Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның

  • Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница43 из 367
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   367

    БАҒДАРЛАМА МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ


    элективті курс бағдарламасы

    1-4 сынып оқушыларына арналған

    САТПАЕВА НУРЗАТ КАКИТАЕВНА


    № 157 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер
    Пікір жазғандар: Жұмабаева Ә.Е., Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш білім беру бағдарламалары бөлімінің жетекшісі, п.ғ.д.,профессор.

    Қыяқбаева У.Қ., Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бөлімінің жетекшісі, п.ғ.к.,профессор.

    Ақпаева А.Б., п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ

    Түсініктеме хат мазмұны


    2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзитивті білім беруді жүзеге асыратын) ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Әдіс- темелік нұсқау хатта былай делінеді: «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математика- ның өмірдегі орнын түсіну, білу; әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты оқу, талдау; есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; математика- лық білімін өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану дағдыларын қа- лыптастыру басты мақсат болып табылады.»

    Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаты ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар не- гізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған матема- тиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрак- тылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практи- калық негіз жасау деп белгіленген. Олай болса, беріліп отырған «Математика әлемінде» атты бағдар- лама оқушыларды қоршаған ортадағы таңғажайып өмірдің құпияларын ашуға әрекет жасайды, мате- матика ғылымының қажетті ілім-білім екенін түсінеді, күнделікті өміріміздегі тіршілігіміздің өзі ма- тематикамен тікелей байланысты екенін ұғынады.

    Халықаралық зерттеулермен оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі білу (еске түсіру), қолдану (байланыстарды орнату), ойлау (пайымдау) деңгейлерiмен анықталады.

    Білу деңгейі бойынша оқушылардың терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, матема- тикалық объектілерді танып білу қабілеттері бағаланады.

    Қолдану деңгейі бойынша нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабі- леттері бағаланады.

    Ойлау деңгейі бойынша объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

    Осыны ескере отырып, бағдарлама мынандай міндеттерді қойды:

    • тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;

    • бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша

    әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;

    • оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық

    білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты дайындықты жүргізу;

    • оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру, өзара қарым-қатынасты нығайтуда топтық жұмысты ұйымдастыру, бірлескен оқуды дағдыландыру

    • стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін

    ашу және дамыту;

    • баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу

    Бағдарламаның өзектілігі: бұл бағдарламаның қазіргі өзектілігі оқушылар жаңа инновациялық технологиялық ұғымдар аясында білім, білік, дағдымен қаруланады. Математиканың стандартты емес тапсырмаларын шығарып үйрену, оқушы үшін құнды дүние болып тұр. Математиканың өзі адам баласының өмірмен тығыз байланысты болғандықтан, бұл бағдарламада халқымыздың салт- дәстүрінен де ұғымдар беріліп, математика пәнімен байланыстылығы қарастырылған. Оқушы осы бағдарламаны оқи отырып, матемтиканың қиын да, қызықты есептерімен танысып, халықаралық дәрежедегі есептерді шығарып үйренеді.

    Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: бағдарламада жаңа технологияны қамтитын тапсыр- малар берілген. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар шешімі қиын тапсырмаларда ортада талдап, са- лыстыра алады. Тың тақырыптар мен тапсырмалар, атап айтқанда жиын ұғымдары, комбинаторика ұғымдарына практикалық жаттығулар көзделген. Бағдарламадағы постерлік жұмыстар мен рефлексия, кері байланыстар оқушының танымдық әрекетін дамытуға бағытталған.
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   367


    написать администратору сайта