Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:«Математика күнделікті өмірде» элективті курсының бағдарламасы бойынша білім алған -практикалық танымын қалыптастырады; -қоршаған ортадағы геометриялық пішіндерді танып, қарапайым есептеулерді үйренуге дағды- ланады; -өз бетінше ойлануға, алған ақпаратты талдауға және қорытынды жасауға, шығармашылық тұр- ғыда ойлай білуге, заңдылықтарды анықтауға бейімделеді; -көру арқылы қабылдауы мен елестетуі, зейіні шоғырланады; математиканың өмірмен тығыз байланысын ұғады; -ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениеті қалыптасады. ҚосымшаЕсеп құрай аласың ба? Есеп бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: шарты, сұрағы, шешуі және жауабы. Есептің шарты мен сұрағынан оның мәтіні құралады. Мысалы. Саяхатқа 4 қыз бала және 6 ер бала шықты. Барлығы неше бала саяхатқа шықты? 1.ШАРТЫ: Саяхатқа 4 қыз бала және 6 ер бала шықты. СҰРАҒЫ: Барлығы неше бала саяхатқа шықты? ШЕШУІ: 4 + 6 = 10 (бала) ЖАУАБЫ: 10 бала. Дескриптор: -есеп туралы біледі, есепті басқа тапсырмалардан ажыратады Қалыптастырушы бағалау: жұлдызша Ребусты шешудің негізгі ережелері: Бір сурет бірнеше мaғынaны білдіруі мүмкін: мысaлы, Aт және Жылқы, Бет және Бaс т.с.с. Ребустың қиындығы берілген кескінді нaқты жaғ-дaйғa сәйкестендіріп, дұрыс ұғa білуде. Үтір. Үтір сөздің сол жaғындa тұрсa, ондa сөздің бaсындa тұрғaн әріпті aлып тaстaу керек (сөздің сол жaғындaғы). Aл үтір сөздің оң жaғындa тұрсa, ондa сөздің соңындaғы әріпті aлып тaстaу керек (сөздің оң жaғындa). Суреттің немесе сөздің үстінде (aстындa) сызылғaн әріп болсa, ондa сол әріпті сөзден сызып aлып тaстaу керек. Сөзге енетін бaрлық әріп түгел aлынaды. Кейде әріптің орнынa сызылғaн цифр бо- луы мүмкін, ондaй жaғдaйдa нөмірге сәйкес келетін әріпті ғaнa сызу керек. Әріптерді сөздің ішінде aуыстырғaн кезде, теңдік түрінде де жaзып қолдaнылaды. Мысaлы, “A=Е”, бұл бaрлық жердегі “A-ның” орнынa “E-ні” aуыстыру керек деген сөз. Бір ғaнa әріпті aуыс- тыру керек болсa, мысaлы, 5 = Е болсa, ондa бесінші тұрғaн әріпті нaқты сол әріппен aуыстыру қaжет деген мaғынaны білдіреді. Тізбектерсенбі. Оқушыларға заңдылықтар бұзылып жазылған тапсырмалар беріледі. тапсырма: Жыл мезгілдерін атау: қыс, күз, жаз, көктем. тапсырма: Апта күндерін атау: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сейсенбі, жексенбі, сенбі, бей- тапсырма: Дөңгелек сандармен тура санау: 10, 40, 50, 20,70, 100, 30, 60, 90. |