Главная страница
Навигация по странице:

  • Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі

  • 10 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • 11 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • 12 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • 13тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • 14 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • Тақырыбы

  • Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 1.Микроскоп, гистопрепараттар2.Түрлі –түсті кестелер, атластарСабақтың мазмұны мен жүру жоспары

  • 15 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

  • Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары

  • 16 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • 17 тәжірибелік сабақ Тақырыбы

  • Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


    Скачать 0.97 Mb.
    Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
    АнкорАнатомия
    Дата05.05.2022
    Размер0.97 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
    ТипДокументы
    #512839
    страница43 из 46
    1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

    Бақылау сұрақтары

    1. Омыртқа бағанының бұлшық еттері қандай топтарға жіктеледі?

    2. Қандай бұлшық еттер омыртқа бағанының дорсальды бұлшық еттерін құрайды?

    3. Қандай бұлшық еттер омыртқа бағанының вентральды бұлшық еттерін атап,олардың құрылысын және жануарлардағы ерекшеліктерін еске түсіріңіз

    4. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,оларды жаттаңыз


    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 259-264 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    10 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Артқы бақай буындарына әсер ететін бұлшық еттердің түрлері және құрылыс ерекшеліктері

    Сабақтың мақсаты: Артқы бақай буындарына әсер ететін бұлшық еттердің түрлері, құрылыс ерекшеліктері және қызметімен танысу. Тізе және бақай буындарына әсер ететін бұлшық еттерін өлекселік препараттан тауып, муляжпен, атласпен салыстыра отырып, қазақша-латынша атауларымен қатар жаттау. Әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерімен бірге бұлшық еттердің құрылысы, басталатын және аяқталатын нүктелеріне зейін аудару.
    Бақылау сұрақтары

    1. Артқы бақай буындарына әсер ететін бұлшық еттері қандай топтарға жіктеледі?

    2. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,оларды жаттаңыз


    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 259-264 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    11 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Көкірек керегесінің және құрсақ бұлшық еттері.

    Сабақтың мақсаты: Көкірек керегесінің бұлшық ет топтарын тыныс алу актісіне қатысуы бойынша жіктеу. Инсператорлар және экператорларды білу. Құрсақ бұлшық еттерінің түрлерін әр малда қарастыру.
    Көкірек керегесінің бұлшық еттері көкірек керегесінде орналасаып, қабырғалар мен төссүйекті сыртқа қарай тартып бір-бірінен ажыратып, көкірек қуысын кеңейтеді де, ішкі тыныс алуды және көкірек қуысын қысып тарылтып, сыртқа дем шығаруды қамтамасыз ететін бұлшық еттер.

    1-тапсырма. Көкірек керегесінің атқаратын қызметіне байланысты түрлері қандай және бұлшық еттерді атаңыздар

    1-кесте

    Көкірек керегесінің атқаратын қызметіне байланысты түрлері

    Инспираторлар

    Экспираторлар







    Құрсақтың бұлшық еттері әр түрлі бағытта қабаттаса орналасып, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді бірқалыпты жағдайда ұстап тұрады. Сонымен қатар, олар жиырыла отырып, ішкі мүшелерді сығып, кекіру, құсу, нәжіс пен зәр бөлу сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Тыныс алу процесіне де қатысады.

    2-тапсырма. Құрсақтың бұлшық еттерін басталатын және бекінетін нүктелері бойынша атаңыздар

    2-кесте

    Құрсақтың бұлшық еттері







    Бақылау сұрақтары

    1.Көкірек керегесінің бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді?

    2. Инспираторларға жататын бұлшық еттердің құрылысы мен қызметтеріне көңіл бөліп, олардың басталатын және аяқталатын жерлерін меңгеріңіздер.

    3.Экспираторларға қандай бұлшық еттер жатады? Олардың құрылысы мен қызметтеріне көңіл аударыңыздар

    4.Құрсақ бұлшық еттерінің құрылысы мен орналасу орындарын еске түсіріңіз.
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 259-264 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    12 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Бас бұлшық еттері

    Сабақтың мақсаты: Бастыңбет бұлшық еттері мен шайнау бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметін білу. Үй жануарларының өлекселік препараттарынан бастың бұлшық еттерін тауып, басталатын және аяқталатын нүктелерімен қатар, әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктеріне көңіл аударып зерттеу.
    Бақылау сұрақтары

    Бастың бұлшық еттері қызметіне байланысты қандай топтарға бөлінеді? Оларды жеке-жеке атап, бұлшық еттердің құрылысына және жануарлар тұрлеріне байланысты ерекшеліктері мен атқаратын қызметтеріне тоқталыңыз.
    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 259-264 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет
    13тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Омыртқа бағанының бұлшық еттері.

    Сабақтың мақсаты: Бұлшықеттердің құрылысы және қызметі туралы жалпы түсінік. Омыртқа бағанының бұлшық еттерінің құрылысы және қызметімен танысу. Алдыңғы аяқты тұлғаға бекітетін және омыртқа бағанының дорсальды және вентральды бұлшық еттерін өлекселік препараттан тауып, муляжпен, атласпен салыстыра отырып, қазақша-латынша атауларымен қатар жаттау. Әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерімен бірге бұлшық еттердің құрылысы, басталатын және аяқталатын нүктелеріне зейін аудару.
    Бақылау сұрақтары

    1. Омыртқа бағанының бұлшық еттері қандай топтарға жіктеледі?

    2. Қандай бұлшық еттер омыртқа бағанының дорсальды бұлшық еттерін құрайды?

    3. Қандай бұлшық еттер омыртқа бағанының вентральды бұлшық еттерін атап,олардың құрылысын және жануарлардағы ерекшеліктерін еске түсіріңіз

    4. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,оларды жаттаңыз


    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 259-264 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет

    14 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Тері және тері туындылары: сүт безі, тер бездері мен май бездері,түк, май табан, тұяқ.

    Сабақтың мақсаты: Терінің және тері туындыларының құрылысы мен қызметін білу. Үй жануарларының өлекселік препараттарынан құрылысын әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктеріне көңіл аударып зерттеу.
    Тақырыбы: Тері және сүт бездерінің макро-, микро морфологиясы.

    Сабақтың мақсаты: Тері қабаттарын микроскоппен қарап, оларды бір-бірінен айыра білу. Тері қабаттары: эпидермис, дерма, шел. Тері туындылары - түк, май, тер бездері, олардың құрылысы. Теріні құраушы ұлпалардың қызметі. Тері және оның туындыларының қызметі. Жануарлардың сүт бездерінің құрылысы: паренхима және строма. Гландулоциттерде сүттің түзілуі және оның нейро - гуморальдық реттелуі.

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Микроскоп, гистопрепараттар

    2.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    № 1 препарат. Тері.

    Терінің үш қабатын қамтитын препаратты зерттеп, оның суретін салыңыздар. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: эпидермис (көп қабатты мүйізделген жалпақ эпителий), дерма: а) емізікше қабат (борпылдақ дәнекер ұлпасы), б) торлы қабат (тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы), түк талшығы, түк түбірі, түк қынабы, түк қапшығы, түк баданасы, түк емізікшесі, май бездері, тер бездері, шел қабаты (борпылдақ дәнекер ұлпасы).

    № 2 препарат. Сүт безі (желін).

    Альбомға бірнеше сүт бөлікшелерінің, бөлікшеаралық борпылдақ дәнекер ұлпасының, бөлікшеаралық өзектің суретін салыңыздар. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: сүт бөлікшелері, альвеолалар, бір қабат куб тәрізді эпителий, бөлікшелеріндегі өзектер, бөлікшеаралық борпылдақ дәнекер ұлпасы, бөлікшеаралық өзектер.

    Бақылау сұрақтары

    1.Терінің қабаттары, олардың құрылысы.

    2.Терінің атқаратын қызметтері.

    3.Тері туындылары.

    4.Терінің шығу тегі.

    5.Түктің құрылысы.

    6.Тері және май бездері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары.

    7.Сүт безінің құрылысы, қызметі.

    8.Сүт безі паренхимасы мен стромасы қандай ұлпалардан тұрады?

    9.Альвеолалардың және диаметрі әртүрлі өзектердің құрылысы.

    10.Сауылатын және суалған жануарлар сүт бездерінің құрылысындағы ерекшеліктер.

    11.Желін қабырғасының құрылысы.

    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 288-297 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016.

    3. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Анатомия с частой гистологией - учебник. «Айтұмар» 2018. 529 бет


    15 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Азық қорыту жүйесі бас бөлімі мүшелерінің топографиясымен анатомиясы (ауыз қуысының мүшелері, жұтқыншақ).

    Сабақтың мақсаты: Азық қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметін білу. Ауыз қуысындағы мүшелерді (тіл, ерін, тіс, бадамша, сілекей бездері) және өңешті микроскопиялық деңгейде зерттеу. Азық қорыту жолының алдыңғы бөлімі мүшелерінің қабықтары мен қабаттарын, оларды құраушы ұлпаларды микроскопиялық деңгейде ажырату.Олардың құрылысындағы ерекшеліктерге зейін қою. Ауыз қуысы мүшелері құрылысы мен гистохимиялық ерекшеліктерін олардың қызметімен байланыстыру.

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Микроскоп, гистопрепараттар

    2.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    3. Үй жануарлары бастарының сагиталтальдік кесінділері, әр түрлі жануарлардың тілдері, муляждар

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    № 1препарат. Тіл. Препарат шошқа эмбрионының төменгі жағынан жасалған. Тілдің гистологиялық суретін салып, төмендегідей атауларды белгілеңіздер: 1.Кілегейлі қабық: а) көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий, б) өзіндік планстинка. 2.Жіпше емізікшелер. 3. Саңырауқұлақша емізікшелер. 4.Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы. 5. Борпылдақ дәнекер ұлпасы.

    № 2 препарат. Тіс. Тістің дамуы. Анатомиялық құрылысына сәйкес тіс үш бөліктен тұрады: тіс сауыты, тіс мойны, тіс түбірі. Тістің гистологиялық құрылысында оны құраушы төрт түрлі затты ажыратады. Олар: кіреуке (эмаль), дентин, цемент, тіс жұмсағы (пульпа). Эмаль, дентин, цемент тістің қатты бөліктерін, ал пульпа жұмсақ бөлігін құрайды. Препаратты кіші обьективпен қарап, тіс дамуының кезеңдерін анықтаңдар.

    Бақылау сұрақтары

    1.Тілдің құрылысы және қызметі.

    2.Тіл кілегейлі қабығының құрылысы.

    3.Тіл еміздіктері, олардың түрлері және қызметі.

    4.Тістің анатомиялық құрылысы.

    5.Тіс бөліктері.

    6.Тіс кіреукесінің (эмаль) құрылысы.

    7.Дентиннің құрылысы.

    8. Цементтің құрылысы.

    9.Тіс жұмсағының (пульпа) құрылысы.

    10.Тіс формуласын әр малдағы ерекшеліктерімен жаттау.

    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 318-332 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б
    16 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Азық қорыту жүйесінің ортаңғы бөлімінің құрылысы. Әр жануарларда аш ішек бөлімдерінің құрылыс ерекшеліктері

    Сабақтың мақсаты:Азық қорыту жүйесінің ортаңғы бөлімінің құрылысы. Әр жануарларда аш ішек бөлімдерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Гистологиялық препараттарды қарап, безді қарын мен алдыңғы қарынның бөлімдерін бір-бірінен айыра білу. Безді қарынның без жасушаларын микроскопиялық және субмикроскопиялық деңгейде ажырату.

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

    1.Микроскоп, гистопрепараттар

    2.Түрлі –түсті кестелер, атластар

    3. Үй жануарлары өңештері мен қарындары, олардың тілімдері, муляждар

    Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

    № 1 препарат. Ащы ішек.

    Ащы ішектің гистологиялық суретін салып, мына атауларды белгілеңіздер:

    1. Кілегейлі қабық: бір қабатты призма тәрізді бүрлі эпителий, құтыша бір торшалы без, өзіндік тақташа, ішек бүрлері,жалпы ішектік бездер (кірмелер), етті тақтащша.

    2. Кілегейлі асты негіз

    3. Етті қабық: сақинаша қабат, ұзынша қабат.

    4.Сірлі қабық.

    № 2 препарат. Безді қарын.

    Препаратты кіші обьективпен қарап, кілегейлі қабықтың біркелкі боялған жерлерін табыңыздар да, қарын бездері жақсы көрінетін жерлерін қойыңыздар. Қарынның қабырғасындағы үш түрлі қабықты бір-бірінен ажыратыңыздар. Без өзектерінің қарын шұңқырларына ашылған жерлеріне көңіл бөліңіздер. Қарынның үш қабығын, бездерін қамти отырып, оның суретін салыңыздар.Суретте мынадай атауларды белгілеңіздер:

    1.Кілегейлі қабық: бір қабатты призма тәрізді безді эпителий, қарын шұңқырлары, өзіндік пластинка, қарын түбінің өзіндік бездері: мукоциттер, негізгі жасушалар, париетальды жасушалар, етті қабат, кілегейлі асты қабат.

    2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабат.

    3.Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.

    № 3 препарат. Мес қарын.

    Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 1. Кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, бүрлер, етті қабат, кілегейлі асты негіз. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.

    № 1 препарат. Қойдың жұмыршақ қарны. Жұмыршақтың гистологиялық құрылысы суретін салып, мынадай атауларды белгілеңіздер: кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, етті қабат, кілегейлі асты қабаты, етті қабық: сақинаша және ұзынша қабаттар, сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.

    № 2 препарат. Бұзаудың қатпаршақ қарны. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 1. Кілегейлі қабық: көп қабатты жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, жапырақшалар, етті қабат, кілегейлі асты қабаты. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.

    № 3 препарат. Ұлтабар. Ағзаның кілегейлі қабығының суретін салып, оның қабаттары мен безінің құрылысын белгілеңіздер: кілегейлі қабық, оның құрамында: қарын шұңқырлары, бір қабатты призма тәрізді эпителий, өзіндік пластинка, ұлтабардың - фундальды бездері, мукоциттер, негізгі гландулоциттер, париетальды гландулоциттер, аралық дәнекер ұлпасы, қан тамырлары, бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы пластинкасы, кілегейлі асты қабаты.
    Бақылау сұрақтары

    1. Қарынның түрлері, олардың құрылысы.

    2.Ащы ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері.

    3.Қабырғадан тыс жатқан ірі ас қорыту бездері, олардың құрылысы.

    4.Жуан ішектің бөліктері, олардың жаңуарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

    5.Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

    Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

    1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 333-345 б

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

    17 тәжірибелік сабақ

    Тақырыбы: Азық қорыту жүйесінің соңғы бөлімінің құрылысы (тоқ ішектер) мен ерекшеліктері

    Сабақтың мақсаты:Азық қорыту жүйесінің соңғы бөлімінің құрылысы. Әр жануарларда тоқ ішек бөлімдерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
    1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46


    написать администратору сайта