Главная страница
Навигация по странице:

  • 4)Тақырыбы: Ащы және тоқ ішек қызметтерінің бүліністері. Балалардағы қабырғалық ас қорытудың бұзылыстары. Ситуациялық есептер 1-ші есеп

  • Болжам диагноз. (қандай синдром) 1) Синдромның этиологиялық факторлары. 2) Синдромның патогенезіне байланысты түрлері

  • Нәтижесі

  • 2)Тақырып: Қант диабетінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Ситуациялық есептер 1-ші есеп

  • Сұрақ: Науқаста қант диабетінің қандай асқынуы дамыды Даму механизмін атаңыз. 3)

  • практика патфиз. ан тзу 1 Таырыбы Анемияларды, эритроцитоздарды патофизиологиясы. Балалар жасындаыларды анемиясы


    Скачать 82.02 Kb.
    Названиеан тзу 1 Таырыбы Анемияларды, эритроцитоздарды патофизиологиясы. Балалар жасындаыларды анемиясы
    Дата09.06.2018
    Размер82.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапрактика патфиз.docx
    ТипДокументы
    #46514
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    3)Тақырыбы: Ұйқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылыстары. Балалардағы

    ұйқы бездік жетіспеушілік
    Ситуациялық есептер

    1-ші есеп

    АІА мен ауыратын 65 жастағы науқас асыра сақтаған емдәмнен кейін іштің жоғарғы бөлігінің белдемелі ауыру сезімі, көп ретті құсу пайда болған. Жағдайы ауыр. Склерасы субэктерильді. ЖСЖ -120 рет минутына. АҚ-90/60 мм.сын.б.б. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші кепкен, жоғарғы аймақтарында ауыру сезімі, бұлшықеттердің ригидтілігі және Щеткин- Блюмберг симптомы анықталады. Іштің төменгі бөлімінде-перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шуылдары әлсіз. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Сіздің болжама диагнозыңыз?
    2-ші есеп

     Стационарға 35 жастағы науқас жатқызылды, шағымдары іштің жоғарғы бөлігінде жедел белдемелі ауыру сезімі, көп ретті тоқтаусыз өтпен құсу. Ауру сезімі 6 сағат алдын қабылдаған көп мөлшердегі алкоголь мен майлы тамақтан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі қалыпты, ылғалды. ЖСЖ -94 рет минутына.АҚ-110/80 мм.сын.б.б. Іші ісінбеген, эпигастрий аймағы және сол жақ қабырға астында жедел ауыру сезімі, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Іштің төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталмайды. Перистальтика әлсіз. Стул болмады, газдары кетпеген. Несеп шығару бұзылмаған. Сіздің диагнозьңыз?
    4)Тақырыбы: Ащы және тоқ ішек қызметтерінің бүліністері. Балалардағы

    қабырғалық ас қорытудың бұзылыстары.

    Ситуациялық есептер

    1-ші есеп
    Әйел адам 27 жаста, дәрігерге кіндік маңындағы, тамақтан 3-4 сағаттан соң пайда болған тұйық ауырсынуға, ішінің кебуіне, ішінің қатты құрылдауына, күніне 2-3 рет болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға шағымданады. Сүт тағамдарын көтере алмайды. Осы симптомдар 2 жыл көлемінде мазалап келеді., жағдайының нашарлауы ащы тағам қабылдаумен байланысты.

    Объективті: дене қызуы 36,9°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және көзге көрінетін шырышты қабат таза, бозарған, құрғақ. Ауыз бұрышында ойықтар анықталады. Тері асты май қабаты жеткіліксіз дамыған. Жүрек қан тамыр жүйесі және өкпе жағынан патология жоқ. Тілі ылғалды, ақ жабынмен жабылған. Іші пальпацияда кіндік аймағында ауырсынады.

    Тапсырма

    1. Болжам диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз.

    2. Қажетті қосымша зерттеулерді атаңыз.

    3. Берілген патологияның мүмкін болатын даму механизмін атаңыз.
    2-ші есеп

    Науқас дәрігерге мынадай шағымдармен келді: іштегі ауырсыну, 4 күн бойы үлкен дәреттің жоқтығы. Объективті зерттеу кезінде іші желденген, пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Науқас госпитализацияланды. Стационарда ішектің рентгеноскопиясы жасалды, және диагноз қойылды: ішектің механикалық өтімсіздігі.

    Сұрақтар:

    1. Ішек өтімсіздігінің қандай түрлерін білесіз?

    2. Ішек өтімсіздігінің пайда болу себептерін атаңыз.

    3. Ішек өтімсіздігі түрлерінің даму механизмдерін түсіндіріңіз.

    4. Ішек өтімсіздігінде қандай асқынулар дамуы мүмкін?

    5. Ішек өтімсіздігі кезінде су-тұз алмасуы жағынан қандай өзгерістер дамиды?

    3-ші есеп
    1,5 жастағы бала ауруханаға түсті. Анасының айтуы бойынша бала өте мазасыз, іштегі ауырсынуға, сұйық нәжіске, алғашында сирек нәжіске, іштің кебуіне шағымданады. 6 айдан бастап қосымша қаймағы алынбаған сүтке ботқаларды езіп тамақтар бергеннен басталған. Анасы күнделікті тамақ рационынан сүтті алып оны лактозасы аз қосымша тамаққа алмастыруынан сәбидің жағдайы біраз қалпына келген. Бірақ 2 күн бұрын сүтті қайта бергеннен бастап балада құсу, метеоризм, іштегі ауру мен қою нәжіске шағымданды. Тексерілу үшін науқасты стационарға жатқызды. Объективті қарап тексеру кезінде: баланың денесі қалыпты, тамақтануы дұрыс, терісі таза, ауыз қуысының шырышты қабаты қалыпты түсте. Жүрек тоны ретті, ырғақты. ЖСЖ-120/мин. Іші жұмсақ, іш кебуі байқалады, ішек пальпациясы кезінде кішкене ауырсыну бар. Нәжіс күніне 2 рет, қышқылды иіспен, қою.

    Жалпы қан анализі: НЬ - 120 г/л (N - 12O - 160 г/л); Эр - 4,2×1012/л (N - 4 – 4,5 1012 /л), Лейк-5,1×109 /л (N - 6 - 11×109/л); п/я - 2% (N - 1,3 - 2,6%), с/я - 33%

    (N - 53,5 - 61,6%); э - 3% (N - 2,7 - 3,2%); л - 52% (N - 27,5 - 38%); м -10% ( 5,3 - 5,4%); СОЭ-3 мм/час (N- 5,3 -10,4 мм/час).

    Нәжістегі көмірсу:оң реакция

    Лактозамен тест: Лактозаның әсерінен кейін қою нәжіс пайда болды.

    Болжам диагноз: туа біткен лактоза жетіспеушілігі

    1. Науқаста қандай патологиялық процесс?

    2. Анықталған патологиялық процесстің даму механизмі?

    3. Дұрыс диета тағайындаңыз
    4-ші есеп

    Науқас Д, 48 жаста.,шағымдары: құрсақ аумағында батып ауырсынулар, желдену, сұйық нәжіс, соңғы 15 айда жоғары әлсіздік. Осы уақыт аралығында 18кг салмақ жоғалтқан. Үлкен дәрет сындыру жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Нәжістің иісі өткір, сумен нашар шайылады. Науқас жүдеу, ішті пальпациялағанда ерекшеліктер жоқ, қан араласқан нәжіс. Өткізілген тесттер нәтижесі бойынша бауыр мен бүйрек бұзылыстары анықталмаған; қандағы электролиттер құрамы қалыпты. Бірақ та қандағы альбумин деңгейінің 26г/л –ге дейін, Hb құрамы 110г/л – ге дейін төмендеуі байқалған және эритроциттердің орташа көлемі мен; қанда темір деңгейі төмендеген, ал сары судың темір байланыстырушы қасиеті жоғарылаған.

    Болжам диагноз. (қандай синдром)

    1) Синдромның этиологиялық факторлары.

    2) Синдромның патогенезіне байланысты түрлері

    3) Синдромның жалпы және жергілікті белгілері

    5)Тақырыбы: Бауырдың патофизиолоиясы. Балалар бауырының функционалдық

    жетіп дамымауының көріністері. Жаңа туған нәрестелерде болатын

    сарғаюлар.

    Тәжірибе № 2: Бакальчук модификациясында Ван-Дер-Берг бойынша

    билирубинді анықтау.

    Пробиркалар реті алынады: 1,2,3,4,5,6,7,8,9. Барлық пробиркаларға 0,5 мл дистирленген су құйылады, бірінші және екінші пробиркаларға 0,5 мл сарысу құйылады, 2 ші пробирка араластырылып, сосын 0,5 мл мөлшері 3 ші пробиркаға құйылады, 3ші пробиркадан 0,5 мл 4 ші пробиркаға құйылады ары қарай т.с.с, ең соңғысынан 0,5 мл төгіледі. Пробиркалар ішіндегі сұйықтық штативті қозғалту арқылы араластырылады.Әрбір пробиркаға 0,5 мл реактив құйылады. Тура реакция болғанда нәтижесі 3 минуттан кейін оқылады. Неғұрлым сарысу құрамында билирубин мөлшері көп болса, соғұрлым түсі қызғылт болады. 1 мл сарысуда 0,016 мг билирубин болса минимальды қызғылт түстің пайда болатындығы анықталған. Мына мөлшерде 1/16 (5 пробирка) араластырған кезде боялу байқалды десек, 1/16 (5 пробирка), 100 мл сарысудағы мг билирубин мөлшерін анықтау үшін 16 х 0,016 мөлшері қажет және алынған нәтижені 100 мл ға көбейту керек. Егер 1 ші пробиркада бірден боялу байқалса, онда реакция тура, егер біраз уақыт өткен соң байқалса реакция тура ақырындаған. Егер 1 ші пробиркада боялу байқалмаса, онда реакция тура емес.Сау адамда Ван-Дер-Берг реакциясы тура емес. Билирубин мөлшері Бакальчук бойынша 1,6-6,25 мг %
    ПРОБИРКАЛАР БИЛИРУБИН МӨЛШЕРІ

    1 1/2 3,2 мг %

    2 1/2 3,2 мг %

    3 1/4 6,4 мг %

    4 1/8 12,8 мг %
    Нәтижесі:

    Қорытынды:

    Эндокриндік жүйе бөлімі

    1)Тақырып: Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Балалардағы ерекшеліктері.

    Ситуациялық есептер
    1-ші есеп

    Науқас Д., 47жаста, соңғы 2-3 жылда сырт-келбетінің өзгерісі, шағымдары: жиі басының ауырсынуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бұлшық еттеріндегі ауырсыну, көру қабілетінің төмендеуі.

    Тексеріс кезінде: қабақүсті доғасының, жақсүйектерінің, құлақ қалқанының, мұрынның, тілдің, қол мен аяқ білектерінің ұлғаюы. Төменгі жақ сүйегі алдыға қарай шығыңқы, тістер аралары алшақтаған. Артериалық қысымы сәл жоғарылаған, жүрек гипертрофиясы, полинейропатия. Қанның биохимиялық анализінде альбуминнің, СТГ, ЭМҚ құраы өзгерген, глюказаға толеранттылық төмендеген. Рентгендиагностикада түрік ертоқымының көлемінің ұлғаюы: кіреберістің кеңеюі, түбінің тереңдеуі.

    Сұрақтар:

    1. Науқаста гипофиздің қандай патологиясы бар?

    2. Қандай себептер осы патологияны шақырады?

    3. Аденогипофизден қандай гормондар синтезделеді?

    4. Лабораторлық зерттеулердегі өзгерістердің механизмін түсіндіріңіз.


    2-ші есеп

    Науқас А., 18 жаста. Тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, потенцияның төмендеуіне шағымданады.

    Тексеру кезінде: Бойы: 205 см. Дене бітімінің дөрекі диспропорциясы жоқ. Биохимиялық қан анализінде: СТГ мөлшері жоғарылаған. Рентгенодиагностикада түрік ершігінің деструкциясы анықталды.

    Сұрақтар:

    1. Науқаста гипофиз патологиясының қандай түрі бар?

    2. Осы патологияны қандай себептер шақырады?

    3. Аденогипофизде қандай гормондар синтезделеді?

    4. Лабороторлық көрсеткіштердің өзгеруі мен бұзылыстарының механизмін түсіндіріңіз?

    5. Гипофиз функциясының типті бұзылыстарын атаңыз.
    3-ші есеп

    Ер адам К., 32 жаста, бұрын ауыр салмақта жоғары класстағы спортсмен-боксёр болған. Шағымдары: дене салмағының тез жоғарлауы (6 айда 7 кг салмақ қосқан), бұлшықет әлсіздігі, әлсіз соққыдан кейін теріде «көгерулердің» пайда болуы, бас айналуы, бас ауруы (жиі шүйде аймағында), кезеңді түрде- көз алдында «шіркейлердің» және «спиральдардың» жыбырлауы, қатты шөлдеу (тәулігіне 5-6 л сұйықтық ішеді), жиі көп мөлшерде зәр шығару.

    Қараған кезде: науқастың дене бітімі гиперстеникалық, артық майдың жиналуы бетінде (ай тәрізді бет), мойнында (бизондық мойын өркеш), бұғана үстінде байқалады. Ішінде – күлгін жолақтар, арқасында және кеудесінде түктенудің жоғарлауы, аяқтары мен қолдарында әртүрлі түсті көптеген көгерулер анықталды. АҚҚ 185/110 мм.сын.бағ. қан анализінде: Hb 130 г/л, эритроциттер 5,1*1012/л; лейкоциттер 10*109/л, нейтрофилия,салыстырмалы лимфопения, эозинофилдердің жоқтығы; ЭТЖ 5 мм/сағ; ГПК 210 мг%; гипернатриемия. Зәр анализінде: диурез 4000мл/тәулігіне, салыстырмалы тығыздығы 1,035, глюкозурия, белок және КТ табылған жоқ, еркін кортизолдың мөлшері жоғарлаған.
    Сұрақтар:

    1. Науқаста эндокринді патологияның қандай формасы (формалары) дамыған?

    2. Егер сіз эндокринопатияның бірнеше формасы бар деп болжасаңыз, онда, олардың арасындағы патогенетикалық байланыс қандай?

    3. Эндокринопатия формалары бірнеше болса, қайсысы біріншілік болып табылады? Оның даму себебі мен механизмі қандай?

    4. Науқаста анықталған әрбір симптомның даму механизмдері қандай?
    4-ші есеп

    Науқас М., денісау ата-анадан қалыпты дене салмағымен дүниеге келген. 6 айлығында

    салмағы 13,5кг болған, 9 жасында бойы 186см салмағы 80кг болған. 18 жасында бойы 243 см

    жеткен. Акромегалия симптомдары жоқ,үлкен физикалық күшке ие. Қандай ауру жайлы

    ойлауға болады? Симптомдардың даму механизмін түсіндіріңіз.
    Есеп 5

    Науқас С., 30 жаста, бойы 120 см. Дене бітімінің пропорциясы 3-4 жастағы балаға тән. Тері жабындылары бозарған. Басы кіші көлемде, бет сызықтары ұсақ, жеке бөліктерінің қатынасы балаларға тән (жоғарғы жағы мен иегінің кіші көлемдері). Артық майдың кеуде мен іште жинақталуы. Даусы жоғары. Беті мен денесінде түктену жоқ. Психофизикалық дамуы қалыпты. Балаға тән қылықтары, есте сақтауының төмендеуі байқалады. Негізгі алмасуы қалыпты.

    Сұрақтар

    1. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

    2. Симптомдардың даму механизмдерін түсіндіріңіз


    2)Тақырып: Қант диабетінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

    Ситуациялық есептер
    1-ші есеп

    Науқас С., 45 жаста, шөлдеу, аузының құрғауы, жиі және көп мөлшерде зәр шығару, әлсіздік, терісінің қышуы, тәбетінің жоғарылауы, жиі пайда болатын фурункулез шағымдарымен түсті.

    Тексеріс барысында: маңдай терісінде кеңейген капиллярлы торлар, бұлшық еттер атрофиясы. Қанның БХА: глюкоза, холестерин, мочевина, креатинин жоғарылаған, ацидоз.

    Зәр анализінде: глюкоза анықталды, белок - 0,008 г/л.

    Сұрақтар:

    1. Науқаста ұйқы безінің қандай функциясының бұзылысы бар?

    2. Берілген бұзылыстардың себептерін атаңыз

    3. Берілген патологияда жүйелік бұзылыстардың механизмін түсіндіріңіз.

    4. Лабораториялық көрсеткіштердің өзгерістері немен түсіндіріледі?

    5. Типтік асқынуларын атаңыз.


    2-ші есеп

    Науқас И., 45 жаста, бұрын бас-ми жарақаты болған, шағымдары: үнемі шөлдеу, ауызының құрғауы, көп мөлшердегі және жиі зәр шығару, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, арықтау.

    Тексеріс кезінде: терісі құрғақ, тер шығару жоқ, науқастың тамақтануы төмендеген. Қанның биохимиялық анализінде вазопрессин мөлшері төмендеген. Бүйректің концентрациялық және зәр шығарулық қызметінде (Зимницкий сынамасы) гипоизостенурия анықталды.

    Сұрақтар:

    1. Науқаста гипоталамустың қандай патологиясы анықталады?

    2. Бұл патологияны қандай себептер шақырады?

    3. Гипоталамуста қандай нейрогармондар синтезделеді?

    4. Лабораторлық зерттеулердегі өзгерістердің механизмін түсіндіріңіз.

    5. Гипоталамустың осы патологиясының типті формаларын ата.



    3-ші есеп

    Науқас А., 45 жаста. Төмендегі шағымдармен ауруханаға жеткізілді: ауа жетіспеушілігі, шөлдеу, жалпы әлсіздік. 15 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Соңғы 8 жыл бойы диабетке қарсы препараттар қабылдаған (сульфаниламидтер, бигуанидтер).

    Қараған кезде: жағдайы ауыр, тежелген, есі бұзылған, акроцианоз, тілі құрғақ, көз алмасының және терінің тургоры төмендеген. АҚҚ – 80/40 мм.сын.бағ.

    Қан анализінде: глюкоза, лактат, пируват, қалдық азот және мочевина мөлшері жоғарлаған.

    Сұрақтар:

    1. Науқаста қант диабетінің қандай типі бар?

    2. Осы патологияны қандай себептер шақырады ?

    3. Жүйелік бұзылыстардың патогенетикалық механизмін түсіндіріңіз.

    4. Лабороторлық көрсеткіштердің өзгеруі немен байланысты?

    5. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.
    4-ші есеп

    Науқас В., 42 жаста, 13 жылдан бері қант диабетінің 1 типімен ауырады., емдік мақсатпен өзіне инсулин енгізген. Біраз уақыт өткен соң бірден пайда болған әлсіздікті сезген, аштық сезімі, сілекей бөлінудің жоғарлауы , мазасыздық, қозғыштық, жүрек қағу, қол треморы байқалған.

    Жедел жәрдем бригадасы қараған кезде: суық тер және тері жабындыларының бозғылттығын байқаған, АҚҚ 150/90 мм.сын.бағ. Қанның биохимиялық анализінде: глюкоза мөлшері 3,1ммоль/л.

    Сұрақтар:

    1. Науқастың жағдайын немен байланыстырасыз?

    2. Жүйелік бұзылыстардың патогенетикалық механизмін түсіндіріңіз.

    3. Мүмкін болатын түзету әдістерін атаңыз.

    4. Қант диабетінің мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

    5. Қант диабетінің I типін қандай себептер шақырады?
    5-ші есеп

    Қыз бала 18 жаста, ҚД І типімен ауырады, участкілік дәрігерге өзін нашар сезінумен және салмақ тастау шағымымен қаралды.Оны үнемі шөлдеу мен полиурия мазалаған. Зәрінде қант анықталды.Оған келесі күні госитализация тағайындалған.Бірақ кешкі уақытта жағдайы нашарлап әлсіздік,жүрегі айнуы,делсалдық пайда болды.Оны жедел жәрдеммен госпитализациялады.Клиникаға түскен кездегі қан қысымы 95/60mmHg, пульсі 112/мин,аяқ-қолдары суық. Бұл науқаста терең жиілеген тыныс (Кусмауль тынысы) пайда болды, ауызынан ацетон иісі шығады.

    Зертханалық анализ: қалыпты

    Қан сарысуы:натрий 130 ммоль/л(135-145)

    Калий 5,8ммоль/л(3,5-5,0)

    бикарбонаттар 5 ммоль/л (22-26)

    мочевина 18 ммоль/л (2,5-3,8)

    креатинин 14Омкмоль/л (44-97)

    глюкоза 32 ммоль/л (3,8-6,1)

    артериалық қан: рН 7,05 (7,35-7,45)

    рСО2. 15MMHg (35-45)

    Сұрақ:

    1. Науқаста қант диабетінің қандай асқынуы дамыды?

    2. Даму механизмін атаңыз.


    3) Тақырып: Қалқанша және бүйрек үсті бездерінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері .

    Ситуациялық есептер

    Есеп.1

    Науқас А., 38 жаста, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, дене массасының көбеюіне, іш қатуға, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, шашының түсуіне, терісінің құрғақтығына, дауысының жуандауына шағымданды.

    Тексеріс кезінде: беті ісінген, терісі суық, құрғақ, ақшыл-сары түсті; шашының түсуі (әсіресе қастарының шеткі бөлімдерінде), тері асты шел май қабаты артқан, сөйлеуі баяулаған, брадикардия, жүрек шекаралары ұлғайған, жүрек үндері тұйықталған. Жалпы қан анализінде гемоглобин мен түсті көрсеткіш төмендеген. Қанда холестерин мен үшглицеридтер көбейген, тироксиннің мөлшері жедел төмендеген.

    Сұрақтары:

    1. Науқаста қалқанша безінің қандай функциясы бұзылған?

    2. Бұл бұзылыстарды қандай себептер шақырады?

    3. Берілген патологияда жүйелік бұзылыстардың механизмін түсіндіріңіз.

    4. Лабораториялық көрсеткіштердің өзгерістері немен түсіндіріледі?

    5. Қалқанша без функциясы бұзылыстарының типтік түрлерін атаңыз.


    Есеп.2

    Эндокринолог дәрігердің диспансерлік тіркеуінде екі әйел ( 50 жасар анасы «М», 26 жасар қызы «Д») тіркелген. Екеуінің де қалқанша бездері 2-3 дәрежеге дейін үлкейген, тиретоксикоздың клиникалық көрінісі. Лабораториялық және клиникалық зерттеулерді негізге ала отырып, науқастарға «Диффузды токсикалық зоб» диагнозы қойылды. Науқас Д, 35 жасында қабылдаған ем шаралардан соң жағдайының жақсарғанын айтады. Тиреостатикалық препаратпен терапиялық емнен соң, 8 айдан кейін эндокринологтың қайталап тексерісінде М. бұрын болмаған шағымдарына шағымданды: әлсіздік, баяулық, күндізгі ұйқышылдық, түнгі ұйқысының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, жұмысқа қабілеттілігінң төмендеуі, беті және аяқ қолдарының ісінуі, дене температурасының төмендеуі. Бұл симптомдар басынан өткерген вирусты инфекциядан соң пайда болған. Дәрігер Хасимото тиреоидитіне күдіктеніп, емдік терапияны алмастырды.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта