Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
3-4-сабақтар (2 сағат)Тақырыбы: Тыңдалым дағдысы. Тыңдалым дағдысының түрлері. Тыңдау (тыңдалым) ауызша сөйлеуде ақпаратты қабылдау, түсіну және белсенді өңдеумен байланысты күрделі рецептивті ойлау әрекеті болып табылатындығын қарапайым тілмен түсіндіру. Тыңдалым дағдысының түрлерімен таныстыру. Сол бойынша жаттығулар орындау. Аудиомә- тінмен жұмыс істеу кезеңдерін сақтай отырып, жаттығулар орындау. Мәтіналды кезең – жаңа сөздерді енгізу, оларлды түсіндіру, иллюстрациялық таныстыру; ана- ғұрлым күрделі грамматикалық құрылыммен жұмыс; ассоциограмм арқылы білімді белсендіру (зерде- леніп отырған құбылыстың, ұғымның, заттың ассоциациясының графикалық, сөздік көріністері; сол сөздерден қысқа сөйлемдер құрау; аудимәтіндегі сөздерді тақырыпқа топтау, т.б.). Мәтіндік кезең – мәтінді толық тыңдау және әр бөліктерін (абзацты), мағыналық бөліктерін жеке тыңдау. Мұндағы мақсат - мәтін мазмұнын түсінгенін тексеру; мәтіннің мазмұндық мағынасын болжау; ойды, есте сақтауды, назарға алуды дамыту. Келесі жаттығуларды жасау ұсынылады: кесте толтыру (адам аттары, сандар, басқа да дерек- тер); мәтіндегі бос қалдырған орынды толтыру; 5 басты сұраққа жауап беру (Кім? Қай жерде? Қашан? Қалай? Неліктен?); визуалды диктант жазу; сөйлемдердің, үзінділердің дұрыс жалғасын табу; «дұ- рыс/дұрыс емес», «сәйкес келеді/сәйкес келмейді» тест алу; абзацтарға атау беру; өзгертіп айту. Мәтіннен кейінгі кезең. Бұл кезеңде мазмұнының толықтығы мен нақтылығын тексеруге ба- ғытталған жұмыстар жүргізіледі. Яғни, мәтінмен жұмысты бақылау, тыңдағанды талқылау, т.б. Келесі жаттығуларды жасау ұсынылады: сөйлемдерді/абзацты тыңдалған мәтінге сәйкестігін реттеу, бірыңғайлау немесе иллюстрациялар, картинкалар мен тақырыптың арасындағы сәйкестікті табу; әңгіменің жалғасын немесе соңын құрастыру; жоспар құру; соған ұқсас әңгіме құрастыру; рөлдік ойын ойнау; әңгіменің тақырыбы бойынша диалог құрастыру; ақырындап және толықтай басқа сөйлеу дағыдларына (оқу, жазу) ауысу. 5-6-сабақтар (2 сағат)Тақырыбы: Айтылым дағдысы. Айтылым дағдысының түрлері. Сөйлеу дағдысы ретінде айтылымның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру, соларды басшылыққа алу. Айтылымның түрлерімен қарапайым тілде таныстыру: монолог. Монолог жанрлары (лекция, ба- яндама жасау, ғылыми жұмысты қорғау, құттықтау сөз айту, т.б.). Диалог (әңгімелесу, интервью алу, әңгіме, дебат, пікірталас, т.б.) Полилог (үш немесе одан да көп адамдардың әңгімелесуі). Диалог пен монологтың ара қатынасы. Айтылым дағдысын қалыптастыру жолдарына бағыт- талған жаттығулар жасау. Айтылым дағдысын дамытуға арналған жаттығулар: «Ұлы тұлғалармен диа- лог», «Спикер тағайындау», «Ауызша сөзді бағалау», «Үлгіге қарап үйренеміз», «Қатемен жұмыс», «1 минут», жаңылтпаштар айту, т.б. |