Главная страница

К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті


Скачать 2.6 Mb.
НазваниеАтырау мнай жне газ университеті
Дата17.10.2022
Размер2.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаК_сіпорын экономикасы.docx
ТипДокументы
#737883
страница46 из 57
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57

Есеп 3.


Өңдірістік өнімнің тоқсан ішіндегі көлемі — 2 500 бірлік. Өндірістік өзіндік құны 70 мың. тг/данасы. Бастапқы өндіріс шығындары 32 мың тг. Өндірістік цикл ұзақтығы — 5 күн. Шығындар біркелкі өседі. Аяқталмаған өндіріс нормативын табу.

Есеп 4.


Тауарлық өнім құны180 млн. тг. Шығару шығыны 90 млн. тг. Тоқсан — 90 күн. Дайын өнімге айналым құралдары нормасы 8 күн. Дайын өнім нормативын табу.

Есеп 5.



Жыл ішінде айналым капиталының орташа қалдығы — 290 млн. тг. Өткізу көлемі — 1050 млн. тг. Бір айналым ұзақтығын, айналым құралдарының айналымдылық коэффициентін және тиеу коэффициентін анықтау қажет.

Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары



Есеп 1.

Кәсіпорында кадрлар саны 1000 адам.Оның ішінде өндірістік-өнеркәсіптік персонал саны 980 ад.,өндірістік емес персонал -20 адамды қамтиды. Жұмысшылар – 820, жетекшілер -80, қызметкерлер саны -50, кіші қызмет көрсету персонал саны -30 адам. Өнім көлемі -7056 мың тенге. Кадрлардың құрылымын, еңбек өнімділігін анықтау.

Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы:





  1. Кадрлардың құрылымы жалпы ӨӨП санындағы әр категорияның үлестік салмағымен анықталады

А) Жұмысшылардың үлестік салмағы 820/980 . 100=83,7% Б) Жетекшілердің үлестік салмағы 80/980 . 100=8,2% В)Қызметкерлердің үлестік салмағы 50/980 . 100=5,1%

С) Кіші қызметкерлердің үлестік салмағы 30/980 . 100=3 %

Есеп 2.


Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті , еңбек тәртібін бұзған үшін 5 адам жұмыстан шығарылды, 11 адам зейнетке шығарылды, әскер қатарына 13 адам кетті.

Табу керек:

    1. Кадрлардың кету коэффициентін.

    2. Кадрлардың тұрақтылық коэффициентін.



Есеп 3.


Есепті жылы тауар өндірісінің көлемі 260 млн.тенге. Кәсіпорынның өндірістік персоналының орташа саны 120 адам. Жоспарланған жылы тауарлы өнім көлемі 280 млн.тенгені құрайды, ал ӨӨП саны 10 адамға азаяды. Бір қызметкердің еңбек өнімділігін, сондай-ақ келесі жылғы еңбек өнімділігінің өсуін анықтаңыз.

Есеп 4.


Келесі адамдардың қайсысы жұмыссыз болып саналады:

А) жарамды жұмысты газеттегі хабарландырудан қарап жүрген зейнеткер;

Б) 3 ай бұрын жұмысын жоғалтып, жаңа жұмысты әлі іздеп жүрген адам; В) Жұмыс істегісі келген, бірақ жұмыс іздеуді әлі бастамаған студент;

Г) жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде жұмыс істейтін студент;

Д) Жұмыс орнынан уақытша шығып, сол орынға қайтуды күтіп отырған, сондықтан жұмыс іздемей жүрген адам;

Е) 8 ай бойын жұмыс іздеп, экономикалық жағдайыдың жақсарғанын күтуді шешкен адам.

1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57


написать администратору сайта