Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • Бағдарламаның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница222 из 367
    1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   367

    МАМЫРБЕКОВА НУРГУЛЬ НУСУПХОЖАЕВНА


    Ы. Алтынсарин атындағы 159 гимназияның бacтaуыш cынып мұғaлімі
    Пікіpжaзғaндap:Туралбаева A.Т., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгoгикaлық унивеpcитетінің

    «Бacтaуыш білім беpу бaғдapлaмaлapы» кaфедpacының аға оқытушысы, PhD, пpoфеccop Абдрашова А.К., 12 гимнaзияның бacтaуыш cынып мұғaлімі, педaгoг-шебеp

    Түcініктеме хaт мaзмұны



    Білім беру сапасының проблемасы - қазіргі әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан ол тұлғаны тез өзгеретін әлемде өмірге дайындауға, жоғары адамгершілік ұмтылыстары мен сапалы оқуға деген уәжі бар тұлғаны дамытуға бағытталған міндеттер кешенімен байланысты. Білім беру сапасын арттырудың негізгі бағыттарының бірі білім беру мазмұнын жаңарту және оның сапасын бақылау тетіктерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі қоғамның талабы - жаңа білімді меңгергісі ке- летін және игере алатын, оларды жаңа жағдайларға қолдана алатын және туындаған мәселелерді шеше алатын жастарға сұраныс жасайды, яғни функционалды сауатты мамандарға сұраныс бар. Алайда, жас ұрпақтың функционалдық сауаттылығының төмен деңгейі олардың қоғамға бейімделуі мен әлеумет- тенуін қиындатады. Сондықтан функционалдық сауаттылықты дамытудың өзектілігі - білім алушы- лардың жоғары академиялық және әлеуметтік жетістіктеріне мүдделілігімен де негізделген.

    Қазірдің өзінде бастауыш мектепте табысты оқудың негізгі шарттарының бірі - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі, себебі бастауыш мектепте алынған сапалы білім барлық кейінгі білім беру- дің негізі болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімнен білім алушылардың оқу сауаттылығын қалып- тастыруға барынша ықпал ететін оқу іс-әрекетінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін табу және қол- дану талап етіледі. Бұл жағдайда бастауыш сынып мұғалімі оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу қа- білетінің негізін қалау маңызды болмақ. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қол- дану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тә- сілдерін талап етеді. PIRLS, PISA Халықаралық зерттеулерінің де талабы осы. Осы зерттеулердің же- текші сарапшыларының зерделеуінше «оқу сауаттылығы» - бұл адамның өмірде толыққанды өзін-өзі жүзеге асыру және өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жазбаша сөйлеудің әртүрлі нысандарын түсіну және логикалық түсіну қабілеті.

    «Оқу сауаттылығы шеберханасы» курсы бойынша алынған білім мен әртүрлі ақпарат көздері- мен жұмыс істеу балаларға ақпаратты дұрыс қабылдауға, оның сапасын бағалауға, оның жасырын ма- ғынасын түсінуге көмектеседі. Оқушылардың оқу сауаттылығымен байланысты дағдыларды қалып- тастыру арқылы оқу процесі, тәрбиелік іс-шаралар мен қосымша білім беру арасындағы тығыз қарым- қатынаста үлкен жетістікке жету. Отбасылық оқу мәдениетін дамыту бойынша ата-аналар қауымдас- тығымен жұмыс жүргізу.

    Бағдарламаның өзектілігі. «Оқу сауаттылығы шеберханасы» элективті курсының бағдарла- масы оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, оқушылардың жеке (жас, физиоло- гиялық, психологиялық, зияткерлік және басқа) ерекшеліктерін, білім беру қажеттіліктері мен мүмкін- діктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған.

    Мәтінді сауатты оқу және мағынасын түсіну дағдысын меңгеру - функционалдық сауаттылық деңгейін айқындайды. Мәтінді дұрыс түсіну тәсілдеріне үйрету қазіргі білім беру жағдайындағы өзекті педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ақпараттың көптігі мәтінді дұрыс әрі тез және тиімді қабылдауды және өңдеуді қажет етеді. Оқу сауаттылығын қалыптастыру - мектеп- тегі білім берудің өзекті міндеттерінің бірі. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқу стратегиясы білім алушы- ларға қоғамда жақсы әлеуметтенуіне, ал мұғалімге заманауи сабақтың моделін дұрыс құруға көмекте- седі.

    Бағдарламаның негізгі идеясы – мұнда оқу сауаттылығы мәтінді оқу, тыңдау, түсіну және жаз- баша мәтіндерді қолдану, олар туралы ойлау және оқу, өз мақсатына жету, мүмкіндіктерін кеңейту және әлеуметтік өмірге қатысу қабілеті ретінде қарастырылады.

    Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын ескере оты- рып, бастауыш білім бағдарламасын игерудің пәндік, мета-пәндік және тұлғалық нәтижелері білім бе- рудің келесі деңгейінде табысты оқытуды қамтамасыз етуі тиіс:

    • әдебиетті оқу мен оқудың мәнін сезіну басқа пәндерді жақсы оқу, өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену үшін маңыздылығын түсіну;

    • жүйелі оқу қажеттілігін әлемді және осы әлемдегі өзін-өзі тану құралы ретінде қалыптастыру;

    • мәтінмен диалог жасау қажеттілігін қалыптастыру;

    • түрлі дереккөздерден ақпарат алу және қолжетімді деңгейде ақпаратты түсіну және түрлен- діру, қорытынды жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру;

    • түрлі мәтінмен жұмыс істеу білігін дамыту (талдау, қажетті ақпаратты алу), пәндік термино- логия мен символиканы қолдана отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойын дәл және сауатты жеткізу, логикалық негіздемелер жүргізу, пайымдау, логикалық дұрыс емес пайымдауларды тану;

    • түрлі нысанда ұсынылған (мәтін, кестелік деректер, схемалар, фотосуреттер және т.б. түрінде) тақырыптық мазмұндағы ақпаратпен жұмыс істеу әдістерін меңгеру.

    Бағдарламаның мақсаты - оқу сауаттылығына қол жеткізуге бағытталған мағыналық оқу не- гіздерін меңгерген білім алушының тұлғасын қалыптастыру.

    1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   367


    написать администратору сайта