практика патфиз. ан тзу 1 Таырыбы Анемияларды, эритроцитоздарды патофизиологиясы. Балалар жасындаыларды анемиясы
Скачать 82.02 Kb.
|
Сұрақтар:
Есеп.3 Науқас М, 33 жаста, жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, сүйек пен буындарындағы ауырсынуға, артық салмаққа, дене бітімінің өзгеруіне, менструалды оралымның бұзылуына шағымданды. Тексеру барысында: майдың бетте, мойын омыртқалары бөлімінде, іш пен кеудеде жиналуымен сиппаталатын семіздік. Терісі жұқа, іш, иық, сүт бездері терісінде қою мәрмәр түстес суреттерімен; санның ішкі бетінде қызыл-күлгін түсті созылу сызықтары бар. Бұлшық еттердің атрофиясы мен күшінің төмендеуі. Еркек типті түктену, басында шашының түсуі. АҚ жоғарылаған, сол жақ қарынша гипертрофиясы. Сұрақтар:
Есеп. 4 Науқас В., 43 жаста, аяқ-қолдарының, бетінің бұлшық еттерінде тырысу ұстамаларына, тыныс алудың бұзылысына, іштегі ауырсынуға, периодты қайталанатын тұншығу ұстамаларына шағымданды. Бұрын диффузды токсикалық зоб бойынша струмэктомиялық ота жасалған. Тексеріс кезінде: трофикалық бұзылыстар тері құрғауы , шаш түсуі, тырнақтың сынғыштығы, көп мөлшердегі кариес және пародонтит түрінде. Қанның биохимиялық анализінде: кальций мөлшері төмендеген, фосфор мөлшері артқан. Сұрақтар:
Есеп.5 Науқас А., 50 жаста, жалпы әлсіздікке, арықтауына, шөлдеуге, сүйек пен буындарың ауырсынуына, тістерінің босап, түсуіне, сүйектердің жиі сынуына, жүрек айнуына, құсуға, көп мөлшерде зәр бөлінуіне шағымданды. Тексеріс кезінде: құрғақ тері, бұлшық еттердің атрофиясы, бөшке тәрізді кеуде торы, қабырғалар жуандаған, қанқа мен бас сүйек сүйектерінің перкуссиясы кезінде ауырсыну байқалады. Қанның биохимиялық анализінде: кальций жоғарылаған, фосфор төмендеген, сілтілі фосфатаза, мочевина және креатинин мөлшері жоғарылаған. Сүйек рентгенографиясы барысында диффузды остеопороз анықталды. Бүйректің УДЗ кезінде нефрокальциноз анықталды. Сұрақтар:
Есеп. 6 Науқас В.,34 жаста әлсіздікке, ашушандыққа жүректің үнемі болып тұратын жиі соғуына, тершеңдікке, ұйқысыздыққа, қолының қалтырауына, көзінің шығынқырап орналасуына шағымданады. Тексеру кезінде: терісі ылғалды, эластикалы, гиперемияланған. Қалқанша безі ұлғайған.Тахикардия, периодты түрде болатын аритмия. Экзофтальм, көз алмасының конвергенциясының бұзылысы. Биохимиялық қан анализінде холестерин деңгейінің төмендеуі, глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі, тироксин деңгейінің күрт өсуі. Сұрақтар: 1. Бұл науқаста қалқанша безінің қандай қызметінің зақымдануы бар? 2. Осы патологияны шақырушы себепті атаңыз. 3. Жүйелік зақымданулардың патогенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз. 4. Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі немен байланысты. 5. Мүмкін болатын асқынудың атаңыз. Есеп 7 Науқас Ф., 40 жаста, мынандай шағымдармен түсті: басының ауруы, тұрақты шөлдеу сезімі, басым бөлігі түнгі уақытта болатын,көп мөлшерде жиілеген зәр шығару, мойын мен кеуде бұлшық етінің әлсіз өтпелі салдануына дейін болатын бұлшық етінің әлсізденуіне Тексеру кезінде: артериялды гипертензия. Биохимиялық қан анализінде натрий, альдостерон деңгейінің жоғарылауы, калий мен хлор деңгейінің төмендеуі. Зәр анализінде: зәр тығыздығының төмендеуі, сілтілі орта, бос (байланыспаған) альдостеронның шығарылуының жоғарылауы. УДЗ кезінде сол жақ бүйрекүсті безінің ісігі анықталды. Сұрақтар: 1. Бұл науқаста бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының қандай қызметінің зақымдануы бар? 2. Осы патологияны шақырушы себепті атаңыз. 3. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатынан синтезделетін гормондарды атаңыз. 4. Жүйелік зақымданулардың патогенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз. 5. Бүйрекүсті безі қызметінің қандай типтік өзгерістерің білесіз. Есеп 8 Науқас Н.,52 жаста, туберкулездік диспансерде есепте, тіркеуде тұрады. Төмендегі шағымдармен қаралуға келді : әсіресе кешкі уақыттарда болатын жалы әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, жүрек айнуы, тұзды тағамдарға тәбетінің артуы, арықтау, бұлшық еттерінде ауырсыну және тері түсінің қараюы. Тексеру кезінде: терісі қола түсті, әсіресе дененің ашық бөліктерінде, ауыз аймағының шырышты қабатында қарайған дақтар байқалады. Науқастың тамақтануы төмендеген, бұлшық еттері гипотрофияланған. АҚ төмендеген, созылмалы гастрит, секреторлы қызметінің төмендеуімен. Қанның биохимиялық аналиінде: глюкоза, натрий, хлор, 11- ОКС, 17-ОКС, кортизол мөлшері төмендеген. Сұрақтар: 1. Науқаста бүйрекүсті безі қызметінің қандай түрі бұзылған? 2. Осы бұзылысты шақыратын себептерді атаңыз 3. Бүйрекүсті безінде синтезделетін гормондарды атаңыз. 4. Осы патология кезінде жүйелік зақымданулардың патогенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз. 5. Бүйрекүсті безі қызметінің тағы қандай бұзылыстарын білесіз? Есеп 9 Науқас М., 33 жаста. Төмендегі шағымдармен қаралуға келді: жалпы әлсіздік, бас ауруы, сүйектері мен буындарындағы ауырсыну, артық салмақ, дене бітімінің өзгеруі және етеккір циклының бұзылысы. Биохимиялық қан анлизінде холестерин, натрий, хлор, глюкоза, 11-ОКС, 17-ОКС, гидрокортизон, кортикотропин мөлшері жоғарлаған. Рентгенологиялық зерттеуде: екі бүйрекүсті безінің гиперплазиясы анықталды. Сұрақтар: 1. Науқаста бүйрекүсті безі қызметінің қандай түрі бұзылған? 2. Осы бұзылысты шақыратын себептерді атаңыз 3. Бүйрекүсті безінде синтезделетін гормондарды атаңыз. 4. Осы птологиядағы жүйелік өзгерістердің патогенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз. 5. Бүйрекүсті безі қызметі бұзылысының қандай типті формалары белгілі. Есеп 10 Науқас С., 36 жаста. Төмендегі шағымдармен қаралуға келді: қатты бас ауырсынуымен жалғасатын кезеңді гиертониялық криз, қалтырау, қозғыштық, ентігу, дене қызуының жоғарылауы. Тексеру кезінде: АҚ 210/105 мм.сын.бағ. Биохимиялық қан анализінде: глюкоза, калий, НЭЖК мөлшері жоғарылаған. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз және эозинофилия. Зәрмен бірге адреналиннің тәуліктік экскрециясы күрт жоғарылаған. УДЗ кезінде оң жақ бүйрекүсті безінің ісігі анықталды. Сұрақтар: 1. Науқаста бүйрекүсті безі қызметінің қандай түрі бұзылған? 2. Осы бұзылысты шақыратын себептерді атаңыз 3. Бүйрекүсті безінде синтезделетін гормондарды атаңыз. 4. Осы птологиядағы жүйелік өзгерістердің патогенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз. 5. Бүйрекүсті безі қызметі бұзылысының қандай типті формалары белгілі. “Жүйке жүйесі” бөлімі 1. Тақырыбы: Милық қанайналым бұзылыстарының патофизиологиясы. Инсульттер Тәжірибе № 1. Ақ тышқандардың жоғары жүйке қызметіне кездейсоқ аса күшті дыбыстың тітіркендіргіштердің әсері. 5-6 ақ тышқанды немесе егеуқұйрықтарды қоңырауы бар торға отырғызып, 3-5 минутқа қоңырауды қосады және жануарлардың реакцияларын бақылайды. Дыбыс тітіркеніштері әсерінен тышқандардың мінез құлықтары өзгереді, кейбіреуі тыныштық күйінде қалады, кейбіреуінің қозғалыс қозғыштығы айқын көрінеді, ол эпилептиформды құрысу ұстамасымен аяқталады. Нәтижесі:_1/3_жол_қалтыр_Қорытынды'>Нәтижесі: 1/3 жол қалтыр Қорытынды: Тәжірибе № 2. Жануарда дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдыққа ОЖЖ- нің өзгеру жағдайына функциялық жағдайынын әсері. Бірінші тәжірибеде дыбыстық тітіркендіргішке жеңіл қозатын тышқандарға тежелу процестерін күшейту үшін құрсақ ішіне 10% натрий бромиді ертіндісін енгізеді. № 1 тәжірибеде жануарларға қоңырауға айқын қозғалыс реакциялары берілмеген, сондықтан қозғыштық процессін күшейту үшін құрсақішілікке 10 % кофеин ерітіндісін енгіземіз 100-125 мг есебінен 100 г дене салмағына (1 мл -1,25 мл). 10-20 минуттан кейін жануарды қоңырауы бар торға отырғызамыз. Жануардың ОЖЖ функциялық жағдайының бастапқы өзгеруі, фармакологиялық заттарды енгізгеннен олардың реактивтілігінің шектен тыс тітіркендіргіш әсерінен өзгертуге болады. Нәтижесі: 1/3 жол қалтыр Қорытынды: Ситуациялық есептер 1-есеп Врач Д.59 жаста клиникаға түскенге дейін, таңертең төсектен тұрғанда, үнемі сол жағына құлап, тепе теңдікті әрен сақтайтындығын байқаған. Төсекке жатуына көмектескеннен кейін, қатты бас айналуы мен жүрегінің айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, өзінде афония(а) дамығанын байқаған. 1 сағ өткеннен кейін парестезия белгілерінің пайда болуын, одан кейін парестезия(б) белгілерінің кеудесінің оң жақ жартысында артқанын атап айтқан. Сұйық ас ішу кезінде (жүрек айну себебінен құрғақ асты қабылдамаған) жиі регургитация(в) болған. Неврологиялық тексеру кезінде анықталған:жұмсақ таңдайдың сол жақ парезі (г); жанына қарау кезінде –горизонтальді нистагм(д), солға қарау кезінде неғұрлым айқынырақ, бетінің және кеудесінің сол жақтық гемигипестезиясы (е); сол жақ қол -аяқтарында –бұлшық еттік гипотония(ж) мен гипорефлексия(з); саусақмұрындық, табантізелік сынама кезінде қозғалыс дискоординациясы,сол жақ қол -аяқтарының треморы(и). АҚ 195/106 мм.сын.бағ., жүрек шекараларының солға 1,5 см кеңеюі,пульс 90. Сұрақтар: 1. Науқаста патологияның қандай формасы дамыды? Есептің жауабын осы тапсырмаларға сай негіздеңіз. 2. Осы аурудың мүмкін болатын себебі? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының белгісі барма? 3. Әріппен белгіленген симптомдарды сәйкес медициналық терминдермен сипаттап беріңіз; 2-есеп Науқас И. 28 жаста клиникаға басының маңдай және шүйде аймағының ауруы, жүрек айнуы, қайталамалы құсу шағымдармен түсті. Ауруханаға жатқызылған күні басының қатты ауырсынуы, құсу пайда болған. Есін жоғалтпаған, салданулар болмаған. Түскен кезінде-соматикалық сау ,АҚ-120/80 мм.сын.бағ. Неврологиялық: қарашықтың жарыққа реакциясы әлсіз, оң жақ мұрынеріндік қатпар жазылған, оң ауыз бұрышы ауызды кергенде артта қалады (правый угол рта отстает при оскале зубов). Қол-аяқтарында салданулар жоқ.Сіңірлік рефлекстер қалыпты, патологиялық рефлекстер жоқ. Кернинг, Брудзинский,желке бұлшық еттерінің регидтілік симптомы оң. Жұлын-ми пункциясы: қысымы жоғарылаған, түсі-қызғылт. Жұлын-ми сұйықтығы лайлы, ақуыз-0,8гр/л. Клиникалық диагноз қойыңыз және негіздеңіз. 1. Науқаста патологияның қандай формасы дамыды? Есептің жауабын осы тапсырмаларға сай негіздеңіз. 2. Осы аурудың мүмкін болатын себебі? 3. Неврологиялық симптомдардың өзгеруі мен бұзылыстарының механизмдерін түсіндіріңіз? 3-есеп Науқас 68 жаста, бір шама жылдар бойы басының ауруына, басындағы шуларға, есте сақтауының нашарлауына, ұйқысыздыққа шағымданған. Күндіз қобалжудан кейін, аяқ астынан басының айналуын сезген,құлаған.Есін жоғалтпаған. Ықылықтау пайда болған, жалпы әлсіздік, жұтынуы қиындаған. Науқастың есі анық, барлық сұрақтарға дұрыс жауап береді, қай жерде, қай уақыт екенін біледі (бағдарлы). Иіс сезуі бұзылмаған. Көз түбінің тамырлары склерозданған. Сол жақ көздің жоғарғы қабағының толық емес птозы. Жұмсақ таңдайдың сол жартысының қозғалмауы және сол жақ дауыс байламының салдануы. Артериялық қан қысымы 90/50 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 68, аритмиялық. Жалпы қан мен зәр анализі патологиясыз. Клиникалық диагноз қойыңыз және негіздеңіз. 4-есеп Науқас 60 жаста соңғы айларда кезеңді түрде басының ауыруына, құлағындағы шуларға, тез шаршайтындығына, жаман мазасыз ұйқыға шағымданған. Ауруханаға түскенге дейін, үш күн бұрын түнде ұйқыдан басының ауруынан оянған және өзінің оң жақ қолының әлсіздігін байқаған. Кейін қайта ұйықтаған.Таңертең оң жақ қолының қозғалысы толықтай жоғалған, оң жақ аяғының әлсіздігі пайда болған, сөзі өзгерген. Жүрек шекаралары солға кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 72, аритмиялы. АҚ-110/60мм.сын.бағ. Науқас уақытқа,орынға бағдарлы.Барлық тапсырмаларды дұрыс орындайды.Сөйлеуі баяу, түсініксіз. Сөздерді қиындықпен құрайды. Оң жақ мұрынеріндік қатпар жазылған.Тілін шығарған кезде оңға қарай ауытқыйды. Оң қолымен белсенді қозғалыстар жасамайды, аяғының қозғалысы шектелген. Қан сарысуындағы холестерин 7,4 ммоль/л. Клиникалық диагноз қойыңыз және негіздеңіз. 1. Науқаста патологияның қандай формасы дамыды? Есептің жауабын осы тапсырмаларға сай негіздеңіз. 2. Осы аурудың мүмкін болатын себебі? 3. Неврологиялық симптомдардың өзгеруі мен бұзылыстарының механизмдерін түсіндіріңіз? 5 есеп Науқас 64 ж, стационарға өте ауыр жағдаймен түсті. Туыстарының айтуы бойынша 20 жыл бойы гипертониялық аурумен ауырады. Жуырда бас ауыруына, басының айналуына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Таңертең, төсектен тұрып, есінен танып құлады. Құсу орын алды. Тексеру барысында ессіз. Тері жабындылары бетінде, кеудесінде, аяқ-қолдарында гиперемияланған. АҚ 220/100. Пульс 96 рет минутына, қатты. Чейн-Стокс тынысы. Басы және көз алмасы сол жаққа бұрылған. Аузы жартылай ашық. Шүйде бұлшықеті ригидті. Екі жақты Керниг симптомы. Қарашығы үлкейген. Оң жақ мұрын-еріндік қатпар тегістелген. Оң жақ табаны сыртқа бұрылған. Сіңірлік рефлекстер жоқ. Уколдарға жауап жоқ. Люмбальді пункция: ликвор қысымы 180 мм с.б., қанмен қарқынды боялған. Бас миының компьютерлік томографиясында сол жақ төбе-шүйде аймағында шартәрізді тығыздығы жоғарылаған аймақ, орталық құрылымдардың 10 мм-ге солдан оңға қосылуы анықталды. Клиникалық диагноз қойып, оны дәлелдеңіз.
2) Тақырыбы: Қалтырау синдромының патофизиологиясы. Менингиттің патогенетикалық механизмдері № 1 есеп Науқас 14жаста, 2 жыл бұрын алғаш рет пайда болған тырысу ұстамалары мазалайды. Анамнезінде 3 жыл бұрын болған бас миының жарақаты. Тырысу ұстамалары сол жақ қол бұлшық етінен басталып, беттің сол жақ мимикалық бұлшық еттеріне беріледі, бас пен көздің солға бұрылуымен сипатталады. Есін жоғалтпайды. Сол жақта мұрын-еріндік қатпардың тегістелуі, жеңіл гемипарез, сіңірлік рефлекстің күшеюі анықталады. ЭЭГ – оң жақ маңдай бөлігіндегі пароксизмалды белсенділіктен пайда болған жартышарлық ассиметрия. ЭХО-ЭГ – мидың орталық құрылымдарының дислокациясы жоқ. Клиникалық диагноз қойып, оны дәлелдеңіз.
Неврологиялық симптомдардың өзгеруі №2 есеп Науқас 18 жаста, 10 жасынан бастап тырысу ұстамалары мазалайды. Бастапқыда ұстамалар төс артындағы жағымсыз сезімдермен, жүрек қағумен, гипергидрозбен, бетінің және шырышты қабаттардың бозаруымен сипатталатын. Соңғы жылы аталған көріністерге, тоникалық және клоникалық тырысулармен қатар жүретін, есінен тану қосылды. Анамнезінде жиі ангиналар, ЖРА. Екі жаққа қарағанда аяқ астынан пайда болатын нистагм, сіңірлік рефлексердің екі жақтылық жандануы байқалады. ЭЭГ – ми жартышарларының алдыңғы бөлімдеріндегі пароксизмалды белсенділік көріністерімен диффузды дизритмия. Клиникалық диагноз қойып, оны дәлелдеңіз.
3-есеп Науқас С. 10 жаста, үйден «жедел жәрдем» машинасымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Таңертен , шамаман 10 сағат бұрын, науқастанды. Алдымен бастың ауруы, қалтырау болып, күндіз құсу қосылды. Кешке қарай жағдайы күрт нашарлады, дененің жоғары температурасы фонында сана-сезімнің бұзылысы болып, құсудың қайталануы байқалды. Қараған кезде :сезімнің сопорлық жағдайы. Дене температурасы 39,5°С. Тері жабындылары ылғалды, беті қызарған. Ернінде герпес.Сан терісінде геморрагиялық бөртпе. Пульс ырғақты ,минутына 90 соққы. Жүрек тондары тұйықталған (приглушены), АҚ130/80. Тыныс ырғақты, минутына 24. Іші тартылған (втянут). Қөз қарашықтары бірдей, жарыққа реакциясы сақталған. Спонтанды горизонталды нистагм, қайшылықты (расходящееся) қыликөздік. Шайнау бұлшық еттерінің қарысуы (тризм). Инешаншуға оң жақ аяқ-қолдарының реакциясы сол жаққа қарағанда нашарлау. Сіңірлік рефлекстер оң жақта жоғары. Екі жақтан да Бабинскийдің, Оппенгеймнің патологиялық рефлекстері шақырылды. Шүйде (затылок) бұлшық еттерінің илікпеуі (ригидность)- 4 қөлденең саусақ, Кернига симптомы екі жақтан да оң 90° бұрышта. Еріксіз зәр шығару. Көз түбі: көз жүйкелерінің дискілері қызарған, шекаралары айқын, веналары кеңейген. Қан анализі: гемоглобин—110 гр\л, лейкоциттер саны — 25000*109, ЭТЖ- 45 мм/с, глюкоза—5,0 ммоль/л, қалдық азот— 17,85 ммоль/л. Люмбалді пункция: ликвор жоғары қысыммен ағып шығады, лайлы,нәруыз—2,6 гр\л, цитоз- санауға келмейді (нейтрофилдер 98%),глюкоза—1,7 ммоль/л, хлор — 183,3 ммоль/л. Нативті препаратта диплококк табылған. Клиникалық диагнозды анықтап,негіздеңіз 1. Науқаста қандай патология дамыған? Жауапты есептің берілгенімен байланыстырып,негіздеңіз. 2. Негізгі мүмкін болатын себептерді атаңыз. 3. Неврологиялық симптомдар механизмдерінің бұзылыстары мен өзгерістерін түсіндіріңіз? 4-есеп Науқас У. 19 жаста, қабылдау бөліміне туысқандарымен жеткізілді. Бастын ауырғанына,жүректің айнығанына,құсуға шағымданады.Ауырғанына бір жұмадай болған. Сол кезде әлсіздік пайда болып,дене температурасы 37,2—37,5° дейін көтерілген.Үйде «Салқын тиюге» байланысты емделген,бірақ жағдайы жақсармаған. Жедел респираторлық аурулармен, осы уақытқа дейін,көп ауырмаған, 4 ай бұрын босанған. Науқастың әкесі туберкулезбен ауырған, бірақ ол онымен 3 жылдан артық уақытта бірге өмір сүрмеген. Қараған кезде:науқас арық. Беттің және кеуде торабы тері жабындылары аздап қызарған. Дене температурасы 37,6°. Пульс ырғақты, минутына 90 соққы. Жүрек тондары ашық, АҚ140/90 Тыныс кедергісіз, ырғақты 18 минутына. Қөз қарашықтары бірдей, аздап кеңейген. Горизонталды нистагм және көз бұршағын сыртқа дейін апара алмау. Оңға қарағанда диплопия болуы байқалады. Сол жақ мұрын -ерін сызығы жазықталған (сглажена), сол жақ ауыз бұрышы төмен түскен , ауыз керу(оскал) асимметриясы. Шүйде (затылок) бұлшық еттерінің илікпеуі (ригидность) - 2 қөлденең саусақ. Кернига симптомы екі жақтан да оң 135° бұрышта. Көз түбі:көз жүйкелерінің дискілері қызарған. Қан анализі: гемоглобин — 120 гр\л, лейкоциттер — 5000*109,ЭТЖ—10 мм/с,глюкоза—6,67 ммоль/л, хлор –211,5 ммоль/л, қалдық азот —21,42 ммоль/л. Люмбалды пункция: ликвор 300 мм.су.б.қысыммен ағып шығады, мөлдір, сәл ксантохромды нәруыз—1,32 гр\л, цитоз- 600 (лимфоциттер-80%, нейтрофилдер 20%), глюкоза—2,78ммоль/л, хлор — 126,9 ммоль/л. Қабыршық (пленка) түскен. БК табылмаған. Клиникалық диагнозды анықтап,негіздеңіз 1. Науқаста қандай патология дамыған? Жауапты есептің берілгенімен байланыстырып, негіздеңіз. 2. Негізгі мүмкін болатын себептерді атаңыз. 3. Неврологиялық симптомдар механизмдерінің бұзылыстары мен өзгерістерін түсіндіріңіз? 5-есеп Науқас К. 38 жаста, 24 маусымда ұшақпен ауырудың 4-тәулігінде райондық ауруханадан жеткізілген. Ауру тарихының көшірмесінде көрсетілген: малшы болып қызмет етеді, жедел ауырған. Ауру қалтыраумен, дене температурасының 39° дейін көтерілуімен, бастың ауруымен, құсумен, сана-сезімнің күңгірттенуімен, сандырақпен басталған. 3-тәулікте қолдың қимыл бұзылыстары байқалып, тыныс алудың тұрақты бұзылысы болды. Диагнозды нақтылау және ары қарай емдеу үшін жіберілген. Қараған кезде:сана-сезімі-сандырақ, қозу, галлюцинациялар. Пульс ырғақты, минутына 120соққы. Жүрек тондары тұйықталған, АҚ140/90 Тыныс үзілістік элементтерімен кедергісіз,24 минутына. Дене температурасы 38° Қөз қарашықтары шамалы тарылған. Дизартрия, жұтынғанда шашалады. Бас сүйек жүйкелерінің қызметін толық тексеру қиындаған. Қолдың қимыл қозғалыстары күрт шектелген. Иық бұлшық еттерінің тонусы төмендеген.Қолдардан сіңірлік рефлекстер шақырылмайды, тізе және ахилл рефлекстері шапшандау. Екі жақтан да Бабинскийдің патологиялық рефлекстері анықталады. Шүйде (затылок) бұлшық еттерінің илікпеуі (ригидность)-2 қөлденең саусақ, Кернига симптомы 90° бұрышта. Көз түбі: көз жүйкелерінің дискілері ақшыл-боз, шекаралары анық, артериялары қалыпты калибрде, веналары толыққанды. ЭКГ синусты ритм, тахикардия, 120 жиырылу/ мин, миокардта қалпына келу процестерінің бұзылыстары. Қан анализі: гемоглобин — 120 гр\л, лейкоцитер – 15000*109, ЭТЖ—40 мм/с, глюкоза— 6,7 ммоль/л. Люмбалды пункция : ликвор мөлдір, түссіз, шығарылуы ағынды;нәруыз— 1,32 гр\л, цитоз — 200 (лимфоциттер — 93%),— 4,44 моль/л, хлор — 211,5 ммоль/л. Қан вирусологиялық зерттеуге жіберілген. Клиникалық диагнозды анықтап,негіздеңіз 1. Науқаста қандай патология дамыған? Жауапты есептің берілгенімен байланыстырып, негіздеңіз. 2. Негізгі мүмкін болатын себептерді атаңыз. 3. Неврологиялық симптомдар механизмдерінің бұзылыстары мен өзгерістерін түсіндіріңіз? |