практика патфиз. ан тзу 1 Таырыбы Анемияларды, эритроцитоздарды патофизиологиясы. Балалар жасындаыларды анемиясы
Скачать 82.02 Kb.
|
3)Тақырыбы: Бүйрек патологиясы жеке түрлерінің (жіті және созылмалы гломерулонефриттер, нефротикалық синдром) патофизиологиялық сипаттамасы. Ситуациялық есептер 1-ші есеп Науқас М., 26 жаста, жедел гломерулонефрит аңғарымымен стационарлық емдеуге жіберілген. Сыртартқысынан: 10 күн бұрын жедел фарингит, бірнеше күн бойы басының ауыруы байқалған. Ісіктер тез арада түннің бір мезгілінде пайда болды. 1-2 рет зәрінің лай-қызғылт түсті екенін байқаған. ЖДА-ға қаралған. Дәрігер АҚ 150/100 мм.сын.бағ. дейін жоғарылағанын атап шыққан. Түскен күні келбетінің домбыққаны әлі сақталған, ісіктері жоқ. АҚ 130/95 мм.сын.бағ. Екі тәулік бойы гипотиазид қабылдаған. Бұл жедел гломерулонефриттің қандай клиникалық түрі деп ойлайсыз? 1. нефротикалық түрі 2. моносиндромдық түрі 3. жедел классикалық 4. ұзаққа созылған ағымдағы жедел гломерулонефрит, 5. бисиндромды түрі 2-ші есеп Науқас Л., 25 жаста, бұдан 5 жыл бұрын басынан өткірген жедел гломерулонефрит ауруы бойынша ЖДА-ның диспансерлік тіркеуінде тұр. АҚ 150/120 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы бел аймағындағы жағымсыз сезімдерімен ілесіп жүреді. Қандай аңғарыммен науқас диспансерлік тіркеуде тұр? 1. жедел гломерулонефрит 2. созылмалы пиелонефрит 3. созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық вариант 4. гипертониялық ауру 5. созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық вариант 3-ші есеп Науқас Н., 18 жаста, келбетіндегі, төменгі аяқ-қолдарындағы ісіктердің болуы, басының ауыруы, жалпы әлсіздік, лай қызғылт зәрдің пайда болуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өзін 3 күндей ауырып жүрмін деп есептейді. Басынан өткірген аурулар: тұмау, 2 апта бұрын баспа ауруымен ауырған. Объективті: дене қызымы 37,7°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Кебеті ісінген, табаны мен сирағында ісіктер байқалады. Терісі бозғылт. Пульс минөтіне 84 рет, ырғақты, күштенген. АҚ 165/100 мм.сын.бағ. Пастернацкий әйгіленімі екі жағынан да әлсіз оң. Тапсырма 1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. 2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз. 3. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз. 4. Осы науқасқа байланысты өзіңіздің жасайтын әрекетіңізді анықтаңыз, емдеу негіздері, болжам және алдын алу туралы айтып беріңіз. 4-шы есеп Науқас В., 26 жаста, жедел әлсіздік, ентігу, бас ауруы, жүрегінің ауруы, келбетіндегі ісіктердің болуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. 15 жасында жедел гломерулонефрит ауруын басынан өткірген. Осыдан кейін бас ауруы, әлсіздік, зәрдегі өзгерістер сақталған болатын. Жағдайының нашарлауын тоңумен байланыстырады. Объективті: дене қызымы 37,2° С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза, бозғылт, келбеті домбыққан, аяқтарында ісіктер бар. Жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғаналық сызық бойымен анықталады. ЖЖС минөтіне 78 рет, АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Тілі таза, ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Тапсырма 1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. 2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз. 3. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз. 4. Осы науқасқа байланысты өзіңіздің жасайтын әрекетіңізді анықтаңыз, емдеу негіздері, болжам және алдын алу туралы айтып беріңіз. 5-шы есеп Науқас 18 жаста, 30.05.2006ж. жанұялық дәрігер жолдамасымен ауруханаға келесі шағымдарымен түсті: ентігу, жүрек соғуы, басындағы ауырлық сезімі, «денесіндегі күшею сезімі», тері жабындыларының созылу сезімі, әлсіздік, көру қабілетінің төмендеуі, балтыр бұлшықеттерінде болатын тырыспалар, ұйқышылдық, аузындағы құрғақтық, шөлдеу, диурездің төмендеуі. Науқасты сұраған кезде, екі жұма бұрын баспаны бастан өткіргені белгілі болды. Объективті: келбеті домбыққан, тері астылық торшалардың кең тараған ісігі. Өкпеқаптық және құрсақ қуыстарында бос сұйықтық анықталады. Тыныс алу жиілігі минөтіне 28 рет. Артериялық қысымы 190/110 мм.сын.бағ. Диурез 150 мл (тәулігіне 1200 мл сұйықтық қабылдаған). Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз. Зәрдің жалпы талдауы: Түсі – етті жуындылар тәрізді Үлестік салмағы – 1030 Цил.- гиалин. – 10-20 в п/зр. Нәруыз – 6,6 г/л Түйіршікті − 20-30 в п/зр. Лейкоциттер - көру/алаңында. Эритроциттер – сплошь в п/зр. Қанның жалпы талдауы: Гемоглобин – 150 г/л Эритроциттер – 4,8х1012/л Лейкоциттер − 9х109/л ЭТЖ – 35 мм/сағ Лейкоциттік өрнек - өзгеріссіз Қан калиі – 8 ммоль/л Бүйректің УДЗ : Бүйректің көлемі ұлғайған. Өкпеқаптық және құрсақ қуыстарында бос сұйықтық анықталады. Көз түбі: Торлы қабығының ісігі, ұсақ нүктелі геморрагиялар. 6-шы есеп Науқас, 15 жаста. Шағымдары: бүкіл денесіндегі ісіктер, зәр мөлшерінің азаюы, әлсіздік, басының ауыруы, жүрек айнуы, тәбетінің төмендеуі, жеңілдікті тудырмайтын кезеңдік құсуы, бел аймағындағы ауырлық сезімі. Бес жастан ауырып жүр. Педиатрға қаралып жүрген. Екі апта ішінде жағдайы нашарлаған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное. Тері жабындылары бозғылт. Денесінің, келбетінің, аяқтары мен қолдарының айқын ісіктері көрінеді. ЖЖС минөтіне 100 рет. АҚ 150/100 мм.сын.бағ. Құрсағы ұлғайған, жиналу орындарында тұйықталу, кіндігі тегістелген. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз. Зәрдің жалпы талдауы: Үлестік салмағы – 1004; Нәруыз – 9,9 г/л; Эритроциттер - 8-12 в п/зр; L – 8-14 в п/зр; Бүйректік эпителийдің жасушалары - 3-4 в п/зр; Гиолиндік түйіршікті цил - 8-10 в п/зр. Қанның жалпы талдауы: Зәрнәсіл – 19 ммоль/л; Қан креатинині – 2,5 мг; Қан қанты – 4,5 ммоль/л. УДЗ: Өкпеқаптық және құрсақ қуыстарында сұйықтық; Оң жақ бүйрек – 106х64 мм; Сол жақ бүйрек – 104х60 мм; Паренхиманың қалыңдығы – 18,8 мм; Паренхиманың бүйректің табақша-астау коэффицентіне қатынасы - 2:71. 7-ші есеп Науқас, 24 жаста, бірінші жүктілік фонында (18 апта) массивті ісіктер пайда болды. Дәрігерлердің консилиумы бойынша жүктілікті тоқтату туралы ұсыныс шешілді. Науқас әйел келіспей бөлімнен шығып кетті. Содан кейін қаладан кетіп қалған болатын. Екі айдан кейін «жедел жәрдем» каретасымен жеткізілген. Массивті ісіктер байқалған. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз. Қанның жалпы талдауы: Жалпы нәруыз - 46 г/л. Гемоглобин – 102 г/л; Эритроциттер – 2,7х1012/л; л – 3,4х109/л; ЭТЖ – 56 мм/сағ; Зәрдің жалпы талдауы: Нәруыз – 3,3 г/л Эритроциттер – 30-40 в п/зр; Холестерин-10,9 ммоль/л. Түйіршікті цилиндрлер + +; 8-ші есеп Таңертенгі уақытта болатын толық ауызды қақырықты бөліп шығаратын және ұзақ уақыт ауырып жүрген, әрі антибиотикпен ұзақ уақыт бойы емделген науқастың клиникалық көріністері іріңдік пневмонияға ұқсас. Содан кейін келбетінің домбыққаны, денесінің массивті ісіктері көріне бастады. Өкпесінде жіңішке қабырғалық қуыстар байқалған, олар тез арада іріңдеген. Ауыз уылу пайда болған. Қандай асқыну өкпелік дерт фонында қосыла бастады: 1. Созылмалы өкпелік жүрек 2. Сепсис. Септицемия. 3. Бүйрек амилоидозы 4. Өкпелік артериялар тромбоэмболиясы 5. ЖБЖ 9-шы есеп Науқас әйел С., 28 жаста, диклофенак пен пенициллинді қабылдау фонында жедел бронхопневмониямен байланысты ем қабылдағанның 5-ші күнінде бас ауыру, аузындағы құрғақшылық, шөлдеу, АҚ – 130/180 мм.сын.бағ. Диурезі оң. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз. Б/Х: креатинин – 3 мг% ЗЖА: Нәруыз – 0,099 г/л Түсі - сол.сары.; Үлестік салмақ. – 1005; L- 10-15 в п/зр. 10-шы есеп Науқас Н., 32 жаста, күйзелулік қалтырау, дене қызымының жоғарылауы, белінің оң жағындағы сыздап ауырсынуы, ауырсынуға әкелетін жиі зәр шығару шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өз ауруын тоңумен байланыстырады. Сыртартқысынан: жиі циститтер. Объективті: дене қызымы 38°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Тынысы везикулалық. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, ЖЖС минөтіне 92 рет, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі таза. Іші жұмсақ, қабырғалық доғаның, кіндік пен шап қатпары бойындағы құрсағының оң жақ тура бұлшықетінің сыртқы жиек бойымен ауырсыну анықталады. Пастернацкий оң жағынан оң(-). Тапсырма 1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. 2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз. 3. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз. 4. Осы науқасқа байланысты өзіңіздің жасайтын әрекетіңізді анықтаңыз, емдеу негіздері, болжам және алдын алу туралы айтып беріңіз. 4)Тақырыбы: Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы Ситуациялық есептер 1-ші есеп Военкоматтың шақырушы комиссиясының дәрігері 18 жасар ер балаға клиникаға тексерілуге жолдама берді. Клиникада қарап тексеру кезінде келесі анықталды: бойы 185см, салмағы 68кг, иығы тар, қол-аяғы ұзын, жамбасы кең (евнухоидты дене бітімі); даусы әйел типтес, жоғары; гинекомастия, денесі мен бетіндегі түктері азайған, динамометрия нәтижелері бойынша бұлшық еттерінің күші мен салмағы азайған, жыныс мүшесі мен аталық безі кішірейген. Арнайы зерттеу барысында азооспермия, интеллектуалды даму коэффициентінің төмендегені анықталды. Кариотип: 47, ХХУ. Сұрақтар: 1. Науқаста қандай синдром? 2. Науқаста қай бездің функциясының бұзылыстары бар екенін атаңыз 3. Қандай гормондар синтезі азайған? 4. Химиялық табиғаты бойынша бұл гормондар қай класқа жатады? 2-ші есеп Науқас Р., 17 жаста, өзін 6 ай бойы ауырамын деп санайды. Беттің иег және жоғарғы ерін аймақтарында түктердің өсуіне, дауысының жуандауына, менструациясының болмауына шағымданады. Объективті қарау барысында келесі анықталды: еркек типтегі түктену, сүт бездері дамымаған, сыртқы жыныс мүшесі жетілмеген. Сұрақтар: 1. Науқаста қандай патология? 2. Науқаста қай бездің функциясының бұзылыстары бар екенін атаңыз. 3. Қандай гормондар синтезі азайған? 4. Химиялық табиғаты бойынша бұл гармондар қай класқа жатады? 3-ші есеп Науқас Т.,18 жаста, етекірінің жоқ болуына шағымданады.Объективті тексеру кезінде –дене бітімі және сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы әйелге тән түрі, жатыры рудиментарлы, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., пульс 68 соққы минутына., қандағы глюкоза деңгейі -4,5 ммоль/л 17-кетостероидтардың зәрмен шығарылуы қалыпты. Қорытынды: Гипофизбен жыныс бездерінің патологиясы. Сұрақтар: 1. Науқаста қандай бездің патологиясы? 2. Қандай гормондардың синтезі бұзылған?. 3. Химиялық табиғаты бойынша бұл гормондар қай класқа жатады?. Ас қорыту жүйесі 1)Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Ауыз қуысындағы ас қорытылудың бұзылыстары. Дисфагия. Асқазан қызметінің бұзылыстары. Тәжірибелік жұмыс Тәжірибе № 1: Михаэлис әдісімен асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау. Анықтау реті: Титрлеу үшін 5 мл асқазан сөлін алады. Барлық қышқылға сезімтал заттарды бір порцияда анықтайды, 1-2 тамшы фенолфталеин және 1-2 тамшы диметиламидоазобензол қосады. Белгілейді: 1) Титрлеуді бастамас бұрын бюреткадағы сілітінің мөлшерін белгілейді де колбадағы ерітіндіні үнемі араластыра отырып, титрлейді. 2) бастапқы қызыл түстің лимон-қызғылт түске ауысуы кезіндегі сілітінің мөлшері. 3) лимон-қызғылт түстің лимон-сары түске ауысуы кезіндегі сілтінің мөлшері, оның бастапқы көріністерінде. 4) тстің толық қызғылт түске ауысуы кезіндегі сілтінің мөлшері. Есептеу: Бастапқы қызыл түсті титрлегенде лимон-қызғылт түске ауысуы үшін кеткен сілтінің мөлшері (сонымен қатар бірінші және екінші деңгей арасындағы айырым) бос тұз қышқылының мөлшеріне сәйкес келеді. Бастапқы қызыл түсті титрлегенде толық қызғылт түске ауысуы үшін кеткен сілтінің мөлшері (сонымен қатар, 4 ші және 1 ші деңгей арасындағы орташа титрлеуге кеткен сілтінің мөлшері бос және байланысқан HCI ға сәйкес келеді. Байланысқан тұз қышқылын барлық тұз қышқылының мөлшерінен бос тұз қышқылын алып тастау арқылы есептейді. Жалпы, бос және байланысқан тұз қышқылының арасындағы айырмашылық қышқылдық қалдыққа сәйкес келеді. (органикалық және қышқыл сезімтал фосфаттар). Үлгі: Титрлеу үшін 5 мл асқазан сөлі алыанды, ал есептеу 100 мл ға жүргізіледі.Сондықтан сілті мөлшерін 20 ға көбейтеді, егер титрлеуге 10 мл алынса, 10 ға көбейтеді. Есептеу үлгісі: I=0; II=1,2; III=2,3; IV=4,0.
---------------------- = 63 бірлік. 2 3 және 4 деңгей х 20 ( ------------------------- ) 2
Нәтижесі: Қорытынды: Тәжіребе № 2. Асқазан сөліндегі сүт қышқылын анықтау. Карбол қышқылымен байқау жасау Зерттеуді жасау жолы: 2-3 мл 1% карбол қышқылыны» ерітіндісіне 1% тамшы 10 % хлорлы темір ерітіндісін құяды, алынған қою-күлгін түсті ерітіндіге ашық-күлгін түс болқанша су қосады. Оған фильтрленген асқазан сөлін тамшылап қосады. Сүт қышқылы болған жағдайда сары түс пайда болады. Нәтижесі қорытынды 2)Тақырыбы: Балалардың ас қорыту жүйесінің патофизиологиясы. Ситуациялық есептер 1-ші есеп Науқас И., 30 жаста, ас ішкеннен кейін пайда болатын қарын үсті аймағындағы ауырсыну мен толу сезімі, жүдеу және жиі сасыған кекірік шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өзін 5 жылдай ауырып жүрмін деп есептейді. Соңғы 2 күн ішінде өзін-өзі сезінуінің нашарлауын емдәмдағы қателіктерімен (ішімдік ішкенімен) байланыстырады. Зиянды әдеттері: шылым шегеді, алкоголь қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, тері астылық-май қабаты толық емес айқындалған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ таңдақпен қапталған. Іші кепкен, пальпация кезінде қарын үсті аймағында ауырсыну байқалады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Тапсырма 1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. 2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз. 3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз. 2-ші есеп Науқас А., 36 жаста, дәрігерге тамақтан 30 мин кейін пайда болған іштегі өткір ауырсынуға, жеңілдік әкелетін құсуға шағымданды. Кей кезде науқас өзі тамақтан соң ауырсынуды басу үшін құсық шақыртып отырған. Тәбеті сақталған, бірақ тамақтанғаннан кейін ауырсынуды болдырмау үшін, тағам қабылдауды шектейді. Ауырғанына бірнеше жыл болған, жағдайының нашарлауы көктем- күз кезеңдерінде байқалады, өршуі эмоциональды жүктемемен байланыстырады. Науқас 20 жыл бойы күніне 1 қорап темекіден тартып келеді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және май қабаты жеткіліксіз дамыған. Өкпесі және жүрегі патологиясыз. Тілі ақ жабынмен қапталған. Іші пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсынады. Бауыры және көкбауыры пальпацияланбайды. Тапсырма
3-ші есеп Науқас О., 20 жаста, 3-4 сағаттан кейін ас ішкеннен кейін, аш болған кезде, кейде түн ортасында пайда болатын ішінің қатты ауырсынуы, сүт ішкеннен кейін ғана бұл ауырсынуының басылуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Іш қатуына икемділік пен арықтауы анықталады. Тәбеті сақталған. Өзін бір жылдай ауырып жүрмін деп санайды. Сыртартқысынан науқастың шылымды көп мөлшерде шегуі, ішімдікті тым артық мөлшерде қабылдайтыны белгілі болды. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары бозғылт, тері асты шелмайы қанағаттанарлықсыз дамыған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ-сары таңдақпен қапталған. Ішін пальпациялаған кезде кіндіктен жоғары ортаңғы сызығынан оң жағында ауырсыну анықталады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Тапсырма 1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. 2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз. 3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз. 4-ші есеп Науқас 3., 62 жаста, ас қабылдағаннан кейінгі құсуы және ішінің толуы мен ауырсыну сезімдерінің пайда болуы, әлсіздіктің өсуі, тәбетінің төмендеуі, арықтау шағымдарымен дәрігерге қаралды. 5 жылдай ауырып жүр. Анацидті гастрит бойынша амбулаторлы емделген. Өзін-өзі сезінуінің нашарлауын соңғы 5 ай ішінде айқындап отыр. Объективті: Дене қызымы 36,6°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Келбеті сарғыш-сұр түсті, тері тығыздығы төмендеген. Тері астылық-май қабаты толық емес дамыған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ-сары таңдақпен қапталған. Ішін пальпациялаған кезде қарын үсті аймағында ауырсыну байқалады. Осы жерде қозғалмалы, әлсіз ауырсынған 3 см мөлшердегі тығыздалу пальпацияланады. Оң жақ ортаңғы бұғаналық сызық арқылы қабырғалық доғадан 1 см-ге төмен бауырдың жиегі пальпацияланады. Тапсырма 1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. 2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз. 3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз. |