Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
Скачать 0.97 Mb.
|
|
Көкірек керегесінің артериялары | |
| |
2-тапсырма. Ішкі және сыртқы көкірек артерияларының көкірек керегесі артерияларына байланысын анықтаңыз. Өлекседен тауып көрсетіңіз
2-кесте
Ішкі және сыртқы көкірек артериялары | |
| |
Бақылау сұрақтары
Қолтық артериясы қандай бөлімдерге бөлінеді?
Қолқа доғасынан алдыңғы аяққа қандай артериялар ажырайды?
Алдыңғы аяқтың негізгі артерияларын атаңыз
Иық артериясының тармақтарын атаңыз
Жалпы сүйекаралық артерияның тармақтарын атаңыз
Көкірек артериясы қандай бөлімдерге бөлінеді?
Қолқа доғасынан көкірек керегесіне қандай артериялар ажырайды?
Көкірек керегесінің негізгі артерияларын атаңыз
Көкірек қабырғасы артерияларының тармақтарын атаңыз
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 480-486 б
2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.
3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
№ 26 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Құрсақтың, құрсақ қуысы мүшелерінің қан тамырлары.
Сабақтың мақсаты: Құрсақтың, құрсақ қуысы мүшелерінің қан тамырларымен танысу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Атластар, муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Құрсақ қолқасы артерияларының тармақтары
құрсақ қолқасы (брюшная аорта) — aorta abdominalis — диафрагмадан кейінгі қолқаның жалғасы. құрсақ қолқасы омыртка бағанының төменгі бетінде, артқы (каудальды) қуыс венаның сол жағында орналасады. диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек куысынан құрсақ қуысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: құрсақ қуысы қабырғасына париетальды артерия тармақтары, ал құрсақ куысындағы ішкі мүшелерге висцеральды артерия тармақтары бөлінеді.
Құрсақ қолкасының париетальды артерия тармақтары, құрсақ қолқасының висцеральды артерия тармақтары
Бақылау сұрақтары
Қолтық артериясы қандай бөлімдерге бөлінеді?
Қолқа доғасынан алдыңғы аяққа қандай артериялар ажырайды?
Алдыңғы аяқтың негізгі артерияларын атаңыз
Иық артериясының тармақтарын атаңыз
Жалпы сүйекаралық артерияның тармақтарын атаңыз
Көкірек артериясы қандай бөлімдерге бөлінеді?
Қолқа доғасынан көкірек керегесіне қандай артериялар ажырайды?
Көкірек керегесінің негізгі артерияларын атаңыз
Көкірек қабырғасы артерияларының тармақтарын атаңыз
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 480-486 б
2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.
3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
№27 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Ми жүйке талшықтары және құрылуы, 12 жұп ми жүйкелері
Сабақтың мақсаты: Мидың түрлері мен құрылысын, үлкен ми жабынының цитоархитектоникасы мен миелоархитектоникасының айырмашылықтарын білу. Ми жүйкелерін атқаратын қызметтері бойынша жіктеп, жаттау. Мидың анатомо-гистологиялық құрылысын анықтау. Микроскопиялық тұрғыдан жасушалардың түрлерін ажырата білу.
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Ми жүйкелері 12 жұп болып, мидың төменгі бетінен бассүйектің тесіктері аркылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді. Ми жүйкелері қатарында шеттен басталып, тітіркенстерді ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал (I, II, VIII), тітіркеністерді ми орталықтарынан шеткі бұлшық еттерге жеткізетін таза қозғалтқыш (Ш, IV, VI, XI, XII) және аралас жүйкелер (V, VII, IX, X) болады. Ми жүйкелері кұрамыңда, олар жүйкелеңдіретін мүшелер тамырларының қызметін реттейтін симпатикалық жүйке талшықтары (алдыңғы симпатикалық жүйке ганглийінен келеді) болады. Ми жүйкелерінің 10 жүбы (X, XI жұптарынан басқалары) бас аумағы мүшелерін жүйкелендіреді.
Бақылау сұрақтары
1. Көлденең саңылау арқылы ми қандай бөлімдерге бөлінеді?
2. Ромб тәрізді ми қандай бөлімдерге бөлінеді?
3. Артқы ми қандай ми бөлімдерінен тұрады?
4. Сопақша мидың орналасу орны мен құрылысына тоқталып, тіршілікке тым қажет вегетативті орталықтарды атаңыз.
5. Мишық пен ми көпірінің макро және микроморфологиялық құрылысы.
6. Ортаңғы, аралық, соңғы ми бөлімдері. Атқаратын қызметтері.
7.Ми жабынының гистологиялық құрылысына толығырақ тоқталыңыз.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 545-559 б
2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.
3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
№28 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесі және оның симпатикалық, парасимпатикалық бөлімдері.
Сабақтың мақсаты: Вегетативті жүйке жүйесі және оның симпатикалық, парасимпатикалық бөлімдерін білу.
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Вегетатнвті жүйке жүйесі жануарлар организмінде ішкі мүшелер және тамырлар жүйелерінің қызметтерін реттейді. Бұл жүйенің жоғары вегетативтік орталықтары аралық, ортаңғы және сопақша ми бөлімдеріндегі қыртысасты ядроларында орналасады, яғни олар үлкен ми қыртысы орталықтарымен тікелей байланыста болмайды. Олардың байланысы аралық байланыстырғыш нейроциттердің деңгейінде ғана жүреді. Вегетативті неироцнттердің көбі мүшелер қабырғаларында немесе олардың қабырғаларынан тыс жатқан жүйке ганлийлерінде (түйіңдерінде) орналасады. Олардан шығатын жүйке өсінділерінін көбі сомалық жүйке талшықтарына қарағаңда жіңішке миелинсіз жүйке талшықтарын түзеді және олар жүйке тітірркеністерін баяу өткізел: (0,5 - 2 м/с). Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлікке (pars sympatica) және парасимпатикалық бөлікке (pars parasympatica) бөлінеді. Вегетативті жүйке жүйесінің аталған бөліктері орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Вегативті жүйке жүйесі төмеңдегідей белімдерден тұрады:
1) орталықтардан,
2) түйіналды (преганглиоңды) жүйке талшықтарынын, (миелинді)
3) жүйке түйіндерінен (ганглийлерден),
4) түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтарынан (миелинсіз)
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталыгы жұлынның сұр затында, оның көкірек-бел сегменттерінің латеральды мүйіздерінде біртұтас орналасады. Ол мультиполярлы нейроциттерден құралған. Нейроциттер аксондары миелинді жүйке талшықтарын түзіп, вентральды жұлын түбіршіктері құрамында омыртқа бағаны өзегінен шығады да, ақбайланыстырғыш тармақтар ретінде жұлын жүйкелерінен бөленіп, симпатикалық жүйке түйіңдеріне (ганглийлерге) бағытталады. Бұларды түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары - деп атайды. Аталған жүйке талшықтары симпатиқалык жүйке түйіндеріңдегі мультиполярлы вегетативтік нейроциттерде синапс арқылы аякталады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері жұп омыртқамаңы ганглийлері және тақ омыртқаалды ганглийлері болып екі топка бөлінеді
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары симпатикалық жүйке жүйесінің орталық тәрізді орталық жүйке жүйесі мүшелерінде біртұтас орналасады. Жүйке жүйесінің бұл бөлімінде барлығы алты өзіндік орталық болады. Олар ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның кұйымшақ бөлімінің сегменттері сұр затының латеральды мүйіздерінде орналасады.
Ортаңғы ми орталығы көз-қимыл жүйкесінің парасимпатикалық ядросыңда
Сопақша мида төрт орталық болады.
Бақылау сұрақтары
1.Вегетативті жүйке жүйесі сомалық жүйке жүйесімен салыстырғанда қандай ерекшеліктермен сипатталады?
2.Вегетативті жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
З.Симпатикалық жүйке жүйесінің өзіндік орталығы қай жерде орналасады?
4.Симпатикалық жүйке жүйесінің қандай ганглийлерін білесіз?
5.Омыртқамаңы ганглийлерінің бөлімдеріне, ақ және сұр байланыстырғыш
тармақтарына сипаттама беріп, олардың жүйкелендіру аумақтарын атаңыз.
б.Омыртқаалды ганглийлеріне, олардың жүйкелендіру аумақтарына сипаттама беріңіз.
7.Такырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.
І.Парасимпатикалық жүйке жүйесі орталыктарынын орналасу ерекшеліктеріне тоқталыныз.
2.Парасимпатикалық жүйке жүйесінің қандай орталықтарын білесіз, олар қайда орналасқан?
З.Ортаңғы ми орталығы, ойың жүйкелендіру аумақтары.
4.Козжасын бөлу орталығы, онын жүйкелендіру аумақтары.
5.Алдыңғы сілекей белу орталығы, оның жүйкелендіру аумақтары.
6.Артқы сілекей белу орталығы, онын жүйкелендіру аумақтары.
7.Іштік орталық, онын жүйкелендіру аумақтары.
8.Құйымшақ орталығы, онын жүйкелендіру аумақтары.
9.Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке кешіріп алып, оларды жаттаныз.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 545-559 б
2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.
3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
№ 29 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Есту тепе-теңдік сезім мүшелерінің құрылысы, орналасу орны, қызметі
Сабақтың мақсаты: Есту-тепетеңдік мүшесі немесе құлақ (преддверноулитковый орган) organum vestibulo-cochlearis s. auris — аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш бөлімі. Есту-тепетеңдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-тепетендік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық қыртысында және үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-тепетеңдік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақ күшін (гравитациялық), тербеліс, сызықтық және бұрыштық әсерлерді қабылдайтын сезім мүшесі. Ол екінші сезімтал (эпителиосенсорлы) сезім мүшелеріне жатады. Құлақ үш бөлімнен: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Есту-тепетеңдік мүшесінің қабылдағыш рецепторлары ішкі кұлақтың жарғақты шытырманында орналасады. Ал сыртқы және ортаңғы кұлақтар көмекші құрылымдар қызметін аткарады.
Бақылау сұрақтары
1. Талдағыштар деген не және олар қандай бөлімдерден тұрады?
2.Рецепторлардың қандай түрлерін білесіз? Олар тітіркеністерді дененің қандай бөліктерінен қабылдайды?
3.Қандай әкстерорецепторларды білесіз?
4.Есту-тепетеңдік мүшесінің құрылысы және орталықтары.
5. Иіс, дәм, тері сезімі мүшелерінің құрысы және орталықтары.
6.Тақырып бойынша қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 570-585 б
2 Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.
3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
№ 30 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Құстар анатомиясының ерекшеліктері (қаңқа, бұлшық ет, тері, ішкі мүшелер, жүрек, қан тамырлар)
Сабақтың мақсаты: Қаңқа. Құстардың қаңқа сүйектері жеңіл де, берік келеді. Жіліктерінің куыстары ауаға толған. Бассүйек сүйектері тұтаса бірігіп кеткен. Олардың араларындағы жіктер білінбейді. Бет бөлімінде мұрын, тұмсық және жоғарғы жақ сүйектер бірігіп, ми сауыты бөлімімен қозғалмалы байланысатың тұмсықүсті қаңқасын құрайды. Жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектерінде тіс болмайды. Оларды бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысқан таңдай, қанатша және шаршы сүйектер жалғастырады.
Құстың бұлшық еттері үй жануарлары бұлшық еттеріне ұқсас. Ұшатын құстарда төс бұлшық еттері, жүретін құстарда жамбас бұлшық еттері жақсы жетілген. Бет бұлшақ еттері болмайды. Артқы аяқ бұлшық еттері нің ішінде, бұтақтарға қонған кезде буындарды бүгу арқылы тырнақтарды тартып, құс тырнақтарының күш жұмсамай-ақ бұтақтарды қысып тұруына ықпалын тигізетін сымбат бұлшық еті өте жақсы жетілген.
Тері жабыны және оның туындылары.
Ішкі мүшелер жүйелері көкірек-құрсақ дене қуысында орналасады. Құстарда көкірек және құрсақ қуыстарын бөлетін көкет нашар жетілгеңдіктен, олар бір-бірінен толық бөлінбеген.
Тамырлар жүйесі. Құс жүрегінің оң қарыншасында емізікше еттер мен оң жүрекше-қарынша қақпақшасы болмайды. Қолқа доғасы оң жақта, артқы куыс вена қысқа болады. Бауырдағы қақпактық вена екі бағаннан тұрады. Оның сол бағаны вена қанын көкбауыр мен қарыннан, оң бағаны ішектерден жинайды.
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Ортаңғы мида төрттөмпешік орнында екі төмпешік болады. Аралық мида емізікше дене болмайды, көру төмпегі нашар жетілген. Үлкен ми қыртысының сырткы беті тегіс, ми қатпарлары болмайды. Күсті денені бірнеше көлденең жатқан жүйке талшықтары ауыстырады. Бүйірлік қарыншалардың арасында мөлдір перде болмайды. Көптеген құстардың көздері қарама-қарсы жаққа бағытталған. Көп құстарда сыртқы құлақ орнында терілі қатпар болады. Есту сүйекшелерінің орнында тек бір сүйекше болады. Оны баған сүйекшесі — деп атайды.