Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрсеткіштер Саны

  • 12050 9.

  • К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті


    Скачать 2.6 Mb.
    НазваниеАтырау мнай жне газ университеті
    Дата17.10.2022
    Размер2.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаК_сіпорын экономикасы.docx
    ТипДокументы
    #737883
    страница45 из 57
    1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57

    Есеп 4.


    Кәсіпорында жұмыс аусымының ұзақтығы 8 сағ. тең, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты жоспарлы тоқтаулар – 1 сағ. Станоктың сағаттық өнімділігі 60 тонна өнімді құрайды. Станоктың нақты жұмыс уақыты 6 сағатты құрайды, нақты 25 тонна өнім өндірілді.Жабдықтардың интенсивті, экстенсивті, интегральді көрсеткіштерін анықтау қажет.

    Есеп 5.


    Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1050 млн тенгеге өнім өндірген,негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны 91 млн тенге. Атырау мұнай өңдеу зауыты 20502 млн тенгеге өнім өндірген,негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны 163 млн тенге. Қай зауыт тиімді жұмыс істеп жатыр. Екінші зауыттың негізгі өндірістік қорларын тиімді пайдалануда қандай ұсыныстар берер едіңіз.

    Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым капиталы



    Есеп 1.

    Өткізілген өнім көлемі – 48200 тн., 1тонна өнімнің бағасы 7350 тг. Айналым қорларының орташа жылдық құны – 27320 мың тг. Айналым капиталының айналу коэффициентін анықтау қажет.

    Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы:





      1. Өткізілген өнім құны 48200 . 7350= 354270мың тенге.

      2. Айналым капиталының айналу коэффициенті 354270мың/27320мың= 13 айналым.



    Есеп 2.


    Кесте 1. Айналым құралдары



    Көрсеткіштер

    Саны, мың тг.

    1.

    Шикізат, негізгі және қосалқы материалдар

    825,0

    2.

    Жартылай фабрикаттар

    25,0

    3.

    Отын

    40

    4.

    Тара

    14,5

    5.

    Жөндеу үшін запас бөлшектер

    165

    6.

    Аяқталмаған өндіріс

    100

    7.

    Қор айналымдылық

    120

    8.

    Жылдық өнім көлемі

    12050

    9.

    Бір айналым ұзақтығын төмендету

    5%


    Есептеу керек:

    1. Айналым құралдарының құнын анықтау;

    2. Айналым құралдарын пайдалану көрсеткіштерін анықтау;

    3. Айналым құралдырының айналымын жылдамдату нәтижесінде босатылған айналым құралдарының мөлшерін анықтау.



    1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57


    написать администратору сайта