасау арқылы сақтауга болады. Ол үшін қояндардың аталық безіне жұқтырып, орхит ауруын қоздырады және көздің мүйізді қабығына жұқтырады. Бірақ маймылдан басқа жануарларға T.pallidum аз патогенді. 2. Қорытынды диагноз қою үшін зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек? Зерттеу материалы; шанкр бөліндісі (І кезең);бөртпе бөліндісі, лимфа түйіндерінен пунктат(ІІ кезең); қан(ІІ,ІІІ,ІІІ кезең); жұлын сұйықтығы(ІV кезең) Бактериоскопиялық зерттеу:Қатты шанкр бөліндісінен , бөртпелерден, лимфа түйіндерінен пунктат алып бозғылт трепонеманы анықтау үшін түнек айдынды микроскоппен қарайды. Ол үшін зерттеу материалынан «езәлген» тамшы әдісімен препарат дайындаййды. Оң нәтижелі болса нәзік, ұзындығы 6-14 мкм болатын біркелкі 10-12 иірімі бар ирекше микроорганизмдер анықталады. Мерез қоздырғышы маятник тәрізді немесе иіліп, жазылып қозғалады. Романовский-Гимзе әдісі бойынша препаратты бояп, тексеру. Фиксациядан кейін (3-4 мин 4 пайыз формалинмен 2 сағат өңдеу) жағындыны 2-4 сағ бойы бояйды немесе бу шыққанша қыздырып бояйды, бояуды бірнеше рет ауыстырып отырады, соңғы бояу 5 мин ұсталады. Боялған препаратты суда шайып, ауада кептіреді. Мерез қоздырғышы қызыл түске, ал қалған микрофлора өкілдері-күлгін түске боялады. Бактериологиялық зерттеу әдісі-қоздырғыш жасанды қоректік орталарда нашар өсетіндіктен қолданылмайды Серологиялық әдіс-аурудың қоздырғышын анықтаудың ең кең таралған және қол жетімді әдісі. Бұл әдіс мерезбен ауыратын адамның иммундық жүйесі шығаратын иммуноглобулиндерді анықтауды қамтиды. Вассерман реакциясы немесе комплиментті байланыстыру реакциясы пациенттің сарысуы комплиментті сіңіретін антигенмен кешен құратындығына негізделген. Иммунофлюоресценция реакциясы (ИФР). Бұл зертханалық тәжірибеде жасырын мерезді анықтау үшін қолданылатын ең дәл әдіс. Әдетте, ол қиын және атипті жағдайларда, сондай-ақ кеш мерез диагнозында қолданылады |