практика патфиз. ан тзу 1 Таырыбы Анемияларды, эритроцитоздарды патофизиологиясы. Балалар жасындаыларды анемиясы
Скачать 82.02 Kb.
|
Қан түзу 1)Тақырыбы: Анемиялардың, эритроцитоздардың патофизиологиясы. Балалар жасындағылардың анемиясы. Тәжірибелік жұмыс:
ауыратын науқастың шеткi қан көрiнiсiн оқып бiлу. Заттық шыныға жұқа қан жағындысын жағады, оны кепкеннен кейiн 3 минут iшiнде метил спиртiне немесе эфир және этил спиртiнiң қосындысына (1:1) бекiтедi. Бекiткеннен кейiн жағындыға жаңа дайындалған Романовский –Гимза бояуын 20-25 минутқа жағады (1 мл концентрацияланған бояуды 9 мл дистилденген суға). Содан кейiн бояуды ағынды сумен жуады, фильтрлi қағазбен кептiредi. Жағындыны иммерциялық жүйемен оқиды. Студенттер дәптерлерiне темiржетiспеушiлiк (гипохромды), гемолитикалық және В12-жетiспеушiлiк анемиялардың жағындысының суретiн салу керек (кестеден). Көк және қызыл түсті қарындаштар әкелу керек. Оқытушының студенттермен бiрге жұмысы. Қан жағындысын оқыған кезде кестеге сапалық дәрежелерiн белгiлеу керек; «+» берiлген белгi өте аз кездеседi, «++» белгi анық көрiнедi, «+++» белгi артық көрiнедi. Нәтижелердi кестеге толтырыңыз:
ҚОРЫТЫНДЫ: 2)Тақырыбы: Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктер. Тәжірибелік жұмыс Тапсырма № 1. Науқас қандарының жағындыларында лейкоцитарлы формуланы санау. Нейтрофильдердің ядролық индекстерін есептеп шығару. Лейкоцитарлы формула – лейкоциттердің жеке түрлерінің проценттік арақатынасы – иммерсионды объективті қолдана отырып, Романовский-Гимзамен боялған қан жағындыларында анықталады.100 лейкоцитті табады (жағындыны “П” әрпі ережесіне сәйкес қозғалтады.) оларды конвертик ережесін қолдана отырып немесе сәйкес лейкоциттің пернесін басу арқылы есептеу машинасына енгізеді. Лейкоциттер саны 100 ге жеткен кезде есептеу аяқталады.Осы немесе басқа лейкоциттердің табылған мәліметтерін кестеге Шиллинг формуласы бойынша жазады. О:ытушының бақылауымен алынған нәтижелердің анализі жүргізіледі, гематологиялық диагноз жазылады. Ядролық индексті есептеу. Ядролық индекс – жас және сегментядролы нейтрофилдердің арқатынасы. % миелоциттер + % жас + % таяқшаядролы Я.И. = ----------------------------------------------------------------- % сегментоядролы Нейтрофилдердің ядролық индексі қалыпты жағдайда 0,08-0,1 салыстырмалы бірлікке тең. Нәтиже: Қорытынды: Тапсырма № 2 Лейкоцитозы бар науқастардың шеткері қан көріністерін зерттеу. Гематологиялық есептер 1. Гемоглобин 30г/л; эритроциттер 2,8х1012 /л, лейкоциттер 14,8 х 109/л: Миелобласттар, промиелоциттер, миелоциттер -жоқ. Нейтрофилдер: Жас-жоқ. Таяқшаядролық-10. Сегментоядролық-69. Эозинофилдер-4. Базофилдер-1. Моноциттер-6. Лимфоциттер-10. Қанның жағындысында: эритроциттердiң анизоцитозы, макроциттер, полихроматофилдер, нормобластар, эритроциттердiң базофилдi пункуациясы, қанда тура емес билирубин көбейген. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. лейкоцитоз, нейтрофилдi, гипорегенеративтi солға жылжу, гемолитикалық анемия 2. нейтрофилдi лейкоцитоз. Дегенеративтi солға жылжу. Анемия 3. эозинофилдi лейкоцитоз 4. созылмалы постгеморрагиялық анемия 5. лимфоцитоз 2. Гемоглобин 40 г/л; эритроциттер 0,99х1012 /л, тромбоциттер 12,2х109/л, лейкоциттер 9,3х109/л. : Миелобласттар, промиелоциттер, миелоциттер -жоқ. Нейтрофилдер: Жас-жоқ. Таяқшаядролық-жоқ. Сегментоядролық-46. Эозинофилдер-24. Базофилдер-жоқ. Лимфоциттер-24. Моноциттер-6. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. лимфоцитоз, анемия 2. нейтрофилдi лейкоцитоз, оңға жылжу 3. лимфоцитоз 4. моноцитоз 5. моноцитоз,лимфоцитоз, эозинофилия 3. Гемоглобин 98 г/л; эритроциттер 3,36х1012/л; лейкоциттер 13 х 109/л: Миелобласттар-жоқ. Промиелоциттер-жоқ. Миелоциттр-жоқ. Нейтрофилдер: Жас-жоқ. Таяқшаядролық-4. Сегментоядролық-62. Эозинофилдер-24. Базофилдер-0. Лимфоциттер-9. Моноциттер-1. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. нейтрофилдi лейкоцитоз 2. лимфоцитоз анемия 3. эозинофилдi лейкоцитоз, анемия 4. гемоглобиноз 5. нейтрофилдi лейкоцитоз, гипорегенеративтi солға жылжу 4. Гемоглобин 85 г/л; эритроциттер 3,4 х 1012/л; ретикулоциттер 2%; лейкоциттер 17 х 109/л: Миелобласттар-жоқ. Промиелоциттер-жоқ. Миелоциттер-жоқ. Нейтрофилдер: Жас-5. Таяқшаядролық-16. Сегментоядролық-59. Эозинофилдер-2. Базофилдер-0. Лимфоциттер-15. Моноциттер-3. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. лейкоцитоз, нейтрофилдi,регенеративтi солға жылжу,анемия 2. лейкоцитоз, нейтрофилдi,гипорегенеративтi солға жылжу 3. лимфоцитоз 4. қанда өзгерiстер жоқ 5. лейкопения, дегенеративті солға жылжу 5. Гемоглобин 150 г/л; эритроциттер 4,72х1012/л; лейкоциттер 10,5х109/л: Миелобласттар-жоқ. Промиелоциттер-жоқ. Миелоциттер-жоқ. Нейтрофилдер: Жас-5. Таяқшаядролық-16. Сегментоядролық-55. Эозинофилдер-13. Базофилдер-0. Лимфоциттер-8. Моноциттер-3. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. эритремия 2. нейтрофилдi лейкоцитоз, гиперрегенеративтi жылжу, эозинофилия 3. нейтрофилдi лейкоцитоз, гипорегенеративтi солға жылжу 4. нейтрофилдi лейкоцитоз, регенеративтi солға жылжу, эозинофилия 5. нейтрофилдi типтегi лейкемоидты реакция 3)Тақырыбы: Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы. Гемостаз жүйесінің бұзылыстары. Балалардағы ерекшеліктер. Тәжірибелік жұмыс Тапсырма № 1 Лейкозбен ауыратын науқастардың шеткері қан көріністерін зерттеу. Нәтиже: Қорытынды: Ситуациялық есептер
Тәжірибелік жануардан қан плазмасын алу мақсатында ішінде натрий цитраты бар пробиркаға қан алынды. Осы антикоагулянтты қолдану кезінде қан ұю үрдісі қай кезеңінде тоқтайды?
Гемофилияның түрін анықтау мақсатында тексеріліп жатқан науқастан алынған қан плазмасының үш өлшеміне құрамында қан ұюдың не VIII немесе IX немесе XI факторлары жоқ плазма үлгілері қосылған. Қан ұюының жалпы уақытының қалпына келуі VIII және XI фактордың айқын жеткіліксіздігі байқалған тест- плазма қосылған өлшемде қалыптасқан.
Айқын геморрагиялық синдром дамыған 2 жастағы ауру баланың қан плазмасында антигемофильдік глобулиннің (VIII фактордың) жоқтығы анықталған.
4. Есеп Науқас XII Хагеман факторының ақауымен көрінетін коагулопатияның тұқым қуалайтын түрімен ауырады.
5. Есеп Ұйқы безіне жасалған операциядан кейін науқаста қан ұюының үшінші фазасының айқын бұзылысымен геморрагиялық синдром дамыған. Бұл жағдайдағы гемостаз бұзылысының даму механизмі қандай? Гематологиялық есептер 1. Гемоглобин 34 г/л; эритроциттер 1,08 х 1012/л; ретикулоциттер 0,1%; лейкоциттер 1,3 х 109/л; СОЭ=88 мм/сағ: Миелобласттар, промиелоциттер, миелоциттер -жоқ. Нейтрофилдер: Жас-жоқ. Таяқшаядролық-2. Сегментоядролық-3. Эозинофилдер-жоқ. Базофилдер-жоқ. Моноциттер-2. Лимфобласттар-5. Пролимфоциттер-12. Лимфоциттер-76. Боткин-Гумпрехт жасушалары. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. лейкоцитоз 2. лимфоцитоз 3. В12 жетiспеушiлiк анемия 4. созылмалы лимфолейкоз. Сүйек кемiгiнiң аплазиясы 5. лейкопения, нейтрофилдi қатардың дегенеративтi жылжуы 2. Гемоглобин 64 г/л; эритроциттер 2,08 х 1012/л; лейкоциттер 84 х 109/л: Миелобласттар-95,5, промиелоциттер, миелоциттер -жоқ. Нейтрофилдер: Жас-жоқ. Таяқшаядролық-жоқ. Сегментоядролық-2. Эозинофилдер-жоқ. Базофилдер-жоқ. Лимфоциттер-2,5. Моноциттер-жоқ. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. созылмалы миелоидты лейкоз, анемия 2. лейкемоидты реакция 3. темiржетiспеушiлiк анемия 4. жедел миелоидты лейкоз, анемия 5. нейтрофилдi лейкоцитоз 3. Гемоглобин 120 г/л; эритроциттер 4,25х1012 /л, лейкоциттер 2,7х109/л. : Миелобласттар, промиелоциттер, миелоциттер -жоқ. Нейтрофилдер: Жас-жоқ. Таяқшаядролық-жоқ. Сегментоядролық-10. Эозинофилдер-1. Базофилдер-жоқ. Лимфобласттар-78. Лимфоциттер-7. Моноциттер-4. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. анемия 2. лейкоцитоз 3. таралған лейкопения 4. жедел лимфолейкоз, лейкопениялық формасы 5. созылмалы лимфолейкоз 4. Гемоглобин 58 г/л; эритроциттер 3,1 х 1012/л; лейкоциттер 18,2 х 109/л: Миелобласттар-4. Промиелоциттер-12. Миелоциттер-14. Нейтрофилдер: Жас-10. Таяқшаядролық-8. Сегментоядролық-38. Эозинофилдер-9. Базофилдер-5. Лимфоциттер-0. Моноциттер-0. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. нейтрофилдi лейкоцитоз 2. жедел миелоидты лейкоз 3. созылмалы миелоидты лейкоз. Анемия 4. нейтрофилдi лейкоцитоз, гиперрегенеративтi жылжу 5. нейтрофилдi типтi лейкемоидты реакция 5. Гемоглобин 40 г/л; эритроциттер 0,99х1012, лейкоциттер 3,4 х 109/л: Миелобласттар-55. Промиелоциттер-0. Миелоциттер-0. Нейтрофилдер: Жас-0. Таяқшаядролық-4. Сегментоядролық-23. Эозинофилдер-2. Базофилдер-0. Лимфоциттер-8 Моноциттер-8. Сiздiң гематологиялық диагнозыңыз: 1. лейкемиялық формадағы жедел миелолейкоз 2. жедел, сублейкемиялық формадағы миелолейкоз 3. нейтрофилдi лейкоцитоз гиперрегенеративтi жылжу 4. жедел миелолейкоз, лейкопениялық формасы, анемия 5. В12 жетiспеушiлiк анемия “Несеп- жыныс жүйесі” бөлімі 1)Тақырыбы: Бүйрек ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Несептік синдром Тәжірибелік жұмыс Тәжiрибе № 1. Несепте нәруызды сапалық анықтау. а) сульфосалицил қышқылымен сынама: 2 пробирка алып онын әр- қайсысына 2-3 см3 несеп құяды, сосын 1 пробиркаға 2 тамшы 10-тiк сульфосалицил қышқылын (2-шi пробирка-бақылау) құяды. Нәруыздың бар екенiң лайлану арқылы көремiз. Нәтижесi: Беттің 1/3 бөлігін қалдыру Қорытындысы: Беттің 1/3 бөлігін қалдыру б) азот қышқылымен Геллер сынамасы: пробиркаға 1-2 см3 концентрленген азот қышқылын құяды, сосын ақырындап пробирка қабырғасымен несеп құямыз. Несепте нәруыз болса, 2 сұйықтық шекарасында қара фонда жақсы көрінетін ақ сақина пайда болады. Нәтижесi: Беттің 1/3 бөлігін қалдыру Қорытындысы: Беттің 1/3 бөлігін қалдыру Тәжiрибе № 2. Несепте нәруыз мөлшерiн сандық анықтау. Егер де несепте 0,033 нәруыз болғанда, несепті азот қышқылына қосқанда 2 сұйықтық арасында, 2-3 минут аралығында жiңiшке , өте анық көрiнетiң ақ сақина (Геллер сынамасы) түзiлетiні анықталған. Зерттеуге 1,5-2 мл фильтрленген несепті алады және пипеткамен ақырындап пробиркаға осындай көлемде алдын ала(2-5 минут бұрын) құйылып қойған азот қышқылына құяды. Егер 3 минуттан кейiн жiп тәрiздi сақина пайда болса, онда зәрде 0,033 нәруыз бар. Егер жiп тәрiздi сақина одан бұрын пайда болса, несепті 2 есе сумен араластырып, сынаманы қайталайды. Сақина пайда болу уақытын тiркейдi (құю уақытын минуттың1/4 қабылдайды). Егер жiп тәрiздi емес- жалпақ сақина пайда болса, зәрдi 4 есе араластырады (несептің бiр бөлiмi + судын 3 бөлiмi). Егер сақина тығыз болса несепті 8 рет араластырады (несептің бiр бөлiмi + судың 7 бөлiмi). Осы араластыруды азот қышқылына несепті құйғанда, 2-3 минут аралығында жiп тәрiздi сақина пайда болғанға дейiн жалғастырамыз. Нәтижесi: Беттің 1/3 бөлігін қалдыру Қорытындысы: Беттің 1/3 бөлігін қалдыру Тәжiрибе № 3. Зәр тұнбасын микроскоппен анықтау. Стаканға қоянның тәулiктiк жиналған несебінен пипеткамен несеп түбiндегi тұнбасынан 3-5 мл мөлшерде құямыз, оны цетрифужды пробиркасына ауыстырып, центрифугада 8 минут (1 минут 2500 айналым) ұстаймыз. Мөлдiр зәрдi тұнбадан тез бөлiп құйып аламыз. Пастеров пипеткасымен аз мөлшерде тұнбадан аламыз да,оны шыныға тамызып, бетiн жабынды шынымен жауып, микроскоппен қараймыз Нәтижесі - зәр тұнбасының суретін салу: 2)Тақырыбы: Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Ситуациялық есептер 1-ші есеп Науқас В., тәбетінің жоғалуына, жүрегінің айнуына, құсуға және ұйқышылдыққа шағым білдіреді. Бүйрек ауруы бойынша тіркеуде тұр.Жағдайы ауыр. Терісі құрғақ, бозғылт-сары түсті, тырнаған іздері, қолдары мен аяқтарында көгерулер байқалады. Өкпесінде құрғақ сырылдар, жүрегінде – жүрекқаптың үйкелу шуы, жоғары бөлігінде систолалық шуыл естіледі. АҚ 200/120 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, бауыры +2 см. Бүкіл денесінде ісіктер. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз. ҚЖТ: Нв-60г/л, Эр.-1,8х10л, Л-9, 2х10л. ЗЖТ: Үлестік салмақ - 1,003, Нәруыз - 1 г/л, тұнбада – бірлі-жарым сілтілденген эритроциттер, цилиндрлері түйіршікті. ҚБТ: креатинин 16 мг%, зәрнәсіл 60 ммоль/л. 2-ші есеп Науқас Ф., нефротикалық варианттағы созылмалы гломерулонефрит аңғарымымен нефрология бөліміне госпитализацияланған. Науқастың жағдайы ауыр. Нефротикалық күрт асқынуы (криз) пайда болған. Қандай клиникалық әйгелімдер тән? Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз. 3-ші есеп Науқас М., 20 жаста, реанимация бөліміне сопорлық жағдаймен түсті. Жедел гломерулонефрит аңғарымымен стационарлық ем алуға жіберілген. Бірақ науқас госпитализацияға келіспеді. Қарау кезінде өкпеде везикулалы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖC – минөтіне 45 рет, АҚ - 220/130 мм.сын.бағ. Шешесінің сөзінен бас ауруы, жүректің айнуы, одан әрі тырыспалық ұстанымдар мазалады. Осы аурудың қандай асқынуы дамыды? 4-ші есеп 42 жастағы науқас әйелдің үйіне дәрігер шақырылған. Шағымдары: үнемі болатын бас ауыру, тәбетінің болмауы, үнемі болатын жүректің айнуы, кезеңді құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі. Тұңғыш рет 8 жыл бұрын ауырып қалған болатын, стационарлық ем алған болатын, асқынулармен байланысты жатып шыққан. Асқыну кезінде, науқастың айтуы бойынша келбетінде, аяқтарында ісіктер болған, АҚ жоғарылаған. Зәрінде өзгерістер болған, бірақ қандай өзгерістер болғаны есінде сақталмаған. 10 күн бұрын жағдайы одан сайын нашарлай түсті. Бас ауыру күшейе түсіп, жүрегінің айнуы, құсу мен ішінің өтуі пайда болды. Объективті: дене қызымы 37,3°С. Жалпы жағдайы ауыр, келбеті ісінген. Тез арада жүдеген, терісі бозғылт, пергаменттік реңкімен, құрғақ, аузынан аммиак иісі сезіледі. Тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерінде бірлі-жарым сұйық сырылдары естіледі. ТАЖ минөтіне 24 рет. Жүректің салыстырмалы тұйықталуының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығы бойынан 1 см сыртқа шығып тұр. Жүрек үндері тұйықталған, қолқада 2-ші үннің акценті. Пульс минөтіне 76 рет, ырғақты, күшейтілген. АҚ 170/100 мм.сын.бағ. Тілі ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, пальпация кезінде қарын үсті аймағындағы ауырсыну анықталады. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз. |