Главная страница
Навигация по странице:

  • Педикулезға қарсы тазалауды санитар

  • Сібір жарасының карбункулы

  • Натрий гидрокарбонатының

  • Баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы

  • нок (копия). ан тотататын резенке Эсмарх жгут, ысыш, стерильді дке салфеткалары, таыш материалдар


    Скачать 0.65 Mb.
    Названиеан тотататын резенке Эсмарх жгут, ысыш, стерильді дке салфеткалары, таыш материалдар
    Дата21.06.2021
    Размер0.65 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файланок (копия).docx
    ТипДокументы
    #219798
    страница26 из 51
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51

    Психофармокотерапиядан

  • Инелік рефлексотерапиядан

  • Психотерапиядан

  • Электро-тырысулы терапиядан

  • Психоактивті заттарға мүлдем тиым салудан

    49. Фебрильды қалтырау, тамақтағы ауырсыну , петехиялармен терінің бозаруы, қандағы гиперлейкоцитоз, дифференцияланбаған жасушалар, лейкемиялық шұңқыр келесі аурудуың белгілері:

    1. Созылмалы миелолейкоз

    2. Созылмалы лимфолейкоз

    3. В-12 дәрумен тапшылықты анемия

    4. Жіті лейкоз

    5. Темір тапшылықты анемия

    50.Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындау қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:

    1. Гигиеналық

    2. Әлеуметтік

    3. Қолды өңдеу қажет емес

    4. Хирургиялық

    5. Спиртті салфеткамен сүту

    51. Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз:

    1. Фетоплацентарлы жеткіліксіздік

    2. Жүктілер анемиясы

    3. Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

    4. Жүктілік кпзіндегі темекі шегу

    5. Жүкті әйел жүрегінің туа пайда болған ақауы

    52. Науқасты физикалық жүктемеден кейін тұншығу ұстамасы, қызғылт көпіршікті қақырық бөліндісі бар жөтел туындады. Тексеру барысында: барлық өкпе аумақтарында әр түлі калибрлі ылғалды сырылдар ,жыпылық аритмия, бауырбың үлкеюі, аяқтардың ісінуі. Көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?

    1. Бронхты обструкциялар

    2. Жіті сол жақ қарыншааралық жетіспеушілік

    3. Оң жақ қарыншааралық жетіспеушілік

    4. Плевралық қуыста ауаның жиналуы

    5. Плевралық қуыста сұйықтықтың жиналуы

    53. Қанды толық тоқтатуға жатады:

    1. Қысым салу

    2. Тампонды таңу салу

    3. Гемостатикалық губка салу

    4. Мұзды қап басу

    5. Саусақпен басу

    54. Асқазанның ойық жарасы перфолацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны:

    1. Эпигастрийда “қанжар” сұққандай ауырсыну

    2. Оң қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну

    3. Айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну

    4. Кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауырсыну

    5. Оң мықын аймағындағы сыздап ауырсыну

    55. Патогенді қоздырғыштардың макроорганизмге ену жолы:

    1. Инйекцияның резервуары

    2. Инфекцияның кіретін жері

    3. Суперинфекция

    4. Эпидемиялық процесс

    5. Диссеминация

    56. Хирургиялық бөлімшеде науқасқа плазма алмастырғыш ерітінділер мен қан тобына сәйкес қан құйылған. 3 сағаттан кейін арқасында ауыру, қалтырау, бас ауыру, қан қысымының төмендеуі пайда болған. Бұл жағдайдың даму себебі:

    1. Гемотрансфузиялық шок

    2. Екіншілік пиелонефрит

    3. Гемолитикалық анемия

    4. Анафилактикалық шок

    5. Геморрагиялық шок

    57. Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта диджей, екі күн бойы дене температурасы 38 С дейін жоғарылауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданды. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда:жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

    1. Жедел гонорея

    2. Урогенитальды хламидиоз

    3. Урогенитальды трихомониаз

    4. Урогенитальды кандидоз

    5. Гарднереллез

    58. Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті:

    1. Педикулезға қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу

    2. Науқасты дезинфекциялық станцияға жолдау

    3. Педикулезға қарсы тазалауды емдеу бөлімінде өткізу

    4. Педикудезды анықтаған жағдайда бас дәрігерге хабарлау

    5. Науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу

    59. 60 жастаға науқаста артериялық қысым жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі және парестезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз:

    1. Нифедипин, эуфиллин, магний сульфаты

    2. Нифедипин, фуросемид, нитроглицерин

    3. Нитроглицерин, аспирин, гепарин, морфин

    4. Морфин, добутамин, аспирин , гепарин, физиологиялық ерітінді

    5. Сальбутамол,эуфиллин,будесонид

    60. Адамның иммундық тапшылығының вирусы жұқтырған ағзада орналасқан:

    1. Бұлшық етінің

    2. Лимфа тіндерінде

    3. Эпителиалдық жасушаларында

    4. Тері мен тері асты клетчаткасында

    5. Шаш жамылғысында

    61. Қабылдауға емханаға 36 жастағы қасапшы болып жұмыс істейтін, оң жақ білек “сыздауығына” шағымдары бар науқас С.келді. Оң жақ білегінде тығыз негізінде орналасқан, айқын қабыну валигымен және везикулалардан құралған тәжбен қоршалған,серозды сұйықтығы бар және ортасында қысып жабылатын диаметрі 5 мм некротикалық ойық жара анықталды. Қоршаған жұмсақ тіндердің айқын ісінуі. Көрсетілген туынды-бұл:

    1. Тілменің буллезды түрі

    2. Жара дифтериясы

    3. Инфицирленген жара

    4. Сібір жарасының карбункулы

    5. Білек флегмонасы

    62.Бала 11 айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына , тамақтан бас тартуына , әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті қарауда тынысы жиілеген, кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай «жиілеген тыныс» ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз:

    1. Минутына >70

    2. Минутына >60

    3. Минутына >50

    4. минутына>40

    5. минутына >28

    63. Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен туындаған жөтел , 15 минуттан кейңн жоғалған ентігуге шағымданды.Жалпы қарауда: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультация кезінде өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар,перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжам диагнозыңыз:

    1. бронхты демікпе

    2. обструктивті бронхит

    3. бронхтың бөгде заты

    4. бронхиолит

    5. көкжөтел

    64. Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса,науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификацилаңыз:

    1. мүмкін болатын бактериялық инфекция

    2. жұтқыншақ абсцессі

    3. стрептококксыз фарингит

    4. стрепткоккты фарингит

    5. мастоидит

    65.Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусының қарлығуына жөтелге, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Объективті жағдайы қанағаттанарлық , дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған дауыс саңылауы кең. Тыныс алуы еркін. Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

    1. жедел фарингит

    2. жедел ларингит

    3. лакунарлық ангина

    4. паратонзилит

    5. жедел аденоидит

    66. Көпұрықты жүктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз:

    1. жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес

    2. жүктілердің айқын жүрек айнуы және құсуы

    3. жатыр көлемі кіші және жүктілік мерзіміне сай емес

    4. жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай

    5. ерте токсикоз белгілері жоқ

    67. 23 жастағы А.есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына , жас ағуға,ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінде науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

    1. серозды иридоциклит

    2. глаукоманың жедел ұстамасы

    3. аллергиялық конъюктивит

    4. тұқымқуалаушылық катаракта

    5. бактериялық кератит

    68.Үйдің төбесіне бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті, оң жақ санын тіліп алды. Жарадан алқызыл қан бөлінуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетіңіз:

    1. артериялық ,жгут салу

    2. капиллярлы,қысып байлау

    3. венозды, тығыз байлау

    4. аралас, суық басу

    5. паренхиматозды, жедел жәрдем келгенше ештеңе жасамау

    69. 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді.Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы, тежелген, ойлау қабілеті баяуланған , өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтад. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:

    1. Катоникалық

    2. Депрессивті

    3. Апато-абулиялық

    4. Астеникалық

    5. Маникальды

    70. Науқаста он екі елі ішектің ойық жарасынан қан кетті, науқаста кенет әлсіздік,бас айналу, ентігу, минутына 120 рет жүре соққысы, АҚ төмендеуі дамыда. Шұғыл көмек көлемін көрсетіңіз:

    1. Дицинон, аминокапрон қышқылы, физиологиялық ерітінді

    2. Сальбутамол, хлоропирамин, преднизолон

    3. Дротаверин,кеторолак, триме

    4. Дицинон,оситоцин, физиологиялық ерітінді

    5. Морфин, гепарин,аспирин,физиологиялық ерітінді

    71.Оң жақ қабырға астында жіті ауырсыну ұстамасынан кейін туындаған сары аурудың неғұрлым ықтимал себебі:

    1. Ұйқы безі басының ісігі

    2. Инфекциялық гепатит

    3. Фатеров емізікшесінің стриктурасы

    4. Холедохолитиаз

    5. Асқазан обыры


    72. Геморрагиялық инсульті бар науқасты тасымалдау кезінде қажет:

    1. Басын жоғарылатқан қалыпқа келтіру

    2. Аяқтарын көтеру

    3. Бас қалпын жиі өзгерту

    4. Денесінің қалпын жиі өзгерту

    5. Басының қалпын өзгертуді болырмау

    73. Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 8000, 0,4 жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40% . Бұл көрсеткіш:

    1. Интенсивті көрсеткіші

    2. Қатынастар көрсеткіші

    3. Көру көрсеткіші

    4. Экстенсивті көрсеткішорта арифметикалық шама

    74. Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды.Қарау барысында: мазасыз, контракциялық сақина және қиғаш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген.Қандай асқынуды күмәндануға болады?

    1. Аралықтың ажырауы

    2. Жатыр мойнының ажырауы

    3. Жатыр жыртылуының қаупі

    4. Жатырдың жыртылуы

    5. Шамадан тыс қатты толғақ

    75.Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамиды?

    1. Өкпеден қан кету

    2. Асқазаннан қан кету

    3. Өңештен қан кету

    4. Ауыз қуысынан қан кету

    5. Мұрыннан қан кету

    76. Жаңа туылған нәрестелер сары ауруын емдеу негізіне жатады:

    1. Антибиотиктермен емдеу

    2. Глюкозаны ішу, фенобарбитал

    3. Глюкозаны тамырішілік құю

    4. Өт айдағыш препараттар және гепатопротекторлар

    5. Фототерапия , ана сүтімен тамақтандыру

    77.Құрсақ қуысындағы мүшелерінің ( өт қапшығы, ішек және т.б)гангренасы бар науқасқа бірінші кезекте көрсетіледі:

    1. Көп мөлшерде антибиотиктарды енгізу

    2. Спазмолитиктерді енгізу

    3. Жансыздандыру енгізі

    4. Антикоагулянттарды енгізу

    5. Зақымданған мүшені жоюмен бірге шұғыл лапоратомия

    78.Балалар жұқпалы ауруханасына 7 жастағы бала түсті. Клиникалық симптомдарына сәйкес дәрігер “Менингит” диагнозын қойды. Инфекция көзін атаңыз:

    1. Жұқтырылған жануарлар

    2. Жұқтырылған құстар

    3. Жұқтырылған су

    4. Жұқтырылған тағамдар

    5. Жұқтырылған адамдар

    79.Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы қойылды. Медбикеге асқазанды жуу керек.Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданатын ерітіндіні көрсетіңіз:

    1. Натрий гидрокарбонатының 2 % ерітіндісі

    2. Натрий гидрокарбонатының 5 % ерітіндісі

    3. Су құбырындағы су

    4. Калий перманганатының әлсіз ерітіндісі

    5. Смекта ерітіндісі

    80.Электро ұйқының жансыздандыру механизмі әрекетінің негізгі рөлі тиесілі:

    1. Бас миының лимбиялық жүйесінде эндорфиндердің түзілуіне

    2. Биологиялық белсенді заттардың туындауына (гистамин, серотонин)

    3. Қанда ақуыздың глобулинді фракциялардың жоғарлауына

    4. Симпато-адреналды жүйе функциясының жоғарлауына

    5. Бос радикалдардың туындауына

    81.ФАБ-дегі фельдшерге әйел жиі және ауырсынбалы етеккірге шағымдарымен жүгінді. Қалыпты еттеккір циклының ұзақтығы жайлы сұраққа не деп жауап беру қажет?

    1. 18-20 күн

    2. 15-20 күн

    3. 21-35 күн

    4. 36-40 күн

    5. 41-45 күн

    82.Жедел жәрдем фельдшерін жүкті әйелге шақырды. Жүктілік 40 апта , іштің төменгі жағындыға толғақ тәрізді 5-6 минут сайын 20 секундқа созылатын ауырсынуларға шағымданады. Диагноз қойыңыз және өз іс-әрекеттеріңізді дәлелдеңіз:

    1. Жүктілік 40 апта. Босанудың 1 кезеңі. Стационарға жатқызу

    2. Жүктілік 40 апта. Преламернарлы кезең

    3. Жүктілік 40 апта. Босанудың 2 кезеңі. Стационарға жатқызу

    4. Жүктілік 40 апта. Айтолғақ

    5. Жүктілік 40 апта. Босанудың 3 кезеңі. Стационарға жатқызу

    83.Жіті аппендицит кезінде аппендэктомия кері көрсетілген:

    1. Аппендикулярлы инфильтрат кезінде

    2. Жіті коронарлы синдром кезінде

    3. 36-40 апта жүктілік кезінде

    4. Новокаин көтере алмаушылық кезінде

    5. Қанның ұюы бұзылыстары кезінде

    84. Балалар ауруын ықпалдастыра жүргізу ( БАЫЖ) бойынша ауыр анемия белгілері:

    1. Алақанның айқын бозаруы

    2. Екі табанның ісінуі

    3. Айқын көрінген ауыр арықтау

    4. Кілегей қабаттарының бозаруы

    5. Тамақтан бас тарту

    85. Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы, төспен тамақтандыру негіздері мен бос тамақтандыру жайлы түсіндіруе.Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады?

    1. Түнгі үзіліссіз әр 3 сағат сайын

    2. Түнгі үзіліссіз әр 3 сағат сайын

    3. Баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы

    4. Белгілі уақыттарда тамақтандыру, көлемін бала анықтайды

    5. Әр 4 сағат сайын, көлемін анасы анықтайды

    86.33 жастағы науқас Б. Оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына , көру өткірлігінің төмендеуіне , жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданды. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынунда болжауға болады:

    1. Глаукоманың жедел ұстамасы

    2. Онкологиялық ауру

    3. Орьита флегмонасы

    4. Теріскен

    5. Аллергиялық конъюктивит

    87.Денсаулық сақтауда маркетингтің маңызы мен ерекшелігі келесі жағдайды қамтиды:

    1. Медициналық қызметтерге сұрынысты білу

    2. Мекеменің жұмыс түрін анықтау

    3. Денсалық сақтау ұйымының қажетсінуді сарамалдау

    4. Медициналық қызметтердің бағасын анықтау

    5. Сұранысты қанағаттандыру

    88.Операциядан жасалынған науқасты ауруханадан шығарды. 10 күннен кейін операциядан кейінгі тыртықтың орнында іріңді бөлінді бар жыланкөз пайда болған. Осы жағдайда қалай бағалауға болады?

    1. Ауруханаішілік іріңді-септикалық инфекция

    2. Ауруханадан шығарғаннан кейінгі жұктырылуы

    3. Аутоиммунды процесс

    4. Эндогендік инфекция

    5. Операциядан кейінгі асқыну

    89.Тұрғындарға жедел көмекті көрсету сапасының мониторингы іске асады:

    1. Жаңа туылғандардың даму тарихы арқылы

    2. Босанулар тарихы арқылы

    3. Жедел жәрдем шақыру картасы арқылы

    4. Дәрігердің өлім туралы куәлігі арқылы

    5. Туылу туралы куәлігі арқылы

    90.Кеуде жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін қамтамасыз ету үшін енгізеді:

    1. Ақуыздармен

    2. Суда еритін дәрумендермен

    3. Майлармен

    4. Майда еритін дәрумендермен

    5. Микроэлементтермен

    91. Науқас Д. 35 жаста. Жоғары дене қызбасына ,3 тәулік бойы ауырады. Бұл жерде тері гиперемиясы , ортасында жұмсарған ауырсынбалы инфильтрат. Қойылған диагноз мастит. Хирургтың келесі тактикасы:

    1. Ауруханаға жатқызу, антибиотиктар тағайындау, ультра жоғары жиілік

    2. Антисептиктерді енгізумен жалғасатын асбсцесс пункциясы
    3. 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51


  • написать администратору сайта