Главная страница

Новый тест каз. Артериальды гипертензия


Скачать 270.05 Kb.
НазваниеАртериальды гипертензия
Дата11.04.2023
Размер270.05 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНовый тест каз.docx
ТипДокументы
#1054740
страница1 из 5
  1   2   3   4   5

Науқасқа құрсақ қолқасының және бүйрек артериясының зақымдануымен спецификалық емес аортоартерит диагнозы қойылды.Кортикостероидтарды тағайындау қажет.Осы жағдайда дәрігер жағынан кортикостероидтардың қандай жанама әсеріне барынша көңіл бөлу керек?

Артериальды гипертензия

Стероидты диабет

Остеопороз

Остеонекроз

Асқазан ішек жолдарынан қан кету
Перзентханада ұл бала 2100,0 гр.салмақпен туылды.Өмірінің 2-ші күні терісі аздап сарғайды,біртіндеп сарғаю күшейді. Объективті: гепатомегалия, петехиальды бөртпелер анықталады.Анализінде: ауыз қуысының шырышты қабатынан алынған жағындыда гигантты көп ядролы клеткалар анықталды.Қандай болжам диагноз барынша болуы мүмкін

Цитомегаловирусты инфекция

Листериоз

Токсоплазмоз

Сифилис

Иерсиниоз
30 жастағы әйел құрысулар және алақан саусақтарының ауыру сезіміне, дене қызуының 37,8° дейін жоғарылауына, дене салмағының 2 кг. төмендеуіне,оң жақ кеуде бөлінің ауырсынуына шағымданады.Бетінде макулезді бөртпе,алопеция және ауыз қуысында афтылар пайда болды.Алақанның Р-графиясы: буын маңылық остеопорозы,жұмсақ тіндерінің ісінуі.Кеуде ағзаларының Р-графиясы: оң жақтан сұйықтық анықталады. ЖҚА: нормохромды анемия, лимфопения, ЭТЖ – 28 мм/сағ. ЖҚА: белок – 0,88 г/л, эритроцит – 4-5 к/а. СРБ +, РФ –теріс, АНА –оң.Осы ауруға қандай антиденелер барынша тән?

Екі жіпті ДНК қарсы антиденелер

Цитоплазматикалық антинейтрофильдер

Перинуклеарлы антинейтрофильдер

Антимитохондриальді антиденелер

Рибонуклеопротеинге антиденелер
Дәрігердің қабылдауында 9 айлық бала.Ана сүтімен тамақтанады. Объективті: бұлшықет тонустары төмендеген,еңбектемейді,іші ұлғайған,отырғанда кеуде омыртқаларының айқын кифозы байқалады. Сүйек буын жүйесі жағынан макроцефалия, үлкен еңбегі 2х2 см., шүйде аймағындағы тері беткейінің қатаюы мен таздануы (облысение),маңдай және төбе төмпешіктері,рахит жиектері (четки), Гаррисон жүлгелері. Дене салмағы 9200 г. Физикалық және психомоторлы дамуы жағынан өзгеріс жоқ. Дәрігер ем тағайындады. Бұл балада гиповитаминозды емдеуде Холекальцеферолдың (вит Д3) дозасы қандай:

2000-2500 МЕ/тәулігіне 1 ай

500 МЕ/тәулігіне 1 жыл бойы

1000-1500 МЕ/тәулігіне 1 ай

1500-2000 МЕ/тәулігіне 1 ай

3000-3500 МЕ/тәулігіне 1 ай
Бала 2 жаста. Анасының айтуы бойынша тәбетінің төмендеуіне,әлсіздікке,балалармен араласқанда негативті белгілерінің болуына шағымданады. Объективті: бала смуглый болғандықтан бозғыштығын анықтау өте қиын.Алақанның бозғыштығы көзге түседі.Терісі құрғақ,ауыз үшбұрышында жаралар байқалады,терісінің тургоры және бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. Тынысы қатқыл, ТЖ 40 рет мин.. Жүрек тондары тынықталған,жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу естіледі. Энурезбен зардап шегеді. Сұрастыру барысында шикі фарш,газет,кесек жеуге құмарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л, ТК 0,7. Қандай тексеру әдісін тағайындау керек?

темір сарысуының мөлшерін

АЛТ және АСТ

билирубин мөлшерін

ЭКГ

сілтілі фосфатаза
Бала 2 жаста. Анасының айтуы бойынша тәбетінің төмендеуіне,әлсіздікке,балалармен араласқанда негативті белгілерінің болуына шағымданады. Объективті: бала смуглый болғандықтан бозғыштығын анықтау өте қиын.Алақанның бозғыштығы көзге түседі.Терісі құрғақ,ауыз үшбұрышында жаралар байқалады,терісінің тургоры және бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. Тынысы қатқыл, ТЖ 40 рет мин.. Жүрек тондары тынықталған,жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу естіледі. Энурезбен зардап шегеді. Сұрастыру барысында шикі фарш,газет,кесек жеуге құмарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л.. Темірдің қандай мөлшері қажет:

3 мг/кг темір сарысуының мөлшері қалпына келгенше

1 мг/кг жыл бойына

2 мг/кг ферритиннің мөлшері қалпына келгенше

3 мг/кг гемоглобиннің мөлшері қалпына келгенше

5 мг/кг темір сарысуының мөлшері қалпына келгенше
Жергілікті дәрігер 1 жастағы баланы анасының шақыруымен қарауға келді.Анасының шағымдары: 38,80С дейін дене қызуына,түшкіру, насморк, 4 күн бойы жөтелуіне. Қарау кезінде ентігу,периоральды цианоз, адинамия, ұйқышылдық,тамақтан және судан бас тартады,бір рет фонтан тәрізді құсу болған.Өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар жиі оң жағында естіледі.ТЖ 62 рет мин.. Жүрек тондары әлсіреген, тынықталған.ЖСЖ 138 рет мин.. SO2 92 %. Ауруханаға жатқызу себебі қандай:

әлсіздік,ұйқышылдық, судан және тамақтан бас тарту

дене қызуының көтерілуі, ұйқысының бұзылуы

тахипноэ, тахикардия

өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар

оттегінің сатурация көрсеткіші

Бала 3 жаста. Ауруы жоғары тыныс жолдарының катаралды өзгерістерімен,конъюктивитпен, жөтелмен басталды. Дене температурасы 37,80С, интоксикация анықталмады. Қабылдаған ем: ибуфен, небулайзер арқылы натрий хлорид 0.9% ерітіндісімен ингаляция, амоксициллин.Әсері болған жоқ. Құсумен аяқталатын спастикалық сипаттағы жөтел мазалайды.Қақырығы аз,сарғылт сұр түсті.Анасының айтуы бойынша баласын емдегеніне қарамастан жөтелі күшейді. Қарау барысында жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация және ТЖ байқалмайды.Оң жақ өкпесінде ылғалды ұсақ көпіршікті және құрғақ сырылдар естіледі. Перкуторлы дыбыс өзгермеген.ЖҚА- аздаған лейкоцитоз, с/я 62%,ЭТЖ 28 мм/сағ.Ары қарайғы сіздің тактикаңыз ?

ровамицин

Амоксиклав

Цефтриаксон

Флуконазол

котримасазол
Жаңа туған балаға 10 күн.Анасында шағымдар жоқ. Педиатр қарау кезінде: өкпедегі тыныс әлсіреген,сырыл жоқ.Жүрек тондары ырғақты, дөрекі систолалық шу жүректің бүкіл аймағында естіледі, punt.max. төстің сол жағы 3-4 қабырға аралығында. Гемодинамика бұзыылу белгілері жоқ. Қандай диагноз БАРЫНША ықтима:

ТЖА – қарынша аралық перденің ақауы

ТЖА – жүрекше аралық перденің ақауы

Фиброэластоз

ТЖА - ашық артериялық өзек

ТЖА - магистралды тамырлардың транспозициясы
11 жастағы бала аулада роликті шаңғымен сырғанап жүгіргенде құлап,екі тізесі мен алақандарын жарақаттап,терісін жырып кетті.Ата анасы жараланған жердегі жараны ағымды суға шайып травмпунктке жеткізді. 2 жасынан бронхиальды астмамен ауырғаннан бері балаға егулер жасалмаған. Дәрігер қандай шараны жасауы тиіс:

сіреспеге және дифтерияға қарсы анатоксинді еңгізу

жараны өңдеу, таңғыш тарту,сабақтардан босату

жараны өңддеуден соң тізе буынының рентгенографиясын жасау

сіреспеге қарсы егуден тартыну және бақылау

жараны сутегі тотығымен өңдеп,бактерицидті бұласыр жапсыру
Әйел 27 жаста,жалпы тәжірибелік дәрігерге оң иығының ауруына,ісінуіне,осы аймақтың қызаруына,әлсіздікке,дене температурасынң 38С жоғарылауына,шағымданып келді.Төрт тәулік бұрын оң иығының сыртқы бетін жырып алған.Қарап тексергенде: оң иығының сыртқы бетінде гиперемия мен ісінумен тығыз инфильтрат анықталады. Пальпациялағанда инфильтратта айқын ауру сезімі анықталады. Флюктуация симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

Оң иықтағы флегмона

Оң иық сүйегінің жабық сынығы.

Оң иық сүйегінің ашық сынығы

Білезік буынының шығуы

Шынтақ буынының шығуы
Әйел 65 жаста,үнемі шөлдеуге,аузының құрғауына,жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен 2 жыл бұрын жедел панкреатит диагнозы бойынша операция жасалған.Қарап тексергенде іші жұмсақ, ауырсынусыз. Құрсақ қуысының УДЗ көкбауыр өлшемі қалыпты,патологиялық түзіліс жоқ. Жедел панкреатиттің асқынуын анықтауда қандай лабораторлық зерттеулер мүмкіндік береді?

қандағы глюкозаны анықтау

зәрдегі диастазаны анықтау

қандағы диастазаны анықтау

нәжісті жасырын қанға зерттеу

қан ұйығыштықты анықтау
Қабылдауға 72 жастағы науқас туыстарының сүйемелдеуімен келді.Олардың айтуы бойынша есте сақтау қабілетінің нашарлауы,әсіресе жаңа ақпаратты қабылдауы нашарлауын байқаған. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы науқастың күнделікті өміріне елеулі кедергі болып табылады. Өте жақсы меңгерілген немесе өте таныс материал ғана сақталады. Жаңа ақпарат анда-санда немесе өте қысқа уақытқа ғана сақталады. Науқас өзінің тұратын жері, жақында не істегені немесе таныстарының есімдері туралы негізгі ақпаратты есте сақтай алмайды. Объективті қарағанда жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 150\100 мм.сын.бағ. пульс 80 рет 1 мин. Жүрек тондары тынықталған, ырғағы дұрыс. Аяқтардың пастоздылығы бар. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

Альцгеймер ауруы

Паркинсон ауруы.

Гипертониялық энцефалопатия.

Жастық деменция.

Ми ісігі.
53 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралуда. Күйеуінің қайғылы қазасынан кейін науқас күйеуінің өліміне тосқауыл бола алмағанына, оған жеткілікті көңіл бөлмегеніне, бұл туралы дәрігерге көзіне жас ала отырып, өзіне қол жұмсау туралы ойлары бар екендігін айтты. Біз қандай синдром туралы айтып отырмыз?

Депрессивті синдром

Кататониялық синдром

Обсессивті синдром

Паранойяльды синдром

Дементті синдром
11 жасар бала жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Мектеп бағдарламасынан қалып қойғандықтан әжесі оны қабылдауға әкелді. Бала оңай қарым-қатынас жасайды, сөйлеуі дамыған, оқиды, ой-өрісі жасына сәйкес келмейді, бірақ есте сақтау қабілеті жақсы, абстрактылы ойлау қабілеті шектелмейді. Анамнезінен: жүктілік және босану ерекшеліктері жоқ, психомоторлы дамуы артта қалмай ерте дамуы байқалады. Соңғы жылдары ата-аналар ішеді, бала жиі сабақты қалдырады. Сіз қандай жағдайды елестете аласыз?

Педагогикалық немқұрайлылық

Шизофрения

Тұлғаның бұзылуы

Психикалық инфантилизм

Деменция
Босанғаннан кейін әйелде қобалжу пайда болды, көңіл-күйі төмендеді, ол тамақ ішпейді, ол қатты толқуда және баласы жазылмайтын ауруға шалдыққанынан қорқады, көмек сұрайды. Төмендегі синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

Депрессивті

Обсессивті

Маниакальді

Астеникалық

Адасушылық
Әйел 42 жаста. Зорлық-зомбылық фонында фиксационды және ретроградтық амнезия түріндегі есте сақтау қабілетінің бұзылуы бар. Науқас есте сақтау қабілетінің жоғалуын фантастикамен толтырады, іс жүзінде болмаған нәрсені «есіне алады». Сондай-ақ, әңгіме барысында ол шынымен болған, бірақ бұрмаланған, уақыт немесе орын бойынша дұрыс корреляцияланған оқиғалар туралы айтады. Бұл бұзылыс полиневропатиямен байланысты. Төмендегі синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

Корсаков

Кандинск-Клерамбо

Депрессивті

Психоорганикалық

Делириозды

30 жастағы ер адам дене қызуының 41°С көтерілуімен жедел ауырды. Кешке қорқыныш пен алаңдаушылық күшейеді, ол бөлмеде ұшып жатқан «сары тумбочкаларды» көріп, музыка еститінін айтады. Ұйқысыз, мазасыз. Күндіз тыныш , бірақ кешке қарай ол қайтадан мазасызданады. Төмендегі синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

Делириозды

Кандинск-Клерамбо

Депрессивті

Психоорганикалық

Корсаков синдромы
17 жастағы бойжеткен тұмаумен ауырған, дене қызуы көтерілген. Қарап тексергенде мазасыз, қобалжыған, көңілі ауытқыған. Ол өзінің қайда екенін білмейді, қоршаған ортада бағдарлануы бұзылған. Көбінесе төсектен секіріп, жастықтың астынан бірдеңе іздейді, кереует астына қарайды, төсек-орын жабындарын ақтарады, қабырға бойымен қолымен шауып, қиялдағы жәндіктерді ұстауға тырысады. Кейде қорқып жан-жағына қарап, өзімен-өзі сөйлеседі. Қандай тактика ең қолайлы?

инфекционды больницаға госпитализациялау

осельтамавирмен ем тағайындау

детоксикациялық терапия

транквилизаторларды бастау

психдиспансерге госпитализациялау
Ер кісі 40 жаста,әлеуметтік жағдайы жақсы,бүйректік коликаны еске түсіретін,көп уақыт болған ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Бүйір аймағындағы ауырсыну 4-аптаға жуық созылған.Қарап тексеру кезінде,УДЗ және рентгенографияны қосқанда бүйір жағынан патология анықталған жоқ. Спазмолитиктерді тағайындау нәтиже берген жоқ.Науқас өзінің болашағына алаңдаулы,ұйқысы нашар,таңертең өзін нашар сезінеді,кешкісін ауырсыну мазаламайды.Дәрігерлер ауруына көңіл бөлмейді деп ойлайды.Төменде аталған қандай диагноз барынша ықтимал

Маскалық депрессия

Фобиялық синдром

Шизофрения

Неврастения

Анықталмаған мүше патологиясы
Жалпы тәжірибелік дәрігер жаңа туған нәрестеге патронаж жасауда. Дәрігер нәрестені ішімен жатқызды, бұл кезде бастың бір жанға рефлекторлық бұрылуы байқалады. Бұл рефлекс өмірдің алғашқы сағаттарынан бастап көрінеді. Бұл рефлекс қалай аталады?

Қорғаныш рефлексі

Еңбектеу рефлексі

Іздеу рефлексі.

Хоботков рефлексі.

Ұстап алу рефлексі
Ер адам, 48 жаста, жөтелге, симптомдары анық емес интоксикацияға, дене қызуының 37,3°С жоғарылауына, ТАЖ 18 рет минутына, рентгенограммада 1 сегмент деңгейіндегі өкпе инфильтрациясына, лейкоциттер 9,0-10,0 х 109/л шағымданады. Көп қабатты пәтерде жолдасымен бірге тұрады. Дәрігермен үй жағдайында стационар ашылды. Үй жағдайындағы стационар ашарда науқасқа қандай форма толтырылады (ҚР ДСҰ 17.08.2015ж. №669 бұйрығы «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»)?

№ 003-2/у

№ 025-8/у

№ 030-6/у

№ 027/у

№ 066-4/у
Ер адам 48 жаста, жеңіл дәрежелі ауруханадан тыс пневмонияға қатысты стационарды алмастыратын көмек алды. Стационарды алмастыратын көмек алған науқас шығарда статистикалық картасы қандай түрде толтырылады (ҚР ДСҰ 17.08.2015ж. №669 бұйрығы «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»)?

№ 066-4/у

№ 003-2/у

№ 025-8/у

№ 030-6/у

№ 027/у
Ер адам 48 жаста, жеңіл дәрежелі ауруханадан тыс пневмонияға қатысты сатционарды алмастыратын көмек алды. Стационарды алмастыратын көмекті алған науқасқа медициналық картадан қажетті тағайындаулар жазылған шығару қағазы қандай түрде толтырылады (ҚР ДСҰ 17.08.2015ж. №669 бұйрығы «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»)?

№ 027/у

№ 003-2/у

№ 025-8/у

№ 030-6/у

№ 066-4/у
МҚЖЖ диспетчермен 4 категориялы шұғыл шақыру қабылданғаннан кейін фельдшерлік және арнайы (дәрігерлік) бригаданың науқасқа келуі қанша уақытты құрайды ? (ҚР ДСМ 03.07.2017ж. №450 бұйрығымен « Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы»)

60 минутқа дейін

10 минутқа дейін

15 минутқа дейін

30 минутқа дейін

45 минутқа дейін
Ер кісі 64жаста, денесінің оң жақ бүйір беткейінде түзілімнің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде түзілімнің 4 ай бұрын байқаған. Дәрігер қарап тексергенде жұмсақ-эластикалық консистенциялы,қозғалмалы,өлшемі 2,5х3,0 см, тері асты шелінің деңгейінде анық шекарасмен түзілім анықтады .Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тактикаңыз?

Түзілімге пункция жасау

Алып тастау және гистологияға жолдау

Динамикада бақылауды ұсыну

Сорып алу терапиясын тағайындау

Қыздыратын компресс ұсыну
19 жастағы жасөспірімде тұмаудан кейін оң жақ төменгі жақта ұзақтығы 2-3 секундқа созылатын ұстама тәрізді ауырғандық пайда болды. Ұстамалар сөйлегенде, шайнауда, жуынғанда туындайды. Неврологиялық статусы: оң жақ V жүйкенің III тармағында, ауыз бұрышының оң жақ қыртыс аумағында ауырғандық. Көздің көру түбі патологиясыз. Бас миының МРТ-сы патологиясыз. Болуы мүмкін клиникалық диагноз?

оң жақ жүйке жүйесінің III тармағының невралгиясы

оң жақ бет жүйке жүйесінің жедел невропатиясы

оң жақ үштік жүйке жүйесінің I тармағының невралгиясы

оң жақ үштік жүйке жүйесінің II тармағының невралгиясы

оң жақ тіласты жүйке жүйесінің жедел невропатиясы
Әйел адам, 65 жаста. АҚҚ-ы 195/110 сын.бб көтерілуі мен сөйлеуі нашарлады- кенет сөйлеуін тоқтатты. Неврологиялық статусында: санасы анық, қарашығы D=S, оң жақ ауыз-мұрын қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен жоғары бұлшықеттік тонус және жоғары сіңірлік рефлекстермен оң жақты гемипарез. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

ишемиялық инсульт

жедел гипертониялық энцефалопатия

транзиторлы ишемиялық атака

серозды менингит

геморрагиялық инсульт
Ер адам, 72 жаста алаңдағы орындықта табылды. Санасын жоғалтпаған. Жедел жәрдем дәрігерімен қарағанда оң жақ қолының қимылы және сөйлеуі бұзылғандығы- бөлек сөздерден кенет басының айналғандығы белгілі болды. Құсу анықталмады. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарағанда: санасы сақталған, әлсіз, апатия. Сөйлеспейді. Тексеруге қанағаттанарлықсыз кейіп танытады. Пульсі аритмиялы, 104 рет минутына, жүрек тондары тынықталған. АҚҚ-ы 150/100 сын.бб. Ауыздың оң жақ бұрышы түскен. Оң жақ қолы қимылсыз. Оң жақ аяқ басы сыртқа қайырылған. Сіңірлік рефлекстер оң жақта сол жаққа қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский симптомы. Келесі диагностикалық этапта қандай тексеру жүргізілуі тиіс?

магнитті-резонансты томография

Электроэнцефалография

жалпы қан талдауы

қанның биохимиялық талдауы

электрокардиография
39 жастағы ер адам жедел ауырды, бүгін танертең қатты бас ауруы және көп ретті құсу пайда болды, дене қызуы 40°С дейін көтерілді, жүрек соғуы, ентігу, құрысулар, күндіз жедел жәрдем көмегі шақырылып, науқас ауруханаға жеткізілді. Туысқандарының айтуынша- 2 апта бойы пневмонияға байланысты ем қабылдаған, алкоголизммен сырқаттанады. Неврологиялық статуста: сопор типімен санасы бұзылған, қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң мәнді. Аяқ-қол парездері жоқ. Сіңірлік рефлекстері бірдей қозғалады. Шүйде аймағы бұлшықетінің қатаюы (ригидность) 4см, Кернинг симптомы 90°. Төменгі Брудзинский симптомы оң мәнді. Ликвор лайлы, жасыл 300мм су.бб қысыммен шығады. Цитоз – 1 мкл-де 2330 нейтрофилдер жасушасы, ақуыз – 2,5 г/л, глюкоза – 0,20 г/л. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

пневмококкты менингит

серозды менигит

туберкулезді менингит

менингококкты менингит

арқалық сему (нейросифилис)
35 жастағы әйел адамда күйзелістен кейін жүрек соғу ұстамасы, бас ауруы, АҚҚ-ы 170 мм сын.бб көтерілуі, тершеңдік, қызба кезіндегідей қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, қорқыныш үрейі және мазасыздық пайда болды. Ұстамадан кейін жиі кіші дәретке шығу байқалды. Санасы анық. Ұстама уақыты 40 минуттан 1 сағатқа дейін. Неврологиялық статуста: органикалық бұзылыстар жоқ. Айқын вегетативті бұзылыстар: қарашықтары кең D=S, күшейген ақ дермографизм, жалпы айқын гипергидроз, қабақтары мен қол саусақтарының треморы. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

паникалық атака

вегетативты криз

гипертензиялық синдром

симпато-адреналдық криз

гипертониялық синдром
54 жастағы әйел оң аяғына таралатын бел аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауыр көтергеннен кейін пайда болған, қозғалыс кезінде күшейе бастаған, бір қалыпта ұзақ тұра алмайды. Оң жақ аяқтың тізе және жамбас буындарында бүгілу, сол жақ позиция жеңілдік әкеледі. Объективті: арқа сәл бүгілген күйде, зақымдалған жаққа бейімділік күрт шектелген, паравертебральды бұлшықеттердің айқын ауырсынуы бар. Ауырсыну оң аяқтың артқы бетінде 5-ші саусақ пен өкшеге дейін локализацияланған. Аяқтың сыртқы бетінде, оң жақ табанында сезімталдық төмендеген. Оң жақта Лазеге симптомы оң, Ахиллес рефлексі оң жақта теріс. Омыртқа жотасының қай деңгейінде патология анықталады?

L5-S1

Th 12- L1

L1-L2

L3-L4

L2-L3
5 жастағы балада дене қызуының 40оС дейін жоғарылауы , көп ретті құсу, бас ауруы, ауру басталғаннан 10 сағаттан кейін денесінде, әсіресе жамбас, сан, тізе аймақтарында жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Болуы мүмкін диагноз:

менингококкты инфекция

стрептококкты инфекция

геморрагиялық васкулит

тромбоцитопениялық пурпура

иерсиниозбен шақырылған инфекция
3 жастағы бала. 3 күн бойы ауырады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, аздап жөтелу, мұрыннан су ағу, конъюнктивитпен көрінген. 4-нші күні барлық симптомдар артып, дене қызуы 39оС дейін жоғарылайды, бетінде ақшыл-қызыл, дақты-папулезды бөртпелер, 5-нші күні кеудесіне, келесі күні аяқ-қолдарына тарайды. Ауру басталмастан 10 күн бұрын жөтел және «аллергиялық бөртпемен» сырқаттанған туысқанымен байланыста болған. Болуы мүмкін алғашқы диагноз:

Қызылша

Скарлатина

герпестік ангина

листериоз

желшешек
Әйел адам, 28 жаста, босанғаннан кейін (сәбиге 3ай) дәрігерге бас ауруына, әлсізденуге, тез шаршағыштыққа, тітіркенуге, ұйқысының бұзылуына, жарықтан қорқу, субфебрильді дене қызуына 37,3оС шағымданады. Апта бойы сырқатпын деп есептейді.Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, шеткі лимфа түйіндері анықталмайды, өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Шүйде аймағы бұлшықетінің қатаюы 1,5 п/п. Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында:оң жақ төменгі бөлікте Гон ошағы, түбірдің оң жағында кальцинаттар. Туындаған асқынуды дер кезінде анықтауда төменде көрсетілген қандай тексеру маңызды болып табылады?

люмбальды пункция

қанның биохимиялық талдауы

көлденең томография

қанның жалпы талдауы

Бас миының КТ-ы
74 жастағы науқас пневмонияға қатысты антибактериальды терапияны қабылдады. Динамикада жалпы жағдайы жақсарусыз, әлсіздік артқан, арықтау, кеуде қуысында ауырғандық. Бақылау компьютерлік томографиясында- ошақ өлшемінде үлкейген, жиектері тегіс емес жоғары тығыздықта. Қақырықтың қандай зерттеу қорытындысы жақынырақ?



Атипиялық жасушалар

Грам-теріс қышқылға төзімді бациллалар

Нейтрофильді цитоз

саңырауқұлақты мицеллий

Гантель тәрізді денешіктер
Ер кісі 72 жаста. Бірнеше күн бойы іш қату мазалайды. Соңғы 3 айда 5 кг арықтаған. Қанда - панцитопения және ЭТЖ 65 мм/сағ.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

прицельды биопсиямен колоноскопия

Ирригоскопия

тік ішекті пальпаторлы тексеру

Альфа-фетопротеин

құрсақ қуысы мүшелерінің КТ
Әйел адам 65 жаста. Ішінің ұлғаюына, әлсіздікке шағымданады. УДЗ-де іш қуысында 1,5л көп бос сұйықтық анықталды. Бауыр мен талақтың өлшемі қалыпты, v.portae диаметрі - 1,0 см. Онкомаркерлер - ОММА (СА-125) кенет артқан, альфа-фетопротеин - 3 есе жоғарылаған. Алғашқы диагноз қандай болуы мүмкін?

гепатоцеллюлярлы карцинома

ұйқы безінің қатерлі ісігі

аналық бездің қатерлі ісігі

эндометриойдты киста

эндометриоз
Ер адам 36жаста. Құрылысшы,жұмысы ашық ауада,күннің астында өтеді. Профилактикалық қарауда дәрігер невусқа (фото) көңіл аударды.Науқастың айтуы бойынша соңғы айлары қалдың өлшемі ұлғайа бастаған. Ары қарай қандай тактика барынша бағытталған?

онкологтың консультациясы

бақылау, бұл шекаралық невус

дерматологтың консультациясы

онкологтың консультациясына дейін S100 белкатың мөлшерін анықтау

онкологтың консультациясына дейін невустан биопсия

46 жастағы ер адам соңғы 3 жылда диета бұзғанда пайда болатын оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне,ауыздан жағымсыз иіс шығуына,жүрек айнуына,соңғы жылдары диета сақтап жүрген жоқ.Периодты түрде іш қату болады. Қарап тексергенде: ЖҚА: гемоглобин – 138 г/л, лейкоциттер – 6,5х109/л, ЭТЖ - 18 мм/сағ.. БҚА: жалпы билирубин - 14 ммоль/л, АСТ - 32 ЕД/л, АЛТ - 28 ЕД/л, амилаза - 87 ЕД/л, СФ - 56 ЕД/л. Құрсақ қуысының УДЗ: Жалпы өт жолдары көрінбейді.Өт қапшығы: тонусы төмендеген, өт қапшығының қабырғалары қалыңдаған (6 мм), конкременттер жоқ. Емдеу тактикаңыз қандай?

дротаверин

мезим-форте

креон

лансопразол

урсодезоксихол қышқылы
Науқас 45 жаста мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған,таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу,айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып,жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр,терісі құрғақ,бозғылт, телеангиоэктазиялар,алдыңғы құрсаққабырғасының веналарының ұлғаюы,аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы,бауыры қабырға доғасынан 2 см.шығыңқы.Көлемі 0,5 л. Дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ – 100/70 мм.сбб.. Гемоглобин – 88 г/л.Қандай шұғыл шараларды тез арада жасау керек?

Блэкмор зондын орнату

Көк тамыр ішіне аминокапрон қышқылын еңгізу

Инфузияны жаңа мұздатылған плазмадан бастау

ФЭГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид

Нитроглицерин және вазопрессин және соматостатин еңгізу
56 жасағы ер кісі ауа райы өзгергенде және жұмыс күнінің соңында жиі бас ауыратынына шағымданады.7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталып,дұрыс емделмеген. 2 жыл бұрын ишемиялық инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді.Қарап тексергенде жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.сбб.. Жүректің сол жақ шекарасы 1 см.сыртқа ығысқан. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының индекс массы 140 г/м2,ұйқы артериясының УДЗ: интима-медиа комплексі -1,1 мм,ұйқы артериясының бифуркациясы -1,5 мм. Емдеу тактикаңыз?

амлодипин және каптоприл

бисопрололмен монотерапия

лизиноприлмен монотерапия

фозиноприл және карведилол

лизиноприл және валсартан

Ер кісі 63 жаста.Физикалық жүктемеден кейін сол жақ кеуде бөлігінің ауырсынуына,АҚҚ жоғарылауына шағымданады.Шағымдар бірнеше айдан бері мазалайды.Қарау барысында (фото). АҚҚ – 160/90 мм.сбб. Аускультацияда аортада 2 тонның акценті. Науқаста липидограмманың қандай нәтижесін көруге болады?



жоғары тығыздықты липопротеидтердің төмендеуі

жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауы

триглицеридтердің төмендеуі

альфа-липопротеидтердің жоғарылауы

төмен тығыздықты липопротеидтердің төмендеуі
Әйел адам 32 жаста, жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында қаралады. 28 аптада терінің қышуына байланысты ұйқының бұзылуына, әлсіздікке, лоқсуға шағымданып келді. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-56 Ед/л, АСТ-42 Ед/л, жалпы билирубин-12,4 ммоль/л, СФ-480 Ед/л. Маркерлер диагностикасы: HBsAg – теріс., a-HBs - оң, a-HВcore IgG-теріс, HBeAg - теріс, aHBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG – теріс. Қандай диагноз?

жүктілік холестазы

созылмалы вирусты гепатит

жүктілік гепатозы

бұл көзеңдегі жүктілікке қалыпты жағдай

созылмалы холециститтің қршуі

Әйел 69 жаста. Емханаға барып келгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін селсоқтық, лихорадка, мұрнының бітуі, көзінен жас ағу, жөтел, бүткіл денесінің ауруы пайда болды. Науқас ӨСОА бойынша тіркеуде тұрады. Басталған аурудың асқынунын алдын алы үшін қандай препаратты тағайындау маңызды ?

осельтамавир

моксифлоксацин

беродуал

метронидазол

азитромицин

Әйел 32 жаста. Жүктіліктің 26-27 аптасы. Алғашқы жүктілік. Кезекті тексеруде гликемия 6.2 ммоль/л анықталды. 2 жыл бұрын гликемия - 4,8 ммоль/л. Осы жағдайда бала үшін мүмкін болатын болжам қандай?

жоғары массалы ұрықтың болуы қаупі жоғары

құрсақ ішілік даму артта қалуы мүмкін

ТПА даму қаупі жоғары

2500 г дене салмағымен туылуы мүмкін

Уақыттан бұрын босану қаупі жоғары

53 жастағы әйел физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, жүрегінің қағуына шағымданады. 20 жылдан аса уықыт бронхиальды патологиямен зардап шегеді, жылдың суық мезгілінде 2-3 ретке дейін өршу болады. Об-но:саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, кеуде торы бошке тәрізді. Аускультацияда өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар, тыныс шығару ұзарған. ТЖ 26 рет мин. Спирография сипаттамасы: ФДШК1 (ОФВ1) 68 % ; ФДШК1 (ОФВ1) /ФӨӨС (ФЖЕЛ) 95%.Күз-қыс мерзімінде негізгі аурудың асқынунын алдын-алуда науқасты жүргізуде қандай тактика маңызды?

қыркүйек-қазан айларында тұмаудан жоспралы түрде екпе салу

күз-қыс мерзімінде ипратропия бромидігің мөлшерін ұлғайту

макролид тобындағы антибиотиктерді алдын-алу үшін тағайындау

иммуностимуляция мақсатында инозин пранобексамен курсын өткізу

күз-қыс мерзімінде УФО курсын өткізу
62 жастағы ер кісіде АҚҚ 175-190/95-110 мм.с.б дейін жоғарлайтыны анықталды.Ем қабылдауы тұрақсыз.Дене салмағы -100 кг, бойы- 165см., бел өлшемі-105см. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1 см солға. ЭКГ: ритмі синусты, Соколов-Лайон индексі – 40мм. МАУ – 300 мг/тәулігіне. Ұйқы артериясының интима-медиа кешені - 1мм. Алдағы 10 жылда кардио-васкулярлы катастрофаның даму жиілігі қандай ?

30% жоғары

10% дейін

10-15%

16-20%

21-30%
Бала 1 жаста. Ентігуге, жөтелге, тәбетінің нашарлауына, әлсіздікке, ұйқысының келе беруіне шағымданады. Температура - 39,1оС. Рентгенограммада– оң жақ төменгі медиальды зонада ошақты- біріккен сіңбе. Тағайындалған цефтриаксонмен емделгеннен кейін 3-ші күні дене қызуы 37,6оС. Ұйқысы қалпына келді, тәбеті жақсарды, күндіз белсенді бола бастады. Сіздің кезекті тактикаңыз?

рентгенограммада процесс толық шешілгенше антибиотикпен емдеуді жалғастыру

баланы антибиотиктің ұқсас (альтернатив) күнтәртібіне ауыстыру

антибиотикті цефалоспориннің 4 ұрпағына ауыстыру

дене қызуы қалпына келгенше антибиотикпен емді жалғастыру

қақырықтың бактериологиялық зерттеуін өткізіп, қоздырғышқа сезімталдығын анықтау
Ер адам 19 жаста, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына, ауырсынуына, дене қызуының 38оС көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Қарағанда лимфа түйіндерінің үстіндегі терісі қызарған. Пальпацияда лимфа түйіндері серпімді, қозғалмалы, бірікпеген, ауырғандық байқалады. ЖКҚ рентгенограммасында- түбірінде петрификаттар. Төменде көрсетілген зерттеулердің ішінен қайсысы ақпаратты?

лимфа түйіндерінің биопсиясы

лимфа түйіндерінің рентгенографиясы

туберкулинодиагностика

бас-ми сүйегінің трепанобиопсиясы

кейде қуысы мүшелерінің КТ-ы
Бала 6 жаста, Манту 2 ТЕ туберкулин сынамасы жасалған, қорытындысында - папула 15 мм, Диаскинтест оң мәнді. Толық тексерілгеннен кейін балаға қойылған диагноз: «Гиперергиялық реакция». Бала жиі салқын тию ауруларымен және бронхитпен сырқаттанады. Сіздің мақсатты дұрыс тактикаңыз?

6 ай изониазидпен химиопрофилактика

2 ай этамбутол және рифампицинмен химиопрофилактика

2 ай изониазид және этамбутолмен химиопрофилактика

3 ай изониазидпен химиопрофилактика

1 категориялы ем жүргізу
Әйел адам 37 жаста, дәрігерге кәрі-жілік білезік буынының ісінуіне, ауырғандыққа, қолдарының ауырғандығы мен әлсіздігіне, қолбасын жұмылдырып, затты ұстай алмауына, кешкі уақыттағы субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздап ауырғандыққа шағымданып келді. Хирург буын ішіне дипроспан жібергенде тез жеңілдік сезімін әкелді. Келесі күні әйелде буыны қатты істі, қызарды, жұлқып ауырғандық пайда болды, дене қызуы көтерілді. Қандай диагноз болуы мүмкін?

стафилококкпен шақырылған жедел іріңді артрит

ревматойдты артриттегі псевдосептикалық артрит

жедел подагралық артрит

жедел стрептококкты инфекциядан кейінгі артрит

дипроспанмен шақырылған бруцеллезды артрит

25 жасар әйел аяқтарының жансыздануына және әлсіздігіне, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге созылған жиі зәр жіберуге шағымданады. Стресстен кейін аяғында жансыздану болып 3аптаға созылып кейін өзі жазылған. Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу болып гормональды терапиямен емделген. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта ауру пайда болып, жамбас мүшелерінде бұзылыстар мен императивтік шақырулар болған. Қарау барысында: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар болған. МРТ-да: ақ шарда көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар байқалған. Төмендегі диагоздардың қайсысы барынша мүмкін болып табылады?

шашыранды склероз

бүйірлік амиотрофиялық склероз

жедел миелит

сирингомиелия

Гийена-Барре синдромы
Ер кісі 64жаста, денесінің оң жақ бүйір беткейінде түзілімнің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде түзілімнің 4 ай бұрын байқаған. Дәрігер қарап тексергенде жұмсақ-эластикалық консистенциялы,қозғалмалы,өлшемі 2,5х3,0 см, тері асты шелінің деңгейінде анық шекарасмен түзілім анықтады .Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тактикаңыз?

Түзілімге пункция жасау

Алып тастау және гистологияға жолдау

Динамикада бақылауды ұсыну

сорып алу терапиясын тағайындау

Қыздыратын компресс ұсыну
Қыз бала 4 айлық.Шала туған,салмағы-2100 грамм,бойы -44 см.Жасына сай өсіп,дамуда.«Перинатальная энцефалопатия» диагнозымен поликлиникада диспансерлік есепте тұрады.Егулерді мерзімінде алады.Осы жастағы балаға аса ықтимал вакцинация қандай?

AбКДС3+ИПВ3+Нib3+ВГВ3

ККП+ИПВ4+пневмо

RV AбКДС+ RV Нib

RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП

AбКДС3+ИПВ3+Нib3
Мектепте оқуға дайындығын тексеру үшін 6 жастағы ер бала дәрігердің қабылдауына келді. Шағымдар жоқ. Сирек ауырады. Соңғы жылда 3 рет асқынусыз ЖРВИ өткерді. Көрсеткіштердің қайсысы маманның консультациясын қажет етеді:

тұрақты тістер саны – 4

оң «филиппиндік» тест

жазылған мәтінін көшіру сынамасы

бойы жасына сай

дене массасы дене ұзындығына сай болу
5 жастағы баласы 3 ай бойы жиі жөтелгеніне, жөтелдің түнде және таңертен мазалайтынына шағымданып, анасы дәрігерге келді. Соңғы кездері дене жүктемесінен кейң (жүгіру, секіру) ентігу, ысқырықты сырылдар пайда болады, демалғаннан соң өздігінен басылады. Осы жағдайдың ықтимал себебі:

бронхиалды астма

кіші қан айналымдағы гиперволемиямен туа біткен жүрек ақауы

жедел ревматикалық емес кардит, ЖЖ 2 А.

созылмалы бронхит

қайталамалы обструктивті бронхит
8 жастағы бала анасымен дәрігерге 37,8 º дейінгі дене қызуы, айқын қозғалысының шектелуімен сол жақ тобық табан буыны ісуі, айқын әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: жиі тұмау және ЖРВИ айына 1-2 рет, бір апта бұрын тонзиллиттен емделген. Кеше дене қызуы мен буын ісуі қайта қайталанды. Объективті: сол жақ тобық табан буыны артриті. Қан анализі: Hb - 120 г/л, лейкоцит- 15х109 /л, ЭТЖ - 32 мм/сағ, СРБ– 42 мг/мл, АСЛ-О - 1:450 ХБ/л, РФ – 10 ХБ/мл. Тобық табан буыны рентгенографиясы – патология анықталмады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға барынша мүмкіндік береді?

Араның жағындасынан А топты В-гемолитикалық стрептококкты анықтау

Y.entеrocolitica РПГА

алтынды стафилоккокты анықтауға мұрыннан жағынды

қанның бактериальды себіндісі

нәжістің бактериальды себіндісі
10 жастағы ұл бала сол жақ тізе буыны ауыруы,ісуі,қозғалысының айқын шектелуі,аяқ терісінде ісінулер пайда болған.Соңғы айда қызыл иегі көп қанауын,мұрын қанауын байқады.Анамнезінен: әкесі мен тәтесінде жоғары қанағыштық.Қарағанда тері жамылғысы бозғылт,синяк типтес қан құйылулар,сол жақ тізе буыны көлемі үлкейген,оның үстіндегі терісі қызарған және ұстағанда ыстық.ЖҚА: Hb-100 г/л.,лейкоцит-7,8,тромбоцит-177х109/л,ЭТЖ- 25 мм/сағ.,ЖЗА- гематурия.Коагулограмма: АЧТВ-60 сек.,ТВ-15 сек.,фибриноген -3 г/л.,СРБ-22 мг/мл..Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген барынша тиімді?



VII және IX қан ұю факторларын анықтау

В және С гепатит маркерлер

АИТВға қан

Виллебранд факторын анықтау

HLA-B27 анықтау
12 жастағы қызда оңтүстікте болған кезде бет,табан ісуі,қол басы майда буындары ауыруы пайда болды.Бұрын ешқандай аурумен ауырмаған.Кеше бас және бел ауыруы пайда болды.Қанында: Hb-100 г/л.,лейкоцит-3,0х109/л,ЭТЖ- 31 мм/сағ.АНФ-1:80. Зәр анализінде:белок-1,3, эритроцит–3-4 к/а.,лейкоцит-8-10 к/а.. Диагнозды верификациялау үшін науқасқа төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу барынша маңызды?

Бүйрек биопсиясы

Қол басы рентгені

ЭхоКГ

Қан тамыр УДДГ

В және С гепатиттеріне маркерлер
Сіз ер адамды үй жағдайында қарап жатырсыз, науқастың жолдасы қасында отыр, ал 4 жастағы ұлы дәрі-дәрмектің қорапшасымен ойнап отыр. Кенеттен анасы теофиллиннің блистері бос екенін байқап қалады. Анасы ұлының теофиллиннің 10 таблеткасын байқаусызда жұтып қойғаны туралы ойланады, бірақ нақты санын білмейді. Алғашқы шараңыз қандай?

Жедел жәрдем көмегін шақырып, шұғыл түрде баланы ауруханаға жеткізу

Асқазан тез босап, теофиллиннің сіңуін төмендету мақсатында балаға белсендірілген көмір беру

Токсикология орталығына хабарласу

Теофиллиннің балаға қауіпті емес екендігін айтып, анасын тыныштандыру

Әлеуметтік қызметті шақыру
МҚЖЖ (ССМП) шақыру диспетчермен қабылдағаннан кейін ЖЖК (СМП) бригадасы қызметіне жібергенше, шақыру шұғылдығының категориясы бойынша сұрыптау жүргізілетін хабарламаның өңделуі қанша уақытты құрайды? (03.07.2017ж. ҚР ДСМ №450 бұйрығымен « Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы»)

5 мин

2 мин

3 мин

4 мин

1 мин

МҚЖЖ диспетчермен 1 категориялы шұғыл шақыру қабылданғаннан кейін фельдшерлік және арнайы (дәрігерлік) бригаданың науқасқа келуі қанша уақытты құрайды ? (03.07.2017ж. ҚР ДСМ №450 бұйрығымен « Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы»)

10 минутке дейін

15 минутке дейін

30 минутке дейін

45 минутке дейін

60 минутке дейін
МҚЖЖ диспетчермен 2 категориялы шұғыл шақыру қабылданғаннан кейін фельдшерлік және арнайы (дәрігерлік) бригаданың науқасқа келуі қанша уақытты құрайды ? (03.07.2017ж. ҚР ДСМ №450 бұйрығымен « Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы»)

15 минутке дейін

10 минутке дейін

30 минутке дейін

45 минутке дейін

60 минутке дейін
МҚЖЖ диспетчермен 3 категориялы шұғыл шақыру қабылданғаннан кейін фельдшерлік және арнайы (дәрігерлік) бригаданың науқасқа келуі қанша уақытты құрайды ? (03.07.2017ж. ҚР ДСМ №450 бұйрығымен « Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы»)

30 минутке дейін

15 минутке дейін

10 минутке дейін

45 минутке дейін

60 минутке дейін
75 жастағы әйел, АҚҚ-ның 160/100 мм сын.бб көтерілуіне шағымданып, шұғыл медициналық көмек бригадасын (ШМК) шақыртты. Қарау нәтижесінде, өткізілген емдік шаралар фонында науқас жағдайының динамикасын ескере отырып ШМК дәрігері науқасты «үйінде қалдыру» жөнінде (тұрғылықты мекен-жайы бойынша) шешім қабылдады.

Науқас сырқаттанғанда және участкелік дәрігер үй жағдайында қарау қажеттілігі болғанда ШМК дәрігері сигнал қағазын (сигнальный лист) қандай формада толтырады?

№ 110-1/у

№ 025/у

№ 114/у

№ 001-3у

№ 003-2/у
43- жастағы әйел медбике жұмысын бастар алдында тексеріске келді. Соңғы жылдары науқасты, әсіресе таңертеңгі уақытта аздаған ентігу және ақшыл түсті қақырықпен жөтел мазалайды. Жасына сай вакцинацияланған. 20 жыл бойы күніне 2 қорап шылым шегеді, күніне 1 бокал қызыл жүзімнен жасалған шарапты қолданады. Дене қызуы 36,2ᴼС, PS 74/мин, АҚҚ-ы 124/60 мм сын.бб. Өкпе алаңының екі жағынан сырыл естіледі. Туберкулезді бағалау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

қақырық микроскопиясы

гамма-интерферон өндірілуін талдау

қақырықтан жағындыны бактериологиялық зерттеу

Кеуде қуысының рентгенографиясы

қақырықты ПЦР талдау
Перзентханада жаңа туылған нәрестеге бас миының босану кезіндегі жарақатына байланысты невропатолог БЦЖ вакцинациясын өткізуді 2 айға ығыстырды. 2 ай өткесін невропатолог және педиатрдың қарауынан кейін вакцинация жасауға рұқсат етілді. Манту 2 ТЕ әсері тағайындалды. Манту сынамасын жүргізу мақсаты қандай?

туберкулезбен ағзаның қаншалықты инфицирленгенін анықтау үшін

туберкулезге қарсы иммунитет қалыптасу үшін (туберкулезден ағзаны қорғау үшін)

БЦЖ әсерін бақылау үшін

диспансерлік бақылау үшін

туберкулезді диагностикалау үшін
Әйел адам 27 жаста, профилактикалық флюрографияменмен қараудан кейін толық тексеруге шақырылды. Шағымы жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі. Рентгенограммада: сол жақ жоғары бөлігінде күшейген өкпе суреті фонында әлсіз қарқынды ошақ көлеңкелері. Бронхтың шайынды су талдауында ТМБ анықталмады. Қан талдауында - 4,8 х 109, ЭТЖ– 4 мм/сағ. Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің ошақты туберкулезі

сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі

сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің карциноматозы

сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің туберкулемасы

өкпенің милиарлы туберкулезі
Әйел адам 35 жаста, кеуде қуысындағы ауырғандыққа, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырықта қан жұғындысы. 5 күн бойы субфебрильді температура. Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Қақырықта ТМБ анықталмады. Антибиотиктермен ем басталды. Екі аптадан кейін: субфебрилитет сақталады, қан талдауында: лейкоциттер – 9,5 х 10, ЭТЖ– 20 мм/сағ. Рентгенограммада: - оң жақ 2-нші сегментте гомогенді емес, ортасы жарықтанған, жиектері тегіс емес диаметрі 4 см болатын аз қарқынды қараю. Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

өкпенің инфильтративті туберкулезі

эозинофильді инфильтрат

абсцесстелетін пневмония

ауруханадан тыс пневмония

қатерлі пневмония

Ыдыраудың жеңіл сатысындағы инфильтративті туберкулезбен сырқаттанатын науқас, ТМБ+. Қарқынды және сүйемелдеуші емді алды. Ыдырау қуысының жабылуы мен бактерия өндіру тоқтатылды. Ақыры- сауығу. Эпидемиялық есептен науқасты қандай мерзімде алып тастай аламыз?

бактерия өндіру тоқтағаннан 1 жылдан кейін

бактерия өндіру тоқтағаннан 6 айдан кейін

бактерия өндіру тоқтағаннан 2 жылдан кейін

бактерия өндіру тоқтағаннан кейін

ТМБ 3 рет анықталмағаннан кейін
Жатыр мойнының қатерлі ісігінің қаупін азайту мақсатында қандай алдын-алу шаралары тиімді болып табылады?

Жасөспірім жастағы қыздар мен балаларда жыныстық қарым-қатынас басталғанға дейін 4-валентті ВПЧ вакцинациялау

Жасөспірім жастағы қыздарда жыныстық қарым-қатынас басталғанға дейін 4-валентті ВПЧ вакцинациялау

35 жастан асқан әйелдердің барлығына күнделікті Рар-тестпен скрининг өткізу

жатыр мойнының қатерлі ісік алды жағдайларын дер кезінде емдеу

ретті жыныстық қарым-қатынастағы барлық әйелдерде ВПЧ – инфекциясын емдеу
Қызбала 14 жаста, ювенильді ревматойдты артритпен ауырады, метотрексат қабылдайды. Анасы қызында онкологиялық патологияның даму қатері болуы мүмкінмен мазасызданады. Жанұяда қыздың апасы жатыр мойнының қатерлі ісігінен қайтқан. Берілген жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігі дамуында қандай тұжырым дәлірек?

ревматологтардың Америкалық ассоциациясы жатыр мойнының қатерлі ісігінің қаупін азайту мақсатында берілген науқастарда 4-валентті ВПЧ вакцинациялау ұсынады

қатерлі ісіктің дамуы берілген категориялы науқаста популяцияға қарағанда жоғарырақ

метотрексат препаратымен емдеуден қатерлі ісіктің дамуы берілген категориялы науқаста популяцияға қарағанда төменірек

популяцияға қарағанда ревматологиялық науқастарда дамуы жоғарырақ, бірақ жиі лимфома дамиды

популяцияға қарағанда ревматологиялық науқастарда дамуы жоғарырақ, бірақ жиі қатерсіз ісіктер дамиды
Зерттеуде жүкті науқаста қарапайым адам герпес вирусы-1, ЦМВ және ЭБВ (ИФАда үлгілер оптикалық тығыздығы критикалық оптикалық тығыздықтан екі есе жоғары) антиденелер анықталды. Герпестік бөртпелерді терістейді, шағымдары жоқ, лимфаденопатиялар анықталмайды. Берілген жағдайда қандай тактика барынша тиімді?

Бақылау

Ацикловирдің превентивті курсына кеңес беру

Интерферон индукторы курсын жүргізу

Ганцикловир курсын жүргізу

Арбидол тағайындау
34- жастағы әйел адам қынаптағы қышуға, «балық иісі» тәрізді жағымсыз иіске шағымданады. Жатыр мойнын айнамен қарауда - сыртқы түрі өзгеріссіз. Берілген жағдайдың этиологиясына төмендегілердің қайсысы сәйкес?

Бактериальды вагиноз

Neisseria gonorrhea

Chlamydia trachomatis

Кандидозды вагинит

Staphylococcusaureus
18-жастағы қызбала, жыныстық қатынаспен өмір сүреді, жүрісті қиындататын іштің төменгі бөлігіндегі ауырғандыққа шағымданады. Айтуынша, етеккір аяқталғаннан кейін 2 күнде ауырғандық туындаған, қынаптағы бөлініске шағымданады. Жамбас қуысы мүшелерінің қабыну ауруын тудыратын сәйкес қоздырғышты таңдаңыз:

Neisseria gonorrhoeae

Staphylococcus aureus

Bacteroides fragilis

Acinomyces Israeli

Chlamydia trachomatis
Артериальды гипертензиямен сырқаттанатын 36 жастағы әйел адам, антигипертензивті препарат қабылдады. Бірақ 3-4 апталық жүктілікке орай, кардиолог оның тератогенді әсерін ескере отырып тағайындауды тоқтатты. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осындай әсермен жүреді?

Периндоприл

Клонидин

Метилдопа

Нифедипин

Метопролол
Әйел адам 47 жаста,валидол және седативті микстурамен басылатын жүрек тұсындағы күйдіріп ауырғандыққа шағымданады. Беттің қызаруы, тершеңдікпен бірге жүретін ыстық сезімі мазалайды. Әйелде 6 ай бойы аменорея. Қарағанда: тері жамылғысы ылғал, қызарған.ТАЖ-102 рет минутына, АҚҚ-ы 145/85 сын.бб. Анаприлинмен сынама оң мәнді. Қынаптан алынған жағынды атрофиялы. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

Патологиялық климакс

ЖИА. Принцметал стенокардиясы

НЦД гипертониялық типі

Артериальды гипертензия

ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК III
Әйел адам 24 жаста, вирусты гепатит В, жүктілік 32 апта. Биохимия: АЛТ – 0,64 ммоль/л. АСТ – 0,47 ммоль/л. Билирубин – 22,25 мкмоль/л. HBsAg – оң мәнді, antiHBs – теріс., antiHBcIgM – оң мәнді., antiHBcIgG – оң мәнді, HBeAg – оң мәнді, antiHBe – теріс.;. ПЦР HBV ДНК – 106 копий/мл. Балаға вирустың перинатальды берілу қаупін азайту үшін қандай тактика дұрыс?

Босануға дейін +Ламивудин 100 мг\тәу

Интерферон қысқа әсерлі

Босануға дейін майшам түріндегі интерферон

Адеметионин+урсодезоксихолий қышқылы

38-39 апталыққа дейін эссенциальды фосфолипидтер
Әйел адам, 30 жаста. 19-20 апталық жүктілік. Гормон тәуелді тыныс тұншықпасымен Д есепте тұрады. Соңғы апталарда 38,4°С қызба, ентігу, құрғақ ысқырлы сырылдар пайда болып, сальбутамолға қажеттілігі күніне 5-6 ретке артқан. Госпитализацияланған, мұрын-жұтқыншақтан ПЦР-на материал алынған – 6-ншы күні қорытындысында- вирус H3N1. Ауруханаға жатқызылғаннан 6-ншы күні жағдайы нашарлап, тексеруде жетілмеген жүктілік анықталды. Септикалық шоктың клиникалық көрінісімен сепсис дамыды. Өмірлік көрсеткіштері бойынша гистерэктомия, массивті антибактериальды терапия жасалды. Берілген патологиялық жағдайдың дамуын қандай шара алдын-алатын еді?

бірінші триместрде тұмаудан суббірлікті вакцинамен вакцинациялау

эпидемиялық кезең алдында тұмаудан сплит-вакцинасымен вакцинациялау

бірінші триместрде тұмаудан тірі вакцинамен вакцинациялау

осельтамавирды профилактикалық тағайындау

занамивирды профилактикалық тағайындау

Ер адам,45 жаста, жүргенде туындайтын сол жақ аяқ басы мен сирақтағы ауырғандыққа шағымданады. 4 жыл бойы ауырады. Басында тоқтаусыз 500 - 600 м жүре алатын, соңғы уақытта 50 - 60 м артық жүре алмайды. Күніне 30 темекі шегеді. Сол жақ аяқ-басы мен сирақтың тері жамылғысы бозғылт, сипағанда оң жақ аяқ-басына қарағанда салқындау. Сол жақ аяқ-басында артериальды пульсация анықталмайды, оң жақта –аяқ-басының сыртқы беткейінде әлсіреген. Сан және тізе асты артерияларында екі жақтан артериальды пульсация айқын анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

облитирлеуші эндоартериит

облитирлеуші атеросклероз

Лериш синдромы

Рейно ауруы

тізе асты артериясының тромбозы
8 айлық сәби іштегі ауырғандық, құсу, үлкен нәжіске шағымданады. Түсерден 12 сағат бұрын баланы манта тамағымен қоректендірген. Ішті пальпациялағанда оң жақ мықын аймағында тығыз түзіліс пальпацияланады. Аурудың болуы мүмкін себебі?

ащы ішек- тоқ ішектік инвагинация

ащы ішек- ащы ішектік инвагинация

энтеровирусты инфекция

Вильмс ісігі

Тағамдық улану

Емханада біріншілік қарауда 3 айлық сәбидің санында ассиметриялы тері қатпарлары, сол жақ санның артқа әкетуінің қиындауы байқалды. Басқа ауытқушылықтар анықталмады. Сәбиді жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?

жамбас-сан буынының рентгенографиясын тағайындау

3 айдан кейін қайталап қарау

невропатолог кеңесін ұсыну

жамбас-сан буынының КТ тағайындау

ЕФК және жалпы массаж тағайындау
Сізде қабылдауды 3 күндік бала. Анасы баланы жөргектегенде жылауына шағымданады. Бала оң бұғанасын пальпациялағанда және оң иық буынын қозғалтқанда мазасызданады. Қандай емдеу тактика барынша тиімді?

жұмсақ Дезо таңуы

физиологиялық қалыпта гипстік иммобилизация

Дезо гипстік таңу

иммобилизация қажет емес

сегіз тәрізді таңу
62-жастағы ер адам Д есепте тұрады. Анамнезінде эналаприлмен бақыланатын АГ. Өткен жылдар бойы жүрісте аяқтарында құрысулар артты, тыныштықта- қалпына келеді. Дәрігердің соңғы қабылдауынан кейін аптасына 4 рет жүгіріс жолында жүгірумен айналысқан. 35 жыл бойы күніне 2 қораптан темекі шеккен, 5 ай бұрын шылым шегуін тоқтатқан. Дене Т 37.0ᴼС, PS 84 рет/мин, АҚҚ-ы 132/78 мм сын.бб. Аяқтарының тері жамылғысы бозғылт, сипағанда салқын.


  1   2   3   4   5


написать администратору сайта