Главная страница
Навигация по странице:

  • Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі

  • 18 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 1.Түрлі –түсті кестелер, атластар2. Үй жануарлары бауыры, ұйқы безі, муляждарСабақтың мазмұны мен жүру жоспары

  • 19 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • 20 зертханалық сабақ Тақырыбы

  • Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

  • 21 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары

  • 22 зертханалық сабақ Тақырыбы

  • 23 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


    Скачать 0.97 Mb.
    Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
    АнкорАнатомия
    Дата05.05.2022
    Размер0.97 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
    ТипДокументы
    #512839
    страница44 из 46
    1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    2. Үй жануарлары тоқ ішектері, олардың түрлері, муляждар

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    Жуан ішек (толстая кишка) — intestinum crassum — азық қорыту аппаратының артқы бөлімі. Ол бүйеннен, тоқ ішектен және артқы тесік ануспен аяқталатын, тік ішектен тұрады. Бұл ішектерде аш ішектен келген азықодан әрі қорытылып, қоректік заттар, су және тұздар сіңіріледі. Ал қорытылмаған азық қалдығынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың ұзынша қабатынан түзілген ет таспалары мен олардың аралықтарында қалташалар болады.

    Бүйен (слепая кишка) — intestinum caecum — жуан ішектің тұйық қалта тәрізді басталатын бөлігі. Барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің шекарасына барып ашылып, жуан ішектің аталған екі бөлігінің шекарасы қызметін атқарады. Тек, жылқы малында ғана мықын ішек тікелей бүйенге ашылады.

    Ерекшеліктері. Жылқы бүйенінің пішіні үтір тәріздес, көлемі үлкен, қабырғасында төрт қатар ұзын ет таспалары (taenia) және олардың аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан келген бүйеннің негізі (basis сесі) жамбас қуысында жатады, ал оның ұзын бүйен денесі (corpus сесі) құрсақ қуысының оң жағында бауырға дейін созылады. Жіңішкерген бүйен төбесі (apex сесі) сол жаққа қарай иіліп, семсерше өсінді аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен және кіші иіндер болады.

    Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні ұзынша келген, ұзындығы 30-70 см. Ол құрсақ куысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында орналасады. Оның артқы ұшы жамбас қуысында, ал алдыңғы шекарасы бел аумағының орта тұсына дейін созылады.

    Қой мен ешкі бүйенінің құрылысы мен орналасу орындары сиырға ұқсас.

    Шошқа бүйені қысқа, пішіні конус тәрізді болып келеді. Бүйеннің қабырғасында үш қатар ет таспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды және оң жаққа қарай бағытталған.

    Ит бүйенінің ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйен денесінде 2-3 иілім болады. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел омыртқалардың орта тұсында орналасады.

    Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon — жуан ішектің ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қөректену сипатына байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппен қоректенетін жануарларда ұзын болып келеді.
    Бақылау сұрақтары

    І.Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама беріп, олардың құрылысына тоқталыңыз.

    2.Түтікше мүшелер қандай қабықтардан тұрады? Олардың қабықтарының құрылысына көңіл бөліңіз.

    З.Дене куыстары, олардың сірлі қабықтары мен туындылары.

    4.Азық қорыту аппараты қандай бөлімдерден тұрады? Оларға жататын мүшелерді

    еске түсіріңіз.

    5.Ауыз куысының мүшелері, олардың құрылысына тоқталыңыз.

    б.Қызметі мен құрылысына байланысты тістің түрлері, олардың құрылысы. Жануарлардың түрлеріне байланысты тіс формулалары.

    7.Жұтқыншақтың құрылысы. Өңеш бөліктерінің кұрылыс ерекшеліктері.

    8.Қарынның түрлері, олардың құрылысы.

    9.Ащы ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері.

    10.Қабырғадан тыс жатқан ірі ас қорыту бездері, олардың құрылысы.

    ІІ.Жуан ішектің бөліктері, олардың жаңуарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

    12.Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 333-345 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б
    18 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Бауыр мен ұйқы безінің анатомиясы

    Сабақтың мақсаты:Бауыр мен ұйқы безінің анатомиялық құрылысымен танысу. Әр жануарларда бауыр мен ұйқы безін анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін ажырату.

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    2. Үй жануарлары бауыры, ұйқы безі, муляждар

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    Бауыр құрсақ қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет (facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал, вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң және сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы куыс венаның өтетін орны көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықтар (incisura interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus hepatis sinister) және олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе және бүғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам (іштөлінің бұрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам оз кезегінде екіге ажырап, оң және сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v. portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы қүйрықты бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратты) бөлікке — lobus quadratus — бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы және құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды және медиальды бөліктерге (lobus dexter lateralis et medialis), ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөліқ те екіге: латеральды және медиальды бөліктерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis — бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді.

    Ұйқы безі (поджелудочная железа) — pancreas — қосарынан қызмет атқаратын, құрылысы мен қызметі әр түрлі екі: экзокринді және эндокринді бөліктерден құралған аралас без. Сыртқы секреция безі ретінде ол құрамында ас қорыту ферменттері (белоктарды, көмірсуларды, майды қорытатын) мол ұйқы безі сөлін бөліп, он екі елі ішек куысына шығарады. Ал ішкі секреция безінің қызметін ұйқы безі аралшықтарының жасушалары (инсулоциттері) атқарады. Ұйқы безінің паренхимасы энтодермадан, стромасы мезенхимадан дамиды. Ұйқы безі құрылысы жағынан құрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

    Ұйқы безі — паренхималы мүше. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі сірлі жапырағының аралығында орналасады. Ұйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі елі ішекке ашылады. Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.
    Бақылау сұрақтары

    1.Ащы ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері.

    2.Қабырғадан тыс жатқан ірі ас қорыту бездері, олардың құрылысы.

    3.Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 333-345 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б
    19 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Альвеолалар тарамдарының құрылысы. Әр түрлі жануарлардағы өкпенің құрылысы мен орналасу орны. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің анатомиясы: өкпе, бронхиальдық тарам.

    Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшелерін микроскопиялық деңгейде ажырата білу. Тыныс жолдары мен тыныс алу бөлімінің мүшелері құрамына кіретін ұлпаларды микроскопиялық деңгейде ажырату. Тыныс жолдары мен өкпенің анатомо-гистологиялық құрылысы. Өкпенің ең ұсақ бірлігі – ацинус туралы түсінік. Бронхтардың бифуркациясын білу. Бронхтардың түрлері, олардың құрылысындағы айырмашылықтарын зерттеу.
    Бақылау сұрақтары

    1.Тыныс алу жүйесіне жататын мүшелер және, олардың атқаратын қызметтері.

    2. Тыныс жолдары, олардың құрылысы, қызметі.

    3. Тыныс алу бөлімі, оның құрылысы, қызметі.

    4.Диаметрі әртүрлі бронхтар қабырғасының құрылысы және ондағы ерекшеліктер.

    5. Орта бронхтың құрылысы, кіші бронхтан айырмашылығы.

    6.Диаметрі әртүрлі брохтардың фиброзды - шеміршекті қабығының құрылысы және қызметі.

    7. Ірі, орта және кіші бронхтардың кілегейлі қабығының құрылысындағы ерекшеліктер.

    8. Альвеолалардың (өкпе көпіршектерінің ) құрылысы және қызметі.

    9. Өкпедегі газ алмасу процесі қалай жүреді?
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 363-382 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    20 зертханалық сабақ

    Тақырыбы: Үй жануарлары жүрегінің анатомиялық құрылысы және топографиясы. Аорта доғасы құрылысы және топографиясы, көкірек және құрсақ аортасы.

    Сабақтың мақсаты: Дененің магистральдік артериясы-аорта бөліктері мен олардың тарамдалатын қан тамырларын білу. Қолқа доғасының тармақтары мен артерияларын жаттау

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)

    2.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    1-тапсырма. Әр түрлі жануарлар қолқа доғасының тармақтары мен артерияларын жіктеп жаттау.

    1-кесте

    Аорта доғасы және оның тармақтары







    Бақылау сұрақтары

    1.Қолқа қандай бөлімдерге бөлінеді?

    2.Қолқа доғасына қандай артериялар ажырайды?

    3.Иық-бас бағаны қандай тармақтарға ажырайды? Олар тамырландыратын дене аумақтарын еске түсіріңіз

    4.Көкірек қолқасының тармақтарын атаңыз

    5.Құрсақ қолқасының тармақтарын атаңыз

    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 457-465 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    21 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Ұрғашы жануарлар көбею жүйесі мүшелерінің анатомиясы: жұмыртқалық, жатыр. Плацентаның түрлері

    Сабақтың мақсаты: Аналық жыныс мүшелерін микроскопиялық деңгейде ажырату. Жұмыртқалықтың жасушалық құрамын бір-бірінен микроскопиялық деңгейде айыру. Овогенездің кезеңдері және олардың мәні. Жұмыртқалықтың секреттік және эндокриндік қызметтерін түсіндіре білу. Аналық жыныс мүшелерінің эмбриональдік дамуындағы ерекшеліктері
    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Микроскоп, гистопрепараттар

    2.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    3.Ұрғашы жануарлардың аналық көбею мүшелерінің макропрепараттары мен олардың тілімдері

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    № 1 препарат. Жұмыртқалық (аналық жыныс безі). Жұмыртқалықтың суретін салып, онда төмендегідей атауларды белгілеңіздер: бастама эпителий, көпіршікті фолликулдар, сары дене, атрезиялық дене, тамырлы аймақ: қан, лимфа тамырлары, борпылдақ дәнекер ұлпасы.

    № 2 препарат. Жатыр мүйізі.

    Жатыр мүйізінің суретін салып, төмендегідей атауларды белгілеңіздер:

    1. Кілегейлі қабық: бір қабатты куб тәрізді эпителий, борпылдақ дәнекер ұлпа, жатыр бездері.

    2. Етті қабық: ішкі сақинаша, тамырлы, сыртқы ұзынша қабаттар.

    3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнкер ұлпа, мезотелий.

    Бақылау сұрақтары

    1. Жұмыртқалықтың атқаратын қызметтері.

    2. Овогенез, оның кезеңдері, ондағы түзілетін жасушалар.

    3. Алғашқы фолликулдардың құрылысы.

    4. Өсуші фолликулдардың құрылысы.

    5. Көпіршікті фолликулдардың құрылысы.

    6. Сары дененің құрылысы.

    7. Атрезиялық фолликулдардың құрылысы.

    8. Жұмыртқалықтың аймақтары.

    9. Жұмыртқалықта түзілетін гармондар, олардың организмге тигізетін әсері.

    10. Жатырдың маңызы, қабықтарының құрылысы.
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1. Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 416-424 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    22 зертханалық сабақ

    Тақырыбы: Еркек жануарлар көбею жүйесі мүшелерінің анатомиясы: ен, ен қап, қосымша жыныс бездері.

    Сабақтың мақсаты: Аталық жыныс мүшелерін құраушы ұлпаларды микроскопиялық деңгейде ажырыту. Еннің(аталық жыныс безі) жасушалық құрамы. Жасушаларды микроскопиялық деңгейде айыру. Сперматогенездің кезеңдері және олардың мәні. Еннің секреттік және эндокриндік қызметтерін түсіндіре білу. Аталық жыныс мүшелерінің эмбриональдік дамуындағы ерекшеліктері.

    Аталық көбею мүшелері (органы размножения самца) — organa genitalia masculina — негізгі жыныс безі еннен, жыныс жолдарынан (em қосымшасы, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі) және көмекші мүшелерлен (енқап, күпек) тұрады.

    Ен (семенник) — testis, s. didymis, s. orchis — пішіні сопақша келген жұп аталық жыныс безі. Ол құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Енде аталық жыныс жасушалары сперматозоидтар көбейіп жетіледі және аталықжыныс гормоны тестостерон түзіледі.

    Ен құрсак қабырғасынан пайда болған арнайы қалташа құрылым енқапта орналасады. Оның ен басы (extremitas capitata), ен денесі (corpus testis), ен құйрығы (extremitas caudata) сияқты бөліктерімен қатар, ен қосымшалық жиегі (margo epididymidis) және бос жиегі (margo liber) мен латеральды және медиальды беттері болады. Енді сыртынан өзіндік қынаптық қабық (сірлі қабық ішперденің висцеральды жапырақшасының жалғасы)— tunica vaginalis propria — пен оның астындағы ақ қабық (тығыз дәнекер ұлпасы) — tunica albuginea testis — қаптап жатады. Ақ қабық еннің басынан қүйрығы жағына қарай уңгілей еніп, ен ортасын (mediastinum testis) құрайды. Ақ қабықты ен ортасымен байланыстырып отыратын тығыз дәнекер ұлпалық ен перделіктері (septula testis) ен паренхимасын (parenchima testis) бөліктерге бөледі. Дәнекер ұлпалық ақ қабық, ен ортасы және перделіктер еннің стромасын, ал оның паренхимасын ен бөлікшелері құрайды. Ен бөлікшелерін қабырғаларында сперматозоидтардың түзілу процесі сперматогенез жүретін 2-4 ирек тұқымдық өзекшелер (tubuli semimfen contorti) құрайды. Бұл өзекшелердің аралығында борпылдақ дәнекер ұлпасы мен аталық жыныс гормонын бөлетін аралық (интерстициальды) жасушалар орналасады. Ен бөлікшелеріндегі ирек тұқымдық өзекшелер ен ортасына қарай бағытталып, түзу тұқымдық өзекшелерге (tubuli seminiferi recti) айналады. Олар өз кезегінде ен ортасында бір-бірімен қосылып ажырып, ен торын (rete testis) жасайды.
    Бақылау сұрақтары

    1.Аталық жыныс жүйесіне жататын мүшелерді атаңыздар.

    2.Еннің құрылысы және атқаратын қызметтері.

    3.Еннің жалпы құрылысы схемасы.

    4.Сперматогенез, оның кезеңдері, одан түзілетін жасушалар.

    5.Сертоли жасушаларының құрылысы және атқаратын қызметтері.

    6.Жыныс гармонының түзілуі, организмге тигізетін әсерлері.

    7.Аталық жыныс мүшелерінің эмбриональдық дамуы.
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 399-415 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б
    23 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің морфологиясы: гипофиз,

    қалқанша безі, бүйрек үсті безі.

    Сабақтың мақсаты: Ішкі секреция мүшелерін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде айыра білу. Эндокринді мүшелердің құрылысындағы жалпы заңдылықтар және олардың эмбриональдік дамуы. Эндокринді мүшелер безді жасушаларының гормондарды түзудегі қызметі, ішкі секреция мүшелерінің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысы туралы мәліметті және олардың гистохимиялық талдауын қызметтерімен байланыстыру. Гипоталамустың ішкі секреция бездерімен байланысы және оның нейрогуморальдік реттеуге қатысы. Гипофиз, қалқанша без және бүйрек үсті бездері гистологиялық құрылысының атқаратын қызметтерімен байланысы.

    Ішкі секреция бездері немесе эндокринді (грек, endon — іш, ішке; krinos — шығару) бездер (эндокринные железы) биологиялық белсенді заттар — гормондарды (грек, hormao — қоздырамын) организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы организмдегі зат алмасу процесін, организм ұлпалары мен мүшелерінің дамуы мен сомалық өсу және көбею қызметтерін реттеуге қатысатын қомақты паренхималы мүшелер мен жекеленген жасушалар жүйесі. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Сондықтан, олар гормондарын (инкреттерін) организмнің сұйықішкі ортасына бөледі. Осыған байланысты, ішкі секреция без­дері микроайналым арнасы қан тамырларымен жоғары деңгейде жабдықталған. Гормондар қан және лимфа тамырларындағы сұйық ұлпалардың ағысымен организмнің барлық мүшелері мен ұлпаларына таралып, жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Организм мүшелері мен мүшелер жүйелері қызметтерінің сұйық ұлпалар арқылы реттелуін сұйықтық (гуморальды — грек, humor — сұйық) реттелуі — дейді. Эндокринді бездер организмнің әр түрлі жерлерінде орналасады. Бірақ, олар бір-бірімен тығыз байланыста үйлесімді қызмет атқарады. Сондықтан, ішкі секреция бездерін біртұтас эндокринді бездер жүйесіне жатқызады. Гуморальды реттелудің нәтижесінде организмдегі әр түрлі мүшелер жүйелерінің қызметтері бір-бірімен үйлестіріліп, біртұтастық сипат алады. Осыған байланысты ішкі секреция бездерін, тамырлар және жүйке жүйелерімен бірге біріктіргіш немесе интеграциялық мүшелер жүйелері тобына жатқызады.
    1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46


    написать администратору сайта