Главная страница
Навигация по странице:

  • *Амбулаторлы-емханалық акушерия *3*17*4*

  • *Гинекология*3*16*3*

  • Амбулаторлыемханалы акушерия1113


    Скачать 67.83 Kb.
    НазваниеАмбулаторлыемханалы акушерия1113
    Дата10.04.2023
    Размер67.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла633a6afdee983.docx
    ТипДокументы
    #1051361
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    *Физиологиялық босану және босанудан кейнгі кезең*3*16*3*
    #144

    *!Жүкті әйелде ретті босану әрекеті басталды, партограмманы толтыру басталды, бала жолдастың шығуын белсенді жүргізу туралы хабардар етілген келісім алынды.

    Қандай утеротоник 3-ші кезеңді активті жүргізу үшін қолдануға ЕҢ ықтимал болып табылады?
    #145

    *!Жүкті әйелде тұрақты босану әрекеті басталды, партограмманы толтыру басталды, бала жолдасының шығуын белсенді жүргізу туралы ақпаратты келісім алынды.

    Қандай уақыттан кейін клиникалық протоколға сәйкес бұлшық етке 10 ЕД окситоцинді енгізу ЕҢ ықтимал болып табылады?

    #146

    *!Қабылдау бөліміне жүктілігі 38 апта, 24 жасар алғаш жүкті әйел қаралды. Ультрадыбыстық зерттеуде егіздер анықталды, екі нәресте тігінен орналасқан, басымен жатыр. Нәрестенің болжама салмағы 3000 г.

    Босанудың ЕҢ ықтимал жоспары қандай?
    #147

    *!Мерзімі жеткен жүкті әйелді қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны ұзындығы 3-4 см, тығыз, жамбастың өткізгіш осіне салыстырмалы артқа ығысқан, цервикалды канал жабық, бас шонданай сүйегі деңгейінен 2 см жоғары.

    Жатыр мойнының осы жағдайы Бишоп шкаласы бойынша ЕҢ ықтимал бағалануы?
    #148

    *!Босанушы әйелде босанудың 2-ші кезеңінің екіншілік әлсіздігі, нәрестенің қауіпті жағдайы, нәресте басы жамбас түбінде.

    Әрі қарай ЕҢ ықтимал тактика қандай?
    #149

    *!Жүкті әйелде ретті босану әрекеті байқалып, партограмманы толтыру басталды. 2 сағаттан кейін ауртпалы толғақ байқалды.

    Босанудың бірінші кезеңінде ЕҢ ықтимал қандай медикаментозды емес ауырсыздандыру түрін қолдануға болады?
    #150

    *!Босану әрекеті басталған соң 7 сағаттан кейін қағанақ суы кетіп және күшену басталды. Қынаптық тексеру кезінде жатыр ернеуінің толық ашылған, қағанақ көпіршігі жоқ, бас барлық сегізкөз ойысын және қасаға буынын алып жатыр, шонданай сүйегі пальпацияланады, құйымшақ сезіледі, жебе тәрізді жік қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң алдыңғы жағында.

    Бастың ЕҢ ықтимал орналасқан жері қайда?
    #151

    *!Қайта босанушы әйелде босанудың 2-ші кезеңінде 2 сағат бойы ұрықтың басы кіші жамбас жазықтықтары арқылы жылжуы тежелген, нәрестенің жүрек соғысы ритмді, 140 рет минутына, күшену 1 минут сайын, ұзақтығы 60 секундтан, күші жақсы. Қынаптық тексеру кезінде жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ көпіршігі жоқ, басы кіші жамбас кіреберісінде, жебе тәрізді жік қасаға сүйегінің алдына қарай ауытқыған.

    Босануды жүргізудің ЕҢ ықтимал әдісі қандай?

    #152

    *!Мерзімі жеткен босанушы әйелде 12 сағат бойы ретті толғақ байқалады. Қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны 3 см-ге ашылған, қағанақ көпіршігі бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Диагноз: босану әрекетінің әлсіздігі.

    Бұндай патологияда ЕҢ ықтимал тәсіл қандай?
    #153

    *!Мерзімі жеткен босанушы әйелде 12 сағат бойы ретті толғақ байқалады. Қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны 3 см-ге ашылған, қағанақ көпіршігі бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Диагноз: босану әрекетінің әлсіздігі.

    Бұндай патологияда ЕҢ ықтимал тәсіл қандай?
    #154

    *!Мерзімі жеткен алғаш босанушы әйелдің партограммасында босанудың бірінші кезеңінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың болжам салмағы 3500,0.

    Босануды жүргізудің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    #155

    *!Босанушы әйелде босанудың 2 кезеңінің босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі, ұрықтың қауіпті жағдайы, ұрық басы жамбас түбінде орналасқан.

    Ары қарай жүргізілетін ЕҢ ықтимал тактика қандай?
    #156

    *!Босанған әйелде босанғаннан кейін 2-ші тәулікте дене температурасы 39оС көтерілді, ішінің төменгі жағында ауыру сезімі, әлсіздік, жағымсыз иісі бар лохиялар, тахикардия, дірілдеу. Босану кезінде бала жолдасының қалып кеткен бөліктері қолмен бөліп шығарылды. Лейкоцитоз 15,2х109/л, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ 40мм/сағ. Қойылған диагноз: эндометрит, ауыр формасы.

    ЕҢ ықтимал емдеу тактикасы қандай?
    #157

    *!Босанған әйелге босанғаннан кейінгі пельвиоперитонитті комплексті емдеу жүргізілуде.

    Консервативті емнің нәтижесі болмаған жағдайда қанша сағаттан кейін гистерэктомия жасау ЕҢ ықтимал болып табылады?
    #158

    *!Босанған әйелде кесар тілігінен кейін 3-ші тәулікте перитонит диагнозы қойылды.

    Берілгендердің ішінде кесар тілігінен кейінгі перитонитте қолданылатын ЕҢ ықтимал шаралар қандай?
    #159

    *!Босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 15-ші тәулікте оң жақ сүт безінің іріңді маститі диагнозы қойылды.

    Іріңді маститті емдеудің ЕҢ ықтимал түрі қандай?

    *Амбулаторлы-емханалық акушерия *3*17*4*
    #160

    *!Пациентте жүктіліктің 4 аптасында ультрасонографияда эмбрионның жүрек соғысы жоқ. Қандағы β-АХГ деңгейінің нәтижесі: 110 мМЕ/мл, қалыптыда жүктіліктің бұндай мерзімінде 101-4870 болуы керек, 48 сағаттан кейін-250.

    Дәрігердің ЕҢ ықтимал ұсынылатын тәсілі қандай?
    #161

    *!Жүктілік мерзімі 8-9 апта жүкті әйел үнемі сілекей ағуға, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қарап тексергенде: гипотония, тахикардия минутына 90 соққыға дейін, диурез аз, қалдық азот пен креатинин жоғары. Зәрдегі ацетон +++. Диагнозы қойылды: Жүктілік 8-9 апта. Ерте токсикоз. Птиализм.

    Дәрігердің Ең ұсынылатын тактикасы қандай?
    #162

    *!Жүкті әйел, жүктілік мерзімі 32 апта аяғында және іштің алдыңғы қабырғасындағы ісінулерді байқайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, АҚҚ 160/110 мм с.б.б., 165/100 мм с.б.б., пульсі 90 рет минутына, анасарка. Диагноз қойылды: Жүктілігі 32 апта. Ауыр дәрежелі преэклампсия.

    Дәрігердің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    #163

    *!Алғаш жүкті әйел жүктіліктің 7 аптасында лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, дене салмағын 6 кг жоғалтуға шағымданады. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, тері жабындылары иктериялық, құрғақ, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., нәжісі 5 күн болмаған, диурезі азайған, ацетонурия. Диагноз: Жүктілердің толассыз құсуы. Седативті дәрілер, құсу рефлексін тежегіштер, регидратация, дезинтоксикация және парентералды тамақтандыру үшін инфузиялық заттар енгізумен 3 тәулік бойы қарқынды терапия жүргізілді, ем нәтижесіз.

    Дәрігердің алдағы ЕҢ ұсынатын тактикасы қандай?
    #164

    *!Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелде симптомдық құрысуларға қарсы емдеу мақсатында магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшері жүргізілуде.

    Магний сульфатының көрсетілген мөлшерін ЕҢ ыңғайлы енгізу тәсілі қандай?

    #165

    *!Перзентханаға алғаш жүктіәйел жүктіліктің 36 аптасында бас ауруына шағымданып түсті.

    Анамнезінен: соматикалық аурулары жоқ.Обьективті қарағанда: жағдайы ауыр, АҚҚ 160/110 мм с.б.б., нәрестенің орналасуы ұзынша, нәресте басмен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет, жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -8 балл, протеинурия 0,5 г/л.

    Дәрігердің ЕҢ ұсынатын тактикасы қандай?
    #166

    *!Қайта босанушы әйел жүктіліктің 37 аптасында аяқтарындағы ісінуге шағымданып перзентханаға түсті. Анамнезінен: соматикалық аурулары жоқ. Объективті қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 150/100 мм с.б.б., ісінулер беті мен аяқтарында, нәрестенің орналасуы ұзынша, басымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет, жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -6 балл, протеинурия 0,3 г/л.

    Дәрігердің ЕҢ ұсынатын амалы қайсы?
    #167

    *!Жүкті әйелде жүктілігінің 32 аптасында преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы анықталды, босануды индукциялау шешілді.

    Нәрестенің респираторлы дистресс синдромының алдын-алу үшін төменде аталғандардың ЕҢ тиімдісі қандай?
    #168

    *!Жүкті әйел жүктіліктің 37 аптасында аяқтарындағы ісінуге, ұйқышылдыққа шағымданып перзентханаға түсті. Соматикалық аурулары жоқ. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, тері жабындылары мен склерасы сарғайған, АҚҚ 160/100 мм с.б.б., аяқтарында және ішінде айқын ісінулер, диурезі азайған, зәрі қоңыр, протеинурия 0,3 г/л. Hb 90г/л, тромбоциттер 80х109/л, АЛТ мен АСТ жоғарылаған.

    Тері жабындылары мен шырышты қабықтардың сарғаюы ЕҢ ықтимал немен байланысты?
    #169

    *!Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелде симптомдық құрысуларға қарсы емдеу мақсатында магний сульфатының 25%-80,0 сүйемелдеуші мөлшерімен жүргізілуде. Жүргізілген ем фонында тыныс алу қозғалысы минутына 12 ретке дейін сирегені, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі байқалады.

    Төменде аталғандардың бірінші кезекте көктамыр ішіне енгізуге ЕҢ ұсынылатыны қайсы?

    #170

    *!Жүкті әйел жүктіліктің 34 аптасында оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінуге шағымданып перзентханаға түсті. Соматикалық аурулары жоқ. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, тері жабындылары мен склерасы сарғайған, АҚҚ 150/100 мм с.б.б., аяқтарында және ішінде айқын ісінулер, диурезі азайған, зәрі қоңыр, протеинурия 0,6 г/л. Hb 85г/л, тромбоциттер 96х109/л, АЛТ мен АСТ 2,5 есе жоғарылаған.

    Дәрігердің ЕҢ ұсынатын тактикасы қайсы?
    #171

    *!Жүкті әйелге жүктілік мерзімі 31-32 аптасында: Эклампсия диагнозы қойылды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ес-түссіз. АҚҚ 180\100 мм с.б.б. Жалпы ісіну. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты минутына 140 рет. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны «жетілмеген».

    Дәрігердің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    #172

    *!Жүкті С., 30 жаста, ауруханаға жыныс жолдарынан қанды бөліністерге және іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінде жүктіліктің 7-8 аптасында 2 өздігінен түсік болған. Жүктілік мерзімі 6-7 апта. Жатыр фибриомиомасына байланыста есепте тұрады. Терапевт эндемиялық зоб және аралас типтегі НЦД диагнозымен тіркелген.

    Қандай ЕҢ ықтимал емдеу әдісі?
    #173

    *!Пациент іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауруына, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліндіге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған, жүктілік тесті оң. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабылған, жатыры жүктіліктің 6 аптасына дейін ұлғайған, тонусы жоғарылаған, қосалқылары анықталмайды. Ультрасонография: анэмбриония.

    Дәрігердің ЕҢ ықтимал тактикасы кандай?
    #174

    *!Пациент іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауруына, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліндіге шағымданады. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған, жүктілік тесті оң. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қысқарған, цервикалды өзек 2 см өткізеді, жатыры жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған, гипертонус, қосалқылары анықталмайды, қанды бөлінді ұйындыларымен. Ультрасонография: жатырдың төменгі үштен бірінде ұрық жұмыртқасының ажырауы байқалады, эмбрионның жүрек соғысы жоқ.

    Дәрігердің ЕҢ ықтимал тактикасы кандай?

    #175

    *!Пациент етеккірінің 42 күнге кідіруі кезінде дәрілік түсік жасатуға келді. Дәрігер 200 мг мифепристон пероралды тағайындады.

    Мизопростолдың ЕҢ ұсынылған мкг-мен мөлшері қанша?
    #176

    *!Жүкті әйел, 26 жаста, әйелдер кеңес орнында тіркелген. Шағымдары жоқ. Анамнезінде - 1 медициналық түсік, 21 және 25 аптада 2 өздігінен түсік. Қынаптық зерттеу: жатыр жүктіліктің 17 аптасына дейін ұлғайған. Жатыр мойны 1,5 см-ге дейін қысқарған, жұмсарған, жатыр мойны өзегі 1 саусақты еркін өткізеді.

    Әйелдер кеңес орны дәрігерінің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    *Гинекология*3*16*3*
    #177

    *!Науқас 42 жаста, гинекологиялық бөлімге жатырдан аномалды қан кетумен ауруханаға жатқызылды.

    Емдеудің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    #178

    *!Науқас П., 29 жаста, әйелдер кеңес орнына бас ауруына, ыстық құйылуларға, жүрек қағу кезеңмен қан қысымының жоғарылауына,жылағыштыққа шағымданып келді. Анамнезінде 8 ай бұрын екі аналық без кистомасына байланысты алынып тасталды. Қарап тексергенде: тамақтану жоғары. AҚҚ - 140/80, 150/90 мм с.б.б.. Гинекологиялық тексеруде: қынабы құрғақ, жатыр мөлшері біршама кішірейген, қосалқылары анықталмайды.

    Бұл науқасқа қандай гормондық терапия НЕҒҰРЛЫМ көрсетілген?
    #179

    *!Науқас 58 жаста, 5жыл постменопаузадан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер келген. Айнамен қарағанда: жатыр мойны және қынап шырышы визуальды өзгермеген, вагинальды қарағанда: жатыр және жатыр қосалқылары жасына сай. Гистероскопия және жатыр қуысын және цервикалды каналдан диагностикалық кырыды алынды.

    ЕҢ тиімді дәрігер тактикасы:
    #180

    *!Гинекологиялық бөлімшеге 16 жасар қызбала жыныс жолдарынан қанды бөліністердің 3ай етеккірдің кешігуінен кейінгі 2 апта бойы келуіне шағымданды. Анамнез: менархе 14жастан, менструалдық цикл тұрақталмаған. Ректалды қарауда: жатыр жасына сай, қосалқылар анықталмайды.

    Емдеудің ЕҢ тиімді тактикасы:

    #181

    *!Жаңа туған әйелде 34 жаста, босанудан кейінгі кезЕҢ іріңді-септикалық инфекциямен асқынды. Анамнез: босанғаннан кейін 6 айда дене салмағы азаяды, гипогалактия байқалады. Объективті: дене салмағының индексі 18, гипотония, брадикардия, гонадотропты, тиреоидты және стероидты гормондардың дЕҢгейі төмендеген.

    ЕҢ тиімді ем тактикасы:
    #182

    *!Қыз бала 13 жаста, гинекология бөлімшесіне әр 28 күн сайын ішінің төменгі бөлігінің қайталана ауыратынына, еттеккірінің жоқтығына шағымданады. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда: үлкен және кіші ернеу қалыпты дамыған, қынап кіреберісінде көгерген, тесіксіз, созылмалы, ісіну байқалады. Пальпацияда сұйықтық анықталады.

    ЕҢ тиімді ем тактикасы:
    #183

    *!Науқас 25 жаста менструалдық циклдың 14-ші күні жыныстық қатынастан кейін іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін ауру сезімі күрт пайда болған. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындылары бозарған, пульс 100 рет 1 минутына, АД 90/60 мм рт ст. Қынаптық зерттеуде: жатыры үлкеймеген, оң жақта қосалқылар аймағы ауру сезімді, артқы күмбез тегістелген, ауру сезімді. Лапароскопияда: іш аймағында 300,0 мл қан, жатыр улкеймеген, оң аналық бездің жоғарғы полюсі 1,0 см жарылған, қан кетуде.

    Операцияның қандай көлемі Ең тән?
    #184

    *!Науқас 25 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезіміне, тік ішекке берілетініне және жыныс жолдарынан қанды жағындыға шағымданып түсті. 2 күн бұрын ауырып қалды. Анамнезінде: босану - 1, медициналық түсік - 2. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 78 соққы/ минутына, АҚҚ 115/70 мм с.б.б.. Айнамен қарағанда: қынап шырышты қабаты мен жатыр мойнының цианозы, қанды, аз бөлінділер. PV: жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Оң жақ қосалқы аймағында айқын контуры жоқ, консистенциясы «қамыр тәрізді», ауырсынбайтын өсінді пальпацияланылады. Артқы күмбез жайылған, ауырсынады.

    Емдеу шарасының ЕҢ ықтимал жоспары қандай?
    #185

    *!Алғаш бедеулікке шалдыққан 25 жастағы науқаста диагностикалық лапароскопия кезінде тегіс, жылтыр беткей, тығыз қабықпен аналық бездердің екі жақты ұлғаюы анықталды.

    Операцияның ЕҢ дұрыс ұсынылған көлемі қандай?

    #186

    *!Науқас 25 жаста, «шіріген балық» иісіне тән, көп мөлшердегі ақкірге, сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы қышу сезімі мен күйдіру сезіміне шағымданады. Жағындыны бактериоскопиялық зерттеу кезінде гарднереллалар, «кілтті» жасушалар анықталды.

    ЕҢ тиімді емдеу тактикасы қандай:
    #187

    *!Науқас 23 жаста, антибиотикотерапиядан кейінгі көп мөлшерде ақкірдің бөлінуіне, сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы қышу сезімі мен күйдіру сезіміне шағымданады. Айнамен қарап тексергенде: қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, көп мөлшерде «ұсақ», ақ түсті бөлінділері көрінеді.

    ЕҢ тиімді емдеу тактикасы қандай:
    #188

    *!Ауруханаға түскен кезде 32 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, іштің бүкіл аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде бедеулік, жиі өршу кезіндегі екі жақты сальпингофарит. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,2°C, пульс 128 соққы/минут, АҚҚ 110/70 мм с.б.б.. Тыныс саны 22 рет минутына. Тілі құрғақ, іші ісінген, барлық бөліктері тырысқан, бүкіл іші бойында айқын Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Гинекологиялық тексеру: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес. Айнамен қарағанда: қынап шырышы өзгермеген, жатыр мойны эрозияланған. Жыныс жолдарынан бөліністер іріңді, орташа. PV: қынаптық тексергенде жатыр мойныны қатты ауырсынаы, ауырсыну салдарынан жатыр қосалқылар мен жатырды анықтау мүмкін емес. Қынаптың артқы күмбезі тегістелген, ауыру сезімді.

    Емдеу шараларының қайсысы ЕҢ нақты?
    #189

    *!Науқас 24 жаста, гинекологиялық ауруханаға жоғары температураға, әлсіздікке, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 күн бұрын жүктілікті тоқтату үшін жатыр қуысына темір катетер енгізілді. Түскен кездегі жалпы жағдайы орташа. Дене қызуы 39°C. Іші кернелген, пальпация кезінде кіндік маңыында ауырсыну сезімі бар. Щеткин-Блумберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнының алдыңғы ернінде инъекция іздері бар. Цервикалды өзектен - жағымсыз иісті мөлшерінде қанды бөліністер. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны конус тәрізді, цервикалды өзек саусақ ұшын өткізеді. Жатырды бөлек пальпациялауға болмайды. Кіші жамбаста айқын контуры жоқ өсінді пальпацияланады, аз қозғалмалы, пальпация кезінде ауырсынады. Қосалқылары сезілмейді.

    Науқасты одан әрі басқарудың ЕҢ дұрыс тактикасы қандай?

    #190

    *!Науқас 26 жаста, етеккірден 5 күн бұрын жағдайының нашарлауына: ісінуге, салмақ жоғарылауна, кернеу сезімі және сүт бездерінің ауырсынуы, ашуланшақтық, көңіл-күйінің нашарлауына, бас ауруына шағымданады. Келесі етеккірдің басталуымен шағымдары жоғалады. Гинекологиялық тексеру кезінде патологиялық өзгерістер анықталмады.

    Емдеудің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    #191

    *!14 жастағы қыз бір жыл бойы ай сайын іштің төменгі бөлігінің ауыру сезіміне шағымданады. Хирургиялық патология анықталмады. Гинекологиялық зерттеуде сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес, кіші жыныс еріндерінің арасында жұмсақ тіннің көкшіл түсті ісігі анықталды№ ректалды зерттеу кезінде ішек ампуласы бос, тығыз, ауру сезімді сопақ түзіліс анықталады. Жатырдың көлемі ұлғайған, ауру сезімді. Диагноз: Гинатрезия. ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?
    #192

    *!Науқас Е., 37 жаста, әл-ауқаттың кезеңмен өткір бұзылыстарына, анық депрессияға, тез шаршағыштыққа және буындардағы ауырсынуға шағымданып түсті. Іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауру сезіміне, беттің, қолдың және аяқтың ісінуі, жиі зәр шығаруға ұмтылу. Бір жыл бұрын жалпы оофорэктомия операциясы.

    Емдеудің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
    1   2   3   4


    написать администратору сайта