Главная страница
Навигация по странице:

  • Мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі

  • II топ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық.

  • Ә) Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады

  • II.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 2. 1 . Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу шаралары

  • Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар.

  • Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек

  • Ата-аналарға кеңес!

  • жоба. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы


    Скачать 1.43 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы
    Дата10.11.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docxЖ.docx
    ТипДокументы
    #781097
    страница2 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    -9-

    сипаты мен дәрежесін қате түсінуіне әкеледі. Мектептегі зорлық-зомбылықты нақтырақ түсіну үшін, зорлық -зомбылық туралы халықаралық әдебиетке үңілу қажет. Бұл әдебиетте «зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлері – ешкімге айтылмайтын, сол себепті үнемі жасала беретін, қоғам мен ресми саясат және заң тарапынан ұмытылып, зерттеу, пікірталас пен дау-дамай жүргізуге лайықты деп қарастырылмайтын зорлықтар» деп көрсетеді. Көптеген елдерде зорлық-зомбылық түрлеріне психологиялық жәбірлеулер, болмашы физикалық жәбірлеулер, құрбылар тарапынан қорқыту, жыныстық ерекшелігіне қарай жәбір көру, мектеп қызметкерлерінің «тілазар балаларды» тәртіпке шақырып, жазалау үшін тән жазасын қолдануы кіреді. Физикалық зорлық-зомбылықты қамтымайтын, мектеп қызметкерлері қолданатын қатыгез және кемсіту арқылы жазалау түрлері зерттеле қоймаған, сондықтан көбінесе елеусіз қалдырылады. Біздің елдерде мектептердегі балалар арасындағы және мектеп қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықты құжатқа түсіру жөнінде біршама жұмыстар қолға алынып жатыр. .
    Ұлдар арасында зорлық-зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек. Мектептегі зорлық-зомбылықты зерттеудің басым бөлігі, бір немесе бірнеше түрінің, көбінесе физикалық зорлық-зомбылықтың, жәбірлеудің және мектеп мұғалімдерінің балалар арасындағы тәртіпті реттеу мақсатында тән жазасын қолдану сипаты мен дәрежесін түсінуге шоғырланды.
    Мектептегі құрбыларының тарапынан көрсетілген мазақ пен кемсіту олардың өзін-өзі зақымдауы мен суицидке баруы өзара себеп-салдарына байланыста екенін де байқатады. Бұл зорлық- зомбылықты зерттеудің маңызы өте зор, Қазақстандағы балаларға, оның ішінде ерекше осал балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың сипаты мен дәрежесін анықтау қажет. Балалардың мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табылады. Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте балалар арасында да, мектеп қызметкерлері тарапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім? Мектептегі балаларға қандай әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар? Біздің міндетіміз осыны анықтау және оның алдын-алу болып табылады.
    Мектептердегі зорлық-зомбылық бойынша мектеп аумағында, мектепке, мектептегі іс шараға бара жатқан немесе, мектепте өткен іс шарадан қайтып келе жатқан жолда не сол іс шара өтіп жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы балалар мектептегі

    -10-

    зорлық-зомбылықтың құрбаны, кінәлісі не куәгері болуы мүмкін. Халықаралық зерттеулер барысында әдетте мектептерде орын алатын зорлық-зомбылықтың нысандарын анықтау үшін түрлі критерийлерді пайдаланады. Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты әрекеттің түріне сәйкес жіктеу қолданылады. Мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі сәйкестендіріліп, көрсетіледі. Олардың ішінде психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым көрсету, бопсалау, қоқан-лоқы, кибербуллинг, құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту, кемсітушілік және мектеп қызметкерлерінің ұрып-соғуы арқылы жазалаулар кіреді. Соңғы жылдары қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық туралы түсінігі көбінесе мектептердегі зорлық-зомбылықтың төтенше жағдайларына, мәселен, оқушылар арасындағы төбелес, мектепте өз сыныптастарына оқ ату секілді жағдайларға назар аударуымен қалыптасты; солай бола тұрғанмен, мұндай жағдайлар жиі кездеспейді, олар мектептегі зорлық-зомбылықтың болмашы бөлігін ғана құрайды. Сонымен қатар ата-аналар арасындағы төбелес, ұрыс-керіс, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын балалар бар отбасыларында өсіп келе жатқан балалардың эмоциялары да қалыпты болмауына , ол ашу-ызаның ұлғаюына, физикалық агрессияға бейімділіктің артуына әкеледі. Осы қорытындыларға негізделе отырып, балаларды қорғау жүйелері және мектептерде тұрмыстық зорлық-зомбылық байқалған отбасылар мен осындай отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу үшін әзірленген бағдарламалардың болуы аса маңызды. Араласудың осындай бағдарламалары отбасыларындағы зорлық-зомбылық пен отбасыларындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін азайту үшін ғана емес, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайында өмір сүріп жатқан балаларды түсіну, олардың ашу-ыза мен физикалық агрессияға бейімділігімен жұмыс істеу тұрғысынан да маңызды болып табылады. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Отбасындағы ата-ананың және мектептегі ұлағатты ұстаздың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгісі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны болып табылады.

    Ә) Үндістан тәуелсіздігіне арналған қозғалыстың басшысы және зорлық зомбылықсыздық филосфиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күні екінші қазан-Халықаралық Зорлық-зомбылықсыз күні деп атап өтіледі. Халықаралық күннің басты мақсаты – Бас Ассамблеясының қарарында айтылғандай, бейбітшілік, шыдамдылық, түсіністік пен зорлық-зомбылықсыздық мәдениетін бекіту ынтасы болып табылады. БҰҰ қарарына

    -11-

    сәйкес, Халықаралық күн ағартушылық және қоғамдық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы зорлық-зомбылықсыздықты насихаттауға бағытталған. Құжатта «зорлық-зомбылықсыздық мәдениеті» көрсетілген. Зорлық-зомбылықсыз дүние -әлемнің басты тірегі. Кемсітушілікке, қорлыққа жол бермеуді әр адамның міндеті деп санаймын. Қазіргі заманда әлемде әртүрлі келеңсіз жағдайлар кобеюде. Бұның себебі, адамдардың ой-санасының өзгеруі, бұзылуы болып табылады. Әсіресе, балаларға зорлық-зомбылық көрсету де азаймай отыр. Ал балаларға бұл жағдайлар өте ауыр соққы болады, олардың ой-саналарына кері әсерін тигізеді. Сондықтан әр азамат өз балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бере білуі керек, кіші кезінен бастап-ақ мейірімділікке, кішіпейілдікке үйрету қажет.
    Халықты: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғында оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сол себепті баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеріді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен қоршаған орта шешуші рөл атқарады.
    Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгерщіліктің өзге де формалары сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-катынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамдық-экономикалық құндылықтар жатыр. Баланың болашақта өз елін қадірлейтін, сүйетін азамат болуы, әлемдегі басқа да мемлекеттерге, ұлт пен нәсілдерге сыйластықпен, түсіністікпен қарауы ата-ананың тәрбиесіне, сонымен қатар қоршаған ортаға тікелей байланысты. Рухани – адамгершілік тәрбисінде алдымен баланы тек жақсылыққа тәрбиелеп соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата – ананың да арманы орындалмақ.

    II топ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық.

    А) Отбасы — шағын мемлекет десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердәң көбі ажырасуға мәжбүр болады.

    «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын растайтын құжаттар болса,

    -12-

    әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. «Әйелдерді қорғау» орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады.

    Ә) Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

    Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей-ақ қозғалады. Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.
    II.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

    2.1. Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің

    алдын алу шаралары

    Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс, ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналарымыз жиналған екен, Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

    Осы бағытта «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-ІV Заңы, 9-бапта Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

    -13-

    жөніндегі комиссияның құзіреті берілген. Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық-экономикалық, әлеуметтік және

    ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.(4 тарау, 26 баптан тұрады).

    Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды. Онда балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған ата-ана, ата-аналық құқығынан айырылатыны, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылатыны айтылған.

    Осы заң аясында Аудандық білім беру бөлімінің 2019 жылдың 8 қыркүйек №3-6/ 4335 хатына сәйкес, 14 – 19 қыркүйек аралығында «Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында апталықтың іс – шаралар жоспары жасақталып, түрлі іс – шаралар оздырылды. Жоспар бойынша оқушылар мен ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге көмектесу, оқушыларды жағымсыз әрекеттен сақтандыру.

    Сауалнамаға 9-16 жас аралығындағы 250 оқушы қатысты, оның 130-ұл, 120-қыз балалар. Сауалнама бойынша ешқайсысына мектептегі құрдастарымен, мұғалімдерімен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды.
    Сонымен қатар, сынып сағаттары, 11 – 13 күндері оқушылар ұйымының ұйымдастырумен парақшалар таратылды. 9 -10 сынып оқушылары арасында «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында эссе жаздырылып, «Балаларымыздың дені сау болашақ үшін» атты ашық есік күндері, 14–19 қыркүйек күндері аралығында «түнгі рейд» ұйымдастырылып, оқушылардың түнгі жүрістері бақылауда ұсталды.

    Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу -білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген сөзі, біз оқушылар бойында «отансүйгіштікті», «патриотизмді» қалыптастыра отырып, көптеген келеңсіздіктердің алдын – алатындығымыздың белгісі.

    Сондықтан, зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден

    -14-

    бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.

    Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір

    салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

    Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық – зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар. Олар: Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

    Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның қажеттілігі сол жағдайлардың айтылып, оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет етеді.

    Азаматтық – патриоттық тәрбие мен зорлық – зомбылық екеуін қатар қарауымыздың себебі, егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу болса, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, өзін – өзі қорғай білуін қалыптастырудың, оқушыларға осы патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деген сөз.

    Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?

    (Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама)
    -Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.

    -Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге,

    -15

    көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

    -Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.

    -Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

     -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

     -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

    Ата-аналарға кеңес!

    1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!

    2. Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.

    3. Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.

    4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.

    5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.

    6. Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта