К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті
Скачать 2.6 Mb.
|
Еңбекті ұйымдастыру мен еңбекті нормалау әдістері мен тәсілдеріЖеке еңбек ұжым шеңберіндегі еңбекті ұйымдастыру – бұл жұмыс күшін тиімді қолдануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Оған өндіріс процесінде адамдарды дұрыс орналастыра білу, еңбек бөлінісі және кооперациялау, еңбекті ынталау тәсілдері, жұмыс орнын ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету, еңбек жағдайын жасау және еңбекті нормалау жатады. Адамдардың еңбегі өзінің пайда болуына қарай қоғамдық еңбек болып табылады, сондықтан оны ұйымдастыру да қоғамдык сипатта болады. Бұл еңбек процесінің максаты, жұмыскердің білімі мен іскерлігі еңбек процестері мен операциялары өндіргіш күштердің даму деңгейімен беріледі дегенді білдіреді. Еңбекті және өндірісті ұйымдастыру өңдіргіш күштерінің дамуымен, өндірістік катынастардың жетілуімен дамып әрі өзгеріп отырады. Еңбекті ұйьмдастыру формаларының негізгілерін айтсақ, олар жалпы ұлттық экономикада еңбекті ұйымдастыру, шаруашылық салаларындағы еңбекті ұйымдастыру, кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орындарындағы еңбекті ұйымдастыру. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты және бір мақсатты көздейді – еңбек өнімділігін жоғарылату және жұмыскерлер үшін қолайлы жағдай жасау. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру бұдан да нақтырақ болады. Өндірістің бір саласындағы әр түрлі кәсіпорындарда әртүрлі еңбекті ұйымдастыру болуы мүмкін. Бұл көбіне өндірістің техникалық деңгейіне, әртүрлі кәсіпорындарда қолданылатын технологиялық процестердің ерекшеліктеріне, персоналдық квалификация дәрежесіне, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мәселелерімен арнайы айналысатын квалификациялы жұмыскерлер санына байланысты. Еңбек бөлінісінің негізінде экономикалық өсуді бірнеше есе жеделдетуге және оның нәтижесін молайтуға болатын әлдеқашан ашылғанды. Адам Смиттің өзі-ақ "Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу" атты еңбегін мына сөздермен бастаған болатын: "еңбектің өндіргіш күшін дамытудағы ғажайып прогресс және ол еңбектің жасалуы мен қолданылуындағы шеберліктің, іскерліктің және тапқырлықтың бірсыпырасы, тегінде, еңбек бөлінісінің нәтижесі болса керек".Адам Смит еңбек бөлінісіне мынандай мысал келтіреді. Түйреуіштер жасайтын ағылшьн кәсіпорынында бір жүмысшы түйреуіштің сымын созып, екіншісі қырнап, үшіншісі кесіп, төртіншісі ұштап, бесіншісі басын иіп күніне 48 мың түйреуіш жасаған. Ал егер бір жұмысшы түйреуішті басынан бастап аяғына дейін өзі істесе, күніне не бары 20 ғана түйреуіш жасаған болар еді. Бұдан шығатын қорытынды, қозғалыстарда оңтайлылыққа машықтандыратын, бір операциядан екіншісіне көшкенде кететін уақыт үнемделетін еңбектің бұлайша бөлінуі (мамандандырылуы) әрбір жұмысшы жекелей өнімділігін 240 есе арттыруға мүмкіндік берді. Еңбекті нормалау – нақты өндіріс жағдайында нақты жұмысты орындауға қажетті мүмкін еңбек уақытының көлемі. Мекемедегі еңбекті нормалау – еңбек пен жалақыны тиімді ұйымдастырудың негізі.Еңбекті нормалаудың негізгі міндеті - өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету, жұмыскерді өз еңбегі нәтижесінде материалдық қызықтыруды күшейту, өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігінің өсуі мен еңбекақы арасындағы негізделген қатынасты қолдау мақсатында еңбекті ұйымдастыруды біртіндеп жақсарту. Еңбекті нормалау өндіріске ғылым мен техника жетістіктерін, алдыңғы қатарлы технологияны енгізуге ықпал етуі тиіс.Сонымен қатар, еңбекті нормалаудың рөлі, атап айтқанда жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдістерінің рөлі жабдықтар мен жұмысты орындаушылардың бос тұруын жоюда, алдыңғы қатардағы тәжірибелерді таратуда маңызды болып табылады. Еңбекті нормалау мазмұны оның затымен, еңбек процесімен анықталады. Еңбекті нормалау еңбек процесінің, жұмыс күшінің, еңбек құралы мен еңбек затының және олардың өзара байланыстарының барлық жақтарын көрсетуі керек. Сондықтан еңбекті нормалауға төмендегілер жатады: еңбек жағдайы мен әрбір жұмыс орнындағы өндірістік мүмкіндіктерді зерттеу мен талдау; кемшіліктерді жою үшін өндірістік тәжірибелерді зерттеу мен талдау, еңбек мөлшерінде (нормасында) алдыңғы тәжірибелерді көрсету; техникалық, ұйымдық, экономикалық, физиологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, еңбек процестерінің элементтерін орындау тәртібі мен тәсілдерін, ұтымды құрамын жобалау; еңбек нормасын тағайындау мен енгізу, еңбек нормасының орындалуын жүйелі түрде талдау және ескірген нормаларды қайта қарау. Алайда еңбекті техникалық нормалаудың басты міндеті - өндіріс түрі мен міндеттеріне байланысты уақыт нормасын, өнімділік нормасын, қызмет көрсету нормасын, адамдар санының нормасын және басқарушылық нормасын қою. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті нормалау төмендегідей негізгі кезеңдерден тұрады: орындалатын жұмыс бойынша жұмыс уақыты шығындарының құрылымы мен еңбекті ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатардағы тәжірибелерді зерттеу; орындалатын еңбек операцияларының және оның жеке элементтерінің әрқайсысы бойынша техникалық, ұйымдық, психофизиологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлар ықпалын ескере отырып еңбек шығындарының нормаларын қою; ұтымды еңбек амалдары мен әдістерін, нормативтік материалдарды жасауды жобалау; өндірістік жағдайда нормаларды тексеру мен нақтылау, оларды прогессивті деңгейде оларды ендіру мен ұстап тұру. Техникалық нормалауге байланысты кесімді еңбек ақы алатын жұмысшылардың жалақысын дұрыс құру жүзеге асады . Кәсіпорын деңгейінде еңбекті нормалауді басқару жүйесінің негізгі қағидалары болып дербестілік, ұтымдылық және тиімділік көрінеді. Дербестілік немесе өзбетіншелік қағидасы бойынша әрбір кәсіпорын еңбекті нормалаудың жүйесін және оның элементтерін қолдану қажеттілігін өзбетінше анықтап, еңбекті нормалаудың әдістері мен түрлерін қолдануда таңдау жасайды. Сонымен бірге нормаларды жасауда және оларға түзету енгізуде консалтингтік фирмаларды тарту жөнінде мәселені өздері шеше алады. Ұтымдылық қағидасы негізгі өндірістік, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге әсер ету тұрғысынан алғанда еңбекті нормалауді қолдану көлемін анықтайды. Тиімділік қағидасы еңбекті нормалауді басқарудан шығындарды өлшеуді талап етеді. Еңбек шығындары нормалауда еңбек нормасымен көрінеді. Еңбек нормасы – тағайындалған жұмыс уақыты ұзақтығы бойында жұмыскер орындауға міндетті еңбек тапсырмасының көлемі. Еңбекті нормалауда нормалардың келесідей түрлері қолданылады: уақыт нормасы, өнімділік нормасы, қызмет көрсету нормасы, адам санының нормасы, нормаланған тапсырма. Уақыт нормасы Ну - өндірістің белгілі бір ұйымдастырушылық- техникалық жағдайларында сәйкес біліктіліктегі бір жұмыскер немесе жұмыскерлер тобымен жұмыстың бірлігін орындау үшін қажетті жұмыс уақыты шығынының (ұзақтығының) шамасы. Уақыт нормасы - өнім бірлігін немесе берілген жұмыс көлемін жасауға тағайындалған уақыт. Уақыт нормасы жұмыс уақыты шығынын анықтауда және басқа да еңбек нормаларын есептеуде негізгі бастапқы шама болып табылады. Еңбектің жалпыға ортақ өлшемі жұмыс уақыты болғандықтан өнімділік нормасы, қызмет көрсету нормасы, адам санының нормасы уақыт нормасының туындысы болып табылады. Өнімділік нормасы (Нө) – сәйкес біліктілігі бар жұмыскер немесе жұмыскерлер тобы белгілі бір ұйымдастыру-техникалық өндіріс жағдайында жұмыс уақыты бірлігінде орындауға міндетті еңбек тапсырмасының тағайындалған көлемі. Өнімділік нормасы натуралды шамада (дана), салмақтық бірлікте (тоннада, килограммда), ұзындық бірлігінде (метр), көлем бірлігінде көрінеді. Жұмыс уақытының бірлігі жұмыс сменасы немесе жұмыс сағаты болуы мүмкін. Өнімділік нормасы уақыт нормасына кері көрсеткіш болып табылады, яғни уақыт нормасы өскен сайын өнімділік нормасы кемиді, және керісінше. Аусымдағы өнімділік нормасын табу үшін келесі тәуелділік қолданылады: Нө = t см / tбк (5) tсм – күндізгі смена ұзақтылығы. Айталық, бір бұйымды жасаудың бірлік-калькуляциялық уақыты - 3,32 мин; сменаның күндізгі ұзақтылығы – 480 мин.Өнімділік нормасы – Нө = 480/3,32 = 145 дана. Сонымен бірге өнімділік нормасы басқаша да есептеледі: Нө = tсм–tдқ tб Мысалы: Бір тетікті жасаудың бір даналық дайындау-қорытындылау уақыты – 18 мин; Күндізгі смена ұзақтығы – 480 мин. Нө = 480– 18 = 142 дана. 3,25 Яғни қалай есептесек те бірдей шама аламыз. Аусым ұзақтылығынан дайындау-қорытындылау уақыты шегеріліп қалады, өйткені ол бір даналық уақытқа кірмейді. Оперативтік уақыт бойынша өнімділік нормасы былай табылады:Нө = tсм – tдқ –tқыз– tджқ . tоп Мысал: Бір детальды жасау үшін оперативті уақыт – 4 мин.Дайындау- қорытындылау уақыты – 17 мин. Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты – 7 мин. Демалыс пен жеке қажеттілікке кететін уақыт – 10 мин. Күндізгі смена ұзақтылығы – 480 мин. Нө = 480 –17 – 7– 10 = 112 дана. 4 Уақыт нормасы мен өнімділік нормасы арасында кері байланыс бар және өнімділік нормасы уақыт нормасына қарағанда үлкен дәрежеде өседі. Ау = 100 * Б/ 100 + Б; Бө = 100 * А /100 - А , (6) мұндағы А – уақыт нормасын азайту пайызы, Б - өнімділік нормасын төмендету пайызы. Мысалы, бір детальды жасауға кететін уақыт нормасы 10 минут, 7 сағаттық жұмыс күнінде өнімділік нормасы 42 деталь (7 * 60/10 = 42 ), егер уақыт нормасын 20 пайызға азайтса, өнімділік нормасы 52,5 деталь болады (420/8 = 52,5). Өнімділік нормасы уақыт нормасын 20 пайызға азайтқанда 25 пайызға көбейеді (52,5 / 42 = 1,25). Уақыт нормасы қызмет көрсету нормасы мен адам санының нормасы ретінде де көрінеді. Қызмет көрсету нормасы (Нқыз) – жұмысшылар жұмыс аусымы, жұмыс айы немесе жұмыс уақытының басқа бірлігі ішінде қызмет көрсетуге міндетті объектілердің белгілі бір санымен көрінетін еңбек тапсырмаларының көлемі. Қызмет көрсету нормасының шамасы уақыт нормасынан туындайды және жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты. Қызмет көрсету уақыт нормасы – жабдық бірлігіне, бір жұмыс орнын немесе өндірістік алаңның бір шаршы метріне қызмет көрсету бойынша барлықфункцияларды орындау үшін қажет уақыт саны. Жеке жұмыстарға ол анықтамаларды көрсетіледі. Жабдықты жөндеу бірлігіне уақыт нормасы металл кесетін жабдықтардың бірыңғай жүйесінде келтірілген. Қызмет көрсету уақыт нормасын бақылау арқылы да есептеуге болады. Адам санының нормасы – белгілі бір жұмыс көлемін, басқару мен өндірістік функцияларды орындау үшін тағайындалған жұмыскерлер саны. Адам санының нормасы қызмет көрсетілетін жабдықтардың саны қызмет көрсету нормасына бөлу арқылы анықтайды: Нс = С қыз / Н қыз. (7) Адам санының нормасының тағы бір түрі басқарушылық нормасы болып табылады. Басқарушылық нормасы – бір басшы басқаратын жұмыскерлер саны немесе құрылымдық бөлімшелер саны. Басшылардың, мамандардың немесе қызметшілердің саны өндірісті басқару мен қызмет көрсету аясында функцианалдық еңбек бөлінісін көп факторлы талдау негізінде есептеледі. Еңбек бойынша нормативтер – басшылыққа алынатын, өндірістің белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларына қатысты қолданылатын еңбек нормаларын тағайындау үшін есептелінген шамалар мен бастапқы мәліметтер келтірілген ақпараттық материалдар. Еңбекті нормалау кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың бір бөлігі болып табылады. Нормаларды ғылыми-инновациялық негіздеу дегеніміз өндірістің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін есепке алу, қолданылатын еңбек затының ерекшеліктерін есепке алу, еңбектің алдыңғы прогрессивті формаларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану, қалыпты еңбек жағдайын жасау. Еңбекті нормалаудың екі әдісі бар: тәжірибелік-статистикалық және аналитикалық (талдау). Тәжірибелік-статистикалық әдіс бойынша кәсіпорынның іс-жағдайы өткен уақыттың жағдайымен салыстырылады. Аналитикалық немесе талдау әдісі көбірек қолданылады және оған мынадай операциялар жатады:еңбек процесін зерттеп, оларды элементтерге бөлу; еңбек шығындарына әсер ететін факторларды анықтау; жұмыс орнын жақсартатын шаралар жүргізу;жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу; нормаларды өндіріске енгізу. Әрбір жұмыс орнының өндірістік мүмкіншілігін тексеру, еңбектің барынша жетілген амалдары мен тәсілдерін үйрену, сменаішілік жоғалтулар мен нормативтер мен норма жасау үшін қажетті материалдар алу өндірісте жұмыс уақытының шығынын жүйелі түрде бақылау мен талдауды қажет етеді. Жұмыс уақыты тікелей өлшеу әдісімен және моменттік бақылау әдісімен зерттеледі. Хронометраж– бұл жұмыс күнін суретке түсіру арқылы уақыт нормасын анықтайды. Хронометраж- өндіріс процесіндегі және операциялардың ұзақтығын айқындау және бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі. Хронометраж – операцияның жеке, көп қайталанатын элементтерін бақылау жолымен жұмыс уақыт шығынын зерттеу. Әдетте, оперативтік уақыт, дайындау-қорытындылау уақыты және жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты хронометраждалады. Хронометраждың көмегімен жеке операцияларға норма қойылады, жұмыстың ең жақсы әдістері анықталады, қойылған номалардың орындалмау себептерін анықтайды және оларды нақтылайды, бригада мүшелері арасында жұмысты бөледі және оның қажетті құрамын анықтайды. Хронометраждың объектісі – белгілі бір жұмыс орнында бір жұмысшымен немесе жұмысшылар тобымен орындалатын өндірістік операция. Хронометраж объектісіне қарай жеке, бригадалық, көп станокты жұмысшы болып бөлінеді. Хронометраж жүргізудің мақсатын қоя білу маңызды. Егер мақсат – еңбек нормасын қою болса, онда бақылау объектісі орташа өнімділік пен ең жақсы нәтиже арасында норманы орындап отырған жұмысшы болып табылады. Мысалы, 7 жұмысшыда келесідей норманы орындау көрсеткіштері бар: 124%, 120, 117, 115, 109, 100 және 98 % . Норманы орындаудың орташа арифметикалық пайызы (124+120+117+115+109+100) / 6 = 114,2 % . Есепке норманы орындамаған жұмысшы алынбайды. Орта процент пен ең жақсы процент арасындағы сан (124 + 114,2) / 2 = 119,2%. Егер хронометраж мақсаты – норманы орындамау себебін анықтау болса, онда бақылау объектісі норма орындамаған жұмысшы болады, ал егер ең жақсы тәжірибені зерттеу хронометраждың мақсаты болса, онда бақылау объектісі ең жақсы көрсеткіш көрсеткен жұмысшы болады. Хронометраждың келесі кезеңі – бақылау жүргізу. Бақылаушы секундомер арқылы жұмысшының орындаған операциясының әрбір элементін бақылау парағына толтырады. Алынған мәліметтерді өңдеу арқылы операцияның әрбір элементіне кететін уақыт шығыны, яғни уақыт нормасы қойылады. Жұмыс уақытын бақылайтын әдістердің тағы бір түрі – жұмыс уақытын фотографиялау (жұмыс күнін суретке түсіру), яғни смена ішіндегі барлық уақыт шығынын өлшеу арқылы жұмысшының немесе жабдықтың жұмыс жасаған уақытын зерттеу. Бұл бүкіл жұмыс күні немесе белгілі бір уақыт кезеңі үздіксіз өлшенетін зерттеу әдісі. Осы байқау арқылы қызметкердің, қызметкерлер тобының немесе жұмысшы топтарының жұмыс күні ішінде не істейтіні туралы ақпаратты ала алады. Байқауды маман жүзеге асырады, осындай зерттеулерді дербес жүзеге асыруға болады. Тұсірулер жұмысқа қатысты және әрекеттерге байланысты, шылым шегу, бейресми қарым-қатынас және тағы басқа барлық іс-әрекеттерді толығымен қамтиды. Жұмыс күнін суретке түсіру -белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын дайындау уақыты, жұмысты бастау және аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу.Жұмыс күнін суретке түсірудің қорытындылары уақыт шығынын азайтуға, өндіріс озаттарының жұмысын зерттеуге, құрал- жабдықтардың қызмет ету нормасын анықтауға, жұмыс орнына қызмет ету және дайындау, аяқтау уақытын, демалыс уақытын нормалауға жағдай жасайды. Уақытты басқаруға тәуелді және уақытты басқарудың маңыздылығын білетін қызметкерлер мен менеджерлер арасында бұл танымал құрал. Сонымен қатар, жұмыс уақытын оңтайландыру туралы сұраққа қызығушылық танытуда,тайм менеджментін жүзеге асыруда жұмыс уақытының фотосуреті алғашқы қадам болады. Жиі, тіпті жұмыс күнінде өзгерістер енгізбей, тек бақылау тек тиімділіктің артуына әкеледі. Кезеңдері: бақылауға дайындау – жұмысшымен және оның жұмыс орны- мен таныстыру, жұмыс орындау жағдайымен, және элементтерімен таныстыру; бақылау – барлық уақыт шығындарын бақылап, жазып отыру; бақылау қорытындыларын талдау – уақыт шығындарын топтау, еңбек уақытының балансын құру, жұмысшылардың категориясына байланысты уақыт шығынын талдау; қорытынды шаралар – жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды жақсартудың шараларын жасау, жұмыс уақытының нормативтік балансын жобалау, еңбек өнімділігін арттыру жолдарын қарастыру. Жұмыс уақытын фотографиялаудың мақсаты – жұмыс уақытын жоғалтуды анықтау, оның себептерін айқындау, жұмыс уақытының өндірістік емес шығындары мен жоғалтуларын жою арқылы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Сондай-ақ дайындау-қорытындылау уақытының, демалыс пен жеке қажеттілікке кететін уақыт нормаларын, қызмет көрсету нормативтерін жасау үшін мәліметтер алу, жұмысшылардың норманы орындамау себептерін анықтау, ең жақсы тәжірибені үйрену, кәсіптерді біріктіріп атқару үшін де жұмыс уақытын фотографиялау жүргізіледі. Металл бұйымдар механикалық цехындағы жұмыс күнін фотографиялауға тоқталып кетейік. Жұмыс уақытын фотографиялау үшін бақылау парағы толтырылады . Алынған нәтиженің негізінде жұмыс уақытын жоғалту мен артық жұмыс уақытын жұмсаудың себептерін жоюға бағытталған нақты ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жасалады. Айталық, біз қарастырып отырған жұмысшының жұмыс уақытын фотографиялау нәтижесінде жұмыс уақытын жоғалтудың басты себептері еңбек тәртібін бұзу, оның ішінде жұмысқа кеш келу, жұмыстан ерте кету, түскі үзіліске ерте шығу, кеш қайту, цехта бос жүріп қалу сияқты себептер анықталды. Бұл әдіс бірнеше мақсаттарға ие. Ең маңыздысы - жұмыс күні ішінде уақытты жоғалтуды анықтау. Одан кейін жоғалған уақыттың себептерін анықтау және тиімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шаралар жүйесін әзірлеу қажет. Жұмыс уақытын суретке түсіру жұмыс процестеріне уақытша стандарттар әзірлеуге, ең табысты қызметкерлердің ұйымдық тәжірибесін үйренуге және жоғары нәтижелерге жету үшін басқа адамдарды оқытуға мүмкіндік береді. Кесте 1. Жұмыс уақытының жеке фотографиясының бақылау парағы
Сонымен қатар ұйымдастырушылық-техникалық себептерге байланысты жұмыс уақытын жоғалтулар да байқалды. Оның бір себебі, станоктардың бұзылып қала беруі, яғни цехтағы құрал-жабдықтардың ескіруі. Бір күндік түсіру әрдайым жеткіліксіз, сондықтан байқау бірнеше күн алуы мүмкін. Бүкіл процесті шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: дайындық, байқау процесі, нәтижелерді өңдеу. Дайындық сатысында олар бланкілерді толтырады және толтырады, байқау сатысында, рекорд қойылады, нәтижелерді өңдеу сатысында, нақты жұмыс түрлерінің қанша уақытқа созылатындығын есептейді, тиімділік талданады және қорытындылар жасалады. Сол сияқты қызметкерлер қадағалауымен жұмыс істеуден бас тартуы мүмкін, немесе, керісінше, тезірек және әдеттегіден көп жұмыс істей бастайды, бұл уақыттық шығындар бойынша дұрыс емес деректерге әкеледі. Зерттеуді бейне жабдығын пайдалану арқылы да жүзеге асыруға болады. Бұл, бір жағынан, объективті ақпаратты алуға мүмкіндік береді, екінші жағынан, әр іс-әрекетті тек қана сыртқы жағынан ғана емес, жұмыстарды орындаушы адамның түсініктемесін ескерместен айқындауға мүмкін болады. Басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер арасында жүргізуге болады, экономист немесе бухгалтердің жұмыс уақытының суреттері әсіресе күрделі. Ең алдымен, мүдделі компания жетекшілері мен компанияның иелері болып табылады, олар қызметкерлердің қаншалықты тиімді жүктелетінін, компанияның еңбек ресурстары тиімді пайдаланылатынын түсінуге тырысады. Кадрлар бөлімінің қызметкерлері, персоналдың қызметтері, сондай-ақ, нақты жұмыс сипаттамаларын құрастыру, ұйымда қажет қызметкерлердің нақты санын таңдап, зерттеу жүргізу үшін осындай зерттеулерге барады. Сондықтан жұмыс уақытының шығынын азайту үшін кәсіпорында еңбек тәртібін қатайту, техникаларды жаңаларымен алмастыру, жұмысшыларды уақытында шикізаттармен, материалдармен қамтамасыз ету қажеттілігі сияқты шаралар ұсынылады. |