Главная страница
Навигация по странице:

  • Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар.

  • 1.2.Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші факторлар А.Е. Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері

  • Суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар

  • Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар

  • Мінез-қылықты белгілер

  • Суицид себептері

  • Баланың өзіне өзі қол жұмсауға дайындығының бірнеше себептері анықталған және 1-2 анықталған кезде ерекше көңіл бөлу керек

  • Өскелең ұрпақ арасындағы СУИЦИД мәселелері.

  • Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері. Көмек іздеу

  • Үмітсіздік

  • Батылдығы мен күшін көрсету

  • 2.2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

  • 2.3 Мұғалімдер және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар.

  • Ата – аналарға арналған кеңес

  • жоба. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы


    Скачать 1.43 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы
    Дата10.11.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docxЖ.docx
    ТипДокументы
    #781097
    страница7 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    -47-

    Тұлғаның дағдарысқа ұшырауы, басқа адамдармен тіл табыса алмауы, жеке адам ретінде даму мүмкіндігінің болмауы суицидке соқпақ салатындығы отандық психологтардың пікірі. Өзіне өзі қол салуға итермелейтін психологиялық өзгерістерге сыртқы қоршаған ортаның, әлеуметтік факторлардың және басқа түйткілдердің себеп болып жататындығы тағы аян. Жастардың арасындағы ақша бопсалау, әскердегі әлімжеттік, жігітінің тастап кетуі, қоғам мен отбасында өзін жалғыз сезіну және басқа жағдайлардың да бұған ықпал ететінін естен шығармауымыз керек.

    Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар.

    Біріншісі – шынайы суицид

    Екінші түрі – жасырын суицид

    Үшінші түрі – жариялық суицид


    Шынайы суицид.Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.



    Жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы: нашақорлық, алкоголизм т.б). -48-

    Жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі.)



    Мысалы мен сізге бірнеше мысалдар келтіріп өтейін: айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – қалыпты құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, өз-өзін өлтіруге талпынып аман қалған жасөспірімдердің келесі талпынысы міндетті түрде өлімге алып келуі мүмкін.

    1.2.Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші факторлар



    А.Е. Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері
    • сүйікті адамын жоғалту;
    • шектен тыс қалжырау жағдайы;
    • өзіндік-қадір қасиетін осал сезіну;
    • алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы;
    • өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру;
    • әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары.

    Суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:

    1. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі;

    2. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану;

    • Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу;

    • Келешекке деген жоспардың болмауы;

    • Өз күйзеліс жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.

    -49-
    2. Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера

    • Жұмыссыздық, кедейшілік (материалдық жағдайдың жетіспеуі);

    • Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық;

    • Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы (өзара жиі конфликт, ұрыс-керіс);

    • Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б. Өзіндік «менінің» төмендегі немесе жоғарлы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.

     
    Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар
    І. Жанұядағы конфликт:
    • туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы;
    • басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылсу;
    • “сүйікті” адамынан айырылу;
    • жоспарының орындалуына кедергі жасау;
    • сүйікті адамывның мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау;
    • жалғыз қалу,
    • сәтсіз махаббат;
    • басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі,
    • жыныстық һәлдің төмендеуі.

    ІІ. Психикалық күй:
    • дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы;
    • паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы)

    ІІІ. Физикалық күй:
    • соматикалық аурулар, физикалық азап көру;
    • ажарсыз кемтар болу.

    ІV. Қоғамға қарсы конфликттің туындауы:
    • қылмыстық жауапкершіліктен қорқу;
    • ұяттан, жазадан қорқу;
    • өзін-өзі кінәлау.
    V. Кәсіптік және білім саласындағы конфликтінің туындауы:
    • жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік;
    • жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы.

    VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар.
    -50-

    VІІ. Басқа да себептер.
    1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %
    2. Қаражат қиындығынан - 3%
    3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4%
    4. Құмарлықтан - 6%
    5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%
    6. Рухани дерттен - 18%
    7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%
    8. Белгісіз күйі - 41%

    Сөзді белгілер
    - Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің жанының
    психикалық күйін айтады;
    - Өлім туралы айтуы мүмкін:”Мен әрі қарай өмір сүргім келмейді”, “Мен өзіме қол жұмсағым келеді”;
    - “Мен ешкімге проблема болмаймын”;
    - Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме айтуы;
    - Өлім сұрақтарына аса қызығушылық білдіру.

    Мінез-қылықты белгілер
    - Өзіне ыстық жеке заттарын тарату;
    - Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу;
    - Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт төмендеуі;
    - Ұйқы уақытының өзгеруі;
    - Киім киісіне мән бермеуі;
    - Сабаққа себепсіз қатыспау;
    - Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту;
    - Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету.

    Жағдайлы белгілер
    - Әлеуметтік оқшауланған болса;
    - Тұрақсыз ортада тұруы, түсініксіз жағдайлар, ішімдік ішетін адамның
    болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы тұрақсыздық;
    - Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың құрбаныретінде
    сезіну;
    - Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.
    -51-
    Психикалық бұзылыстар көріністері:

    • Жылауықтық;

    • Ауыздың кебуі;

    • Тахикардия;

    • Демнің жетпеуі;

    • Бас аурудың жиілігі;

    • Дене салмағының азаюы;

    • Тәбеттің қашуы;

    • Кеуденің ауырлығы.
    Суицид себептері:
    1. Ерте суицид – 1 айға дейін

    2. Жақын суицид – 1 аптаға дейін
    3. Кеш суицид – 5 айға дейін

    2.1 Жасөспірімдердің суициалды мінез-құлықтың алдын- алу

    бағдарламасы
    Баланың өзіне өзі қол жұмсауға дайындығының бірнеше себептері анықталған және 1-2 анықталған кезде ерекше көңіл бөлу керек:

    o    Сүйікті істерге деген қызығушылықтың жоғалуы, белсенділіктің төмендеуі, енжарлық, еріксіздік;

    o    Өзінің сыртқы киіміне селқостықпен қарауы, салақтық;

    o    Жалғыздыққа ұмтылысының пайда болуы, жақын адамдардан алыстауы;

    o    Көңіл-күйінің тез ауысуы,

    Көңіл күйінің  тез өзгеруі, сөзді көтере алмауы, себепсіз жылауы, баяу және аса мәнерлі  сөз сөйлеу;

    o    Үлгерімнің кенеттен төмендеуі және зейінсіздік;

    o    Мектептегі жаман тәртіп, сабақты босатуы, тәртіптің бұзылуы;

    o    Қауіптілікке бейімділігі мен бекерлік және асығыстық іс әрекеттер;

    o    Денсаулыққа байланысты туындаған мәселелері: тәбеттің жоғалуы, өзін жайсыз сезілуі, ұйқысыздық,

    жаман түстер;

    o    Заттарға немесе ақшаға бейжайлықпен қарауы, оларды тарату;

    o    Істерді тәртіпке келтіру, қорытынды шығару, өткен нәрсеге кешірім сұрау;

    o    Өзін-өзі кінәлеу немесе кері - өзін басқаларға тәуелді болып сезінуі;

    • Өлім тақырыбына әзілдер және келеке сөйлеуі немесе философиялық ойлар.


    -52-

    Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау  тәртібінің пайда болуына кедергі келтіретін фактілер:

    Тұлғаның  антисуицидалды  фактілері – бұл оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру, өмірлік позиция, тұлғалық фактілер мен адамның психологиялық ерекшеліктерінің кешені, сонымен бірге  өзіне –өзі қол жұмсаудың ниетін жүзеге асыратын рухани қобалжу. Оларға мыналар жатады:

    o    Тған туысқандарға деген эмоционалды жақсы көрушілік;

    o    Парыз, міндеттілік сезімінің көрінуі;

    o    Өзінің денсаулық жағдайына шоғырлануы, өзіне дене зиян келтіруге деген қорқыныш;

    o    Қоғамдық пікірді есепке алу және айналадағы адамдардың жағынан айыптаушылықтан аулақ болу, өзіне-өзі қол жұмсау масқаралығы туралы елестету және өзіне өзі қол жұмсау тәртібінің айыпталуы;

    o    қолданылмаған өмірлік мүмкіндіктер туралы сену.

    o    Өмірлік, шығармашылық, отбасылық және жоспарлардың ойлардың болуы;

    o    Рухани, адамгершілік және ойлауындағы эстетикалық критериялардың болуы;

    o    Психологиялық иілгіштік және бейімділік, теріс жеке қобалжуды өтеу шеберлігі, психикалық кернеуді алу әдістерін қолдану.

    o    Өзекті өмірлік құндылықтар мен мақсаттардың болуы;

    o    Өмірге деген қызығушылықтың болуы;

    o    Туған туыстарды, жақын адамдарды жақсы көрушілік, олармен қарым-қатынас маңыздылығының дәрежесі;

    o    Діни наным-сенімінің дәрежесі және өзіне –өзі қол жұмсаудың күнәсінен қорқуы;

    o    Өзінің жақын арадағы болашағын және болашақ өмірін жоспарлау;

    o    Өзіне өзі қол жұмсаудан кейін өзінің сыртқы келбетінің негативті кескіні.

    Антисуицидалды, өмірлік бекітілген факторларға көбірек ие болған адам, жасөспірім, оның «психикалық қорғанысы» және өзіне деген ішкі сенімділік күштірек болған жағдайда , оның антисуицидалды барьері мықты болады.

    Өскелең ұрпақ арасындағы СУИЦИД мәселелері.

    Өзіне қол жұмсауға дайындық белгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады: 

    1.     Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлап тұю. Адам қалай болса солай жүріп, бірақ бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды. Соңғы дайындықтарды жасай бастайды.

    2.     Қоштасу. Өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.

    3.     Сыртқы қанағаттанушылық – энергияның құйылуы. Өзіне қол жұмсау туралы жоспарын толық жасалынса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс энергия пайда болады. Күш қуат көбею жағдайы терең депрессияға қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін.

    4.     Жазбаша түрде қоштасады (хатта, күнделікте)

    -53-

    5.     Сөзбен көрсету немесе қорқыту.

    6.     Жоғарыда көрсетілген белгілердің орындалуына себеп болған жақын адамынан айырылу.

    7.     Ұйқысыздық.

    Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері.

    Көмек іздеу - өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін - өзі өлтіруді олар бір нәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу).

    Үмітсіздік - өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.

    Проблеманың көптігі – барлық проблемалардың шешілмейтіндей көрінетіндігі соншалықты, оларды бір – бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

    Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау – «Олар әлі өкінеді». Кейде адам, өз - өзіне қол жұмсау арқылы, өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.

    Батылдығы мен күшін көрсету – тек батыл және күшті адам ғана өз - өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.

    Суицид көрініс берген балалармен жұмысты топтық тренинг түрінде жүргізген тиімді.

    2.2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
    1. Диагностикалық жұмыстар
    2.Коррекциялық жұмыстар
    3.Кеңес беру жұмыстары
    4.Психопрофилактикалық жұмыстар

    Егер сіз балада өзіне-өзі қол жұмсауға деген бейімділігін байқасаңыз онымен сөйлесуге тырысыңыз. Егер адам өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбын қозғамаса ол туралы кенеттен сұрақтар қоюға болмайды. Оны не мазалап жүргені, ол өзін жалғызсырап, бақытсыз сезінетіні, торға қамалғаны, ешкімге керексіз немесе біреуге қарыз болғаны туралы, оның достары кім және ол немен айналысатыны туралы біліп алуға болады.

    -54-

    Егер сіз мына сөздерді естісеңіз

    Міндетті түрде  айтыңыз

    Мына сөздерді айтуға тыйым салынады

    «Барлығын жек көремін…»

    «Мен бір нәрсенің болғанын сезіп жүрмін. Кел, ол туралы сөйлесейікші»

    «Мен сенің жасыңда болғанда…  сен өтірік айтасың!»

    «Барлығы үмітсіз және мағынасыз»

    «Мен сенің басылып жүргенін сезінемін. Кей кезде біз өзімізді солай сезінеміз. Кел, екеуіміз талқылайық, қандай мәселе бар, оларды қалай шешуге болады»

    «Біреулерге саған қарағанда жаманырақ

     екені туралы ойла»

    «Менсіз барлығы жақсы болар еді!»

    «Сен мен үшін, біз үшін маңыздысың. Мені сенің көңіл-күйің мазалап жүр. Сол туралы сөйлесейікші»

    «Ақымақтық жасама. Басқа нәрсе туралы сөйлесейікші»

    «Сіздер мені түсінбейсіздер!»

    «Маған сен не сезініп жүргеніңді айтшы. Мен шын мәнінде сені түсінгім келеді.»

    «Маған сені түсіну қайдан!»

    «Мен жаман қылық жасадым»

    «Мен сен өзіңді кінәлі екеніңді сезінетініңді білемін. Кел сол туралы сөйлесейікші»

    «Енді саған не керек? Тез ақтарып шығар !»

    «Менің қолымнан еш нәрсе келмейді»

    «Қазір сен күш қуатыңның жетіспеушілігін сезінесің. Сол туралы талқылайық, оны қалай өзгертуге болады»

    «Болмай жатыр мА- сен тырысқан жоқсың!»

    2.3 Мұғалімдер және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар. 

    Психолог науқас адамға эмоциялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, оның ашылып сөйлеуіне жағдай жасау керек. Проблема барлық адамдарда болады, проблемасыз өмір болмайтынын, бір проблема шешілсе, екінші проблема пайда болатынын, проблеманың жағымды және жағымсыз жақтары болатынын түсіндіріп, проблемадан шығу жолдарын қарастыру керек.

    -55-

    Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу, диагностикалық, коррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу психологтардың ең басты міндеті.

    Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз.
    Жас адамдарды өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету көмектеседі.
    Жас адамдарды қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады.
    Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір сағаты мен минутын алтын берсе де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген нәрсеге сабырмен қарап, әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім. Мұндайда ойдағы әзәзілден, бойдағы шайтан қылықтан, жүректегі кірден ақыл мен иман ғана құтқара алады.

    Суицидті мінез - құлық белгілері көрінетін жасөспірімдермен тек арнайы даярланған мамандар ғана емес, кез - келген ересек (ата - ана, педагогтар) жұмыс жасай алады. Олармен әңгімелесу және біріккен іс атқару кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
    1. Тыңдай білу шеберлігі. Суицидті мінез - құлықты жасөспірімдер әрдайым өз ойларымен өзгелермен бөлісуге тырысады, себебі оның ойлары өзін үрейлендіреді. Бұндай жасөспірімдерді мұқият, назар салып тыңдаңыз. Кез - келген адамға жаны дағдарысқа ұшыраған кезде оны біреудің тыңдауға дайын болуы ол үшін өте маңызды. Оған сөйлеу еркіндігін беріп, өз ойыңызды айту арқылы сөйлеушінің монологын бұзбауыңыз қажет. Жасөспірімдермен қамқорлық қарым - қатынас орнатып, оны ерекше назармен тыңдау қажет.
    2. Банализация. Суицидті мінез - құлықты жасөспірім өзінің проблемасын ауқымды (глобальды) сипатта көреді және оған сыни көзқарас танытуға қабілетсіз. Бұған әсіресе өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз жасөспірімдер бейім болады. Сондықтан өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді қолдана отырып, кез - келген проблеманың шешімін табуға болатындығын түсіндіріңіз.
    3. Эстетикалық тұрғыны қолдану. Адамдарды өлімнен кейінгі олардың денесінің эстетикалық көрінісі үрейлендіретіндігі суицидологияда белгілі. Сондықтан көптеген адамдар өлімнен кейінгі өз денелерінің суреттерін көргеннен кейін суицидті әрекеттен бас тартқан болатын. Эстетикалық тұрғы дегеніміз суицидті мінез - құлықты жасөспірімдерге олардың өлімнен кейінгі денесінің суреттерін салып көрсету.
    -56-
    4. Болашақтан көзқарас. Бұл принципке сәйкес жасөспірім өзін және өзінің әрекеттерін кең контекстте көріп, өмірлік құбылыстарға философиялық тұрғыдан қарауы тиіс.
    5. Жақсылық пен жамандық өлшемдерін жасау. Жасөспірімнің өзі өзекті деп білетін ситуациялардың негативті жақтарынан арылтып, оның өміріндегі позитивті құбылыстардың бар екендігін есіне салып отыру.
    6. Контраст әрекеті(өзге адамдармен салыстыру). Кейбір адамдар өздеріне қарағанда әлде қиын ситуациядағы адамдарды көрген кезде өз бойында болып жатқан дағдарыс сезімдеріне шыдамдылық танытады. Сондықтан жасөспірімдерге оның ситуациясынан да қиын жағдайлармен күрескен адамдарды үлгі ету қажет.
    7. Проблеманы шешу үшін бар тәжірибені қолдану. Кез - келген адам өткен өмірінде белгілі бір қиындықтарға кездеседі және оның шешу жолдарын таба біледі. Сондықтан жасөспірімдерге оның өткен өміріндегі көрсеткен «батылдық» дағдылары туралы есіне түсіріп, қазір де сол тәжірибені қолдануға көмек беру.
    8. Күш потенциалын ояту. Көптеген суицидті мінез - құлыққа бейім жасөспірімдер бойындағы өзіндік әлсіздікті сезінеді. Оған осы кезде энергетикалық бастау тауып беру қажет, яғни оның бойында ерік - жігер, денелік күш, шыдамдылық күштерді оятуға белсенді түрде көмектесу қажет.
    9. Позитивті болашақ. Жасөспірімдерге болашаққа қатысты жоспарлар құруға көмек беру қажет. Олардың бойында келешекке ұмтылдыратын армандар мен тілектер тудыру керек. Жасөспіріммен біріге отырып, таяу уақытқа жоспар құрылады. Кейін жасөспірімнің осы бірігіп құрылған жоспарды тәжірибе барысында жүзеге асыруына көмектесу қажет.
    10. Өзгелерге қамқор болу. Көптеген адамдар әлсіз, қамқорсыз қалған адамдармен жұмыс атқарған кезде өз бойындағы дағдарыс сезімдер туралы ұмытып кетеді. Суицидті мінез – құлыққа бейім жасөспірімдер үшін бұндай обьектіге үй жануарлары мен өзінен кіші іні, қарындас, сіңілілері айналуы мүмкін.
    11. Қызығушылықтар сферасын кеңейту. Жасөспірімдерге өздерінің жағдайын ұмытып, одан алшақ кетуге көмектесетін іс - әрекет түрлерін табуға көмек беру қажет: спорттың белгілі бір түрлерімен шұғылдану, түрлі үйірмелердің жұмысына қатынасу, ұжымдық - қоғамдық іс – шараларға қатынасу және т. б.
    12. Жақын адамдармен қарым – қатынасы туралы және жеке міндеттерін есіне түсіріп отыру. Жасөспірімнің жоспарлап жүрген суицидті әрекеті оны қоршаған жақын адамдарына қаншалықты ауыр тиетіндігі туралы оның ойына үнемі түсіріп отыру.
    Ата – аналарға арналған кеңес:
    • Ата-аналар үшін стресс болмайтын жайттардың балалар үшін стресс алу себептерінің бірі болуы әбден мүмкін. Әрбір ата-ана әрбір қадамын ойланып жасауы қажет;
    •Баланың көзімен әрбір жайттарды көруге тырысыңыз;
    • Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз;
    • Жатар алдыңда баланы қандай жағдайлар мазалап жүргені туралы айтуға

    -57-

    мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіруі үшін оны үндемей тыңдауға тырысыңыз;
    • Балаға көп уақыт бөліңіз, сырласыңыз. Баланың ойымен санасыңыз. Бала әр кезде бала болып қалуы керек;
    • Балаға үнемі қол ұшын созыңыз. Бала сіздің қорғаушы, көмекші, келеңсіз жағдайларда кеңесшісі екеніңізді білуі керек;
    • Баланың әңгімесіне іс – әрекетіңе назар аудара жүріңіз (өлім туралы әңгімелер, өзінің өлімі туралы түс, адам өлтіру құралдарына аса қызығушылықпен қарау, өмір мағынасын жоғалту жайында ой толғаулары, өмірмен, жақындарымен қоштасу мазмұнындағы хаттар т. б.)
    • Баланың физикалық әлсіреуі, өмірде тәжірибесіздігінен қиындықтарды жеңуге икемсіздігі т. с. с.
    • Баланың көңіл – күйінің өзгеруі, абыржушылық, асығыстық, т.с. с.
    • Ұйқысының тынышсыздануы (кейде баланың қорқынышты түс көрулері т. б.)
    • Баланың үнсіз жүруі, оқшаулануы;
    • Өзіне – өзі сенімсіздік сезімінің болуы;
    • Достарының жоқ болуы;
    Қорытынды.
    Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі.
    Өлім мен өмірдің арасындағы сұрақтардың шешімін табатын – ол адамның өзі. Тек қана сол адамның өзінің өмір тауқыметтеріне бейімделуінің мәнісінің және жеке адамның қасиеттерінің ерік – жігерінің күштілігіне өлімді қабылдауы, әлде қабылдамауы бағынышты. Адамға, ең бастысы осы мәселелердің шешімін табу маңызды. Бәрі де өтеді, өмір орнына келеді, бұл адамдар үшін дәлелденген. Өз өмірімізді өзіміз қадірлейік, бағалайық осы үшін атсалысып қажымай бір – бірімізден қол ұшымызды аямайық.Бір-біріміздің өмірімізге қаяу салмай . Өзіміздің әл- ауқатымыз жеткенше қадірлей білейік. Бәрі өзіміздің қолымызда.

    -58-

    Пайдаланған әдебиеттер

    1. «Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері»
    әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)
    2. Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях,
    А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)
    3. С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)
    4. Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4. (22-24стр.)
    5. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302стр.)
    6. Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998. (55 стр.)
    7. Елбасының халыққа жолдауы. (55 бет)
    8. «Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салу мәселесі». Мектептегі психология
    журналы №4 (28), 2010. (13 бет)
    9. «Ауытқуш мінез-құлықтың шығу себептері» Өзіңді таны журналы
    №3, 2006. (29 бет)
    10. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302 стр.)
    11. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999. ( 23 стр)
    12. Райс Ф. Психология подросткого и юнешеского возраста. Москва, 2000.
    (45 стр.)

    -59-
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта