Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламаның мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілет- терін дамыту. Математиканың өмірмен байланысын көрсету және өмірде болып жатқан құбылыстарды нақтылауға, қоршаған ортаны танып білуге деген ынтасын арттыру. Бағдарламаның міндеттері:Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаңа тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау; Оқушылардың бойын ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгерші- лік қасиеттерін дамыту; Оқу сапасын жетілдіру; Ойлау қабілетін жетілдіру; Алған білімдерін дұрыс қолданып, шешім жасай білуге үйрету; Шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру. 1-сынып Тұрақтылау бөлімі1 - сынып Сағат саны – 33 сабақ (1 сағат)Тақырыбы: "Санау қалай пайда болды?" Математика пәні жайлы, санаудың қалай пайда болғаны туралы түсінік беру. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: "Артық па, кем бе, тең бе?" Қандай заттар артық немесе кем екенін анықтау үшін оларды бір-бірімен сызықтармен қосу арқылы жұптар құру керек. Егер зат жұпсыз қалса, онда сол зат артық. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Заттар қайда орналасқан? Заттардың кеңістікте орналасуын анықтау. Оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында ұғымдарымен таныстыру сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Алуан түрлі сызықтар Сызық түрлері туралы түсінік беру. Түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұ- йықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Заттар мен фигуралардың қасиеті Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: "Ұзындықты өлшеу" Ұзындық өлшем бірліктерімен (мм, см, дм, м, км) таныстыру. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: " Таразы не үшін керек?" Масса өлшем бірліктерімен (г, кг, ц, т) таныстыру. Заттардың массасын өлшеу. |