Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница227 из 367
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   367

ІIІ бөлім. Мәтінмен жұмыс: ақпарат іздеу және оқығанды түсіну. Барлығы – 11 сағат 18-сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Мәтін. Мәтіннің тақырыбы. Мәтіннің негізгі ойы. Мәтіннің мазмұнын бағдарлап, оның тұтас мағынасын түсіну:

  • мәтіннің негізгі тақырыбын, жалпы мақсатын анықтау;

  • мәтіннің тақырыбын табу немесе мәтіннің мазмұны мен жалпы мағынасына сәйкес тақырып ойлап табу;

  • мәтіннің жалпы мағынасын білдіретін ойын тұжырымдау,

  • мәтіннен қажетті ақпаратты табу.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Мәтін атауы, тақырыппен және негізгі оймен байланысы. Кілт сөздер (түйінді сөз- дер) және олардың мақсаты.

Мәтіннің атауы, негізгі ой туралы алған білімдерін пысықтау. Мәтіндегі түйінді сөздерді табу, олардың мақсатын анықтау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Сөздіктер (глоссарий) мен анықтамалар. Қосымша дереккөздермен жұмыс

Сөздік дегеніміз не? Сөздіктермен қалай жұмыс істейді? Глоссарий құру ережесі. Дереккөздер дегеніміз не? Дереккөздермен жұмыс. Дереккөздерді онлайн іздеу, іріктеу. Кітапханадағы библиогра- фиялық анықтамадан іздеу, т.б.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Шығармашылық ойлауды дамытуға арналған жаттығулар

«Сөзді теріс оқу» жаттығуы. Көлікте немесе көшеде келе жатқанда ілулі тұрған тақтайшаларды (жарнама, ақпараттық тақта, көше атаулары, т.б.), белгілерді артқа қарай оқу. Оны оқу қиын болады. Алдымен тек қысқа сөздерді алып, содан кейін барлық сөз тіркестерін оқу қабілетін меңгерту.

Бұл миға арналған керемет жаттығу, бұның балама нұсқалары да бар. Проблемалық жағдайға тап болғаннан кейін басқа нұсқаларды көру оңайырақ болады.

«Егер де...» жаттығуы. Егер олай болса не болар еді? сұрағын қою. Мысалы, «егер мен кітап жазсам, онда ол не туралы болар еді?» Содан кейін екі сөйлеммен неге мұндай таңдау жасалғанын түсіндіруге тырысу.

Бұл миға қарапайым мәселені шешудің ерекше әдісін табуға, «өзің туралы сөйлесуге», ұмытып кеткен жоспарларды талдауға мүмкіндік береді. Егер бұл жаттығуды жұппен жасаса, онда ақыл-ойды жаттықтыру мүмкіндігі бар.

«Соңынан бастап оқимыз» жаттығуы. Біздің миымыз нақты іс-әрекет жасаған кезде ғана әрекет етуге бейімделген. Бірақ өмірде де, кітаптарда да бұл әрдайым дұрыс бола бермейді. Кейде күтпеген оқиғалар болмауы керек нәтижелерге әкеледі. Қорытындыдан алғы сөзге біртіндеп көшу болжамдарды бұзуға және жағдайдың дерексіз көрінісін үйренуге көмектеседі, сондай-ақ ұтқырлықты, ойлаудың икемділігін дамытады.

«Анаграмманы тап» жаттығуы. Араласқан әріптерден сөз құрау. Жасырын мағынаны тез та- буға, бір қарағанда түсініксіз мағынаның мәнін табуға мүмкіндік береді.
  1. 1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   367


написать администратору сайта