Главная страница

Новый тест каз. Артериальды гипертензия


Скачать 270.05 Kb.
НазваниеАртериальды гипертензия
Дата11.04.2023
Размер270.05 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНовый тест каз.docx
ТипДокументы
#1054740
страница4 из 5
1   2   3   4   5
ойық жара малгинизациясы

екіншілік қантты диабет
46 жастағы еркек емханаға оң жақ бел аймағындағы ұстама тәрізді ауырсынуларға, ауырсынудың мықын аймағына таралуына, жүрек айнуға, құсуға, жиі зәр шығару сезіміне,, дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді. 5 сағат бұрын жедел ауырған, сыра ішуімен байланыстырады. Қарау кезінде: пальпацияда іштің оң жиегінде, бел аймағында және қасаға үстінде ауырсыну. Соққылау симптомы екі жақта да әлсіз оң. Қан анализінде: лейкоциттер 10,6х109, зәр анализінде: лейкоциттер 7-9, эритроциттер 10-15 к/а. Қанның амилазасы 78 ммоль/л. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

бүйрек шаншуы

жедел аппендицит

жедел панкреатит

он екі елі ішектің тесілген жарасы

жедел холецистит
Науқас П., 27 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына оң білектің ауырсынуына, ісінуіне, осы аймақтағы гиперемияға, жалпы әлсіздікке, дімкәстікке, дене температурасының 38 дейін жоғарлауына шағымданады. Осыған 4 күн бұрын оң білектің сыртқы жиегіне сырылған жарақат алған. Оң білектің сыртқы жағын қарау кезінде ісінумен тығыз қабынулық инфильтрат, гиперемия, гипертермия анықталды. Инфильтраттың пальпациясы айқын ауырсынумен. Флюктуация симптомы оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

оң білектің флегмонасы

оң білек сүйегінің жабық сынығы

оң білек сүйегінің ашық сынығы

кәрі жілік буынының таюы

шынтақ буынының таюы
Ер адам С., 65 жаста, обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін ентігу, төс арытнда ауырсыну, қан қақыру пайда болған. Қарау кезінде: тыныс өкпенің барлық бөлімдеріне анықталады, сырылдар жоқ. Пульс 100 соққы/мин, АҚ 115/75 мм.с.б.б. Жүрек үндері тұйықталған, өкпе аретриясында ІІ үннің акценті. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры ұлғаймаған. Кеуде келткасының рентгенографиясында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ, ЭКГ-да Гисс шоғырының оң аяқшасының жедел бөгемесі анықталды. Науқаста операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну дамыды?

өкпе аретриясы тармақтарының тромбоэмболиясы

өкпе туберкулезы

жедел коронарлы синдром

жедел нозокомиальды пневмония

операциядан кейінгі іркілісті пневмония
Науқас кенеттен пайда болған етігуге және оң жақ кеуде келткасының ауырсынуына шағымданып келді. Рентгенограммада оң жақ өкпе суреті ден сау жаққа қарағанда ақшылдау.Дәрігер қандай патология жайлы ойлау керек?

оң жақтық спонтанды пневмоторакс

өкпенің кавернозды туберкулезы

оң жақтық экссудативті плеврит

оң жақтық пневмония

өкпе аретриясы тармақтарының тромбоэмболиясы
Амбулаторлы қабылдауға ішінің оң жарытысының ауырсынуына, ауырсынудың вертикальды қалыпта, жұмыстан кейін күшеюіне шағымданып науқас келді. Жағдайының нашарлауын соңғы жарты жылда байқаған. Қарау кезінде: іштің оң жартысында пальпацияда жылжитын, аздап ауырсынатын, қозғалмалы түзіліс анықталды. Төменгі жиегі мықын сүйектің қырына дейін жетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

оң жақтық нефроптоз

созылмалы гепатит

созылмалы холецистит

оң жақ аналық без кистасы

аппендикулярлы инфильтрат
50 жастағы ер адамда жөтелген кезде ішінің барлық бөлімінің ауырсынуы пайда болды. 10 жыл бойы мазалап келе жатқан оң жақ мықын аймағындағы томпаю кернеуленді және ауырсынды. Бір реттік құсу және мол емес нәжіс болды, одан кейін газдар мен нәжістің шығуы тоқтады. 2 сағаттан кейін науқастың ішінде ұстама тәрізді ауырсыну пайда болды, құсу қайталанды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

қысылған шап жарығы

жедел панкреатит

шап лимфадениті

жедел аппендицит

жедел энтероколит
Емхананың амбулаторлық хирургия бөлімшесіне 2 күн бойы ауырыпқас оң санның ортаңғы үштігінің латеральды беткейінің жаншылған-тілінген жарақатынан кейін 1 сағаттан кейін келді. Науқасқа қандай шара жүргізу керек?

жараны левомикольмен өңдеу

антибиотиктерді тамырішілік енгізу

асептикалық байлам салу

жараға протеолитикалық ферменттер енгізу

тігіс салу
Санның алдыңғы беткейінде жергілікті өзгерістер: домалақ пішінді қызару, ауырсыну, гипертермия, флюктуация және қозғалыстың шектелуі. Науқаста қандай ауру?

флегмона

гематоманың іріңдеуі

абсцесс

тері ісігі

тілме
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің таңдау препаратыңыз:

Ампициллин

Гентамицин

Фитолизин

Метилдопа

Платифиллин
Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды нақтылауы мүмкін?

бір порциядағы ақуызды сандық анықтау және тәуліктің протеинурия

қанның биохимиялық анализі-трансаминазалар мен билирубинді анықтау

тромбоциттерді санаумен қанның жалпы анализі

қанның биохимиялық анализі-креатининді анықтау

ұрықтың кардиотокографиясы
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына жүктілік мерзімі 16-17 апталық 27 жастағы науқас келді, басының ауырсынуына, әсіресе шүйде бөлімінің ауырсынуына, бас айналуына, кейде жүрек айнуына шағымданады. Алғаш шағымдары 3 күн бұрын пайда болған. Созылмалы аурулары жоқ. Физикальды қарау кезінде есі анық, табандарының ісінуі, жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. АҚ 160/100 мм.с.б.б. ЖЖЖ90 соққы/мин. Қанның жалпы анализінде, биохимиялық анализде (АСТ, АЛТ, билирубин, креатинин, тромбоциттер деңгейі) қалыпта. Зәрде-протеинурия 0,1 г/л. Құрсақішілік ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

гестациялық гипертензия

созылмалы аретриялық гипертензия

жеңіл дәрежелі преэклампсия

жүктілердің симптомсыз бактериуриясы

гестациялық пиелонефрит
Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Осы науқасқа гипотензивті препаратты таңдаңыз:

метилдопа

каптоприл

Гипохлортиазид.

Платифиллин.

Бисопролол.
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Жүктілік 17-18 апта. Симптомсыз бактериурия.

Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы пиеонефрит.

Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы гломерулонефрит.

Жүктілік 17-18 апта. Преэклампсия.

Жүктілік 17-18 апта. Физиологиялық жүктілік.
Жалпы тәжірбиелік дәрігерге 30 жастағы науқас сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптағы қышыну сезіміне, зәр шығаруда және жыныстық қатынас кезінде қышынудың күшеюіне, мол қынаптық бөліністерге шағымданып келді. Ауырғанына 3-4 күн болған, танымайтын жігітпен бір рет төсек қатынасы болғанын айтты. Қынаптық және вульваның үстінен алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеруде ашытқы (С.albicans) және олардың мицелиі анықталды. Сіздің медикаментозды әрекетіңіз:

Бутоконазол (2% cream) 5 g-нан (1 аппликатор) интравагиналды 3 күн

Амфотерецин-В суппозиторилар: 50 мг күніне 1 рет 14 күн бойы

лактобактериялармен қынаптық суппозиторилар

нистатин суппозиторилар 100 000 Б күніне 1 рет, 3-6 ай

Метронидазоль гель 1% 5граммнан (1 апликатор) интравагиналды күніне 1 рет түнгі уақытта, 10 күн бойы, кейін аптасына 2 рет 3-6 ай бойы
Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне жүктілік мерзімі 8-9 апталық 25 жастағы әйел келді, 2 жыл бұрын түйінді токсикалық жемсауға байланысты операция болған. Операциядан кейін тироксин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құрғақ, боз, пульс 60 соққы/мин. Жүктіліктің қандай асқынуы дамуы мүмкін?

жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, гестоз, ұрықтың құрсақішілік өлімі, анемия

жүктіліктің мерзімінен асуы, созылмалы аурулардың өршуі

жүктіліктің мерзімінен асуы, гестоз, ұрықтың құрсақішілік өлімі

жүктіліктің мерзімінен асуы, анемия

жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, созылмалы аурулардың өршуі
Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне 6 апталық жүкті әйел келді. 2 жыл бойы орташа ауыр дәрежелі диффузды токсикалық жемсауға байланысты эндокринологтың бақылауында. Дийодтиронин қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігердің әрекеті?

дийиодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 37-38 аптасына дейін жалғастыру

жүктілікті үзу

дийодтиронинді қабылдауды тоқтату және жүктілікті ұзарту

дийиодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 20-21 аптасына дейін жалғастыру

дийодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 16 аптасына дейін жалғастыру және жүктілікті ұзарту
Бедеулік диагнозымен әйелге амбулаторлы жағдайда гистеросальпингография жасалды. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы түтіктік бедеулікке жатады?

жатыр түтікшелерінің ампулалық бөліміндегі жатырдың өтімсіздігі

"Контурартылық" көлеңкелердің болуы-аденомиоздың белгісі (ішкі эндометриоз)

жатырдың шырышты қабатының қалыңдауы және бірегей еместігі-эндометрийдің гиперплазиясы

жатыр қуысының деформациясы (миоматозды түйін немесе эндометрий полипі)

жатырдың даму ақауы (екі мүйізді жатыр, ер-тоқым тәрізді жатыр)
26 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігерге 2 ай бойы етеккірінің болмауына шағымданып келді. 20 жасынан бастап жүректік ревматикалық қауына байланысты жалпы тәжірбиелік дәрігердің тізімінде тұр. Соңғы 6 айда жүрген кезде, аздаған физикалық жүктемеде ентгіудің пайда болуы. Қазіргі жүктілігі бірінші, тексеру нәтижесіне байланысты 6 аптаға сай. Ревматологтың қорытындысы: ревмокардит, белменді фаза. Сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозының басымдылығымен жүректік қосарланған ақауы. Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі ІІ Б саты. Науқасты жүргізудің арғы әрекеті қандай болмақ?

жүктілікті үзуге жолдау

босану үйіне жатқызу

терапиялық аурханаға жатқызу

перинатальды орталыққа жолдау

республикалық ана мен бала орталығына жолдау

25 жастағы науқас басының үдемелі ауырсынуына және соңғы екі күнде дене температурасының 37,5С дейін жоғарлауына шағымданып келді. Осы ауруға дейін дені сау болған. Тексеру барысында: есі анық, орны мен уақыта ориентацияланған, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жақтан да Керниг симптомы, басқа неврологиялық симптомдар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жасалған. Жұлын-ми сұйықтығын тексеру кезінде лимфоциттер саны 150 жасушаға дейін өскен, ақуыз-0,65 г/л, глюкоза деңгейі қалыпты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

серозды менингит

менингококкты менингит

пневмококкты менингит

іріңді менингит

туберкулезды менингит
Люмбальды пункциядан кейін ликвордың келесі нәтижесі алынды: мөлдірлігі толық, түсі-түссіз, қысымы 370 мм.с.б.б., ақуыз 0,66 г/л, цитоз 1 мкл 500 жасуша (95%-лимфоциттер, 5%-нейтрофилдер), глюкоза 0,75 г/л, хлоридтер 7,4 г/л. Жоғарыда айтылған өзгерістер қай ауруға тән?

серозды вирусты менингит

менингококкты менингит

бас миының ісігі

туберкулезды менингит

ишемиялық инсульт
Невропатологтың қабылдауына 62 жастағы науқас ұйқысының нашарлауына, жылағыштыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, көңіл-күйінің болмауына шағымданып келді. Ауырғанына 5 жыл болған. Жағдайының нашарлауы соңғы 2-3 айда әйелі қайтыс болғаннан кейін. Объективті: АҚ 130/80 ммс.б.б. Ойы мен сөйлеуінің тұтқырлығы, екіншілік бөлшекке кептелу, жылағыштық. Оң қол саусақтарының тиын санау түріндегі ырғақты стереотипті треморы, маск тәрізді бет, сирек көз жұму, қуыршақ тәрізді жүру байқалады. Тістік дөңгелек типіндегі оң аяқ-қолда бұлшықет тонусы жоғарлаған. Көз түбі-ангиопатия. ЭХОЭГ: қалыпты. РЭГ-пульстік қан толымның ассиметриясы, ми тамырлары тонусының жоғарлауы. Ликвор-120 су бағ қысыммен ағуда, түссіз, мөлдір, ақуыз 0,33 г/л, цитоз 1 мкл 2 жасуша. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

дисциркуляторлы энцефалопатия, паркинсондық синдром

Альцгеймер ауруы

компульсивті-обсессивті синдром

транзиторлы ишемиялық шабуыл

жастық деменция
Емхананың отбасылық дәрігеріне 30 жастағы Т науқас келді. Анамнезінен 5 күн бойы ортаңғы құлақтың қабынуымен ауырғаны белгілі болды. Осы науқаста бүгін таңертең ауыз бұрышының түсуімен бетінің ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, ауыратын жақта көзінің жабылмауы пайда болды. Қандай асқыну жайлы айту керек?

үшкіл нервтің парезі

әкетуші нервтің парезі

бет нервсінің парезі

көз қозғалтқыш нервтің парезі

трохлеарлы нервтің парезі
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас келді, объективті қарауда айқын экссудативті компонентпен катаральды өзгерістер, фарингит, тонзиллит, ринит, конъюнктивит және лимфоаденопатиямен қосарланған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

аденовирусты инфекция

тұмау

риновирусты инфекция

менингококкты ринофарингит

инфекциялық мононуклеоз
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйге шақырған. 4 жастағы балада дене температурасының 39С дейін жоғарлауымен вирусты инфекцияның белгілері. Ата-анасының айтуы бойынша, дене температурасының жоғарлауының шыңында бала кенет "созылған", қолдарының бұлшықеттері кернелген, кейін "шырмауық тәрізді сабыраған", аузынан сілекей бөлінген, кейін ұйықтаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

фебрильді тырысулар

эпилептикалық ұстама

нейролептикалық синдром

бас-миішілік гипертензия

неврозға ұқсас синдром
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйге шақырған. Кептірілген балық жегеннен кейін 25 жастағы еркекте 16 сағаттан кейін жүрек айну, құсу, әлсіздік, енжарлық, көз алдында екі еселену болған. Объективті: бұлшықет тонусының төмендеуі, анизокория, әлсіз жұтқыншақтық және сіңірлік рефлекстер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Ботулизм.

тағамдық токсикоинфекция

жедел энцефалит

жедел менингит

Сальмонеллёз.
Науқас Н., 40 жаста, тері зауытының жұмыскері. Дене температурасының жоғарлауына, бас ауруына, оң білезіктегі ойық жараға шағымданып келді. Жедел ауырған, 2 күн бұрын бас ауру, әлсіздік, дене температруасы 39С, оң білекте қышитын дақ, кейін қара құрамды везикула пайда болған. Көпіршік қасыған кезде ашылған, ойық жара пайда болған, қара қабықша пайда болған.Жағдайы орташа ауыр. Т 38,9С. Пульсі 90 соққы/мин. АҚ 110/70 мм.с.б.б. Оң білектің айқын ісінуі, сыртқы беткейінде ауырсынбайтын ойық жжара (3х4 см),қара струппен жабылған. Ойық жараның айналасында қара құрамды көпіршіктер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

сібір жарасы, карбункулезды форма

оба, терілі-бубонды форма

туляремия, ойық жаралы-бубонды форма

тілме, эритематозды-буллезды форма

тілме, буллезды-геморрагиялық форма
32 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйіне шақырды. Ауырғанына бір апта болған, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене температурасының аздап жоғарлауы, терінің қышуы, оң қабырғаасстындағы тұйық ауырсынулар пайда болған. Бүгін склераларының сарғыштығы, зәр түсінің өзгеруін байқаған. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2 см, аздап ауырсынады. Осы жағдайда цитолиздің зертханалық негізгі индикаторын атаңыз:

билирубиннің жоғарлауы

холестериннің жоғарлауы

липидтердің жоғарлауы

АЛТ жоғарлауы

сілтілі фосфатазаның жоғарлауы
Науқас К., 25 жаста, ауруының 3 күні тамағының ауырсынуы, бас ауру, жалпы дімкәстік, дене температурасының 38,6 С дейін жоғарлауы пайда болған. Бір апта бұрын өзенге шомылған. Жедел ауырған. Қарау кезінде аңқасында баспа тәрізді өзгерістер, артқы мойын, қолтықасты және шап лимфа түйіндерінің, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, денесіндегі дақты-папулезды бөртпе. Гемограммада 56% лимфоциттер, 13% моноциттер, атипті лимфомоноциттер анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

инфекциялық мононуклеоз, орташа ауыр дәреже

жедел бруцеллез

туляремия, баспалы-бубонды форма

Аденовиpусты инфекция, фаринготонзилит

Энтеpовиpусты инфекция, экзантема
Туберкулездың фиброзды-кавернозды түрімен ауыратын 27 жастағы әйелде 10-11 апталық жүктілік анықталды. Осы жүктіні арық қарай жүргізу әрекетін таңдаңыз:

медициналық көрсеткіштерге байланысты аборт жасау

туберкулездың комплексті медикаментті терапиясы, хирургиялық ем, жүктілікті жалғастыру

жүктіліктің мерзімі жеткенде босануды индукциялау

фтизиатрмен қоса әйелдер кеңесі дәрігерінің бақылауы

туберкулездің комплексті медикаментті терапиясы, жүктілікті жалғастыру
Қабылдауға 16 жастағы жасөспірім келді. Туберкулезды байланыс болмаған. 2 апта бойы қақырықты жөтелге, дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, әлсіздікке шағымданады. Кеуде келткасы мүшелерінің шолулы рентгенограммасында оң жақ бұғанаасты аймақта дұрыс емес пішінді, айқын сыртқы контурлары жоқ, гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ абылған жоқ. Сіздің әрекетіңіз:

Фтизиатрға жолдау

Тиімсіз спецификалық емес емдеу жағдайында фтизиатрға жолдау.

Тиімді спецификалық емес емдеу жағдайында фтизиатрға жолдау.

Фтизиатрға жолдау керек емес

Туберкулезге қарсы ем тағайындау
Бала 6 жаста. Дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, шаршағыштық. Туберкулинді сынамалардың динамикасы: 1 жастан 4 жасқа дейін -теріс, 5 жас-9 мм, 6 жас-15 мм. Тері жамылғылары боз, перифериялық 4 топ лимфа түйіндері 2-3 өлшемде пальпацияланады, тығыз-эластикалы консистенциялы, балтырдың алдыңғы беткейінде көкшіл-қошқыл түсті тығыздану анықталды, екі көзінің де шырышты қабаттары гиперемияланған. Рентгенотомографиялы: өкпеде өзгерістер жоқ, түбірлері құрылымды, синустары бос. ЖҚА: гемоглобин 110г\л, лейкоциттер 9,8*109/л, лимфоциттер 16%, ЭТЖ 21 мм\сағ. Диагноз қойыңыз:

туберкулезды интоксикация

біріншілік туберкулезды комплекс

кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезы

ошақты туберкулез

инфильтративті туберкулез
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 37 жастағы науқастың үйіне шақырды. Науқас дене температурасының 37,3 С дейін жоғарлауына, түнгі терлеуге, тұрақты құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Науқастың айтуы бойынша ауырғанына 2 ай болған. Объективті: температура 37,0С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалды. Кеуде клеткасының перкуссиясында 2-3 қабырғааралықтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда осы аймақтағы тыныс бронхтық реңкпен, бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ 94соққы/мин. АҚ 120/80 мм.с.б.б. Нәжісі мен диурезы қалыпты. Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз:

өкпе туберкулезы

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхитикалық тип, орташа ауыр дәреже, өршу фазасы

ауруханадан тыс ошақтық оң жақтық пневмония

оң жақтық нозокомиальды плевропневмония, орташа ауыр дәреже

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, эмфизематозды ауру, орташа ауыр дәреже, өршу фазасы
Жалпы тәжірбиелік дәрігер ата-аналарға БЦЖ екпесін қолдану мақсатын түсірдіру керек:

туберкулезды белсенді спецификалық алдын алу үшін

туберкулезды ерте анықтау үшін

химиопрофилактикаға науқастарды анықтау үшін

туберкулездың белсенділігін анықтау үшін

балалар мен жасөспірімдер арасында инфицирлену көрсеткішін анықтау үшін
Төменде көрсетілген туберкулез кезінде алдын-алатын шаралардың қайсысы ауруханалық жағдайда жүргізіледі?

бактерия бөлуші науқастардың тамақтануы мен дәрі қабылдауы бөлмеде жүргізіледі

байланыста болғандар, туберкулезбен ауру бойынша жоғары қауіп топтары арасында санитарлы-ағартушы жұмыстар

тексеру бөлмесінде бір науқастар артық адам болмау керек

жөтеліп жүрген науқастар балалар, жүкті әйелдер, босанушылар арасында бір кезекте болмау керек

науқастарды қабылдайтын бөлме жақсы желдетілетін болуы керек
Амбулаторлы тәжірбиеде балалар туберкулезін ерте анықтаудың негізгі әдісі:

Туберкулинодиагностика

рентгенологиялық

бактериоскопиялық

бронхоскопиялық

бактериологиялық
Ер бала ата-анасымен бірге жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына келді. Науқас 4 жаста, "ауыр дәрежелі ақыл есінің артта қалуы. Фенилкетонурия (фенилпирожүзімді олигофрения)" диагнозымен тізімде тұр. Анамнезінен психикалық дамымауышылықтың белгілері ерте жастан бастап көрінгені белгілі болды. Балаға қандай емдәм тағайындау керек?

табиғи ақуызды шектеуші емдәм

табиғи ақуызға бай емдәм

майларды шектеумен емдәм

көмірсуларды шектеумен емдәм

тамақтың құрамына мән бермеә жиі тамақтандыру

Дәрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас сол сүт безіндегі ісіктің пайда болуына шағымданып келді. Ісікті 7 күн бұрын өзі анықтаған. Сол сүт безінің жоғары-сыртқы квадрантында 2х2 см, тығыз, ауырсынбайтын ісік анықталды. Регионарлы лимфа түйіндері үлғаймаған. Үрпіні басқанда бөлініс анықталмайды. Болжамды диагноз:

сол сүт безінің фиброаденомасы

сол сүт безінің ісігі

сол жақтық мастопатия

сол сүт безінің түйінді мастопатиясы

сол сүт безінің липомасы
53 жастағы ер адам қатты тамақ жегенде дисфагияға, жұтыну кезінде өңештің бойымен тартып ауырсынуға шағымданады. Жалпы қараудан кейін дәрігер өңешті контрасттаумен рентгеноскопия тағайындады. Келесі сурет анықталды: ретрокардиальды сегментте қашықтығы 3 см тарылу, осы деңгейде шырышты қабатының рельефі бұзылған, аздаған параэзофагеальды көлеңке көрінуде.Берілген рентгенологиялық сурет қай ауруға тән?

Өңеш ісігі

Эзофагит

Өңештің ойық жарасы

Өңештің тыртықтық стриктурасы

Кардия ахалазиясы
67 жастағы науқас сол сүт безіндегі ауырлыққа шағымданады. Қарау кезінде сол сүт безінің көлемі ұлғайған, ареола кеңейген, үрпі тартылған, терісі "лимон қабығы" тәрізді. Сол қолтықасты аймақтың лимфа түйіндерінің кангломераты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

ісінулі-инфильтративті ісік

мастит тәрізді ісік

панцирлі ісік

тілме тәірзді ісік

Педжет ісігі
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 68 жастағы еркек ішектен қан және шырыш тәрізді патологиялық бөліністерге, тік ішектегі бөгде дене тәрізді затты сезінуге, іш қатуға, ішінің үрілуіне, анальды өтіс аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тік ішекті саусақтық зерттеуде тығыз консистенциялы экзофитті түйін пальпацияланады, валик тәрізді көтерілген жиектерімен ойық жаралардың болуы, беткейі тегіс еме, ішектің ригидтілігі ішек сағасының тарылуымен.Сіздің диагнозыңызды қандай зерттеу әдісі нақтылайды?

түзілістің биопсиясымен фиброколоноскопия

нәжісті жасырын қанға иммунохимиялық зерттеу

тотальды колоноскопия

ішекті контрасттаумен рентгеносокпиялық зерттеу

құрсақартылық кеңістікті, құрсақ қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы баласы мен ата-анасы келді. Буындарының ісінуі, жоғары шаршағыштық, әлсіздік, бас айналу және құлақтарындағы шуға шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, ауасы тар бөлмеде баланы жиілеген жүрек қағысы мазалайды. 2 апта бойы кешке қарай дене температуарсының жоғарлауы болған. Анамнезінен: бір ай бұрын афтозды стоматит болған. Физикальды қарауда тері жамылғылары мен шырышты қабаттары бозарған, аяқтар буындарының ісінуі, аяқ башпайлары тырнақтарының дистрофиясы. Анализде-гемоглобин 80 г/л. гранулоциттер 1,0 х109/л, тромбоциттер - 120х109/л;. Бала диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

сүйек кемігін морфологиялық зерттеу

Лейкоформуламен қанның жалпы анализі

қанның биохимиялық анализі

ферритин мен сарсулық темірдің деңгейін зерттеу

науқасты, сиблинтерін, ата-анасын HLA-типирлеу (серологиялық/ молекулалық)
Сүт безінің ісіктік және ісік алдылық ауруларын ерте анықтау үшін скриниг алгоритмін жүргізуге мақсатты топ қандай?

сүт безінің ісігіне байланысты диспансерлік есепте тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер

сүт безінің ісігіне байланысты диспансерлік есепте тұрған барлық жастағы әйелдер

жас ерекшеліктеріне және клиникалық жағдайларына байланысты емес барлық әйелдер

алғашқы медико-санитарлық көмек мекемелеріне өздігінен келген немесе профилактикалық мед бақылаудан өтіп жатқан барлық әйелдер

репродукциялық жүйенің ісіктік аурулары бойынша қолайсыз анамнезі бар барлық жастағы әйелдер
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 67 жастағы науқас қан аралас қақырықты аз өнімді жөтелге, жөтелген кезде кеуде келткасының ауырсынуына, айқын ентігуге шағымданып келді. Ауырғанына 6 ай болған, симптомдар біртіндеп үдеген, 9 кг-ға арықтаған. Екі кескіндегі кеуде келткасының рентгенография нәтижелерімен қабылдауға келді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

өкпенің орталық ісігі

өкпенің бронхоэктаздық ауруы

сол өкпенің абсцессі

көкірекаралықтың ісігі

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 38 жастағы әйел буындары мен сүйектеріндегі ауырсынуға, ентігуге, дене салмағының төмендеуіне, оң қабырғаастындағы ауырсынуға шағымданып келді. Жоғары қанағаштық, мол көлемді, ұйындыларымен меноррагиялардың болуын айтты. Физикальды тексеру кезінде тері жамылғылары бозарған, геморрагиялық бөртпелер-петехиялар, экхимоздар, жүрек үндері тұйықталған, тахикардия 100 соққы/мин, пальпацияда бауыры мен көкбауыры ұлғайған. ЖТД қандай зерттеу әдісі арқылы диагнозды нақтылай алады?

сүйеккемігін цитогенетикалық зерттеу

Реберг-Тареев сынамасы

герпес тобының вирустарына ИФА

Коагулограмма.

контрастылаумен кеуде және құрсақ сегменттерін КТ
Қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтауда скринингтік бақылау алгоритмін жүргізу үшін кім мақсатты топқа жатады?

Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қантты диабет бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40 жастағы еркектер мен әйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет

Артериялық гипертония бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40 жастағы еркектер мен әйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет

жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40 жастағы еркектер мен әйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет

қантты диабет бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40 жастағы еркектер мен әйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет

қанайналым жүйесі аурулары бойынша қолайсыз анамнезі бар 25, 30, 35, 40 жастағы еркектер мен әйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет
Қай ауруларда және жарақаттарда медициналық мекеменің басшысының бұйрығы бойынша дәрігер бір адамға және бір уақытта 6 күнге немесе жалпы ұзақтығы 6 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі?

тұрғындардың жоғары аурушаңдылығында тұмау, ЖРВИ

үйге стационар ұйымдастыру кезіндегі ауруханадан тыс пневмония

күндізгі стационардағы дисциркуляторлы энцефалопатия

Артериялық гипертензия, криздік ағым, егер госпитализациядан бас тартса

Карантин уақытындағы тырысқақ
Ортопедиялық протездеу кезінде алғашқы медико-сантиарлы көмек ұйымдастыруда қандай құжат беріледі?

уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы

уақытша жұмысқа жарамсыздық анықтамасы

уақытша жұмысқа жарамсыздық парағының талап етілмеген парағының бланкі

уақытшы мүгедектік жайлы анықтама

уақытша еңбекке жарамсыздық парағы
Қазақстан Республикасында уақытша болған шет ел азаматтарына уақытша жұмысқа жарамсыздықты дәлелдейтін қандай құжат беріледі?

уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы

дәрігерлік-кеңестік комиссиямен тұжырымдалған ерікті формадағы анықтама

емдеуші дәрігері берген ерікті формадағы анықтама

аударылған және нотариуспен расталған уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы

уақытша жұмысқа жарамсыздық анықтамасы
Паллиативті науқас үшін не орынсыз?

диетаны шектеуден бас тарту

сүйікті тағамын жеу

төменкалориялы диета

жоғары калориялы тағам

тамақты аз мөлшерде жиі қабылдау
Паллиативті науқастарда іш қатуды емдеуде қай дәрілік заттарды белгілеген дұрыс?

метоклопрамид

атропин

алмагель

трамадол

фентанил
Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:

стационарлы хоспистар

қарттар үйі

арнайы әлеуметтік қызмет мекемелері

жалпы бейіндегі аурухана бөлімі

медбикелік күтімнің аудандық/жергілікті бөлімшелік қызметі
Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі

Жылдам және атқылаған қан ағу

Қан кету баяу

Қан тамшылап ағады

Баяу және созылмалы қан ағу

Қан қоңыр-қызыл түсті
Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады

Ұйқы артериясында пульстің болмауы

Көз қарашығының тарылуы

Тері қабатының бозаруы

Өлілік тағбалардың пайда болуы

Қан қысымының төмендеуі
Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету

небулайзер арқылы тыныстық аналептиктерді беру

науқасты фаулер позициясына отырғызу, санына қысқыш тар қойып, пульстің жоғалуын күтеміз

науқастың аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу

наркотикалық анальгетиктерді қолдану

науқасты ортопноэ позициясына келтіру, санға және 1 қолдыға қысқыштарды пульстің жоғалуына дейін қою
Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі

100-120 минут

60-80 минут

120 минут көп

80-120 минут

90 мин көп емес
Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай жағдайда болады

өкпе ісінуі

өкпеден қан кету

асқазаннан қан кету

өкпе обыры

бронхоэктазды ауру
Дифференциалды диагноз қоюға мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеуді анықтаңыз. Баланың 6 жыл бойы ауырғаны, әлсіздігі, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, шулы тыныс алу, ацетонның иісі:

Қандағы қант мөлшерін анықтау

Жалпы қан анализі

Жалпы зәр анализі

УДЗ

КТ

Глазго шкаласы бағалауға қолданылады:

жабырқаулы ес деңгейін

шок ауырлығының дәрежесін

кома кезіндегі тыныс алу бұзылыстарының айқындылығын

жаңа туған нәрестенің жағдайын

кома түрін
Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады:

кең және терең Q тісшесі

ST сегментінің төмендеуі

ST сегментінің жоғарылауы

R тісшесінің кішіреюі

теріс T тісшесі
Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:

таза су

калий перманганатының әлсіз ерітіндісі

1% натрий гидрокорбонатының ерітіндісі

лимон қышқылының аз конецентрациялы ерітіндісі

3% натрий хлоридінің ерітіндісі
Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады:

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

кенеттен болған пневмоторакс

қақпақшалы пневмоторакс

жіті коронарлы синдром

құрғақ плеврит
Жоғары оқу орнының студенті аймақтық дәрігерге келді. Оған "Ауруханадан тыс пневмония, жеңіл ағымды" диагнозы қойылды. Амбулаторлы ем қабылдады. Оған қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет ?

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парағы

Талап етілмейтін уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парағы

медико-қоғамдық эксперттік комиссия қорытындысы

Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама

Еркек 48 жаста, дәрігерге әсіресе таңғы уақытта болатын іріңді-шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтелге шағымданып келді. Жөтел 15 жыл бойы мазалайды. Зиянды әдеттері-20 жасынан бастап күніне 1 қораптан темекі шегеді. Ауруының өршуі жылына 3 рет болады. Постбронходилатациялық сынама: ОФВ1 боложамдыдан <30%. САТ бағалау-18 балл. mMRC шкаласы бойынша 4. Науқас GOLD (2019 Global Initiative for Chronic Obstructive Lung Disease) қай санатына жатады?

GOLD 1, санат А

GOLD 2, санат В

GOLD 3, санат В

GOLD 4, санат В

GOLD 4, санат D
70 жастағы еркек соңғы 6 айда аяқтарының шаншуына, тырысуға және ауырсынуға байланысты дәрігерге келді. Симптомдар 500 м артық жүрген кезде үдейеді, тыныштықта басылады. Анамнезінде 2 типті қант диабеті. 50 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Алкоголь ішпейді. Метформин қабылдайды. Балтыр аймағында дене температурасының төмендеуі. Осы науқасты емдеу кезінде қандай шара ұтымды?

компрессиялық шұлықтар кию

антиагреганттар тағайындау

эндартерэктомия

шунттау операциясы

эндокөктамырлық термиялық абляция
4 жастағы баланың анасы баласының мазасыздығына, субфебрильді дене қызуына, жиі ЖРВИ ауратынына шағымданып келді. Анамнезінен: белсенді туберкулезбен науқас ағасымен бір реттік байланыс орнатылған. Объективті: орташа ауырлық дәрежесі, уыттанудың әлсіз белгілері, дене қызуы- 37,5 0. Тері жамылғылары бозғылт, аз тамақтанады. Физикалық деректер - өзгеріссіз. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің үстіңгі жоғарғы бөлігінде гомогенді емес күңгірттену, кеңейтілген трахеобрончиялық лимфа түйіні жолмен байланысты. Төмендегі зерттеулердің қайсысын диагнозды айқындау үшін дəрігер бірінші кезекте жасайды?

Қақырық микроскопиясы және бак зерттеуі МБТ-ға

Манту сынамасы және Диаскинтест

Өкпе компьютерлік томографиясы

Жалпы қан анализі, зәр анализі, биохимиялық қан анализі

ИФА және ПЦР диагностика
Ер адам, 52 жаста, Қызылорда облысының тұрғыны, шопан, ауруханада маусым айының 1-ші күнінен 21-не дейін емделген. Түскен кездегі шағымдары: дене қызуының 39,9° дейін көтерілуі, айқын бас ауруы, қалтырау, мұрыннан қан кету. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы - 39,8°С, денесінде аздаған петехиалді бөртпелер бар, иньекцияланған жерлерде гематомалар көрінеді. ЖСЖ – 100 рет 1 минутына., АҚҚ-90/60 мм сын.бағ. Бауыры 1,0 см ұлғайған. Науқас 21 күннен соң жазылып шыққан. Ауырғаннан кейін науқастарды диспансерлік бақылауының оптималді ұзақтығы қандай?

12 ай

6 ай

3 ай

2 ай

1 ай
Әйел 32 жаста, дене қызуының 38,5°С дейін жоғарлауына, аз бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге,аздаған ентігуге шағымданып келді. 10 күненнен бері ауырады, ауру қызбамен, тамағындағы ауру сезімімен, құрғақ жөтелмен жедел басталған, 3 күн бұрын жағдайы ауырлап,ентігу пайда болған. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.с.б, ЖСЖ 95 рет мин, ТЖ - 21 рет мин, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс фонында крепитация естіледі, ортаңғы және жоғарғы бөлімінде - бронхиальды тыныс. Пульсоксиметрия - 95%. ЖҚА - Л 11х109/л, Эр - 3,2х1012/л, Нв - 123 г/л, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Өкпенің Р-графиясы - оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде орташа интенсивті инфильтратты көлеңке. Қандай тактика БАРЫНША тиімді?

пефлоксацинмен амбулаторлы емдеу

амоксициллинмен амбулаторлы емдеу

күндізгі стационар жағдайында цефтриаксонмен емдеу

терапевтік бөлімге госпитализациялау, ровамицин

РИТБ (ОРИТ) госпитализациялау, ципрофлоксацин
52 жастағы еркек 3 айда 6 кг салмақ түсуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. 6 жыл бұрын Г гепатит диагнозы қойылған. Әкесі тоқ ішектің ісігінен қайтыс болған. 35 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шеккен және сыра ішкен. Бұрын героин қабылдаған. Бойы 175 см, салмағы 71 кг, ДСИ-22,9 кг/м2. Склералары сарғайған, алақанның екі жағынан да қызаруы, төсі мен арқасында бірнеше елеангиоэктазиялар. Бауыры тығыз, түйінді консистенциялы. ЖҚА: Hb 116 г/л, лейкоциттер 9,6х109\л, тромбоциттер 223. Науқасты ары қарай бағалауда қандай нәтиже күтуге болады?

қанның өң мәнді дақылдары

α-фетопротеин жоғарлауы

колоноскопияда экзофитті ісік

карциноэмбриональды антиген жоғарлауы

рентгенограммада өкпенің зақымдалуы
18 жастағы қыз дене температурасының 39С дейін жоғарлауына, әлсіздікке, дімкәстікке, бел аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 3 күн бұрын жедел ауырған, өзі парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Объективті: терісі бозарған, ылғалды. Дене температурасы 39,5 С, ісіну жоқ. Артериялық қысым 110/70 мм.с.б.б., пульс 92 соққы/мин. Пальпацияда бел аймағы ауырсынады. Қанның жалпы анализі: гемоглобин 120 г/л, лейкоцит 12х109/л, ЭТЖ 40 мм/с. Жалпы зәр анализі: бұлыңғыр, ақуыз 0,066%, лейкоциттер – толығымен, бактериялар +++. Қай антибиоикті тағайындаған жөн?

Амикацин

Канефрон

Ципрофлоксацин

Цефтриаксон

Азитромицин
58 жастағы әйел сол тізе буынының соңғы 3 ай бойы ауырсынуына, таңғы уақытта 10-15 минут құрысуына шағымданып келді. Ауырсыну тұрып жұмыс істесе, баспалдақпен көтерілгенде күшейеді. Ибупрофен қабылдаған. Анамнезінде артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия. ДСИ-31.8 кг/м2.Қарау кезінде: буынды пальпациялауда ауырады, толық бүккенде және жазғанда крепитация. Несеп қышқылы 8,0 мг/дл, ЭТЖ 15 мм/с. Сол тізені визуализациялауда не анықталуы мүмкін?

УДЗ-де шеміршек және синовиальды тіндердің кальцификациясы

Рентгенограммада буын кеңістігінің тарылуымен остеофиттер

УДЗ-де буында сұйықтық

Рентгенограммада жиектік эрозиялар және мөлдір емес периартикулярлы жұмсақ тіндер

Рентгенограммада сүйектердің склероздық зақымдануы
42 жастағы ер кісіні 2 жыл көлемінде тез жүргенде пайда болатын, сол қол мен жауырынға берілетін, тыныштықта басылатын төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды. Жағдайының нашарлауын түнгі кезекшілік пен шаршаумен байланыстырады. Об-но: АҚҚ 140/80 мм.с.б. Жүрек тондары анық,ритмді. ЖСД-72 рет мин. Велоэргометриялық сынама физикалық жүктемеге төзімділіктің жоғары екенін көрсетті. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

Тұрақты күштемелі стенокардия ФК II

Тұрақты күштемелі стенокардия ФК I

Тұрақты күштемелі стенокардия ФК III

Алғаш пайда болған стенокардия

Үдемелі стенокардия
Науқас 45 жас мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған, таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу, айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып, жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары құрғақ, бозғылт, телеангиоэктазиялар, алдыңғы құрсақ қабырғасының веналарының ұлғаюы, аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Көлемі 0,5 л дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ 100/70 мм с б.б. Гемоглобин 88 г/л. Қандай күттірмейтін шұғыл жағдайлар жасау керек?

Блэкмор зондын орнату

Көк тамыр ішіне аминокапрон қышқылын енгізу

Инфузияны жаңа мұздатылған плазмадан бастау

ФГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид

Нитроглицерин және вазопрессин және соматостатин енгізу
Науқас Л., 67 жаста, стационарға бақшадағы жұмыстан кейін пайда болған кеуденің артындағы тұрақсыз ауырсынуға, мойын аймағынажәне төменгі жақсүйекке берілетініне, өткір әлсіздікпен ұштасатын, суық тер шығатынына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 жыл бұрын алғаш рет артериялық қысымның 220/100 мм. с. б. дейін жоғарылауы тіркелді, емделмеген. 15 жыл бойы күніне 20 темекі шегеді. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, ерін цианозы. Өкпеде-сырылдар жоқ, ТҚЖ минутына 24. Жүрек тондары тұйықталған, систолалық шу және қолқа үстінде 2 тонның екпіні, тахикардия, АҚ 110/70 мм с.б.., пульс 120 минутына, ырғақты. ҚЖТ: эритроциттер 4,8x1012/л, лейкоциттер 16,2х109/л, СОЭ 10 мм/сағ. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:

стенокардияның ұзаққа созылған ұстамасы

жіті перикардит

жіті миокардит

жіті миокард инфаркті

қабатталайтын қолқа аневризма
62 жастағы науқас жалыннан күйік алды. Клиникада: эпидермистің зақымдалуы және бөліктік терінің ішкі қабатының зақымдалуы терінің қызаруымен көрінеді, ісіну, серозды сұйықтықпен толған бірнеше көпіршіктердің пайда болуы. Көпіршікті алғанда ылғалды жылтыр немесе алқызыл қабат көрінуде, температураның өзгеруіне, ауа қозғалысына, ақырын сипауға жоғары сезімталды. Жоғарыда айтылғандар күйіктің қай сатысына жатады?

күйіктің І сатысы

күйіктің ІІ сатысы

күйіктің ІІІА сатысы

күйіктің ІІІБ сатысы

күйіктің IV сатысы
65 жастағы әйел, АҚ 195/110 мм сб.б. жоғарылауы кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда болып - бірден сөйлемей қалды. Неврологиялық статуста: есі анық, қарашықтары D=S, оң мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылауымен оң жақты гемипарез . Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?

жедел гипертониялық энцефалопатия

ишемиялық инсульт

транзиторлы ишемиялық шабуыл

серозды менингит

геморрагиялық инсульт

Жедел миокард инфарктымен науқаста 4-ші аптада төс сүйек артында қарқынды жиырылатын ауырсынулар, ЭКН-да теріс динамика пайда болып және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі тағы да көтерілсе, ауру ағымының нашарлауын қалай квалификациялаға болады:

Қайталама миокард инфаркты

ӨАТЭ

Екінші рет болған миокард инфаркты

Дресслер синдромының дамуы

Варианттық (вариантная) стенокардия
Синустық түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста синустық брадикардия – минутына 45 байқалады. Кардиостимулятор орнатудан науқас үзілді-кесілді бас тартты. Консервативті ем үшін аталған дәрілердің қайсысын қолдануға болады?

Атропин
Анаприлин

Кордарон

Дигоксин

Новокаинамид
Науқаста аяқ астынан тамыр соғу ұстамасы (минутына 160) пайда болды, дәрігер оны каротидті синусты уқалаумен басты. Тамыр соғу ұстамасына себепші болған тәрізді:

Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен

Синусты тахикардиямен

Пароксизмальды жыпылық аритмиясымен

Пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен

Пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен
18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?

Қолқа сағасының стенозы

Үйлескен жүрек ақауы

Қолқа коарктациясы

Қарыншааралық қалқаның ақауы

Ашық артериалды тармақ
40 жастағы науқас, шағымдары – прекардиальды аймақта толқулармен көмескі байланысты сыздайтын ауырсынуларға, көкірек қуысының сол жақ жартысындағы «жарылу» сезімдеріне. Қарап тексеру кезінде патология анықталмаған, ЭКГ ерекшеліксіз. Пациентті тексеруді қандай зерттеуден бастау қажет?

Велоэргометриядан

Қанның қант

және холестеринге зерттеуінен

Қанның липопротеидтерге зертетуінен

Эхокардиографиядан

Фонокардиографиядан
52 жастағы науқас әйел жүрек аймағындағы қысқа мерзімді ауырсынуларға шағымданады. ЖРА-н кейін 2 апта бойы науқас. ЭКГ-да – SТ сегментінің 1,5 мм-ге төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:

Миокардит

Климактерийлік кардиомиопатия

ЖИА

НЦД

Перикардит
28 жастағы науқас, отбасылық дәрігердің қабылдауына келді, шамалы дене жүктемелері кезіндегі ентігу, тез шаршағыштық, жүректің лүпілдеп соғуына шағымданады. Балалық шағында баспамен жиі ауырған. Аускультация кезінде: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, қатты І-ші тон, өкпе діңінің үстінде ІІ-ші тонның екіге бөлінуі, митральды қақпақшаның шертіліп ашылуы ІІІ-тон (бөдене ырғағы). Сіздің диагнозыңыз?

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша стенозы

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үш жарғақты қақпақша жеткіліксіздігі

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жеткіліксіздігі

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын өткізген жұқпалы миокардиттен кейін пайда болған қатты басы айналып есінен танатын аяқ асты ұстамаларына шағымданады. Соңғы уақыттарды ұстаманың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқаған. АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 57 соғу. ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың жүйелі кезеңдері. Аталған науқасқа қандай ем ең қолайлы?

Ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату

Кальций антагонистерін ұдайы қабылдау

Бета-адреноблокаторларды ұдайы қабылдау

М-холиноблокаторларды ұдайы қабылдау

Аортокоронарлы шунттау жүргізу
Жағдайының нашарлауына байланысты отбасылық дәрігерге 68 жастағы науқас М. Келді. ЖИА, Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, Артериальды гипертензия ІІ, IV қауіп факторы, НКІІБ диагноздарымен бақылауда. Әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, ішіндегі дүркін-дүркін ауыруларға, көзіне қос көрінуіне шағымдары бар. Дәрілерін тұрақты қабылдайды. АҚ-150/90 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 50 соғу. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS жиынтығы деформацияланған, барлық бөліктерде дерлік ST интервалының изоэлектрлік сызықтан төмен «астау тәрізді» жылжуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолия. Науқас жағдайы төмендеуінің ең ықтимал себебін көрсетіңіз:

Гликозидті интоксикация

Гипертониялық криз

Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

Қайталама миокард инфаркты

Ми қанайналымының өткінші бұзылысы
Отбасылық дәрігерге 41 жастағы Науқас М. Жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ ФК. Артериалды гипертензия ІІ, қауіп факторы ІІІ, НК0 диагнозымен бақылауда. Қарап тексеру кезіне шағымдары жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындауға бола ма?

Жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

Иә, өйткеніқарыншалық тахикардия пароксизмі амуының қаупі бар

Иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

Жоқ, өйткені жасанды ырғақ жүргізушісін орнату қажет

Иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
Семсер тәрізді өсінді нің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?

Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

Миокард инфаркты

Перикардит

Плевропневмония

Қабырғааралық невралгия
Л. атты науқас әйел, 29 жаста, дене жүктемесі кезінде ентігу, жүрек аймағында, жауырын аралық аймақта ауырсынулар. Анамнезінде: ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І-ші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы. R-графияда: контрастыланған өңеш кіші радиус доғасы бойынша қисайған. ЭКГ-да: Р – mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:

Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

Митральды қақпақша жеткіліксіздігі

Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

Митральды қақпақша пролапсы

Қолқа сағасының стенозы
Науқас М., 20 жаста, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүректің барлық аймағының үстінен таралусыз систолалық шуыл естіледі, ЖҚЖ – 1 минутта 90 соғу. Температурасы – 37,70С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы (+) анықталған, С реактивті ақуыз. ЭКГ-да: қайта үйектеліс бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

Миокардит

Перикардит

Кардиомиопатия

Миокардиодистрофия

Нейроциркуляторлы дистония
Науқас Н., 65 жаста, жүрек аймағындағы іркілістерге, жүрек қағысына, шаршағыштыққа, шамалы дене жүктемесі кезіндегі ентігуге, ісінулерге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын күретамырлары ісінген. Жүрек дүмпуі ұлғайған. Жүрек ұшы дүмпуі көтеріңкіленген. Тондар тұйықталған, минутына 100 соғумен жыпылық аритмиясы. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде екі жағынан да дыбыссыз ылғалды сырылдар. Бауыры ұлғайған, тығыз, аздаған ауырсынумен, тегіс беткейлі, шегі сүйірленген. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақтық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, қайтаүйектеліс бұзылысы. NYHA (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы) бойынша ХНК сатысын көрсетіңіз:

ФК ІІІ

ФК І

ФК ІІ

ФК IV

ФК анықтау мүмкін емес
70 жастағы науқас әйелді соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, кӨбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасындаекі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

Деформациялаушы остеоартроз

Псориаздық артрит

Подагралық артрит

Ревматикалық артрит

Ревматоидты артрит
Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

Гипертиреоз

Нейроциркуляторлы дистония

Гипотиреоз

Феохромацитома

Біріншілік альдостеронизм
Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген.Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды:

β-адреноблокаторлар

Диуретиктер

АПФ ингибиторларын

Нитраттар

Кальций антагонистері
К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

Кардиоселективті бета-блокаторлар

Селективті емес бета-блокаторлар

Нитраттар (монотерапия ретінде)

ИАПФ ингибиторлары

Кальций антагонистері
40 жастағы ер адамның эпигастрий аймағында белдеуленген сипаттағы, арқасына таралатын ұзақ ауырсынулар және оң жақ қабырға астында жарылатындай сезім байқалады. УДЗ тексеру кезінде: ұйқы безінің өзгерістері және созылмалы холецистит белгілері. Аталған патология кезінде қандай зертханалық көрсеткіштер ең ақпаратты болып табылады:

Қан мен несептегі амилаза деңгейі

Лейкоцитоз

Қан трансаминазасының деңгейі

Гипергликемия

Қандағы сілтілік фосфатаза деңгейі
50 жастағы ер адам оң жақ табанындағы қатты ауырсынуларғ шағымданады. Қарсаңында көп мөлшерде ет және алкоголь қолданған. Ауыру аяқ астынан пайда болған, таңғы 6 мөлшерінде және оң жақ табанының І-ІІ табан сүйек фалангалық буындары аймағында басымырақ орналасқан. Объективті: үлкен саусақ буынының үстіндегі терісі қып-қызыл, сипағанда ыстық, пальпациялағанда жанға батып ауырады, қимыл және жүру мүмкін емес дерлік, дене температурасы – 38°С. Учаскелік дәрігердің диагностикалық әдісі қандай?

Несеп қышқылына қан тапсыру

Ауру буынның пункциясы

Қанның клиникалық талдауы

Оң жақ табан рентгенографиясы

Зақымданған буын УДЗ-сы
Отбасылық дәрігерге 41 жастағы науқас жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ-ші ФК. Артераилды гипертензия 2, қауіп 3, НК0. Диагнозымен бақылауды. Тексеру кезінде шағымы жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКС-те қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау қажет пе және қандай мақсатпен?

Жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

Иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы қаупі бар

Иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

Жоқ, өйткені ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату қажет

Иә, өйткені Адамс-Моганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
2 типті қант диабетімен жапа шегетін 40 жастағы А. атты науқас әйелде 2 дәрежелі артериалды гипертензия байқалады. Қандағы глюкоза деңгейі 8 ммоль/л шамасында. Аталған жағдайда гипотензивті препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

АПФ ингибиторлары

кальций каналдарының блокаторлары

β-адреноблокаторлар

АТ ІІ рецепторларының антагонистері

Диуретиктер
Стенокардия кезінде ауырсыну сипатын анықтаңыз

қысып, басып, күйдіріп

сыздап

тұйық, шаншып

шаншып

азапты
Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде науқастың мәжбүрлі қалпын анықтаңыз

қолдарына тіреп отыру

аяғын түсіріп отыру

горизонтальды, аяқтары көтерілген

бір қырымен жату

горизонтальды, бас жағы көтерілген
Науқас 20 жаста дәрігерге эпигастрий аймағындағы тамақ қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң пайда болатын ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. Анамнезі ерекшеліксіз.Пальпацияда эпигастральды аймақта ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

асқазан жарасы

гастроэзофагеальды рефлюксті ауру

асқазанның пилорикалық бөлігінің жарасы

он екі елі ішек жарасы

язва, обусловленная гастропатией, индуцированной НПВП
Аймақтық дәрігерге науқас оң жақ қабырға астының ауырсынуына, ауырсыну оң жақ жауырынға беріледі. Ауырсыну диета бұзылғанда, қатты эмоцияға берілгенде пайда болады,спазмолитиктер қабылдағанда басылады. Объективті: өт қабы аймағында ауырсынады.


1   2   3   4   5


написать администратору сайта