К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті
Скачать 2.6 Mb.
|
Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі қапиталыЕсеп 1. Кәсіпорын бойынша жыл басында негізгі өндірістік қорлар құны 85 млн. тг. құрады. Сәуірде кәсіпорын 10 млн. тг – ге жабдықтар сатып алды, ал тамыз айында 8 млн. тенгеге машиналарды істен шығарды. Шамамен амортизациялық норма 11% - ға тең. Жыл бойына кәсіпорын 75 млн. тенгеге өнім шығарды. Есептеу тәртібі: Негізгі қорлардың орташа жылдың құнын анықтау. Жылдық амортизациялық төлем көлемін анықтау. Қорқайтарылымдықты есептеу керек. Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы:Негізгі қорлардың орташа жылдың құны негізгі капиталдың жыл басындағы,енгізілген және жойылған құндары негізінде анықталады НӨҚорт.ж. = НӨҚж.б. + НӨҚ енг . Тенг/12 – НӨҚ ж .Тж/12= 85млн+10млн.9/12-8млн .8/12=87,2 млн.тенге. Жылдық амортизациялық төлем көлемі 87,2 млн .11/100 =9,6 млн.тенге. 3.Негізгі капиталдың қорқайтарылымдығы Ққ =75млн/87,2 млн=0,86млн.тенге. Есеп 2.Негізгі капитал жыл басында 4000 мың тенге. Наурыз айында 12000 мың теңгеге қондырғы сатып алынды, шілде айында 720 мың тенгеге қондырғы істен шығарылды. Негізгі құралдардың орташа жылдық құнын анықтау керек. Есеп 3.Кесте 1. Негізгі капитал құрамы
Кестеде берілген мәліметтер бойынша негізгі капиталдың құрылымын анықтау қажет. |