Главная страница
Навигация по странице:

  • Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар

  • 2.3. Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және қысқарту бойынша үлгілік бағдарламаны дайындау және енгізу

  • жоба. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы


    Скачать 1.43 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы
    Дата10.11.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docxЖ.docx
    ТипДокументы
    #781097
    страница3 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:

    1) заңдылыққа;

    2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;

    3) адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;

    4) отбасын қолдау және сақтауға;

    5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;

    6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.

    -16-
    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер

    1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

    2) жергілікті атқарушы органдар;

    3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;

    4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;

    5) ішкі істер органдары;

    6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;

    7) білім беру органдары;

    8) көмек көрсету ұйымдары;

    9) дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле жүріңіздер.


    Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар?


    1-жағдаят.

    11-сынып оқушылары сабақтан шыққан соң мектеп бітіріп кеткен С. 1000 теңге жинап беруін талап етті. Қалталарында ондай ақша болмаған соң, сол балалардың ішінен жақын тұратын баланы үйіне жұмсап, ертең сол ақшаны бесеуі бөліп жинап беретінін айтты. Бұл туралы артынан ата-аналары біліп қойып, балалармен сөйлескенде, олар өздерін ешқандай кінәсіз деп есептеді. Өйткені олар бұл ақшаны өз еріктерімен бергендігін, ешкімнің ұрып соқпағандығын айтып түсіндірді. Осы дұрыс па?
    2-жағдаят.

    11-сыныптың Ж. деген оқушысы 8-сыныптың оқушыларынан үнемі балмұздақ, кәмпит т.б алдыруды әдетке айналдырған. Ж-дан достары "сен мұны әдетке айналдырдың, біліп қойса қорықпайсың ба?" дегенде "Азар болса берген затын қайтарармын, маған не істейді дейсің?" - деп жауап берді. Осы әрекет дұрыс па?
    2.2. Мектепте зорлық-зомбылықтың көлемін азайту бойынша бағдарламалық және стратегиялық бастамалар

    Қауіпсіздік жүйесі мен саясаты жалпы болып табылады және жабық мектеп аумағы саясатын, күзетшілер немесе полиция қызметкерлерін, бақылау бейнекамераларын, металл детекторларын, кілтпен жабы- латын есіктер мен бекітілген киім нысанын пайдалануды бірге қосады (осы әдістердің аз ғана бөлігі бағасына алдыжәне осындай құрылғылар шын мәнінде зорлық-зомбылықтың деңгейін азайтатыны тексерілмеген). Замандастардан бастау алып отырған бағдарламалар замандастардың медиациясы мен кеңес беру бағдарламаларымен

    -17-

    бірге, оқушыларды зорлықтың алдын алу бойынша бағдарламалар мен страте- гияларды құруға және/немесе жүзеге асыруға ынталандырады (халықаралық зерттеулердің деректері бойынша, көрсетілген мұндай бағдарламалардың ешқайсысы тиімді болмаған) және оқушыларды мектеп мәселелерін анықтау және оларға байланысты пікірлер негізіндегі бағдарламалар мен стра- тегияларды дайындау, жүзеге асыру және бағалауға тартатын оқушылардың мәселені шешу амал- дары (бұл амал тиімді болып табылады);

    Психологиялық-әлеуметтік және психологиялық-білімдік бағдарламалар адамдар арасындағы қарым- қатынас пен жанжалдарды реттеу саласында оқушылардың жеке бас тәлімін жетілдіру және икемділігін жақсарту үшін кеңес беру, білім беру, тәлімгерлік және тренингтер ұсынуға назар аударылған зорлықтың алдын алу және қысқарту бойынша ең жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі бо- лып табылады (халықаралық зерттеулердің нәтижелері осы бағдарламалар мен стратегиялардың тиімділігіне қатысты пікірлері бойынша бірікпейді).

    Кешенді таңдалған және көрсетілген бағдарламалар қауіптің белгілі факторларын және агрессивті неме- се зорлық-зомбылық қылық көрсететін балаларға бағытталған, әмбебап бағдарламаларға қарағанда қарқындылау болып табылады, бала өмірінің мектептен тыс секторларының қатысуын талап етеді. Мұндай бағдарламалар қылығы ауызша агрессиядан ауыр зорлық-зомбылыққа дейін өзгеріп тұратын балалардың мәселелерін шешеді.

    Қауіпті бағалау және күйзелісті жағдайларда әрекет ету стратегиялары оқушы зорлық қаупін еле- стеткенде қауіптің жүйелік бағалауын жүргізу арқылы эмоциялық қиындықтарды сезетін балаларға қатысты шараларды анықтап, қолдануға және зорлық пен оның салдарымен байланысты күйзеліс жағдайларды басқара білуге арнап жасалған.

    Тәртіп саласындағы саясат пен қағидалар қорлау, зорлық-зомбылық көрсету және қысым жасаудың алдын алу үшін мектептерде қолданылатын ең кең тараған стартегиялардың бірі болып табылады. Тиімді мектеп қағидалары мен саясат айқындалды, сондай-ақ, агрессивті қылық немесе зорлық- зомбылық көрсету жағдайлары үшін қағидалар мен жазалау шараларын дәйекті түрде қолдану және қалаулы қылық үшін стимул жасаудан пайда мақұлданды.

    Мектеп климатына бейімделген бағдарламалар оқушылар әлеуетінің және пікірлерінің, ересектердің мектепке қатысты сенімдері мен сезімдері, мінез-құлық кодекстері және адамдар арасындағы жан- жалдарды шешуге арналып жасалған.
    2.3. Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және қысқарту

    бойынша үлгілік бағдарламаны дайындау және енгізу
    Қазақстан үкіметіне мектеп ортасына жағымды әсер ететін мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның көлемін қысқарту бойын- ша кешенді бағдарламасын дайындау, тексеру және құжаттандыру мақсатымен ЮНИСЕФ-пен ынтымақтасып жұмыс істеу қажет. Бұл бағдарлама Қазақстан

    -18-

    өңірлерінің біріндегі түрлі білім беру мекемелерінде тексерілген сынамалық бағдарлама болуы қажет (мысалы, жалпы білім беру мектептері, девиантты мінез- құлықты балаларға арналған мектептер және мүмкіндігі шектелген балаларға арналған түзету мектептері). Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен ұлттық универси- теттер, мектептер негізгі мүдделі тараптар болып табылады, сондықтан оларға мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу және азайту бойынша осындай кешенді бағдарламаны дай- ындауда қызмет еткен жөн. Мектептерде зорлық-зомбылықтың ал- дын алу және санын азайту бойынша үлгілік бағдарламалардың дайындалуы мен жүзеге асырылуы осы зерттеу барысындағы мектептегі зорлық көлемін бағалау бойынша алынған нәтижелерге негізделіп, мектептердегі зорлық- зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша ауқымды бағдарламалық және стратегиялық бастамалардың тиімділігі (және тиімсіздігі) құжатталған халықаралық әдебиетке сүйеніп жасалғаны маңызды.

    Мектептегі зорлық-зомбылық көрсетудің айырмашылықтарына, мектептердегі қыздарға қатысты жыныстық және гендерлік зорлық көрсетуге басым назар аудару 4-тарау кейбір гендерлік айырмашылықтар – қыздар мен ұлдар арасындағы айырмашылықтар – олардың мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырауында айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Атап айтқанда, ұлдар қыздарға қарағанда көбірек физикалық зорлық- зомбылық көрсету, қорқытып алушылық және жыныстық сипаттағы сөздер айту мен қысым көрсетудің куәгерлері болды; ал қыздар бол- са көбінесе кемсітушіліктің куәгерлері болды. Виктимизация тұрғысынан алғанда, қыздар ұлдарға қарағанда мектептегі психологиялық зорлық-зомбылық көрсету мен кемсітушіліктің құрбандары болады; ал ұлдар көбінесе физикалық зорлық-зомбылық көрсетудің құрбандары болады. Сұхбаттан алынған дерек- тер сондай-ақ, қыздар көбінесе мектептерде ұлдар тарапынан жағымсыз жыныстық сипаттағы кемсітулер мен қысым көрсетудің объектілері болатынын көрсетті. Қорытындылай келе, мек- тепте зорлық-зомбылық көрсету көзқарасы тұрғысынан алғанда, ұлдар қыздарға қарағанда психологиялық зорлық, физикалық зорлық көрсету, жыныстық қысымшылық көрсету, ки- бербуллинг және кемсітушілік актілерін көбірек жасады. Қазақстан үкіметінің мектепте зорлық көрсетудің гендерлік айырмашылығын және оның қыздар мен ұлдарға мектептерде куәгер, құрбан және зорлық жасайтын адамдар ретінде әсерін түсінуі маңызды. Сонымен қатар, олардың мектепте қыздар ұшырайтын зорлық-зомбылық көрсетудің ерекше түрлерін, әсіресе жыныстық сипаттағы сөздер айту мен қысымшылық жасау, гендерлік зорлық көрсету және кемсітушілік, олардың қыздардың білім алу мүмкіндігіне және мектеп- те өзін қауіпсіз сезінуіне теріс әсерін түсінгені маңызды. Мектептерде қыздарға қатысты жы- нысына қарай кемсітушілік, жыныстық сипаттағы қысымшылық жасау және гендерлік зорлық көрсетуді тоқтату үшін мектептерде бастамалар дайындалу керек.

    Әлсіз балаларға назар аудару және мектептегі зорлық-зомбылықпен байланысты оларға төніп тұрған қауіпті түсіну 4-тарауда кедей отбасынан шыққан бала- лар, отбасылық/тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету

    -19-

    қиыншылықтары бар отбасылар- дан шыққан балалар, қатаң және немқұрайлы қаралған балалар, ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар және мүмкіндіктері шектел- ген, даму мен білім алу бойынша артта қалған балалармен бірге әлсіз балаларға да басқа оқушылар мен мектеп мұғалімдерін қоса есепте- генде, мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болуға зор қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Кейбір жағдайларда әлсіз балалардың да мектеп- те зорлық-зомбылық жасауының қаупі зор. Мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған әлсіз балалардың сондай-ақ, өзіне зиян келтіру қаупі үлкен әрі суицидтік әрекетке бейімділік әсерінде болуы мүмкін. Алынған нәтижелерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының үкіметі және білім беру органдары әлсіз балалардың ерек- ше қажеттіліктерінің шешімімен қаматамасыз ету және әлсіз балаларға қатысты кемсітушілікті тоқтату үшін арнайы стратегияларды жүзеге асырғаны маңызды. Мектеп директорла- ры, мұғалімдер және мамандар әлсіз балалар мәселелерін және олардың мектептегі зорлық- зомбылықтың құрбандары немесе себепкерлері болу қаупінің зор екенін түсіну керек. 6-ұсыныс: Мектеп директорлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлердің кур- стары/білім алуы және жауапкершілігі 4-тарау мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлердің 21%-дан 22%-ға дейіні ғана балаларға қатысты зорлық және/не- месе мектептегі зорлық мәселелері бойынша білім алғандықтарын хабарлады және 14%- ы ғана гендерлік зорлық көрсету мәселелері бойынша білім алдғандығын көрсетті. Одан басқа, мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлердің 30%-ы ғана мектептегі зорлық көрсету және балаларға қатысты зорлық көрсету саласында заңнама және саясат мәселелері бой- ынша, 16%-ы балаларға қатысты көрсетілген зорлықты анықтау және зорлықтың құрбан- балалары мен куәгерлерден жауап алу са- ласында, және 23%-ы мектептегі зорлық жағдайдары туралы ақпарат беру бойынша білім алды. Мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлердің өте аз бөлігі мектептегі зорлық жағдайын басқару және үйлестіру (15%), мониторинг жүргізу және мектептегі зорлық жағдайларына кезекті бақылау жасау (14%) немесе балаларға қатысты мектептегі зорлыққа қарсы әрекет етудің ұлттық жүйесі саласында білім алды. Осы зерттеуде құжатталған мектептердегі зорлық- зомбылық көрсетудің сипаты мен ауқымын ескере отырып (балалар арасындағы зорлық пен мектеп директорларының, мұғалімдердің және мамандандырылған қызметкерлердің балаларға қатысты зорлықты пайдалануын қоса есептегенде) Қазақстан үкіметі мектеп дирек- торлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлер сәйкес біліктілікке ие болып, ба- лалар және жастармен жұмыс істеуге сәйкес келуін қамтамасыз еткені маңызды. Мектеп ди- ректорлары мен қызметкерлерді мұқият таңдап, сотты болушылығын тексеріп, сәйкес курстар/ білім беру және қажетті бақылау ұйымдастыру қажет; олар толығымен білікті болуы керек және кәсіби мәртебелеріне сәйкес жалақы алулары қажет. Мектептерде жұмыс істейтін барлық мектеп дирек- торлары, мұғалімдер және мамандандырылған қызметкерлер мынадай салаларда жақсы дайындалған болуы керек:

    -20-
    • Балалар құқығы, балаларды қорғау және күту, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты заңнама мен нормативтік актілер;

    • Мектеп директорлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлер әдебі кодексі;

    • Мектеп директорлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлерден тәртіптік өндіріп алу және жұмыстан шығару бойынша нормативтік актілер ;

    • Мектептерде болған зорлық-зомбылық жағдайларын тіркеу, есепке қою және ақпарат ұсыну;

    • Балаларға қатысты зорлық көрсету түрлері және оның балалар мен мектеп ахуалына әсері;

    • Ерекше мұқтаждықтары бар балалар және халықтың әлсіз топтары;

    • Балалар арасында қашып кету және өзіне зиян келтіру;

    • Сабақ берудің, оқытудың, тәртіпті сақтаудың және қарым-қатынастың зорлықсыз тәсілдері;

    • Мектептерде зорлықтың алдын алу;

    • Бұзушылықтар туралы басшылыққа ақпарат беру.

    Мектеп директорлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлер жүйелі бақылауда болғаны және класты басқару стратегияларының зорлық көрсетпей, балалар намысын қадірлейтін стратегияларды қолдануды қолдаумен қамтамасыз етілгендері маңызды. Мектеп директорлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлер сондай- ақ, тәртіптік өндіріп алу және/немесе орын- сыз қылығы мен балалармен өзара әрекеті үшін жұмыстан шығаруды қоса есептегенде өз әрекеттері үшін жауапты болулары қажет. Мектептердегі зорлық-зомбылыққа мониторингті жүзеге асыру Мектептегі зорлық-зомбылықтың жиілігі мен ауырлығы өскен сайын баланың дене және психикалық денсаулығына, әлеуметтік және психологиялық амандығына, дамуы мен үлгеріміне зақым мен зиян келтіру қаупі ұлғаяды. Осылай мектептерде зорлық және қорлық көрсету жағдайларын мүмкіндігінше жылдам анықтай отырып, зорлықты тоқтату үшін сәйкес араласуды қамтамасыз ету өте маңызды. Сонымен бірге, балалар арасында қашып кету және өзіне қол жұмсау/өзіне қол жұмсауға бейімділік жағдайларының мониторингін жа- сау және зерттеуді жүзеге асыру да маңызды, өйткені осы зерттеу көрсеткендей, үйлерінен қашатын және өзіне қол жұмсайтын бала- лар отбасындағы қиындықтар мен мектеп- те зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны туралы айтарлықтай жиі хабарлайтын (3- тарауды қараңыз). Сонымен, үйінен қашып кету, өзіне зиян келтіру және қол жұмсау балалар өмірлерінде, отбасында және үйінде, сондай- ақ білім беру мекемелерінде де қиындықтар бар екендігі туралы алдын ала ескерту болып табылады.

    Шағымдарды берудің және қарастырудың, сондай-ақ, тергеу жүргізудің тиімді тетіктерімен қамтамасыз ету 3 және 4-тараулар балалардың және мектеп қызметкерлерінің көп бөлігі мектептердегі зорлық көрсету мәселелері туралы ресми түрде баяндауға ниет білдірмегенін көрсетеді; нәтижесінде, мектептегі зорлық-зомбылық жағдайларының аз ғана бөлігі мектеп директорларына

    -21-

    хабарла- нып, тіркелген немесе мәлімделген (5- тарауды қараңыз). Мектеп директорлары, мұғалімдер және мамандандырылған қызметкерлер мектептегі зорлық-зомбылық жағдайлары ту- ралы білгенде, көбінесе оған қарсы шаралар жасамаған. Мектептердің көбінде директорлар мен қызметкерлер мезеттік шешімдер қабылдап немесе ауызша сөгіс қана айтып, мәселемен үстіртін айналысқан. Кейбір мектеп директорла- ры мектепте зорлық-зомбылық көрсеткен бала- ларды түсінуге тырысып, оларды өзгертудің ор- нына басқа мектепке көшіруді немесе мектептен шығарып тастауды дұрыс көрген, бұл мәселенің басқа мектепке немесе одан да үлкенірек қоғамдастыққа көшірілуіне алып келеді. «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша БҰҰ бүкіләлемдік баян- дамасында» жазылған ұсыныстарға сәйкес мектептердегі балалар өш алу қаупі мен сазай- ын тарту қорқынышысыз мектептердегі зорлық- зомбылық туралы хабарлау үшін қарапайым, қолжетімді және қауіпсіз мүмкіндіктерге ие бо- луы керек. Балалар мен олардың ата-аналарын мектептердегі зорлық-зомбылық туралы жасырын түрде хабарлауға ынталандыру қажет. Сонымен қатар, ата-аналарға олардың балаларына көрсетілген зорлық туралы ақпарат берген маңызды. Мектеп директорлары мен қызметкерлері мектептегі зорлық туралы ақпаратты анықтағанда немесе алғанда олардың заң бойынша осын- дай жағдайлар туралы билік басына хабарлауға міндетті болғандары маңызды немесе олар мұны заңдық міндеттемеден тәуелсіз өздері жа- саулары керек. Тиімділікті қамтамасыз ету үшін, ақпараттың берілуі әрекетті тергеумен сәйкес келуі керек. Мектептегі зорлық туралы барлық шағымдар «хабарлаушылардың» жәбірленуінен және өш алу құрбаны болуынан қорғанысты қамтамасыз ету үшін мұқият және қолма-қол тергелуі өте маңызды. Мектепте зорлық көрсететін адамдарға қарсы тиімді жазалау шараларын алдын ала жа- сау маңызды. Мектеп директорлары мен қызметкерлері балаларға қатысты зорлық –зомбылық көрсеткен жағдайда үкімет мектептердегі балаларға қатысты зорлық көрсеткені үшін жауапты адамдарға қатысты сәйкес қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және кәсіби рәсімдер мен жазалау шараларының жиынтығын қабылдауға және қолдануға міндетті. Зорлық көрсететін балалар мен ересек- тер жазадан қашып кетемін деген тұжырымдары жоққа шығарылғанға дейін мектептегі зорлық- зомбылық көрсету ешқашан толығымен жойылмайды.

    Мектептегі зорлық-зомбылықтан жапа шеккен балаларды әрекет ету және қолдау тетіктерімен қамтамасыз ету Мектеп балалардың білім алып, басқа бала- лармен қарым-қатынас жасап, уақытының көп бөлігін өткізетін негізгі ортаның бірі болып та- былады. Сонымен қатар, көп балалар үшін мек- теп балаларды қорғау жүйесін қолдауды қажет ететін балаларды анықтайтын жер болып табы- лады. Мектеп директорлары, мұғалімдері және мамандандырылған қызметкерлер әлсіз бала- лар мен балалар қорғаныс жүйесінің араласу- ын қажет ететін балаларды анықтауда маңызды рөл атқарулары мүмкін және міндетті, және олар бала, мектеп және балаларды қорғау жүйесінде байланыстырушы қызметін атқарулары қажет. Зорлықтан жапа шеккен балалар тиісті қамқорлық пен қолдау алулары керек. Зорлыққа ұшыраған ба- лалар сәйкес медициналық

    -22-

    және психологиялық көмек алулары керек. Сәйкес іс-шараларға білім беру және әлеуметтік-психологиялық қолдау немесе психикалық терапия қосылуы мүмкін. Қалпына келтіру процесінің маңызды бөлігі ретінде балалардың басқа балаларға және ере- сектерге деген сенімін қалпына келтіруге ерекше назар аударған жөн. 10 -ұсыныс: Мектеп қызметкерлері, балалар және ата-аналар үшін зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу бойынша ақпараттық- насихаттық науқандарды дайындау Қазақстан Республикасының үкіметі тиісті халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса отырып, мектеп директорларына, қызметкерлері, балалар және ата-аналарға ар- нап зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны- мен күресуді жақсарту бойынша ақпараттық- насихаттық науқандар дайындауы және жүргізуі қажет. Мұндай науқандар қатарластарының мек- тепте зорлық-зомбылық және қорлық көрсетуінің жағымсыз салдарлары мен шығындары ту- ралы ақпарат беріп отыруға міндетті. Қорлық және зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес жөніндегі науқандарды әзірлеу әсіресемектеп директорларын, қызметкерлерін және ба- лаларды қатарластарының қорлық көрсету әрекеттерін анықтауға, қатарлас балалардан көрген қорлықтары туралы хабарлауға және қорлық көрсетудің қатарлас балалар мен мектеп ахуалына тигізетін жағымсыз салдарын түсінуге ынталандыратын көтермелейтін науқандар үшін маңызды болып табылады. Мектептерде мынадай жағдайларға көмектесетін оқу бағдарламаларын, кітаптар және білім беру әдістемелерін дайындау қажет:

    • Бала құқығы, балаларға қатысты зорлық көрсету, балаларға қатысты зорлық- зомбылық көрсетудің жағымсыз салдарлары мен шығыны және балалар арасында тәртіпті түзеу мен сақтаудың баламалы тәсілдері сала- ларында білім беру.

    • Балаларды зорлық-зомбылықсыз қарым- қатынас жасауға және оларға зорлық- зомбылықсыз тәртіптік әсер етуге үйретуге, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты терең түсінуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мектептерде зорлық-зомбылық жоқ қауіпсіз жағдай туғызу мақсатында жанжалдарды рет- теуге арналған рөлдік ойын элементтері бар интерактивті оқуға үйрету.

    • Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайларын тіркеу, есепке қою және ақпараттандыру сала- ларында білім беру; сондай-ақ, мектептердегі зорлық-зомбылық туралы хабарлайтын Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен балаларды қорғау жөніндегі ұйымдарын қоса есептегенде, мониторинг жүргізу және ақпарат ұсынумен айналысатын мекемелерге балалардың қол жеткізу жолдарын үйретуге арналған оқуларға

    • Балаларды зорлық-зомбылық, қорлау және қауіпті әрекеттер жасауға мәжбүрлейтін қоғам мен қатарластарының тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұру үшін қажетті дағдыларды дамытуға үйретуге шақыратын іс-шараларды жүргізу арқылы қауіпті мінез-қылыққа са- лауатты баламаларды ынталандыруға сүйеніп балаларды әлеуметтік және өмірлік әдеттерге үйрету; ішімдік пен есірткіні асы- ра пайдаланудың жылдам әсер ететінітуралы білімдерін кеңейту; өзін-өзі қадірлеу және өзіне деген сенімін арттыруда балаларға көмек көрсету; балаларға қауіп-қорқынышты тез жеңіп шығуға
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта