Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
7-8-сабақтар (2 сағат)Тақырыбы: Оқылым дағдысы. Оқылым дағдысының түрлері. Мәтіннен басты ойды тауып оқу, ойдың кім немесе не туралы екендігін түсіну, күрделі әрі керек ақпаратты бөліп алу; сөздің астарын түсіну; мәтінге талдау жасау, яғни мәтіннің түрлі бөліктерін са- лыстыру; ондағы әрекетті өз тәжірибесінде білу; мәтінді интерпретациялау (мағынасын табу); оқығаны бойынша пайымдау; өз ойын білдіру; мәтінді бағалау, автордың көзқарасын білу, жалпы туындының мазмұнын сезіну; оқыған мәтінге өзінің жеке қатынасын қалыптастыру және өз таңдауын түсіндіру. Оқылым дағдысын дамытуға арналған жаттығулар жасау. «Есте сақтау картасы», миға шабуыл, «Топта оқыту/оқу», т.б. 9-10-сабақтар (2 сағат)Тақырыбы: Жазылым дағдысы. Жазылым дағдысының түрлері. Ұғынып оқу мен жазудың өзара байланысын; логикалық ойлауын дамыту, жинақтау, қорытын- дылау қабілетін дамытуға бағытталған жұмыс істеу. Имитациялық, коммуникативтік және құрылым- дау әдістерінің көмегімен оқушылардың жазылым дағдысын дамыту. 11-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Тест тапсырмасы. Алған білімдерін жүйелеу, бекіту. ІІ бөлім. Мәтіннің түрлері. Мәтінмен жұмыс. Барлығы – 6 сағат. 12-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Мәтін түрлері (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) Мәтіннің түрлерін, ерекшеліктерін, анықтамасын, құрылымын еске түсіру. Әрқайсысына мы- салдар келтіру. Жаттығулар орындау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні Әңгімелеу мәтінінің анықтамасы (оқиғаны ретімен баяндау), сұрақтары (не істеді?, қайтеді?), құрылымы (Оқиғаның басталуы; оқиғаның одан әрі қарай дамуы; оқиғаның аяқталуы). сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Сипаттау мәтіні Сипаттау мәтінінің анықтамасы (зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттау), сұрақтары (қан- дай?, қай?), құрылымы (түрі; сипаты; ерекшелігі). сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Пайымдау мәтіні Пайымдау мәтінінің анықтамасы (оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдеу), сұрақтары (нелік- тен? не себепті?), құрылымы (дәлелденетін пікір; дәлелдеу). сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Мәтін түрлеріне тапсырмалар мен жаттығулар орындау сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Кім жылдам?» жылдам оқу техникасы Жылдам оқу техникасын дамыту. Келесі әдістерді пайдалану. «Серпіліс – тоқта» әдісі (мұнда «серпіліс» дегенде оқуды бастайды, «тоқта» дегенде тоқтатады. «Параллельді оқу» (екі бірдей мәтінді алып, біреусі оқығанда, екіншісі ілесіп отырады, бірінші адам тоқтағанда, екіншісі жалғастырып кетуі керек). Артикуляциялық жаттығу (жаңылтпаш, өлең, т.б. мәтіндерді түрлі темппен оқу. Әріптердің дұ- рыс дыбысталып, сөздің анық шығуын қадағалау). |