Главная страница
Навигация по странице:

  • *Патологиялық акушерия*2*27*6*

  • Амбулаторлыемханалы акушерия1113


    Скачать 67.83 Kb.
    НазваниеАмбулаторлыемханалы акушерия1113
    Дата10.04.2023
    Размер67.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла633a6afdee983.docx
    ТипДокументы
    #1051361
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    *Гинекология*2*27*5*

    #90

    *!20 жастағы студент, тұрмыста, отбасын жоспарлау кеңсес бөлмесіне жүгінген, 2 жылға сенімді контрацепция құралдарын алғысы келеді. Анамнезінен: етеккір циклі тұрақты, жыныстық қатынаста 19 жастан, контрацепцияның тосқауыл әдістерін қолданады, жүктілік болған жоқ.

    Контрацепцияның ЕҢ оңтайлы әдісі қандай?
    #91

    *!Науқас 22 жаста, дене салмағының индексі 35, жанұяны жоспарлау кабинетіне келіп, метаболизмге әсер етпейтін контрацепция түрін қалайтынын айтты. Анамнезінен: ментруациялық циклі өзгеріссіз, тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынаста 20 жастан, 2-3 рет айына, жүктілік болмаған, жыныстық партнерында латекске аллергиялық реакциясы бар.

    Қандай контрацепция ЕҢ тиімді?

    #92

    *!Науқас 22 жаста, етеккір кідіруіне және жүктіліктің болмауына байланысты қаралды. Анамнезінен: дені сау бала болып өсті, 13-15 жасында шап жарығына операция жасалды. Тұрмысқа 20 жаста шықты, күйеуі 20 жаста - дені сау. Туған әпкесінің етеккірі жоқ. Қарап тексергенде: бойы 156 см, салмағы 55 кг. Екінші жыныстық белгілері жақсы дамыған. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан. Айнамен қарағанда: қынап соқыр аяқталады, жатыр мойыны жоқ. PV: қынап босанбаған, жатыр мен қосалқылары пальпацияланбайды.

    Төменде аталған диагноздардың қайсысында ЕҢ ықтимал ұқсас клиникалық көрініс?

    #93

    *!АИТВ-жұқтырған ерлі-зайыптылар отбасын жоспарлау бойынша кеңес алуға жүгінген, сенімді және ұзақ мерзімді контрацепцияны қалайды. Анамнезінен: ерлі-зайыптылардың жасы 35 және 36 жаста, екі сау бала, олар болашақта балалы болуды жоспарламайды.

    Контрацепцияның қандай әдіс ЕҢ оңтайлы?
    #94

    *!Қайта жүкті, алғаш босанушы әйелде мерзімінен бұрын босану болды, өлі бала туылды. Ауруханадан шығар алдында келесі тексеру жүргізілді: Hb 98 г/л, эритроциттер 3,0х1012/л, лейкоциттер 6,8х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ.

    Науқас үшін ЕҢ оңтайлы контрацепцияның әдісі қандай және неге?
    #95

    *!Науқас 20 жаста, сирек болатын етеккірге, 15 жасынан бастап жоғарғы ерінде, иекте түктердің өсуіне байланысты гинекологқа қаралды. Сақтанусыз бір жыл бойы жыныстық қатынаста, жүктілік болмады. Анамнезінде әпкесінде де етеккірі ретсіз келеді. Менархе 16 жастан, етеккір әр 2-3 айда. Бойы 162 см, дене салмағы - 52 кг. Сүт бездері үлкен емес, емізіктерінен бөлінділер жоқ. Ареола айналасында, іштің ақ сызығы бойында түктер бар. Гинекологиялық тексерісте анықталды: жатыр кішкентай, оң жақ қосалқылар пальпацияланбайды, сол жақ аналық безінің мөлшері 4,5 х 3,0 х 2,5 см, ауырсынусыз.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #96

    *!Әйел 36 жаста, екінші босанудан кейін, отбасын жоспарлау бойынша кеңес алуға жүгінген, сенімді, ұзақ мерзімді, қалпына келтірілетін контрацепцияны қалайды. Анамнезінен: 3 жыл бұрын эктопиялық жүктілікке байланысты тубэктомия, бала 1 жаста, емшектен шыққан.

    Төменде көрсетілген контрацепция әдістерінің қайсысы ЕҢ қолайлы?
    #97

    *!Әйел 3 айлық баласын емшекпен емізуде.

    Аталған контрацепцияның қай түрі әйелге ЕҢ тиімді?
    #98

    *!Науқас 50 жаста, етеккірі 3 айға кідіргеннен кейін жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер қанды. Қынаптық зерттеуде: жатыр және жатыр қосалқылар өзгеріссіз.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:


    #99

    *!Науқас Н., 29 жаста, әйелдер кеңес орнына бас ауруы, құйылулар, жүрек қағу, кезеңді тұрде қан қысымының жоғарылауына, жылағыштыққа шағымданып келді. Анамнезінде 8 ай бұрын екі жағындағы кистомаға байланысты екі жақ аналық безі алынған. Қарап тексергенде: көп тамақтанады. АҚҚ 140/80, 150/90 мм с.б.б.. Гинекологиялық тексеруде: қынап құрғақ, жатыр мөлшері біршама кішірейген, қосалқылары анықталмайды.

    Бұл аурудың дамуына ЕҢ ықтимал басты себебі не болып табылады?
    #100

    *!16 жасар науқас етеккірінің болмауына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 145 сантиметр, екінші реттік жыныстық белгілері анық емес, мойнында қанат тәрізді қатпарлар бар. Ультрадыбыстық зерттеуде: жатыр гипоплазиясы, аналық безде фолликулалар жоқ. Кариотип 45X0.

    Төмендегі синдромдардың қайсысы пациентте ЕҢ ықтимал?
    #101

    *!Науқас 16 жаста, біріншілік аменорея. Объективті: дене бітімі нормостениялық, сүт бездері дұрыс дамыған, сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы әйел типті, қыздық перде бүтіндігі бұзылмаған. Ректо-абдоминальды зерттеуде: жатыр мен жатыр мойны пальпацияланбайды, олардың жоқтығы ультрадыбыстық зерттеуде дәлелденген.

    Аталған синдромдардың қайсысы науқасқа ЕҢ тән болып табылады:
    #102

    *!Науқас С., 38 жаста, етеккірдің тоқтауына байланысты қаралды. Соңғы етеккірі 1,5 жыл бұрын. Етеккірдің келмеуімен бірге тәулігіне 15 ретке дейін ыстық құйылулар, ұйқысының нашарлануы, тершеңдік мазалайды. Етеккірі 13 жастан, ретті, орташа, 36 жасқа дейін ауырсынусыз болды. Тұрмыста, 5 жүктілік болған, оның ішінде 2 босану уақытында, 3 медициналық түсік. Жүктілік пен босану ерекшеліксіз болды. Қарап тексергенде: соматикалық сау, бойы 160 см, салмағы - 62 кг. Сүт бездері жұмсақ, емізікшелерінен патологиялық бөліністер жоқ. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмады.

    Қандай болжам диагноз ЕҢ ықтимал?
    #103

    *!Әйел 30 жаста, босанғаннан кейінгі кезеңі сепсиспен асқынған. Босанғаннан кейін 6 айдан кейін дене салмағының төмендеуін, агалактияны атап өтті. Қарап тексергенде: дене салмағының индексі 18, гипотония, брадикардия, гонадотропты, тиреоидты және стероидты гормондар деңгейінің төмендеуі.

    Төмендегі синдромдардың қайсысы пациентте ЕҢ ықтимал?
    #104

    *!Науқас Б., әйелдер кеңес орнына жыныс жолдарынан сұр түсті бөлінділерге, көбінесе жағымсыз «балық» иісі бар, әсіресе жыныстық қатынастан кейін немесе етеккір кезінде, сыртқы жыныс аймағында қышу мен күйдіру, дизуриялық бұзылыстарына шағымданады. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны және қынап шырышты қабаты аздап гиперемияланған, жағымсыз иісті сұр түсті бөлінділер. Бимануальды тексергенде: жатыр мойны цилиндр тәрізді, сыртқы ернеу жабық. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалмалы, ауырсынусыз. Екі жақ қосалқылары анықталмайды. Күмбездері бос, ауырсынусыз.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #105

    *!Науқас, 26 жаста, бала кезінде туберкулезбен ауырған. Туберкулез диспансерінде «Д» есепте жоқ. Кезеңмен ішінде ауру сезімі. Некеде 3 жыл, жүкті болмады. Менархе 14 жастан, етеккір соңғы 5 жыл қысқа және аз болды, бірақ цикл сақталды - 27-28 күн. Арнайы гинекологиялық тексеру кезінде патологиялық өзгерістер анықталмады.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #106

    *!Науқас 28 жаста, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, салмақ жоғалтуға, соңғы 1 жыл ішінде етеккірдің келмеуіне шағымданды. 2 жыл бұрын босану 2 литрден астам қан жоғалтумен. Қарап тексергенде: дене бітімі астеникалық, АҚҚ - 90/60 мм.с.б.б.. Гинекологиялық тексеру кезінде анықталды: қынаптың шырышты қабатының қатты құрғауы, жатыр қалыптыдан кіші, қосалқылары анықталмайды.

    Тізімделген деректердің ЕҢ ықтимал диагнозы қандай?
    #107

    *!Науқас 19 жаста, өзін нашар сезінуіне, семіздікке, етеккірдің келмеуіне шағымданды. Қарап тексергенде: пациент тамақтануы жоғарылаған, иық белдеуінде гипертрихоз. PV: жатыр мойны коникалық түрде, жатыр жүктіліктің 5-6 аптасына дейін ұлғайған. Қосалқылар аймағында екі жағынан тығыз тугоэластикалық түзілімдер анықталады. Қанда пролактин деңгейі жоғары. Бас сүйегінің R-графиясында: бала түрік ершігі.

    Сипатталған клиника қай синдромға ЕҢ тән?


    #108

    *!Алғаш бедеулік, екінші реттік аменореямен ауыратын 30 жастағы науқас, күніне 15 ретке дейін ыстық құйылуларға, 6 ай бойы тершеңдік жоғарылауына шағымданады. Анамнезінен: аутоиммунды тиреоидит. Қарап тексергенде: дене салмағының индексі 23, сүт бездері дамыған, сыртқы және ішкі жыныс мүшелері қалыпты. ФСГ және ЛГ деңгейі жоғары. Диагноз: резистентті аналық без синдромы.

    Бұл синдромды ЕҢ ықтимал авторлардың қайсысы алғаш рет сипаттаған?
    #109

    *!Әйел 35 жаста, 8 ай бойы етеккірінің келмеуіне, бас ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: тәбеті жоғары, дене салмағының индексі 32, гирсутизм, АҚҚ 160/100 мм с.б.б., сүт бездері дамыған, құрсақ терісі, іш терісінде көк-күлгін созылу жолақтар, сыртқы және ішкі жыныс мүшелері ерекшеліксіз.

    Осы клиникалық көрініске сәйкес келетін ЕҢ ықтимал синдром қандай?
    #110

    *!Науқас 33 жаста, ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Науқастың есі анық, бірақ қоршаған ортаға әлсіз әсер етеді. Сұрақтарға бір буынды, жайбарақат жауап береді. Анамнезінде етеккірі 6 аптаға кідіруде. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттар бозарған, маңдайынан суық тер шығады. Пульс 120 рет минут, әлсіз толады, жиі, нашар саналады. АҚҚ 70/40 мм с.б.б.. Іші кепкен, перисталтикасы жоқ. Іштің қабырғасын пальпациялағанда іш бұлшықеттерінің орташа айқын кернеуі байқалады, ол пальпация кезінде күшейеді. Сыртқы қан кетулер жоқ. HB 66 г/л.

    Қандай болжама диагноз ЕҢ ықтимал?
    #111

    *!Науқас 23 жаста, етеккір циклінің 14-ші күнінде іштің төменгі бөлігінде тік ішекке берілетін кенеттен ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауыр, терісі бозарған, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., пульсі минутына 80 рет. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр үлғаймаған, оң жақ қосалқылар аймағында ауырсыну, артқы күмбез терең. Қан анализінде: гемоглобин 125 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #112

    *!Науқас 25 жаста менструалдық циклдың 14-ші күні іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін ауру сезімі күрт пайда болған Объективті: жағдайы орташа, тері жабындылары бозарған, пульс 80 рет 1 минутына, АД 100/70 мм с.б.б.. Қынаптық зерттеуде: жатыры үлкеймеген, қосалқылар аймағы аурусыз. Анализ: гемоглобин 120 г/л, эритроцит 3,8х1012/л.

    Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ықтимал:

    #113

    *!Науқас 19 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін ауру сезіміне шағымданды. Анамнезінен: етеккірдің 20-шы куні ауыру сезімі басталған, 3ай бұрын ультрасонографияда көлемі 6,0 см сол жақ аналық бездің фолликулярлық ісігі анықталған. Қынаптық зерттеуде: жатыры үлкеймеген, аурусыз. Сол жақ қосалқы аймағында ауыру сезімі, бос сұйықтық, қатаю байқалады.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #114

    *!Науқас 52 жаста, іштің төменгі бөлігіндегіндегі ауру сезіміне шағымданды, соңғы 3 тәулікте дене температурасы 390С, жүрек айну, құсу байқалған. Анамнезінен: 1жыл менопауза, ЖІС экспозициясы 10жыл, алынбаған. Объективті: тері жабындылары бозарған, іш аймағының қозуы оң. Қынаптық зерттеуде: сыртқы күмбез жабық, ЖІС жібі, іш аймағының қатты ауыру сезіміне байланысты жатыр және жатыр қосалқылары анықталмайды.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #115

    *!Науқас 36 жаста, іш аймағындағы ауру сезімі мен кебуіне, дене қызуының жоғарылауына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Анамнезінен: миома 3 жыл көлемінде. Объективті: тері жамылғыларының гиперемиясы, гипертермия 380С, тілі құрғақ, тахикардия, ішінің төменгі бөлігінде тітіркену симптомдары оң. Жатыры 12 см-ге дейін ұлғайған, кедір-бұдыр, консистенциясы біркелкі емес, жатыр түбінде ауру сезімді, аз қозғалатын түзіліс 5,0х5,5х6,0 см анықталды.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #116

    *!Науқаста зәр шығару каналының ісінуі, мол іріңді бөліністер, зәр шығару кезіндегі ашулар, жатыр мойнының қынаптық бөлігінің гиперемиясы және жатыр мойны каналынан мол іріңді бөліністер бар.

    Көрсетілген диагноздардың қайсысында ұқсас ЕҢ ықтимал көрініс?
    *Патологиялық акушерия*2*27*6*
    #117

    *!Жүктіліктің 35-36 аптасы бар жүкті әйел перзентханаға әлсіздік, жыныс жолдарынан мол қан кету шағымдарымен түсті. Анамнезінде: 4 медициналық түсік, соңғысы метроэндометритпен асқынған, бұл бесінші жүктілік. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, АҚҚ 90/60 мм с.б.б, пульс минутына 96 рет, жатыр қозбаған, нәресте тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберісінен жоғары, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, ісіну жоқ. Айнамен қарағанда: қанды бөлінділер.

    Қандай болжама диагноз ЕҢ ықтимал?

    #118

    *!Босануды окситоцинмен ынталандыру барысында, 4100,0 г салмақты нәрестені босанған әйелде босанудан кейін бірден жыныс жолдарынан қан кету басталды, жатыры тығыз, жатыр түбі кіндіктің деңгейінде, плацента бөліну белгілері жоқ.

    Босанғаннан кейінгі кезеңнінде қан кетудің ЕҢ ықтимал себебі қандай?
    #119

    *!Алғаш босанушы ірі нәрестемен шұғыл түрде босанды. Айнамен қарау барысында қынап қабырғасы, аралықтың тері және бұлшық етінің жыртылуы, қан кету анықталды.

    Босанушы әйелде акушерлік жарақаттың қай түрі ЕҢ ықтимал?
    #120

    *!Босанушы әйелде нәрестенің болжама салмағы 4500,0 г., күшену әр 1-2 минуттан, 50-60 секунд, интенсивті. Вастеннің белгісі оң, толғақтан кейін төменгі сегменті пальпация кезінде ауырсынады, контракционды сақина кіндік деңгейінде. 3 сағат бойы кіші дәретке бармады. Нәресте басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 160-қа дейін. Қынаптық зерттеуде:жатыр мойын ашылуы толық, шеттері ісінген. Басы кіші жамбастың кіреберісіне бекітілген. Сагитталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек сегізкөздің оң жағында. Басында айқын босану ісігі. Мүйіске қол жетпейді.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #121

    *!Әйелде босанғаннан кейін жыныс жолдарынан көлемді қанды бөлінділер, айнамен қарау барысында жатыр мойнының қынап күнбезіне дейін жыртылуы анықталды.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #122

    *!Жатырында тыртығы бар, қайта босанушы әйел жыныс жолдары арқылы шұғыл түрде босанды. Жатыр қуысын қолмен тексеру барысында , жатырдың төменгі сегмент бүтіндігінің бұзылысына күмән келді. Лапаротомия барысында іш қуысында 100,0 транссудат, жатыр 18 аптаға дейін ұлғайған, тығыз, төменгі сегментте орналасқан тыртық айналасында шырышты және бұлшық етті қабаттарында созылу бар, жатырдың сірлі қабатының бүтіндігі сақталған.

    Босанушы әйелде акушерлік жатыр жарақатының қай түрі ЕҢ ықтимал?
    #123

    *!Босанушы әйел босану бөлімінде 8 сағат бойы бақылануда. Соңғы 2 сағатта толғақ ырғақты, монотонды, әр 6 мин сайын 25 сек созылады.

    Босану ырғағы босану әрекетінің қай түріне ЕҢ ықтимал?

    #124

    *!Босанушы әйел босану бөлімінде 2 сағат бойы бақылануда, толғақ ырғақты, күшті және ұзақ, қысқа интервалдармен.

    Босану ырғағы босану әрекетінің қай түріне ЕҢ ықтимал?
    #125

    *!Босанушы әйел босану бөлімінде 6 сағат бойы бақылануда, толғақ ырғақты, күшті және ұзақ, қысқа интервалдармен, ауру сезімімен.

    Босану әрекетінің қай түрі, берілген босану ырғағына ЕҢ ықтимал?
    #126

    *!Ультра дыбыстық зерттеуде жүкті әйелде: жүктілік 37 апта 4күн, нәрестенің жамбаспен жатуы анықталды. Жүктіліктің 39 аптасында қағанақ суының ағуына, ырғақты босану әрекетіне шағымданды.

    Босанушы әйелде босанудың бірінші кезеңінде әлсіз босану әрекетінен басқа қандай асқынулар ЕҢ ықтимал?
    #127

    *!Ультра дыбыстық зерттеуде жүкті әйелде: жүктілік 37 апта 4күн, нәрестенің жамбаспен жатуы анықталды. Жүктіліктің 39 аптасында қағанақ суының ағуына, ырғақты босану әрекетіне шағымданды. Толғақ басталған соң 12 сағаттан кейін жатыр мойны толық ашылды, қағанақ қапшығы жоқ, нәресте жамбасы кіші жамбас кіреберісіне бекінген.

    Босанушы әйелде босанудың екінші кезеңінде әлсіз босану әрекетінен және қолдардың қайырылуынан басқа қандай асқынулар ЕҢ ықтимал?
    #128

    *!Жүкті әйелде жүктіліктің толық мерзімінде, нәрестенің көлденең жатуы ультра дыбыстық зерттеуде диагностикаланды, перзентханаға жатқызылды.

    Босанудың бірінші кезеңінде мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі мен әлсіз босану әрекетінен басқа қандай асқынулар ЕҢ ықтимал?
    #129

    *!Жүкті әйелде жүктіліктің толық мерзімінде: нәрестенің көлденең жатуы, екінші позиция, алдыңғы түрі анықталады. Табиғи жолмен туу жөнінде және басына қарату мақсатында, нәрестенің сыртқы бұрылуына жүкті әйел тарапынан ақпараттандырылған келісім жоқ.

    Қандай босануды жүргізу жоспары ЕҢ қолайлы?


    #130

    *!Жүкті 28 жаста. Жүктілік мерзімі - 38 апта. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар

    тілігі жасалған. Келген кездегі шағымдары: ішінің төменгі бөлігінің үнемі ауру сезімі, нәресте қозғалғанда күшейеді. Жатыр нормотонус жағдайында. Басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соғысы айқын, минутына 136 рет. Пальпациялағанда тыртық маңы ауырсынуы күшейеді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жұмсақ, ұзындығы 1,5 см, жатыр мойын өзегі 1 көлденең саусақты ішкі ернеуден өткізеді, оның аймағында «өтпелі валик» анықталады. Нәресте басымен жатыр. Мүйіске қол жетпейді. Бөлінділері шырышты.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #131

    *!Плацентаның толық жатуына байланысты жасалынған кесар тілігі кезінде, плацентаны бөлуге тырысқан кезінде көп қан кету басталды, плацента түгел бөлінбейді. Диагноз қойылды: Плацентаның толық шынай бекінуі.

    Әрі қарай ЕҢ ықтимал тактика қандай?
    #132

    *!32 апта мерзіміндегі, гестациялық гипертензиясы бар жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан шыққан қанды бөлінділерге шағымданды. Объективті: жатыр қатайған, локальді ауырсыну, нәрестенің жүрек соғысы ақырын естілуде, минутына 170 соққы.

    Қан ағудың ЕҢ мүмкін себебі қандай?
    #133

    *!Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуына байланысты кесар тілігінің отасы барысында жатырдың түсі көгілдір-күлгін, атоникалық екені анықталды.

    ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
    #134

    *!33 жастағы, созылмалы артериялық гипертензиясы бар, 35 апта мерзіміндегі, бірінші жүктіліктегі әйел: ішіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан шыққан қанды бөлінділерге шағымданып келді. Объективті: артериялық қысымы 160/90мм с.б.б., жүрек соғысы минутына 84 рет, жатыры қозған, жатырдың алдыңғы қабырғасында локальді ауру сезімі бар, нәрестенің жүрек соғысы минутына 148 рет, ісіну жоқ, жыныс жолдарынан қанды, аз мөлшерлі бөлінділер бар, жеткілікті диурез, протеинурия жоқ.

    Жүкті әйелде ЕҢ ықтимал болатын диагнозы қандай?

    #135

    *!Босанған әйелде 27 апталық, салмағы 940,0 грамм, бойы 35 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.

    Мерзімінен бұрын жаңа туылған нәрестені тамақтандыру кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін?
    #136

    *!Босанған әйелде 34 апталық, салмағы 2240,0 грамм, бойы 43 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.

    Төмендегілердің қайсысы мерзімінен бұрын жаңа туылған нәрестені күтуде теріс әсер етуі ЕҢ ықтимал?
    #137

    *!Босанған әйелде 32 апталық, салмағы1930,0 грамм, бойы 41 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.

    Мерзімінен бұрын туылған баланы сәтті күтіп-бағу мақсатында төменде берілгендердің қайсысының ЕҢ маңызды шешуші рөл атқарады?
    #138

    *!Жүктіліктің 31-32 аптасында жүкті әйелді ес-түссіз алып келді. Үйде тырысулар болды. Жағдайы ауыр, ес-түссіз. АҚҚ 180\100 мм с.б.б., 190 110 мм с.б.б. Жалпы ісіну. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет ырғақты. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    #139

    *!КТГ кезінде жүкті әйелде нәрестенің гипоксия белгілері пайда болды: минутына 180 соққы брадикардия, тұрақсыз базальдық ырғақ және 65 секундқа созылатын құбылмалы децелерациялар.

    Келесі жағдайлардың қайсысы нәресте гипоксиясына синоним болуы мүмкін?
    #140

    *!Ірі нәресте босанған әйелде босанудан кейін жыныс жолдарынан қан ұйындыларымен қан кету басталды, жатыр жұмсақ, жатыр түбі кіндіктен 2 см жоғары, бала жолдасы деффектісіз. Айнамен қарағанда – босану жолдары бүтін. Бос кадрларды жұмылдыру, қуықты катетерлеу және қан жоғалту көлемін бағалау.

    Төмендегілердің қайсысы қан кетудің бірінші саты терапиясына ЕҢ ықтимал қосымша кіреді?

    #141

    *!Босанушы әйелде, нәрестенің болжам салмағы 4500,0 г., әр 1-2 минуттан кейін 50-60 секунд ішінде интенсивті күшенулер. Вастеннің белгісі оң, толғақтан кейін төменгі сегменті пальпация кезінде ауырсынады, контракционды сақина кіндік деңгейінде. Басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 160-қа дейін. Қынаптық зерттеуде:жатыр мойын ашылуы толық, шеттері ісінген. Басы кіші жамбастың кіреберісіне бекітілеген. Сагитталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек сегізкөздің оң жағында. Басында айқын босану ісігі. Мүйіске қол жетпейді.
    #142

    *!Босанушы әйелді қынаптық зерттеу кезінде тігіспен қиылысқан тегіс жазықтық анықталады. Бір жағынан тігіске мұрын үсті мен қасаға үсті доғасы, басқа жағынан үлкен еңбек бұрышы жанасқан.

    Нәрестенің ЕҢ ықтимал жатуы қандай?
    #143

    *!Босанғаннан кейінгі ерте кезеңі. Жағдай салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. АҚҚ 100/70 мм с.б.б., Пульс 98 соққы/минут. Тері жабындысы қалыпты түсте, жыныс жолдарынан орташа қанды бөлінділер, 500,0 мл-ге жетті және жалғасуда. Бала жолдасы бүтін. Босану жолын қарағанда – жарақаттар жоқ. Сыртқы уқалау кезінде жатыр қатаяды және біраз уақыттан кейін босаңсыйды.

    Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
    1   2   3   4


    написать администратору сайта