Главная страница
Навигация по странице:

  • 19-бап. Профилактикалық бақылауды орнату, ұзарту немесе

  • 20-бап. Профилактикалық бақылауды тоқтату негіздемесі

  • 21-бап. Профилактикалық бақылауды тоқтату тәртібі

  • 22-бап. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын

  • 4-тарау. Профилактикалық бақылаудағы адамдардың міндеттері мен құқықтары және профилактикалық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі

  • 23-бап. Профилактикалық бақылау орнатылған адамдардың

  • 24-бап. Профилактикалық бақылауды бұзғаны үшін

  • 5-тарау. Заңдылықты қадағалау

  • 26-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен

  • 27-бап. Профилактикалық бақылаудың күшін жою немесе оны

  • 28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

  • Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Кіріспе

  • 1.1.Суицидтік мінез- құлықтың психологиялық ерекшелігі

  • -45

  • жоба. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы


    Скачать 1.43 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы
    Дата10.11.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docxЖ.docx
    ТипДокументы
    #781097
    страница6 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    -39-

    салтына, отбасындағы және тұрғылықты жеріндегі мінез-құлқына, бақылауға алынған адамның жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайларға байланысты мынадай шектеулер толық көлемінде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкін:
          1) мыналарға:
          тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамды іздеуге, ізіне түсуге, сондай-ақ олардың еркіне қарамастан олармен қарым-қатынас жасауға;
          тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккенге және оның отбасы мүшелері жеке тұрған жағдайда оларға баруға;
          тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адаммен телефон арқылы байланысуға;
          профилактикалық бақылаудың әрекет ету кезеңінде атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
          2) профилактикалық әңгіме өткізу үшін ішкі істер органына айына бір реттен төрт ретке дейін міндетті түрде келеді.
          2. Сот көмек көрсету ұйымдары жүргізілетін психокоррекциялық бағдарламаларға бару міндеттерін белгілеуі мүмкін.
          3. Судья профилактикалық бақылау орнатылған адамға қатысты шектеулер өмір салтын және мінез-құлқын ескере отырып, ішкі істер органының ұсынысы бойынша, бірақ осы бапта көзделген шектеулер шегінде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.


          19-бап. Профилактикалық бақылауды орнату, ұзарту немесе
          шектеулерді өзгерту туралы қаулыны жариялау
          Профилактикалық бақылау орнату не мерзімін ұзарту туралы немесе шектеулерді өзгерту туралы судьяның қаулысын, аудандық (қалалық) ішкі істер органының бастығына қол қойғыза отырып қаулы шығарылған адамға хабарлайды. Бұл жағдайда қаулы шығарылған адамға оның құқықтары және міндеттері, профилактикалық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі түсіндіріледі.


          20-бап. Профилактикалық бақылауды тоқтату негіздемесі
          Профилактикалық бақылау:
          1) егер профилактикалық бақылау орнатылған мерзімді ұзарту үшін негіздеме болмаса, сол мерзім өткен соң;
          2) егер профилактикалық бақылау орнатылған адамның түзелу жолына бүтіндей бет бұрғаны анықталса, тұрғылықты жері немесе еңбек қызметі жақсы мінездеме берілсе, мерзімінен бұрын;
          3) мамандандырылған емдеу-сауықтыру мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберілуіне байланысты;
          4) бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
          5) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты;
          6) қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.


          21-бап. Профилактикалық бақылауды тоқтату тәртібі
          Осы заңның 20-бабының 1), 3) - 6)-тармақшаларында көзделген жағдайда профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер органының


    -40-

    қызметкері профилактикалық бақылауды тоқтату туралы қаулы шығарып, оны аудандық, аудандық (қаладағы), қалалық ішкі істер бөлімінің (басқармасының) бастығы бекітеді.
          Осы заңның 20-бабының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда ішкі істер органдарымен профилактикалық бақылауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы сотқа дәлелді ұсыныс жібереді.
          Судьяның немесе ішкі істер органының профилактикалық бақылауды тоқтату туралы қаулысы профилактикалық бақылау орнатылған адамға қолын қойғыза отырып, жарияланады.


    22-бап. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын
          лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
          1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде:
          1) бақылауға алынған адамдардың тұратын жері бойынша мінез-құлқын жүйелі түрде қадағалауға;
          2) отбасы-тұрмыстық қатынастарының саласында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
          3) профилактикалық бақылаудың шектелуін бұзу туралы белгіленген тәртіппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшін сотқа жіберуге міндетті.
          2. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің:
          1) профилактикалық бақылау орнатылған адамның мінез-құлқы туралы жеке және заңды тұлғалардан мәліметтер сұратуға және алуға;
          2) профилактикалық бақылау орнатылған адамды ішкі істер органына әңгімелесуге шақыруға;
          3) профилактикалық бақылау орнатылған адамнан профилактикалық бақылауды орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген шектеулерді және сәйкесінше мінез-құлқын сақтауды, сондай-ақ ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
          4) профилактикалық бақылау орнатылған адамның мінез-құлқын және белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалау мақсатында профилактикалық әңгіме өткізуге, сағат 06.00-дан 23.00-ға дейінгі уақытта үйіне баруға құқығы бар.


    4-тарау. Профилактикалық бақылаудағы адамдардың міндеттері мен құқықтары және профилактикалық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі

          23-бап. Профилактикалық бақылау орнатылған адамдардың
          құқықтары мен міндеттері
          1. Профилактикалық бақылау орнатылған адамның:
          1) өзіне қатысты профилактикалық бақылау орнатылғаны туралы іс материалдарымен танысуға;
          2) профилактикалық бақылауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруге;
      
    -41-  

    3) заңмен белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарының, соттың және басқа да мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағым беруге құқығы бар.
          2. Профилактикалық бақылау орнатылған адамдар:
          1) өзіне қатысты белгіленген, осы Заңның 18-бабында көзделген шектеулерді сақтауға;
          2) шақыру бойынша ішкі істер органдарына көрсетілген мерзімде келуге, профилактикалық бақылау ережелерін орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге;
          3) профилактикалық бақылауды жүзеге асырушы ішкі істер органының қызметкерлерін тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.


          24-бап. Профилактикалық бақылауды бұзғаны үшін
          жауапкершілігі
          Профилактикалық бақылаудағы адам бақылау ережелерін немесе өзіне қатысты белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.


    5-тарау. Заңдылықты қадағалау

          25-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
          жасау кезінде заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау
          Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.


          26-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен
          адамдарға көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде
          құпиялылықты сақтау
          Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын субъектілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оларға мәлім болған жеке және отбасылық өмірі туралы құпия мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ.
          Өзінің қызмет бабына сәйкес белгілі болған тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі, құпия ақпараттарды жария еткен лауазымды адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.


          27-бап. Профилактикалық бақылаудың күшін жою немесе оны
          өзгерту
          Судьяның профилактикалық бақылауды орнату туралы, сондай-ақ орнатудан бас тарту туралы қаулысын жоғары тұрған сот Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурордың наразылығы немесе осы іске мүдделі адамдардың шағымы бойынша күшін жоюы немесе өзгертуі мүмкін.


          28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
          Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн түзбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


          Қазақстан Республикасының
          Президенті

    -42-
    Жасөспірімдер суициалды мінез – құлықтың алдын – алу бағдарламасының қазіргі таңдағы рөлі
    Жоспар
    Кіріспе
    Теориялық бөлім
    1.1. Суицидтік мінез құлықтың психологиялық ерекшелігі
    1.2. Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші факторлар

    Негізгі бөлім
    2.1. Жасөспірімдердің суициалды мінез-құлықтың алдын- алу бағдарламасы

    2.2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

    2.3 Мұғалімдер және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар.
    Қорытынды

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі



    Кіріспе
    Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
    Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті.Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта

    6-10 пайыз құрайды.
    Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады.Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады.А.Г. Амбрумованың ойынша суицидтік ой, әрекет конфликт кезінде әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның пайда болуынан көрінеді: мазасыздық, фрустрациялық күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік ортаның төмендеуі т.б.Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан,қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді.

    -43-

    Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән.Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады.
    Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1-уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10-20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды.
    Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
    Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.
    Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» (7/30-б) десе өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.

    Адамды жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту
    үшін оны жан – жақты біліп алу керек
    К.Д. Ушинский


    1.1.Суицидтік мінез- құлықтың психологиялық ерекшелігі


    Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай - ақ науқас адамның стресстік күй кезінде шешім, таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкіну, уайымдаудан көруге

    болады. Науқас адамдардың психикалық күйі тұрақсыз болады.

    -44-
    Олар өз-өздерін бақылацй алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез-құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады. Бұндай орынсыз қылықты

    сырттағы адамдар тез байқайды. Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды, өз-өздерін бағалауы төмен болады. Басқалармен ашық сөйлесе алады, олардың жағдайларын түсінуге тырысады, өз беттерімен шешеім қабылдауға қиналады, өз бетімен жүре алмайды, өмірге құштарлығы төмендейді, өзін басқалардан кем санайды.
    Өзіне-өзі қол салатын адамдар бұлар әлсіз, әрі батыл адамдар.Әлсіздігі - өмірмен күрескілері келмейді, қиналады.Батылдығы - өз өмірін қорықпай қиюы. Анық - бұл жағдайда өмірге деген қызығушылығы таусылған адам өлімге өзін ұзақ дайындайды. Шынайы суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып, күйзелу және өз өмірін қиюды армандау жатады. Шынайы суицидті іске асыру ұзақ уақытты талап етеді (бірнеше күннен айға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін).Жасырын – алдын ала ойластырылмайды, ол кенеттен пайда болады. Адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді. Ол кенеттен қатты психотраммадан туындайды.

    Демонстративті суицид - өлім ниетімен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы, басқаларды көмекке шақыру. Біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін өз-өзіне қол жұмсайды. Демонстративті суицид – даулы жағдайды қолайлы жаққа өзгерту мақсатында өз өмірінің құндылығын сақтап қалу, өзіне көндіру іс-әрекеті (өзіне деген аяушылық туғызу, қиыншылықтардан құтылу). Демонстраивті суицид кезінде адамдар өлімге жол бермеу керекктгін түсінеді, ересектер арасында 10-нан біреуі ғана, ал жасөспірімдер 50- ден немесе 100- дің біреуі ғана өз-өзіне қол жұмсайды.Қыз балаға қарағанда ер жігіттер 2 есе артық өзіне қол жұмсайды, дегенмен қыздар осы талаптарды жиірек қолданады.

    Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл-қыздардың

    -45-

    арасында кездеседі. Жеткіншек кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жеткіншектер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді.Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат,сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді. Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екеніне және оның не үшін қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог – психикалық тұрғыдан сау адамдарға кеңес беріп кезіккен мұқтаждықтан шығуға көмектеседі.

    Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет.

    Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, жеткіншек шақтағы жастарға, оқушыларға кез-келген жағдайда жайменен түсіндіру қажет. Және ата-ана өз балаларының жағдайларына жеткіншек шағында көбірек көңіл бөлуі қажет.

      Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тұқым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем-дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық,келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог,психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жасап,арнайы жұмыстар жүргізеді. Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі

    -46-

    естуге болады. Аталарымыздың ғасырдан бері келе жатқан «құдай өзі берген жанын өзі ғана ала алады» деген ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қоштасуының сыры неде?

      Медициналық - психологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда, оның сыры да, себептері де көп көрінеді. Ал, жалпы адамның өзіне өзі қол жұмсауы ғылымда «Суицид» деп аталады. Суицид - ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденді. «Сәуір - ең қатыгез ай»- деген американ ақыны Томас Эллиот.

    Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен 120% жоғары болатын көрінеді.Адам уақытта өмір қағидаларына мойынсұна бермейді. Өзін-өзі өлтірушілер арасында өмірдің мәнін іздеп, оны таппағандар жиі кездеседі. Өмір сүру жауапкершілігінен қашып, суицидтік іс-әрекеттің шырмауына жүрген жандарды қалай анықтауға болады?

    • Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш, монотонды дауыс;

    • Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;

    • Іс-шарасыздық, қарым-қатынастан қашқақтау.

    Социология, психология мен медицина және демография мен психиатрияның тоғысында пайда болған суицидалогия өзін-өзі өлтіруге баратын адамның ерекшелігін, оның әрекеті мен себептерін зерттейді. 

    Жиырмасыншы ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд суицидтің себебін ызақорлықпен, агрессиямен түсіндірсе, америкалық психолог Карл Менниндер оны өш алу, жеккөрушілікпен, тұйыққа тірелумен және кінәлі сезімнің күштілігімен байланыстырған. Әлбетте, суицид термині бертінде пайда болғанымен, өзіне өзі қол салу адамзатпен бірге жасап келеді. Өзін-өзі өлтіргендердің мәйітін өртеп жіберу ежелгі Грекия, Спарта,Афинада болса, орта ғасырлық Австрия мен Францияда оларды діни көзқарас бойынша қылмыскер санаған. Адамға өмір берген Алла ғана оның жанын ала алатынын ескерсек, Ислам дінінде де өзін-өзі өлтірудің күнә екендігін бағамдаймыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Кімде-кім өзін өзі қандай да бір темірмен өлтірсе, жаһаннамда қолына темір алып мәңгі бақи өзін-өзі түйреумен болады. Ал, кімде-кім у ішіп өлсе, жаһаннам отында мәңгілік у ішумен болады. Ал, кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннамда да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады» деп өз өмірін өзі қиғандарды ақыретте не күтіп тұрғандығынан хабар береді.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта