Главная страница
Навигация по странице:

  • Аптасына

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница224 из 367
    1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   367

    Мәтінмен жұмыс: ақпаратты түрлендіру және түсіндіру бөлімінде, оқушы:


    • бетті нөмірлеу, тізімдер, сілтемелер, мазмұн кестелері арқылы мәтінді құрылымдайды; емлені тексереді; кесте мәтінінде, суреттерде пайдаланады;

    • ақпаратты ұсынудың жаңа формаларын қолдана отырып, мәтінді түрлендіреді: формулалар, графиктер, диаграммалар, кестелерді қолданады;

    • мәтінді түсіндіреді: мәтіндегі әртүрлі сипаттағы ақпаратты салыстырады;

    • ұсынылған тезистерді растау үшін мәтіндегі дәлелдерді табады; тұжырымдалған мәліметтер- ден қорытынды жасайды; автордың немесе мәтіннің негізгі ойы туралы қорытынды шығарады.

    • суретті материалды мәтін ақпаратымен салыстырады, ішкі мәтінді талдайды, қолданылған тілдік құралдар мен мәтін құрылымы негізінде жасырын, анық емес ақпаратты анықтайды.



    Мәтінмен жұмыс: ақпаратты бағалау бөлімінде, оқушы:


    • мәтін мазмұнына жауап береді: мәтіндегі ақпаратты басқа көздерден алынған біліммен байла- ныстырады;

    • мәтінде жасалған мәлімдемелерді әлем туралы өз идеяларына сүйене отырып бағалайды; өз көзқарасын қорғауға дәлелдер табады;

    • қолда бар білім, өмірлік тәжірибе негізінде ақпараттың шынайылығына күмән келтіріп, алы- натын ақпараттың дұрыс еместігін, ақпараттағы олқылықтарды анықтайды және жолдарды табады, осы олқылықтардың орнын толтырады;

    • бір немесе бірнеше көздермен жұмыс істеу барысында олардағы қайшылықты, даулы ақпа- ратты анықтайды;

    • алынған хабарлама (оқылған мәтін) туралы бағалау пікірлері мен көзқарастарын білдіреді.

    • жарнамалық ақпаратқа сыни көзқараспен қарайды;

    • қарама-қайшы ақпаратты тексеру тәсілдерін табады.
    «Оқу сауаттылығы шеберханасы» элективті куpcы бaғдapлaмacының мaзмұнын ұйым- дacтыpу бoйыншa oқу жүктемеcінің көлемі:

    1. cыныптa aптacынa 1 caғaт, oқу жылындa 34 caғaт.



    Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім 4-сынып


    Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

    1-сабақ (1 сағат)


    1. Кіріспе. Курстың мақсаты мен мазмұны. Белсенді оқу түрлері негізінде курстың мақсат, мін- детімен таныстыру

    І бөлім. Тілдік дағдыларды дамыту. Барлығы – 10 сағат. 2-сабақ (1 сағат)


    Тақырыбы: Тілдік дағдылар.

    Оқушыларға тілдік дағдылар (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) туралы ақпарат беру. Тілдік дағдыларды қолдана білуге үйрету. «Ой қозғау», «Миға шабуыл» стратегиялары арқылы алған білімдерін еске түсіріп, білмейтіндерін есте сақтау.
    1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   367


    написать администратору сайта