Главная страница
Навигация по странице:

  • Гинекология *1*11*2*

  • *Патологиялық акушерия*1*11*2*

  • *Физиологиялық босану және босанудан кейнгі кезең*2*28*5*

  • *Амбулаторлы-емханалық акушерия*2*28*6*

  • Амбулаторлыемханалы акушерия1113


    Скачать 67.83 Kb.
    НазваниеАмбулаторлыемханалы акушерия1113
    Дата10.04.2023
    Размер67.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла633a6afdee983.docx
    ТипДокументы
    #1051361
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Амбулаторлы-емханалық акушерия*1*11*3*
    #1

    *!Жатыр қуысына эмбрионның имплантациясына дейін ЕҢ ықтимал қанша уақыт өтеді?
    #2

    *!Эмбриопатия жүктіліктің қандай ЕҢ ықтимал мерзімінде дамиды?
    #3

    *!Жүктілік кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесінде қандай өзгерістер ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?
    #4

    *!Пациентте етеккірі 4 аптаға кідірген және жүктілік тесті оң, ұрықта генетикалық патологиялардың жоқтығына көз жеткізгісі келеді. Анамнезінен: 1 жыл бұрын жүктіліктің 21 аптасында ұрықта генетикалық патологияның болуына байланысты медициналық көрсеткіш бойынша жүктілік үзілді.

    Жүктілік мерзімінің қайсы ЕҢ ықтимал аптасында көрсеткіш болғанда хорион бүрлерінің биопсиясы алынады?
    #5

    *!Көрсеткіші болғанда нәрестеге антенаталды кардиотокография жүктілік мерзімінің ЕҢ ықтимал қандай аптасында жасалынады?
    #6

    *!Селекторлық жиналыста өткен жыл бойынша ҚР ана өлімін талдау жүргізілуде.

    Ана өлімінің көрсеткіштері тірі туылған баланың ЕҢ ықтимал қанша санымен есептеледі?
    #7

    *!Кесар тілігі операциясымен босанған әйел босанғаннан кейінгі декреттік демалыс алуға келді.

    Асқынған босанғаннан кейінгі декреттік демалыстың ЕҢ ықтимал ұзақтығы қанша кун?
    #8

    *!Жүкті әйел алғаш тіркелу кезінде ұрықтың генетикалық патологиясының жоқтығына көз жеткізгісі келеді.

    Жүктіліктің бірінші триместрінде пренаталдық биохимиялық скрининг жүктілік мерзімінің ЕҢ ықтимал қай аптасында жүргізіледі?


    #9

    *!Алғаш жүкті әйел жүктіліктің 10 аптасында әйелдер консультациясына есепке тұрды. Лоқсуға, жүрек айнуға шағымданады. Болжам диагноз: ерте токсикоз орташа ауыр дәрежесі.

    Жүкті әйелдің ЕҢ ықтимал құсу жиілігі қанша?
    #10

    *!Преэклампсияның ауыр дәрежесінде күттірмейтін көмек көрсету үшін ЕҢ ықтимал ұсынылатын препарат қандай?
    #11

    *!Перинаталды өлімді қандай ЕҢ ықтимал формуламен есептейді?
    Гинекология *1*11*2*
    #12

    *!Төменде көрсетілгендердің қайсы емізетін анаға контрацепция әдісі ретінде ЕҢ қолайлы?
    #13

    *!Науқас 20 жаста, жанұя жоспарлау кабинетіне консультацияға келді. Анамнез: тұрмыс құрмаған, тұрақты жыныс партнері бар, етеккір циклі қалыпты. Микродозалық гормоналдық контрацепция тағайындалды.

    Тағайындалған контрацепцияның ЕҢ тиімді этинилэстрадиол (мкг/тәулігіне) концентрациясы қандай?
    #14

    *!Фолликуланың персистенциясы түріндегі жатырдан аномалды қан кетуге ЕҢ ықтимал не тән?
    #15

    *!Бедеулікпен ауыратын 23 жастағы әйел 3 етеккір циклі кезінде базальды температураны өлшеді.

    Көрсетілген базальды температура кестесіне сәйкес келетін етеккір циклінің бұзылуының ЕҢ ықтимал түрі қандай?
    #16

    *!Біріншілік бедеулікпен ауыратын 23 жастағы әйел 3 етеккір циклі кезінде базальды температураны өлшеді.

    Көрсетілген базальды температура кестесіне сәйкес келетін етеккір циклінің бұзылуының ЕҢ ықтимал түрі қандай?

    #17

    *!Науқас 28 жаста, жедел екі жақты сальпингоофорит, жедел эндоцервицитпен цервикалды өзектен алынған жағындыны бактериоскопиялық тексергенде: жасуша ішінде және жасушадан тыс орналасқан грам-теріс диплококктар анықталды.

    Қабынудың Ең ықтимал болжам қоздырғышы қандай?
    #18

    *!Жедел пиелонефритке карсы жүргізілген антибактериалдық терапиядан кейін, ауруда вульваның қышынуы және көп мөлшерде «ірімшік» тәрізді бөлінділер пайда болды.

    Қандай ауру қоздырғышы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?
    #19

    *!Науқас 19 жаста, сессия кезінде пайда болған ашушаңдыққа, күйгеліктікке, нашар ұйықтауына, бас ауыруына, шағымданды. Аталған симптомдар етеккірге дейін пайда болып, етеккірден кейін кететінін айтты.

    Бұл жағдай қандай синдромның Ең тән белгілері болып табылады?
    #20

    *!Науқас 55 жаста, соңғы 2 жылда ашушаңдық, күйгеліктік, нашар ұйықтауы, бас ауыруы мазалайтынын айтты. Терапевт пен невропатологтың емі натижесіз болған.

    Науқасқа қандай синдром ЕҢ тән?
    #21

    *!Аменореямен ауыратын науқастарды тексеруге арналған функционалды гормоналды зерттеулердің бірінші кезекте ЕҢ ықтимал мақсаты неде?
    #22

    *!Әйелдер бедеулігін диагностикалауды ЕҢ ықтимал неден бастайды және не үшін?
    *Патологиялық акушерия*1*11*2*
    #23

    *!Қағанақ қуығының босануға дейін кеткен, мерзімі жетпеген жүктілікті жүргізу тактикасын таңдаған кезде бірінші кезекте қандай ЕҢ ықтимал іс әрекет?
    #24

    *!Мерзімінде босануда нәрестенің дистресс синдромының алдын алу үшін жүктіліктің қай кезеңіне дейін глюкокортикоидты ЕҢ ықтимал қолданылады?

    #25

    *!Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде синтезінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады?
    #26

    *!Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән?
    #27

    *!Тар жамбасты жүкті әйелді жүктілігінің 18ші аптасындада УДЗ-де плацента ішкі ернеуді толығымен жауып тұрғаны анықталды.

    Төменде берілгендердің қайсысы плацентаның беки өсуінің - «placenta acсreta» ЕҢ жоғары қатерін туғызады?
    #28

    *!Макросомиямен босанған әйелде босанғаннан кейін жыныс жолдарынан қан кету басталды, жатыры жұмсақ, жатыр түбі кіндіктен 2 см жоғары.

    Төмендегілердің қайсысы босанудан кейінгі атониялық қан кету сипатына келеді?
    #29

    *!Мерзімінен асып туылған баланың гомеостазында қандай ЕҢ ықтимал өзгеріс байқалады?
    #30

    *!Босанған әйелде нәресте жолдасының бөлінгенінен кейін жыныс жолдарынан қан кетулер басталды, жатыры тығыз, жатыр түбі кіндіктің деңгейінде, нәресте жолдасының дефектісі, айнамен тексеруде босану жолдары бүтін.

    Ерте босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетудің ЕҢ ықтимал себебі қандай?
    #31

    *!Қайта босанушыда 3 сағат бойы босану әрекеті, толғақ әр 1-2 минуттан, 50-55 секунд. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ қуығы бүтін, басы кіші жамбасқа кіре берісте кіші сегментімен.

    Қандай босану қарқыны ЕҢ ықтимал бағалаңыз?
    #32

    *!Ультрадыбыстық зерттеуде жүкті әйелде: жүктілік 37 апта 4күн, нәрестенің жамбаспен жатуы анықталды. Жүктіліктің 39 аптасында қағанақ суының кетуіне, ырғақты босану әрекетіне шағымданды. Толғақ басталғаннан бастап 12 сағаттан кейін: қынаптық тексеру барысында жатыр мойны 7см-ге ашылған, қағанақ қуығы жоқ, нәресте үлкен жұмсақ бөлімімен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген, нәрестенің шап ойығы пальпацияланады.

    Қынаптық тексеру барысында берілгендердің қайсысын қосымша анықтай аламыз?

    #33

    *!Ультра дыбызтық зерттеуде жүкті әйелде: жүктілік 38 апта 4күн, нәрестенің аралас жамбаспен жатуы анықталды. Жүктіліктің 39 аптасында ырғақты босану әрекетіне шағымданды. қынаптық тексеру барысында: жатыр мойны 6 см ашылған, қағанақ қуығы бүтін, нәресте үлкен жұмсақ бөлімімен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген, нәресте сегізкөзі және шап ойығы пальпацияланады.

    Қынаптық тексеру барысында берілгендердердің қайсысын қосымша анықтай аламыз?
    *Физиологиялық босану және босанудан кейнгі кезең*2*28*5*
    #34

    *!Босанушыда ретті босану əрекеті басталды, 6 сағаттан кейін толғақтар əр 3 минут сайын 40 секундтан, жатыр ернеуі 6 см-ге, қағанақ көпіршігі бүтін, ұрық басы кіші жамбас кіре берісіне бекінген.

    Босану кезіндегі жатыр мойнының ЕҢ ықтимал ашылу жылдамдығы орта есеппен неше см/сағ?
    #35

    *!Босанушының салмағы 60 кг, босанудың 3 кезеңі басталды.

    Босану кезінде босанушының дене салмағына қатысты ЕҢ ықтимал физиологиялық қан кету пайызы қандай?
    #36

    *!Партограммада «10 минуттағы толғақ саны» бағанында 3 ұяшық қою түске боялған. Бұл, мүмкін, қазіргі уақытта босанатын әйел толғақпен келесі жиілікте және сипатта жүреді дегенді білдіретін шығар?
    #37

    *!Босанушыда ірі ұрықпен босану болды. Қан кету 600,0 құрайды .

    Босанудан кейін ЕҢ ықтимал қанша миллилитрден жоғары қан жоғалту патология болып табылады?
    #38

    *!Босанушыда 4 сағат бұрын ретті босану əрекеті басталды, партограмма толтырылуы басталды.

    Партограмма үзіндісіндеХтаңбасымен ЕҢ ықтимал жатыр мойнының ашылуы қанша сантиметрмен белгіленген?

    #39

    *!Босанушыда 3 сағат бұрын қалыпты босану əрекеті басталды, партограммада тіркелу жүргізілуде.

    Партограмма үзіндісіндеОтаңбасымен ЕҢ ықтимал ұрық басының кіші жамбас қуысына өтуінің деңгейі қандай?

    #40

    *!Босанушы әйелде ретті босану әрекеті 8 сағат бұрын басталған, партограммада тіркелу жүргізілуде.

    Нәрестеге қауіп төндіретін жағдайын диагностикалауға мүмкіндік беретін ЕҢ ықтимал партограмманың параметрі қандай?
    #41

    *!Босанушы әйелде тұрақты босану әрекеті 8 сағат бұрын басталған, партограммада тіркелу жүргізіліп жатыр.

    Партограмма үзіндісіндегі «+» таңбасымен белгіленген ұрық басының ЕҢ ықтимал конфигурациясы қандай?
    #42

    *!Алғаш жүкті Н., 22 жаста, ауруханаға іштің төменгі бөлігіндегі 4 сағат бойы толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Жүктілік мерзімі 39-40 апта. Қарап тексергенде толғақ 35 секундтан әр 5 минутта. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қуығы бүтін, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекітілген.

    Босанушының ЕҢ ықтимал диагнозы қандай?
    #43

    *!Алғаш босанушы, параграммада босанудың бірінші кезеңінің ұзақтығы 8 сағат, толғақ әр 6 минуттан, 25 секунд, жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қуығы бүтін, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекітілген.

    Босанудың ЕҢ ықтимал ырғағы қандай?
    #44

    *!Алғаш босанушы, параграммада босанудың бірінші кезеңінің ұзақтығы 9 сағат, толғақ әр 3 минуттан, 25 секунд, Бірінші қынаптық тексеруде - жатыр мойнының ашылуы 3 см, қағанақ қуығы бүтін, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген, 4 сағаттан кейін – жатыр мойнының ашылуы 7 см.

    Босанудың ЕҢ ықтимал қарқындылығы қандай?
    #45

    *!Алғаш босанушы перзентханаға 4 сағатқа созылған іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: толғақтар 35 секундтан, әр 4 минут сайын, нәрестенің жүрек соғу жиілігі 146 рет минутына. Қынаптық тексеруде жатыр мойны жазылған, жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қуығы бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген.

    Босанушыда ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    #46

    *!Алғаш жүкті Н., 33 жаста, перзентханаға іштің төменгі бөлігіндегі 6 сағат бойы толғақ тәрізді ауырсыну шағымымен түсті. Жүктілік мерзімі 38-39 апта. Қарап тексергенде: толғақ әр 2-3 минуттан 60 секундқа дейін, күшену сипатында. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісінде үлкен сегментімен.

    Босанушы әйелдің ЕҢ ықтимал диагнозы қандай?
    #47

    *!Партограммада бас конфигурациясы «+++» белгісімен белгіленеді.

    Бұл параметр ЕҢ ықтимал нені көрсетеді?
    #48

    *!Босанушы әйелде 3 минут бұрын жедел босану болды, босанудың үшінші кезеңін күту тактикасымен жүргізу үшін әйелдің хабарландырылған келісімі бар. 10 минуттан кейін жатыр түбінің биіктігі кіндіктен жоғары көтеріліп, жатыр денесі оңға шалқайды, жыныстық үңгір аймағындағы кіндікке салынған қысқыш 10 см-ге ұзарды, күшену сезімі пайда болды.

    Босанушыда бала жолдасы ажырауының ЕҢ ықтимал белгілері қандай?
    #49

    *!Нәрестенің туылғандағы дене салмағы 3000,0 грамм, өмірінің 5ші күнінде 2850,0 грамм, дене салмағының жоғалы 5%-ға тең

    Осы нәрестенің ЕҢ ықтимал дене салмағының жоғалуы қандай?
    #50

    *!Нәрестенің туылғандағы дене салмағы 3000,0 грамм, өмірінің 5ші күнінде 2640,0 грамм, дене салмағының жоғалуы 12%-ға тең.Осы нәрестенің ЕҢ ықтимал дене салмағының жоғалуы қандай?
    #51

    *!Мерзімі жеткен жүктілікпен қайта жүкті перзентханаға 3 сағат бойы іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсыну шағымдарымен түсті. Қарап тексергенде: толғақ әр 15-30 минуттан, 15-20 секунд, ретсіз. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны «жетілген», қағанақ қуығы бүтін, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    #52

    *!Жүкті әйелді сыртқы акушерлік тексеру кезінде жатыр түбінде жұмсақ консистенцияның үлкен бөлігі пальпацияланады, кіші жамбасқа кіре берісте - тығыз консистенцияның үлкен бөлігі, шар тәрізді, жатыр бүйірінде сол жағында және алдыда - шығыңқы тегіс беті, оң жағында және артында – беті тегіс емес.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    #53

    *!Мерзіміне жеткен тірі ұл бала туылды.

    Туылғаннан кейінгі кезеңде нәрестенің кіндігіне салынатын қысқыштың ЕҢ ықтимал салынуы уақыты қандай?
    #54

    *!Қалыпты босану қызметі бар босанушы әйел 8 сағат босану бөлімінде, партограмма жүргізілуде. Соңғы 2 сағатта толғақтар әрбір 6 минут сайын 25 секундтан, ырғақты, монотонды.

    Берілген толғақтар аталғандардың қайсысына ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #55

    *!Қалыпты босану қызметі бар босанушы әйел 5 сағат босану бөлімінде , партограмма жүргізілуде. Соңғы 2 сағатта толғақтардың әсері күшейді және ұзақтығы артты, арасындағы интервал қысқарды.

    Берілгендердің қайсысы босанушыға ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #56

    *!Босанушы әйел босану бөлімінде 2 сағат бойы бақылануда, толғақ ырғақты, күшті және ұзақ, қысқа интервалдармен.

    Босану ырғағы босану әрекетінің қай түріне ЕҢ ықтимал?
    #57

    *!Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте дене температурасы 37,5 0С, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі. Анамнезінде: босануда –жатырда қалып қойған бала жолдасының бөліктерін қолмен алып шығару болған, лейкоцитоз - 13,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ -45мм/сағ.

    Берілгендердің қайсысы босанғаннан кейінгі ЕҢ ықтимал іріңді-септикалық инфекцияның түріне сәйкес келеді?
    #58

    *!Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте дене температурасы 37,5 0С, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі. Анамнезінде: босануда –жатырда қалып қойған бала жолдасының бөліктерін қолмен алып шығару болған, лейкоцитоз - 13,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ -45мм/сағ.

    ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    #59

    *!Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 2-ші тәулікте дене температурасы 390С, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі, әлсіздік, ихорозды иісті лохиялар, тахикардия, дірілдеу. Анамнезінде: босану кезінде бала жолдасының қалып кеткен бөліктерін қолмен шығарғу болған. лейкоцитоз - 19,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ - 50 мм/сағ.

    ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    #60

    *!Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді-септикалық ауруы бар әйелге 18-ші тәулікте қойылған диагноз: жүйелі қабыну жауап синдромы.

    Алғашқы инфекция ошағы бар, босанғаннан кейінгі сепсис диагнозын қою үшін ЕҢ ықтимал жүйелі қабыну жауап синдромындағы ең аз симптомдар саны?
    #61

    *!Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді-септикалық ауруы бар әйелге 18-ші тәулікте жүйелі қабыну жауап синдромы объективті көрсеткіштер негізінде қойылды: гипертермия 38оС жоғары, тахикардия, тахипноэ, айқын лейкоцитоз.

    Жоғарыда көрсетілген симптомдардан басқа, жүйелік қабыну реакциясы синдромының ЕҢ ықтимал белгісі қандай?
    *Амбулаторлы-емханалық акушерия*2*28*6*

    #62

    *!Алғаш жүкті әйелде 36 аптада нәресте тігінен орналасқан, бірінші позиция, баспен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық және ырғақты, минутына 145 рет.

    Жүкті әйелде нәрестенің жүрек соғысы аускультациясының ЕҢ ықтимал орны қандай?
    #63

    *!Алғаш босанушы әйелде жүктіліктің 38 аптасында ретті босану әрекеті басталды, жатыр мойны толық ашылды, нәрестенің болжам салмағы 3200,0.

    Нәресте басының тік өлшеміне сантиметрмен өлшегенде аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #64

    *!Алғаш босанушы әйелде жүктіліктің 39 аптасында ретті босану әрекеті басталды, жатыр ернеуі толық ашылды, нәрестенің болжам салмағы 3400,0.

    Нәресте басының үлкен қиғаш өлшеміне сантиметрмен өлшегенде аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #65

    *!Жүкті әйелде мерзімі жеткен жүктілікте іш айналымы 95 сантиметр және жатыр түбінің биіктігі - 33 см.

    Нәресте басының кіші қиғаш өлшеміне сантиметрмен өлшегенде аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #66

    *!Жүкті әйелдің соңғы етеккірі 29 шілде мен 2 тамыз аралығында болады.

    Негеле формуласын қолданған кезде ЕҢ ықтимал босану күні қандай?
    #67

    *!Жүктіліктің қанша ЕҢ ықтимал аптасында плазмада хориондық гонадотропиннің максималды деңгейі байқалады?
    #68

    *!Жүкті әйелді акушерлік тексергенде іш айналымы 90 см, жатыр түбі биіктігі 36 см, кіндігі тегістелген.

    Көрсетілген мәліметтер бойынша жүктіліктің қанша аптасына ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #69

    *!Жүкті әйелді акушерлік тексеру кезінде іш айланымы 95 см, жатыр түбінің биіктігі 32 см, кіндігі шығып тұр.

    Көрсетілген мәліметтер бойынша жүктіліктің қанша аптасына ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
    #70

    *!Алғаш жүкті әйелде декреттік демалысқа жүктілік мерзімін анықтауда әртүрлі анамнездік мәліметтер бойынша 2-3 апта айырмашылық анықталды.

    Жүктілік мерзімін анықтау үшін төменде аталғандардың қайсысы ЕҢ нақты?
    #71

    *!Преэклампсиясы бар жүкті әйелдердің босануының бірінші кезеңінде ЕҢ ықтимал нені қарастыру керек?
    #72

    *!Алғаш жүкті әйелде жүктіліктің 36 аптасында нәрестенің орналасуы ұзынша, позициясы, бірінші, нәресте жамбасымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 142 рет.

    Жүкті әйелде нәрестенің жүрек соғысын тыңдауға ЕҢ ықтимал ыңғайлылы жер қайсы?
    #73

    *!Жүкті әйелде соңғы етеккірі желтоқсанның 28- нен 31-не дейін.

    Негель формуласы бойынша ЕҢ ықтимал босану күні қайсы?
    #74

    *!Жүкті әйелде жүктіліктің 35 аптасында гравидограммада нәрестенің өсуінің кідіру белгілері байқалды. Нәрестенің ультрасонографиясында: нәрестенің бас өлшемі қалыпты көрсеткіштерге сәйкес келеді, нәресте дамуының кідіруінің асимметриялық түрінің белгілері көрінеді.

    Жүкті әйелде қайсы ЕҢ ықтимал нәрестенің эхографиялық өлшемінің кішіреюі анықталды?

    #75

    *!ҚРДСМ-нің клиникалық хаттамасына сәйкес, жеңіл преэклампсиясы бар жүкті әйелді жүргізудің ЕҢ қолайлы тәсілі қайсы?
    #76

    *!Жүктілік кезінде альфа фето протеин концентрациясы ЕҢ ықтимал қашан көтеріледі?

    #77

    *!Преэклампсияның ауыр дәрежесі бар жүкті әйелге симптомдық құрысуларға қарсы емдеу мақсатында жүктемелі мөлшерде 5 минут ішінде 4 грамм магний сульфатының құрғақ заты енгізілді.

    24 сағат ішінде магний сульфатының грамм/сағатына енгізілетін ЕҢ қолайлы сүйемелдеуші мөлшері қандай?
    #78

    *!25 жасар пациентке жатырдан тыс жүктілік пен ерте өзіндік түсікке салыстырмалы диагностика жүргізу үшін жатыр қуысын диагностикалық қыру жасалынды, алынған қырынды гистологиялық зерттеуге жіберілді.

    Жатырдан тыс жүктілікке тән қырындының ЕҢ ықтимал гистологиялық белгілері қандай?
    #79

    *!19 жастағы қыз бала жүктіліктің ерте мерзімінде жүктілікті дәрілік жолмен үзу үшін қаралды, бұл тәсілдің нәтижелілігі жайында алаңдайды.

    Дәрілік түсіктің нәтижелілігі 95–98% құрайтын тәулікпен есептегендегі ЕҢ ықтимал етеккір кідіруі қандай?
    #80

    *!25 жасар пациентке жатырдан тыс жүктілік пен ерте өзіндік түсікке салыстырмалы диагностика жүргізу үшін жатыр қуысын диагностикалық қыру жасалынды, алынған қырынды гистологиялық зерттеуге жіберілді.

    Жатырлық жүктілікке тән қырындының ЕҢ ықтимал гистологиялық белгілері қандай?
    #81

    *!Алғаш жүкті, 20 жаста, жүктілігінің 5 аптасында жүрек айнуына, тәулігіне 10 ретке дейін құсуға, мазасыздыққа, жалпы әлсіздікке, 5 кг салмақ жоғалтуға шағымданады. Соматикалық аурулары жоқ. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, құрғақ, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., физиологиялық функциялары бұзылмаған.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?


    #82

    *!Жүктілік мерзімі 28-29 апта жүкті әйелде ісінуге шағымданады. Анамнезінде созылмалы артериялық гипертензия. Объективті: АҚҚ 140/90 мм с.б.б., аяқтары ісінген, зәрде протеин-0,33 г/л. Жатыр жүктіліктің 28 аптасына дейін ұлғайған, нәресте тігінен орналасқан, басымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 соққыға дейін ырғақты.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #83

    *!Алғаш жүкті әйел жүктіліктің 33 аптасында нәрестенің қимылының әлсіздігін байқайды. Аускультация жасағанда: нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 рет.

    Нәрестенің жағдайын бағалау үшін аталғандардың ЕҢ ықтимал мақсатқа сайы қайсы?
    #84

    *!Алғаш жүкті әйел 30 жаста жүктіліктің 6 аптасында лоқсуға, тәулігіне 5 рет құсуға шағымданады. Анамнезінен: созылмалы тонзиллит. Объективті қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары қызғылт, АҚҚ 110/70 мм с.б.б., физиологиялық бөлінділер қалыпты.

    ЕҢ ықтимал диагноз қайсы?
    #85

    *!Алғашжүкті әйел 29 жаста жүктіліктің 7 аптасында лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, дене салмағын 6 кг жоғалтуға шағымданады. Анамнезінен: 1 ай көлемінде ауырады, соңғы аптада тәулігіне құсу жиілігі 5 реттен 15-20 ретке дейін артқан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тері жабындылары субиктериялық, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., нәжісі 5 күн болмаған, ацетонурия, протеинурия.

    ЕҢ ықтимал диагноз қайсы?
    #86

    *!Жүкті әйел мерзімі жеткен жүктілікте эклампсия ұстамасынан кейін жедел жәрдем көлегімен перзентханаға жеткізілді, магний сульфаты енгізіліп жатыр, жоспарда-босандыру.

    Ұстама басталғаннан қанша ЕҢ ықтимал сағат ішінде босандыру көрсетіледі?
    #87

    *!Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелде симптомдық құрысуларға қарсы емдеу мақсатында магний сульфатының 25%-80,0 сүйемелдеуші мөлшерімен жүргізілуде. Жүргізілген ем фонында тыныс алу қозғалысы минутына 12 ретке дейін сирегені, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі байқалады.

    Берілген белгілер ЕҢ ықтимал немен байланысты?
    #88

    *!Жүкті әйел жүктіліктің 36 аптасында оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінуге шағымданып перзентханаға түсті. Соматикалық аурулары жоқ. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, тері жабындылары мен склерасы сарғайған, АҚҚ 160/100 мм с.б.б., аяқтарында және ішінде айқын ісінулер, диурезі азайған, зәрі қоңыр, протеинурия 0,3 г/л. Hb 92 г/л, тромбоциттер 100х109/л, АЛТ мен АСТ жоғарылаған.

    ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
    #89

    *!Қайта жүкті 28 жаста, әйелдер кеңес орны дәрігерге іштің төменгі бөлігіндегі ауыруына, жыныс жолдарынан көп қан кетуіне шағымданып келді. Анамнезінде 2 өздігінен түсік түсіру. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны қысқарған, жатыр мойны каналы 1 көлденең саусақтан өтеді. Аналық жасушаның төменгі полюсі анықталады. Жатыр 16-17 апта жүктілікке сәйкес келмейді.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
      1   2   3   4


    написать администратору сайта