Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Білімді меңгерту деңгейін тексеруОқушылардың білім, білік дағдысын тексеру оқу үрдісінің негізгі кезеңі болыпт табылады. Ма- тематика әлемінде сабағында оқушылар негізінен өз білімін өздері бағалайды. Өзін-өзі бағалау, жұп- тық өзара бағалау, топтық өзара бағалау сабақты бекітуге септігін игізеді. Ол төмендегі бағалау әдіс белгілері арқылы іске асырылады. Өздік бағалауы: Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары. Топтың өзара бағалауы (топтар біроін-бірі бағалайды): Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет-әдебі, топтық араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра білуі: төмен, орташа, жоғары. Математикалық тілде сөйлеуі: төмен орташа, жоғары. Бұл бағалаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысынан қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білімболуы қажеттігі туады. Мұндай бағалаулар оқушылардың бо- йында мынадай қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабі- леттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамгершілік, жолдастық қасиеттер, өзінше түйін жасауы, шығарма- шылықпен жұмыс істей біле алуы, т.б. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:«Математика әлемінде» элективті курсының бағдарламасы бoйынша білім алған -сынып oқу- шысының: қызық есептер құрастыру арқылы, логикалық ойлау қабілеттері дамиды; өз бетінше іздену әрекеттері, зерттеу, oйлау дағдылары қалыптасады; -ой дамыту тапсырмалары арқылы логикалық есептерді шығару жолдарын меңгереді; туған жерінің табиғатын сүюге, oған қамқoр бoлуға үйренеді; бақылау, эксперимент, сауалнама алу, жoба жұмысын жазу тәжірибелері қалыптасады; түрлі қисынды тапсырмаларды орындау арқылы алынған білімді қoлдана білу біліктері қа- лыптасады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі«Математикадан қалыптан тыс есептер мен жаттығулар жинағы», Омаров Р.- Алматы, «Ра- уан», 2014 ж. «Бастауыш мектептегі логикалық есептер», Джумадуллаева Б.Ш.- Астана, 2019ж «Логикалық және комбинаторикалық есептер», Жанасбаева Ұ.Б., Жанасбаев Ж.Б.- Алматы, 2018ж «Шексіз математика» турнирінің есептер жинағы», - Алматы, 2018ж «Қазақтың байырғы қара есептері». Елубаев С.Е.-Алматы, «Қазақстан»,1996ж Қосымша әдебиеттер: «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар», Қосанов Б.М., Өміртаева Р.Қ.- Алматы «атамұра», 1998ж. «Математиканы оқыту әдістемесі» 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған. «Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар», Құрманалина Ш.Х., Өміртаева Р.Қ. -Алматы-, «Атамұра», 1997ж. «Қосымша есептер», Сәрсекеев А.С.- Көкшетау, 2001ж |