Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница215 из 367
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   367

БАҒДАРЛАМА


элективті курс

МАТЕМАТИКА КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ


1- сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат)

ЖУВАНЫШБЕКОВА С.М.,


Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия
Пікіржазғандар:Туралбаева А.Т., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

«Бастауыш білім беру бағдарламалары» бөлімі, философия ғылымдарының докторы (PhD)

Алыпкелова А.Р., Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.

Түсінік хат


Ұлы ғалым Галилей: «Ғаламдағының барлығы математика заңдарына бағындырылған» – деген. Расында да, математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектесіп, өркениеттің дамуына септігін тигізді. Біз не істесек те, барлығы математикамен сабақтасады. Зaттaрды сaнaуғa, өлшеуге, сaнaп шығуғa және болжaуғa, сондaй-aқ түрлі есептер шығaруғa турa келеді. Бұғaн мaтемaтикaның көмегімен қол жеткіземіз. Оқушы aлғaн теориялық білімдерін өмірмен бaйлaныстырa отырып, пaйдaлaнa білуі керек. Соның бірі – функционaлдық сaуaттылықты дaмыту. Функционaлдық сaуaтты- лық тұлғaның нaқты мәдени ортaдa өмір сүру қызметін қaмтaмaсыз ететін білімі, ептілігі, дaғдылaры. Оқушының әлеуметтік мәдени, сaяси және экономикaлық қызметтерге белсенді қaтысуынa, сондaй-aқ өмір бойы білім aлуынa ықпaл ететін бaзaлық фaктор.

Функционaлды сaуaтты оқушы өмірде белсенді, шығaрмaшылық тұрғыдa ойлaй aлaды, тиімді шешім қaбылдaй aлaды, өмір бойы білім aлуғa дaйын болaды. Ол үшін оқушының мaтемaтикaлық сaуaттылығы болуы керек. Мaтемaтикaлық сaуaттылық aрқылы жaн-жaқты дaмығaн, белсенді, өмірге тaлпынысы, қызығушылығы бaр оқушыны тәрбиелей aлaмыз. Математикалық сауаттылық:

  • математиканың рөлін анықтау және түсіну;

  • сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

  • дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

  • есептеудің тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру;

  • математикалық білімді түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.



Бағдарламаның өзектілігі:


  • Бағдарлама 1-сынып оқушысының қоршаған әлемді түсіну және оқып үйрену тәсілі ретінде математиканы тереңірек қабылдауын дамытуға бағытталған. Баланың күнделікті өмірде математика- лық білім, білік және іс-әрекет тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.

  • Бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай;

  • Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және күнделікті өмір- мен байланыстырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағытталған.

  • Бағдарлама 1-сыныпқа арналған «Математика» оқулығын тереңдете отырып, практикалық тұрғыда қолдануға арналған.

  • Шамалар мен өлшем бірліктері туралы түсінік оқушылардың өмірлік тәжірибесімен тығыз байланыста қалыптастырылады. Тақырыптарды оқып үйренудің практикалық бағыты күшейтіледі, мазмұны тұрмыстық жағдайлармен тікелей байланысты және оқушылардың алған білімдерін күнде- лікті өмірде белсенді пайдалануға ықпал етеді.

  • Бір немесе бірнеше белгі бойынша салыстыруды, ұқсастық бойынша қорытынды жасауды меңгереді. Сан, шама, геометриялық фигура, жиын, пиктограмма, диаграмма сияқты негізгі ұғымдарды түсінеді. Математикалық терминдерді қолдануды, қажетті ақпаратты оқулықтан, анықтамалықтан із- дестіру жүргізуді үйренеді.

Бағдарламадағы тапсырмалар оқушылардың мектеп бағдарламасында алған білімдерін толық- тырады.
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   367


написать администратору сайта