Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сағат)Тақырыбы: "Сұйық заттарды қалай өлшейсің?" Сыйымдылық туралы түсінік беріп, литр ұғымымен таныстыру. Сұйықтықты өлшеу. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер Параллель түзулер, перпендикуляр түзулер жайлы түсінік беру, айналадағы осындай түзу сы- зықтарға назар аудара білуге үйрету. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Ғажайып үшбұрыш Күнделікті өмірден (үйдің шатырлары, қол өнерде қималарды) мысал келтіре отырып, үшбұ- рыш және оның түрлерін меңгереді. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Төрт қабырғалы фигуралар. Төртбұрыш - төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура. Төртбұрыштың негізгі 6 түрімен таныстыру. (Тіктөртбұрыш, шаршы, ромб, параллелограмм, трапеция, кайт ) сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? Шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір- бірінен ажырату және атау сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Қабырғалары көп фигуралар. Көпбұрышты фигуралар жайлы мағлұмат беріп, оларды өз айналаларынан (қар ұшқындары, теңіз жұлдызы, ара ұясындағы кәрездер) көре білуге баулу. Көпбұрыштардың атауы олардың қабырғаларының санына байланысты болатынын және қа- бырғалары неғұрлым көп болса, ол соғұрлым шеңберге көбірек ұқсайтынын түсіндіру. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Жұп сандар және тақ сандар Жұп сандарға қандай сандар жататынын, тақ сандарға қандай сандардың жататын және олардың айырмашылығын білу; сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Тізбектер Іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау, фигуралар, жемістер, түрлі-түсті жалау- шалар тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Басқатырғыштар мен ребустар Басқатырғыштардың әртүрлі түрімен және ребуспен таныстыру. Ребус - бұл шешетін сөздер немесе жасырын сөйлемдер, суреттермен бірге әріптермен немесе цифрлармен берілген жұмбақ. Ре- бусты шешудің негізгі ережелерін үйрету. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Уақытты бағдарлау. Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері Жыл мезгілдерімен, айлар, апта күндерімен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету |